№
1 ҰОҚ
Білім беру саласы:
Әлеумет.
Бөлімі:
Экология
негіздері.
Тақырыбы: Шақырамыз күзді, шын ниетпен ізгі!
Мақсаты:
балаларды табиғат
құбылыстарымен таныстыру.
Міндеттері:
1. Күз мезгілінің маусымдық өзгерістермен
таныстыру;
2.Жанды және жансыз
табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылауды үйрету арқылы
зейіндерін дамыту. Заттардың белгісі мен қасиеттерін анықтай білуге
жаттықтыру;
-
Табиғатты сүюге
баулу.
Күтілетін
нәтижелер:
орындайды:
табиғат қубылыстары туралы
тапсырмаларды;
түсінеді:
жанды және жансыз
табиғаттағы маусымдық өзгерістерді;
қолданады:
тақырып бойынша сұрақтарға
жауап бере алу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі
құралдар: күз
мезгілі бейнеленген суреттер, «Суретші нені ауыстырып алды?» суреттерінен қызыл сары
және қызғылт түсті ұсақ қиылған қағаздары бар бөтелке, әр балаға
жетерлік сабан түтікше, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс:
керемет, жапырақтардың қурап түсуі.
Билингвалды
компонент:
күз – осень, жаңбыр – дождь, жапырақтар – листья, құстар – птицы.
ҰОҚ барысы
1. Ұйымдастыру
кезеңі
П.И. Чайковскийдің «Күз»
әуені ойналады.
–
Қазір қай жыл
мезгілі?
–
Дұрыс. Бүгін бізге қонаққа
«Сиқырлы күз» келді. (Күз ханшасының суретін көрсетеді).
2. Негізгі
кезең Білімді
өзектендіру.
–
Балалар, күз мезгілінің
келгенін қалай білдіңдер?
–
Жапырақтардың қурап түсуі –
керемет құбылыс. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
Жапырақтардың жерге қалқып түсуі – әдемі көрініс. Керемет –
тамаша.
Тыныс алу
жаттығуы:
–
Кәне, бәріміз
бөтелкелерімізде күзгі жапырақтардың қурап түсуін бейнелейік.
Балаларға ішінде қызыл, сары қағаздардан жасалған жапырақтары бар
бөтелкелерді таратады. Бөтелке аузынан түтікше арқылы үрлеп,
жапырақтарды қозғалтады.
Билингвалды
компонент:
күз – осень, жаңбыр – дождь, жапырақтар – листья, құстар – птицы.
Дидактикалық ойын: «Күз
нышандары».
–
«Сиқырлы күз» бізге көп
суреттер алып келіпті. Суреттер бір-бірімен араласып кеткен. Біз
осы суреттердің ішінен күз мезгілін білдіретін суреттерді тауып,
оларды себетке салуымыз керек.
Педагог ұсақ қағаздары бар
бөтелкелерді таратып береді, балалар сабан түтікшені үрлеуі
тиіс.
Психологиялық
жаттығу:
–
Ал енді, өзіміз жапырақ
боламыз.
24
Біз жапырақпыз,
Біз жапырақпыз.
Жел тұрса шамалы
Жан-жаққа біз
ұшамыз!
Үлестірмелі материалмен
жұмыс.
Педагог тапсырманы қалай
орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс
өткізеді.
3.
Рефлексия.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу
қызметін
қорытындылайды.
–
Кім бізге бүгін қонаққа
келді?
–
Қазір қай жыл
мезгілі?
–
Оны қандай белгілері арқылы
білеміз?