400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шақырамызды күзді,шын ниетпен ізгі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға.Жыл мезгілдерінің айырмашылығын білу.Күз туралы білімдерін кеңейту.Ауа райы өзгерістері туралы айту.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тақырыбы: "Жарқыра шырша"

Музыка залына балаларды ерітіп тәрбиеші кіреді.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Қане, қане балалар

Бәрің бермен қараңдар

Шырша неткен әдемі

Шыршаға әр түрлі әдемі моншақтар,

Әсем ойыншықтар ілінген.

Жүргізуші: Балалардың шырша туралы өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1 . Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

2. Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне, сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

3. Кел балалар, келіңдер,

Тамашаны көріңдер

4. Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа жылда – жаңа жыр!

Жасыл шырша маңында

Билеп барлық бала жүр!

Қыс: Ау, жарандар, ал жарандар

Жауып тұр қар себелеп,

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Сәлеметсіздерме балалар?

Балалар : сәлеметсізбе қыс мезгілі

Қыс: Баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Ұлпақарлар: Біз ұлпақпыз, ұлпақпыз,

Әппақ ақ қар қыздармыз,

Орман, тауда ұшқанбіз,

Ойын-сауық сүйеміз!

Қыс: Ондай болса, мен үрлейін, сендер әсем әнге билеңдер

Би:«Ұлпақарлар»(Айшабибі,Аман.Айзере,Айдана,И.Аяулым,Арайлым,Адель,Арал.Айзере,Нұрсая,И.Айару,Жасмина)

Жүргізуші:: Қош келдің қыс мезгілі. Бізбен бірге шырша шамын жағуға шақырамын.

Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген

Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.

Тәрбиеші: Қыс мезгілі біздің балаларымыздың шыршаға арналған «Кішкентай шыршамыз» әнін бірге айтуға шақырамын.

Ән: «Кішкентай шыршамыз»

Жүргізуші:Бұл не шыршамызға не болды?Неге шырша шамдары сөнді екен.Балалр сиқырлы сөщдерді айтып көрейік.

Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген

Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.

Енді шырша шамдарын жағу үшін кімді көмекке шақырсақ екен?

Қыс: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.Біздер ойын ойнап жатқанда біреу бізге көмекке келер.

Ойын: «Қар домалату»

Шарты:

Аққала: Сәлетметсіздерме балалар және қонақтар. Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.

Мені таныдыңдарма мен Аққаламын.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аққала біздің мерекеге қош келдіңіз.Біздің балалардың өнерін тамашаланыз.Сізге арнаған өлең шумақтарын қабыл алыңыз.

5. Мұз айдында топ бала,

Соқтық келіп аққала.

Мұрны қызыл шоқ қала,

Көзі көмір қап қара.

6. Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынды ашуға,

Келгендей-ақ ол мында.

7. Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

8. Біз батыр баламыз,

Жылы үй – құрамыз.

Ақ ұлпа қарынан,

Аққала саламыз.

Аққала: Рахмет балалар сендерге.

Жүргізуші: Аққала сіз бізге көмектесесізбе,біздің шарша шамын жағуға.

Аққала:Балалар бізге шыршанын шамын жағуға Аяз ата мен Ақшақар көмектеседі.Ал ендеше бәріміз бірге Аяз ата,Ақшақарды ортаға шақырайық. (А-яз а-ата деп 3 рет қайталау)

(залға аяз ата кіреді.)

Аяз ата:Амансыңдарма ұлдарым,

Амансыңдарма қыздарым,

Қандай жарқын жүздерің

Қандай әсем мереке

Жаңа жыл құтты болсын!

Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жыл бақ береке әкелсін.

Ақшақар:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаң жылмен құттықтаймын деген үн-

Қанаттана кең алапқа тарайды.

Жүргізуші: Қош келдіңіз Аяз ата,Ақшақар төрлетіңіздер.Аяз ата біздің шаршамыздың шамы қайта –қайта сөніп қала береді.Сіз бізге шырша шамын жағуға көмектесесізбе.

Ал, балалар бәріміз бірге Моншақтары тізілген

Шырша шамы жан, жан 3 рет қайталау.

Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз ата.Біздің балаларымыздың сізге дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыз.

9. Келіңдер, келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

10. Қараңдар мынау шыршамыз

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті

11. Тамаша сый алып

Келді аяз атамыз,

Шаттанып қуанып

Шырқап ән айтамыз.

12.Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып

Аяз ата: Бәрекелді балалар көп тақпақ біледі екенсіңдер, қуантып тастадыңдар.

Тәрбиеші: Аяз ата біздің балаларымыз тек тақпақ емес сонымен қатар әнді шырқай біледі. Олай болса біздің балаларымыздың «Аяз ата» әнін қабыл алыңыз.

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Тамаша ,тамаша.

Аяз ата: Балалар енді бір жыл бойы бізбен бірге болған тауық жылын шығарып салайық.

Ескі жыл:

Жаңа жылды қарсы алайық.

Жаң жыл:

Жаңа жыл:Мен өзіммен бірге достарымды ерте келдім.

Жылдардың сөзі:

Би: «Достар»

Аяз ата, Ақшақар: Ой, Бәрекелді балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар, көп- көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар!

Ән: «Шыршаға бардық»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды, көріп тамашалағандарңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
563
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі