шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

шара

Материал туралы қысқаша түсінік
1 наурыз күніне орай көп балалы аналарға арналған «Алғыс анаға» атты мерекелік шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 наурыз күніне орай көп балалары аналарға арналған «Алғыс анаға» атты мерекелік шара

Мақсаты: Ата - аналармен еркін қарым-қатынас жасай отырып, «алғыс айту», «ризашылық білдіру» ұғымдарының мәні мен маңызының қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғындыру. Адамдар арасында бір-бірімен кеңпейілділікке, адамгершілікке, өзара түсіністікке, айналаға қуаныш сыйлай білуге баулу. Ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Бүгін мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Алғыс анаға» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!
Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қарым-қатынас орнатады. Алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт. Рахмет айтуға қорыққан, үлгермеген, ұялған жандарыңыз болса, бүгін осы сиқырлы сөзді айтасыздар деп үміттенемін.

«Өмірге риза болып, алғыс айт» атты тренингімізді бастаймыз. Тренингті мектептің әлеуметтік педагогі Дина Уалиевна жүргізетін болады.


Әлеуметтік педагог: Қайырлы күн, құрметті ата аналар, бүгінгі «Анаға алғыс» атты шарамызға келгендеріңізге алғыс айтамын.

Барлығыңыздың алдарыңызда смайликтер жатыр, сол смайликтерді қолдарыңызға алып, ортаға үлкен шеңбер жасап тұрайық. Енді екі - екіден бір - бірімізге қараймыз. Егер қағазда күлімдеу (смайлик) белгісі тұрса, бір - біріне күлімдеп ишаратпен амандасып жылы сөздерді айтамыз, егер екі қолдың смайлигі болса, екі қолмен амандасып, бір-бірімізге жылы сөздерімізді айтамыз, бір қолдың смайлигі болса бір қолмен амандасып, жылы тілек айтамыз, жүрек белгісінде құшақтасып амандасып, жылы сөздерді айтамыз, күн белгісінде күндей бір-бірімізге жылы қарап амандасып, тілек айту керек. Сонда барлығымыз бір-бірімізбен екі рет амандасып шығамыз. Рахмет! Көңіл-күйлерімізді жылы тілекпен көтеріп алдық. Енді орнымызға жайғасып, Сіздерге арналған ән шашумен жалғастырайық.

Мектебіміздің ұстазы Айдана Берікқызының орындауында «Алғыс» әнін қабыл алыңыздар.

Қонақтарды құттықтау үшін мектеп директоры Джумалиева Ж.Ш.сөз беріледі.

Жүргізуші: Әр ата-ана өз баласының болашағы үшін алаңдайды, балаларына қиындықты жеңуге, мейірімді, қайырымды болуға, олардың армандарының орындалуына үлкен үлестерін қосады. Болашақ десек те, келешек десек те бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы - дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу екен. Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың болашағы деп білген. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге карап ұл өсер» демекші, бала тәрбиесіне сонау заманнан бері аса көңіл бөлген. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды талап ететін өнер. Осы бала тәрбиелеудегі еңбектерің жемісті болуына шын жүректен тілектеспіз.

Келесі сіздерге арналған ән «Дәл мендей» Әнші балапан байқауының жеңімпазы Самираның орындауында. Қабыл алыңыздар.

Келесі тыңдайтын ән Жанель мен Жасминаның орындауында «Татулықта күшіміз».

Енді тағы да бір рет ортаға шығып, шеңбер құрып тұрайық. «Көңіл күйіңді өзіңде сақтап қал» тренингіне қатысайық.


Біз көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздері адамдардың жүрегін жылытады. Біз алғыс айтқан кезде көңіл - күйіміз көтеріліп жеңілдеп қаламыз. Ал ренжіген кезде керісінше ауырлық пайда болады. Сондықтан да біз бойымыздағы өкпе - реніштен құтылып, өзімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін ортаға шығып, «Көңіл күйіңді өзіңде сақтап қал» тренингіне қатысайық. Шеңбер жасап тұрайық, екі қолымызды екі жағымызға ұстап, бас бармағымызбен қазіргі көңіл күйімізді көрсетейік. Енді оң қолымызды солай қалдырып, сол қолымызбен сол жағымыздағы адамның көңіл күйінің үстінен жабайық. Мен 1,2,3деп санаған кезде оң қолымызды тартып жинап аламыз да, сол қолымызбен көршіңіздің көңіл күйін тартып алуға тырысасыздар. Кеттік . 1,2,3 1...2,3. Бірнеше рет қайталайды.

Тренинг біткен бойда келесі ән қосылады.

Раянаның орындауында «Балдаурен» әнін қабыл алыңыздар.

күннің шуағындай осы жақсы алғыс сөздерді ішімізге орналастырайық.
Алғыс айту, ризашылық білдіру адамгершілік қасиет. Олай болса, оны жүрегімізге орналастырып алайық. Ендеше адамгершілігі мол кең пейілді жүрегімізге қол соғып қояйық.

Мектебіміздің ұстазы Айнур Сарсенгалиевнаның орындауында «Анашым» әні. Қабыл алыңыздар.

Осы шара соңында «Ана туралы ән» сіздермен бірге шырқайық.

(Ән сөзі жазылған қағаздар үлестіріледі.)

Осымен «Алғыс анаға» атты шарамыз аяқталды. Шараға келіп, қатысқаныңызға мың алғыс!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2024
178
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі