400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сараптама. Ашық сабақ. 6 сынып Рациоанал сандарға амалдар қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы
Абай атындағы №4 лицей мектебінің математика пәнінің мұғалімі Тулеубаева Гульзира Абдухалыковнаның өткізілген ашық сабағы бойынша сараптама

«Жаратылыстану-математика» апталығы аясында математика пәнінің мұғалімі Тулеубаева Гульзира Абдухалыковна 6 «В» сынып оқушыларымен «Математика +робототехника» тақырыбы бойынша кіріктірілген ашық сабақ өткізді. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасады. Топ оқушылары өз ұрандарын ойшылдардың даналық сөздерімен мәнерлер айтты. Сабақ «Ой толғау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақ қою арқылы ой тастаудан,зейінін шоғырландырудан басталды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ой өрістерінің дамығандығын көрсетті. Сабақтың өзектілігі қазіргі таңда математика мен робототехника ең қарқынды дамып келе жатқан перспективалы салалар. Сабақтың мақсаты рационал сандарға амалдар қолдануды меңгерту. Математика мен робототехиканың арасында ажырамас байланысты дәлеледеу.Сабақтың міндеті робототехниканың математикамен қарым-қатынасын зерттеу. Робототехникада математиканың қалай пайдаланатынын зерттеу. Роботтардың болашағының негізділігін көрсету. Мұғалім робот туралы , робототехниканың өндірістің қарқынына ықпал ететін негіз, автоматтандырылған техникалық жүйемен айналысатын ғылым екен мағлұмат берді. Сабақтың кіріспе бөлімі «Пазл» стратегисы бойынша суреттер қиындыларынан роботтардың жұмыс жасайтын салаларын анықтау және рационал сандарға амалдар қолданып, есептеулерді ағышын, қазақ тілдерінде өз білімдерін көрсету болды. Оқушылар топта бірлесе жұмыс жасап, әр топ есептеулерін екі тілде айта білді.Сурет қиындыларынан оқушылар роботтардың жұмыс жасайтын салаларын айтып берді. Топ басшысы бағалап отырды.Сабақтың негізгі бөлімі келесі тапсырма «Лего» стратегиясы бойынша оқушыларға жұппен орындауға мәтінді есеп берілді. Оқушылар рационал сандарға амалдар қолдану тақырыбын пайдаланып, тапсырманы дәптерге орындай алды. Сабақ барысыныда топ басшылары оқушыларды бағалап отырды. Келесі тапсырма «Эксперимент есеп» стратегиясында топ басшылары робот EV3-тің 20 минут роботтың жүру бағдарламасын құру бойынша тапсырма берілді. Ал қалған оқушыларға сөре-мәре шекарасы бойынша кесіндінің ұзындығын өлшеу болды. Топтардың ішінде «А», «B», «С» топтары роботты жүргізе алды. Ал «Д» тобының топ басшысы уақытын ұтымды пайдалана алмай роботты жүргізе алмады. Мұғалім топтарды формативті бағалап отырды. Бұл оқушыларды жылдамдыққа, ойлаудың жоғары деңгейлеріне жетелейтін стратегиясы болды. Оқушыларды сергіту мақсатында «Робидің биі» сергіту сәті жаттығуы болды. Келесі тапсырма «Ұшқыр ой» стратегиясы бойынша оқушылар логикалық сұрақтарға жауап беру арқылы топ оқушылары роботтарды мобильді телефондар арқылы басқарып жарыстырды. Оқушылардың ойлау деңгейлері жоғарылағанан көрсетіп,белсенділік танытты. Екі топтың оқушысы Байбосын Фархат пен Жанайдаров Темірлан өздерінің топтарына жеңіс алып келді. Қорытындылай келе «адамға роботтар неліктен тиімді ?» сұрақ қою арқылы мұғалім оқушылармен алған білімдерін тиянақтап, үй жұмысына «Мен армандаған робот» тақырыбына эссе жазып келуге тапсырма берілді. Сабаққа рефлексия ретінде «нені білдім?», «нені үйрендім?», «нені білгім келеді?» деген сауадарға стикерге оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін робот «PEPPER» -дің планшетіне тілетерін жабыстырды. Сабақ өте әсерлі өтті. Оқушылар жаңа алған білімдеріне қуанышты болды. Робототехникаға қызығушылықтары артты.



Сарапшы : «жаратылыстану- математика» әдіс бірлестігінің жетекшісі Альгожина Г.М.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1661
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі