Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасы
«Алпамыс», «Ақбұлақ» шағын орталығы «Бәйтерек» мектепалды даярлық
тобының тәрбиешісі
Арзыкулова Роза
Ширенбаевна
«Сарбазы болам
елімнің»
Мақсаты: Балаларға 7 – мамыр Отан
қорғаушылар күні мерекесі жөнінде түсінік беру. Ұлы Отан соғысының
мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың
ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық
тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен
боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас
ие отырып, балаларды Отан қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының
ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін,
жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға
тәрбиелеу.
Тәрбиеші: құрметті ұстаздар, балалар. Бүгінгі
7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен
құттықтаймыз. «Сарбазы болам елімнің» атты мерекемізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
(балалар сап түзеп тұрады)
Ән ұран
айтылады. (Видео)
Тәрбиеші:
Жауынгер біздің саңлақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін
Жания
1:Тебіренді тауың, желпінді далаң,
Көтерді көкке туларды ғалам.
Жеңістің ұлы күнімен сені,
Құттықтау үшін келіп тұр
балаң.
Еркеназ
2:Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрік.
Айханым
3: Көлеңкесі жоқ көңілге күшті
Алтын мамырдың сәулесі түсті.
Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
Көгіне тағы ұшырды құсты.
Малика
4: Жеңіс-күні бар әлемге әгілі
Көктем шуақ тоғызыншы май күні
Айтшы кане,біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге тұс
келуі
Ән: «Сарбаздар»
әні.
Тәрбиеші:-Балалар ,жер шары балаларының тілегі
не?
Балалар:-Бейбітшілік
болсын!
-Соғыс
болмасын!
-Достық
болсын!
-Адамдар бір-бірімен тату, дос
болсын!
Тәрбиеші:
Біздің ата –бабаларымыз ұлдардың мықты, шымыр,
епті болып өсуіне жіті көңіл бөлген. Ол үшін біздің қазақ халқында
көптеген ұлттық ойындарымыз бар. Балалар айтыңдаршы қандай ұлттық
ойындарды білесіңдер?
-Аударыспақ
-Көкпар
-Күрес
-Асық
ойыны
-Қыз
қуу
-Қамшы
тастау
-Тақия
тастау
Олай болса жігіттеріміздің күшін сынау
үшін сіздермен бір ойын ойнасақ. Ойынға екі ұлдан шықсын. Балалар
ортаға шығып күш сынасады.
Ойын: «Қол
күрес»
Райхан
5:Жеңіс келді ән
болып
Келді ауылға сән
көрік
Жеңіс келді
алақай.
Ұмытылмас
мәңгілік
Али
6:Достықты біз
қолдаймыз,
Бірге күліп
ойнаймыз.
Ұлдарды да
құттықтап,
Мерекесін
тойлаймыз.
Шахислам
7:Достарды біз
қолдаймыз,
Қиын шақта
қорғаймыз.
Біздің топта
ұл-қыздар,
Тату
тәтті ойнаймыз
Нұрасыл
8:Әуеге
асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ
елдің бөбегіміз.
Әрқашан
тауларға біз жиі шықсақ,
Сол таудай
асқақ болсын өнеріміз.
Би: «Қуыршақ» Ақзеренің
орындауында
Әлім
9:Жарысып ойнап
желменен,
Биікке талмай
өрлейміз.
Еш шаршауды
білмейтін,
Қашанда қайсар
өренбіз.
Махамбет
10:Ұлы елдің
әлпештеген ұланымыз,
Сол елге лайық
болу ұранымыз.
Құлпырған
еліміздің ұл- қызымыз,
Ертеңгі
жарқыраған жұлдызымыз.
Нұраят
11:Көңілін қиял
кернеген,
Өмірін шаттық
тербеген.
Ертеңге қанат
сермеген,
Қашанда қайсар
ұланбыз.
Кәусар
12:Мен баламын
балдырған,
Түнде ұйқысын
қандырған.
Қорықпаймын бас
бұғып,
Жауған қар мен
жаңбырдан.
Балалар осы мамыр айында тағы қандай
мереке бар?
Дұрыс айтасыңдар, 9 мамыр ұлы Отан
соғысының жеңіс күні. Олай болса назарымызды экранға аударайық. Осы
ұлы Отан соғысында ел үшін жеріміз үшін қаза тапқан батыр ата
әжелерімізді біле жүріңдер
Ұлы Отан соғысы батырлары жайлы
видео
Олай болса Отан жайлы тақпақтарға кезек
берейік
Бекасыл
13:Пайдаң тиіп
Отанға,
Риза болсын
халқымыз.
Аман болсаң
қашанда,
Қуанамыз
бәріміз.
Райымбек
14:Мен
кішкентай балдырған,
Болам жігіт зор
әлі.
Қазақстан
жалауын,
Көтеретін
жоғары.
Нұрай
15Жеңіс келді ән
болып,
Келді ауылға
сән көрік.
Жеңіс келді
алақай,
Асыр салып
қуантып.
Ерали
16:Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
Ақзере
17:Ей
жігіттер!
Сендерге артар міндет
көп.
Көтер биік ата салтын
құрметтеп
Ақтай білсең ата-баба
үмітін
Әрбір сөзі – тәлімі мол бір
мектеп.
Таира
18:Буырқанып тұрса да барша
маңым,
Ақ сұңқардай дауылға қарсы
ағамын.
Қиындықты алмастай қиып
өтіп,
“Жаса, Бейбітшілік! – деп жар
саламын.
Тәрбиеші:
-Балалар, шымыр да деніміз сау болып өсуіміз үшін
не істеуіміз керек айтыңдаршы?
-Таңертең жаттығу жасау
керек
-Спортпен шұғылдану
керек
-денемізді таза ұстауымыз
керек
-тек пайдалы тағамдарды жеуіміз
керек
Тәрбиеші:
- дұрыс айтасыңдар балалар. Сендердің ақыл
ойларыңды, қалай дұрыс тамақтанатындарыңды білу үшін ойын ойнап
көреміз.
Дидактикалық
ойын: «Не
пайдалы?»
Балаларға
пайдалы,зиянды заттардың фотокарточкалары ұсынылады.Суретті балалар
пайдалы немесе зиянды деген сөздің астына
жапсырады.
Ән «Әрқашан күн
сөнбесін» хормен.
Жүргізуші: Осымен «Біз Отанның сарбазы»
атты мерекелік ашық тәрбие сағаты аяқталды. Аспанымыз ашық болсын,
бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!Тыңдап, көргендеріңіз үшін
көп-көп рахмет!