400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шарғы салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұмытылған дәстүрлер. Ұзатылғалы жатқан қызға соң шарғы салу рәсімінен көрініс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шарғы салу

Қыздар: - Құрбымыз ұзатылғалы жатқан соң шарғы салу рәсіміне келдік.

Жеңгелері: - Келіңдер, төрлетіңдер, сендерге де жұғысты болсын.

Қыз 1: - Құрбылар, құрбымыздың шарғы салу рәсімін көңілді өткізелік, шашынан тарталық.

Қыз 2: - Не үшін шашынан тартамыз?

Жеңгелері: - Дұрыс бұл рәсімді жасаудағы мақсат қыз барған жерінде бойын тік ұстап, еңсесі биік болсын деген ұғымды білдереді.

Қыз 1:- Марал менің тағы бір естігенім бар еді, қыздың санын инемен шаншиды деген.

Қыз 2:- Неге олай жасайды екен?

Қыз 1:- Қыздың санын инемен шаншу – барған жерінде аяғын тіктеп жүрсі, аяғы таймасын, сүрінбесін дегенді білдіреді екен.

Қыз 2:- Олай болса, құрбымыздың ешқашан аяғы сүрінбеуі үшін санын иемен шаншиық.

Жеңгелері: - Сендей құрбылары бар біздің бикеш бақытты ғой.

Қыз 1:- Енді тілегімізді айталық. Он рет оң жағымен айналдырып тілек тілелік.

Қыз 2:-Барған жерде бағың ашылсын. Еліңе сыйлы бол.

Жеңгелері:- Енді біз де сол жағымен он рет айналдырып тілегімізді айталық.

Жаман атың шықпасын. Ата- енеңді сыйла. Қосағыңмен қоса ағар. Жиылмасын дастарқаның – қазынаң.

Қыз 1:- Нұры жаусын Алланың,
Арайлап атсын таңдарын.
Тілейтінім сендерге,
Бақтарыңның жанғанын.
Күтпесін өмір жолында,
Солған гүлдей алда мұң.
Бақыттың шығар шыңына,
Болсын әр кез жолдарың.
Көктемгі гүлдей құлпырып,
Мәуелеп өссін талдарың.
Қол ұстасып екеуің,
Бар әлемді шарлағың,
Шаңырақтарың шайқалмай,
Мейрімді болсын жандарың!

Жеңгелері:- Келіңдер, шай ішелік.

Қыз:- Ниеттес, тілектес болған барлығыңа рахмет. «Жол мұраты -жету, қыз мұраты -кету» болғасын, амал жоқ. Мын орамлымды құрбым Жанарға сыйлайын. «Ендігі кезек сенікі», менен кейін сен де «бақытыңды тап».

Жеңгелері: - Енді той Жанарда болады десеңші. Әуелетін бір ән салайық

Ән

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 желтоқсан
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі