400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сарқылмас қазыналы дариялар, Ардақты ардагерлер, қариялар!»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлімгерлер мен сынып жетекшілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 қазан – Қарттар мен ұрпақтар ынтымақтастығы күніне арналған

«Сарқылмас қазыналы дариялар, Ардақты ардагерлер, қариялар!»

атты концерттік бағдарлама



І жүргізуші:

Армысыздар, ардақты Ұстаздар!

Бүгінгі «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:

Ардақты ардагер ұстаздар!

Сіздердің ұстаздық еңбек жолдарыңыз – бізге үлгі-өнеге. Адамдық пен адалдықтың елшісі, парасатты ақыл-ойдың кеншісі де өздеріңіз! Сіздер кейінгі буынға Темірқазық жұлдыз бола білдіңіздер!

І жүргізуші:

«Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, ақылды бастың өзі болмасақ та құлағымыз» демекші, айтқан әрбір ақылыңызға, парасатты да пайымды пікірлеріңізге, ұстаздық еңбек жолдарыңызға құрметпен қараймыз!

ІІ жүргізуші:

« Жемісін берсе жақсылық,

қуанбас бұған жан бар ма;

Сіз еккен өрім жас шыбық,

айналды бүгін орманға!»

...Иә, шынымен де сіздер бүгін балалы бақтың бағбаны секілдісіздер. Мейірім мен шапағаттан; ізгілік пен қанағаттан бастау алған еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз! Бүгінгі ұрпақтар ынтымақтастығы мерекесі күні дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақытты да баянды ғұмыр тілейміз!

І жүргізуші:

«Қарт қойнында қалаш бар » демекші, біз жас буын сіздердің атақ-абыройларыңызға еш дақ түсірмей, ұлағатты ұстаздық жолдарыңызды жаңашыл да жарқын етіп жалғай түсеміз.

ІІ жүргізуші:

Қарттар күні - ұрпақтың бірлігі мен сабақтастығының белгісі. Үлкенге құрмет жасау халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет.Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы.

І жүргізуші:

Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер беруден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздық қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.

ІІ жүргізуші:

Аса құрметті ардагер ұстаздар! Сіздер қандай да сый - құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.

І жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік кештің құттықтау сөзі мектеп директоры міндетін атқарушы Көбенов Жарасқан Жайлыбайұлына беріледі.

Ән.

ІІ жүргізуші:

«Ақылды қария –ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз ұлы бәйтерек болса, біз соның бүршігіміз. Қыңырды жөнге, қисықты түзге салған осы қариялар арқылы өмірдің түзу жолын, өнердің білім жолын тауып, біз де бір кірпіш дүниенің тетігі болып қаланатынымыз хақ.

І жүргізуші:

Ғылым иесі ғалым да,

ІІ жүргізуші:

Ел қорғаған батыр да,

І жүргізуші:

Тілінен бал тамған ақын да,

ІІ жүргізуші:

Тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,

І жүргізуші:

Егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да,

ІІ жүргізуші:

Көкті шарлаған ғарышкер де

Бірге:

Бәрі-бәрі ұстаздан білім үйретіп, тәлім алған.

Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам бас иеді.


І жүргізуші:

Жадымызда жақсы жырлар жаңғырад,

Білім деген – білген жанға бал - бұлақ,

Ойын қумай, оқу қуып, ізденіп,

Ұйқас қуған шәкірттер де бар бірақ!

ІІ жүргізуші:

Ұстаздар біздер үшін үлгі есім ең,

Іңкәрлікті сезініп жыр - кешінен,

Сөйлесе бүгін шағын сахнадан,

Ертең сөйлейді бар әлемнің мінбесінен!


І жүргізуші:

Асыл күш парасатты саналардан

Таланттан мың бір күй тарады ән.

Төгілсін күмбірлеген домбыраның,

Қос шегінен, тиекті шанағынан

ІІ жүргізуші:

Білген жанға елдік – мұра, ән – мұра,

Жалғасады күй өнері жаңғыра,

Күмбірлетіп қос шанақпен сөйлесін,

Ерсаяттың қолындағы домбыра!..


І жүргізуші:

Өмір оты ерте өшірілмесе адам баласының қартаюы табиғи заңдылық, қарттардың тілегі ел амандығы, жұрт тыныштығы олар бүгінгісін ғана ойламайды. Өткен өмір жолын зерделеп алдын болжауға тырысады.

Қарттар – тіршіліктің төресі.

(1-сынып оқушыларының құттықтауы)

ІІ жүргізуші:

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

І жүргізуші:

Таң атып, күн де шыққан өздеріңнен

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербеткің көктем бағын самал болып,

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңнен.

ІІ жүргізуші:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға»,- деп хакім Абай айтқандай егер өр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?

І жүргізуші:

Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері,мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Сіздер салып кеткен сара жол - ұстаз жолы - ұлы жол.Ендеше сөз кезегі өздеріңізде.

(Сөз сөйлеп болғаннан кейін)


ІІ жүргізуші:

Бар заманның қаһармандары, ардақты жандар – Ұстаздар! Өнеге мен білімнің тәрбие мен ілімнің қайнар көзінен бастау алған ұстаздар сіздерге өмір жолдарыңыздың шуақты, ерік-жігерлеріңіз қуатты, жүректеріңізге мейірім, шәкірттеріңіздің риза ақ пейілін тілейміз.

І жүргізуші:

Талай жас буын тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер, оларға берген ізгі тәлім-тағылымдарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл күй, сәттілік пен ұзақ ғұмыр Әрқашан жандарыңызда сіздерді құрметтейтін балаларыңыз, сүйікті немерелеріңіз бен достарыңыз болсын деп тілейміз.

ІІ жүргізуші:

Болашағымыз деп өткен жетістіктеріміздің алтын қазығы қариялар ортамыздың берекесін арттырып, аман-есен жүріңіздер!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі