15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі қарыздармын бастауышым!
Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,
Саған мәңгі қарыздармын бастауышым!
Музыка ойнап тұрады. («Балалық шақ» күй).
Тоғжан:
Армысыздар,
мұғалімдер, әз
жандар,
Білім
іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты
тәрбиелеп оқытқан,
«Өмір»
деген ұзақ жолда
тарландар!
Бүгін,
міне, қоштасады
бастауышпен балбұлақ,
Әні менен
жырларына тарландарым, сал құлақ,
Кеше
сәби, бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап
жансын болашағың, шамшырақ...
Көрінетін
биіктен асқақ іспен
Баулитұғын
білімге жас кішіден.
4
жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн
келді бастауышпен.
Бастауышты
халық та
дәріптеген
«Білім
көзі» деген сөз анық деген.
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Назарларыңызға 4 «Б» сыныппен қоштасу кешіне арналған «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Білім сыйлап балаға еңбек еткен,
Самал сөзі аймалап, сүйген беттен.
Шәкіртінің естісе ерліктерін
Қуаныштан көңілі көкке жеткен
Сабақ берген шын ынта, пейілімен,
Баулыған бар ұрпақты зейінімен.
Жасай берсін, ұстазым, жасай бергін,
Даласындай қазақтың кең пейілді- деп, ақын ұстаздарға өз жүрек жарды сырын арнағандай, алдарыңызда 4 Б сыныбының жетекшісі Смаилова Құралай Мырзабекқызын қарсы алайық.
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған оқушыларым ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Бұл салтанат қуаныш баршамызға ортақ.
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда,
Тілеймін ұстаздар баршаңызға.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
Бүгін менің сүйікті шәкірттерім ортаңызда
(Оқушылар ортаға шығады)
Би:
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқы жаққа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым, бүгін менің.
Келесі сөз кезегін шәкірттеріме берейін.
Бақдәулет: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар!
Бала
шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге
ой түзеткен сымбатты.
Күн
нұрындай сәуле құйған
көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Армысыздар, әжелер
мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен
бата алар.
Ел
дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой
Абай, Ыбырай бабалар.
Армысыздар, өр
тұлғалы әкелер,
Қыран құстай
балапанын мәпелер,
Бүгін
міне бастауышпен қоштасады,
Азамат
боп кешегі сәби еркелер.
Мейіржан:Армысың сен
алтын ұя
мектебім
Саған
айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге
жаққан білім шырағын,
Мектебіме
арналады бұл әнім.
Бақдәулет:-
Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді
оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің
ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен
қоштасамыз.
Айдана:
- Сондай-ақ біздің ыстығымызға күйіп,
суығымызға тоңа білген, оңымызбен
солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге,
жаманнан жиренуге баулыған алғашқы
ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Ақбота:-Біз,
мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз,
әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды
санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының
жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол -
мұғалімнің еңбегі.
Нұрбол:
- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне
сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші!
Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат
атандырғаннан артық абырой мен құрмет
жоқ шығар, сірә!
Қарақат:
-
Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы
шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,
ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек
бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса
жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты
ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына,
бүкіл адамзат баласының атынан алғыс
білдіріп, тағзым етемін!
РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!! (Хор)
Ажырамай мектептен бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз
Бүгінгі біздің ертеңгілігіміздің құметті қонағы болып отырған даярлық топта алғаш тәлім тәрбиемен сусындатқан тәрбиешіміз Сырттанова Парида Төлеубекқызықызы отыр. Бір ауыз тілегін білдерсеңіз....
Ән: Ұстаз
Айдана:
Мектеп
деген білім кені жыр кені,
Мектеп
деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп
деген тәрбиеші адамға,
Мектеп
деген даналардың мекені.
Мектебім
білім берер алтын ұям,
Ер
жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған
4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті
атың маған.
Шұғыла: Ұлылықты
ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя,
ақ босаға
киелі,
Қанат қаққан
білім алып өзіңнен,
Күллі
шәкірт саған басын иеді.
Мектебім,
алтын ұяң,
нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін
жарып.
Сүйкімді
сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда
сыңғыр қағып.
Ақбота:
Мектеп
– үйім, ұстазым
менің ата
- анам,
Сенен өсіп,
сенен ғана нәр
алам
Саяң ыстық,
сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып,
сан тарапқа тараған.
Нұртай: Мектебім
– сүйікті мектебім.
Бауырыңда
түлеймін көктеймін.
Сен
– бұлақ, мен - қайың бүр
ашқан,
Өзіңнен нәр
алып көктедім.
Нұрбол: Мектеп
– кеме, білім – теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Төрт
жыл алған білім нәрін,
Азық етіп
ер жетеміз.
Диана:
Мектеп
– кеме, білім – теңіз,
Барар
жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы
жолда,
Ұстаз берген
білім қолда.
Бақдәулет:
- Нұртай, есіңде ме осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Нұртай:
-Иә, Енді, міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Бақдәулет:
- Міне, сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды. Сонымен қатар, сыныбымызда 4 жыл бойы озаттар тақтасынан орын алып, өздерінің үлгілі тәртібімен, үздік білімімен көрінген сыныптастарымыз да бар. Олай болса, сыныптастарымызды марапаттауға рұқсат етіңіздер!
Озат оқушыларла лента тағу
Сонымен қатар, сыныбымның келесі оқушыларында марапатталуына рұқсат етіңіздер.
Нұртай:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.
Нұрбол: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік кеп.
Темірлан:
Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін алғаш сенен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.
Назерке:
Алғашқы ұстаз
анамызбен тең келеді,
Бар
асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су
себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін
баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті,
адалдықты,
Жирендік,
ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар
ақ жолың сенің салған,
Бар
деп ұққын әрқашан
балаң мықты.
Зерде: Жарық күннен
жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген
кеңестер.
Жанарымда
алыс тартққан қара
жол,
Көз
жұмсамда көре тұғын белестер.
Нұрай: Қоңыр үнді
даусың әсем
таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі
нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып
біздерге,
Күн
астынан сабақ беріп
тұрғандай.
Исламбек: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім...
Басталған
ақ батаңнан
жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың,
даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан
басталарын.
Елина: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың,
даналардың.
Өмірде сенің алар
орыныңа,
Бірі
де жеткізе алмас бағалардың
Алғашқы ұстаз,
ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай қөңілде
мәңгі қалатын.
Сағына әркез
суреттерді парақтап,
Шәкірттерін
жиі еске алатын.
Айерке: Жаралған
жақсы үмітпен
мұраттардан,
Жансыз ғой әлдилеген
шуақты арман.
Жатталды
жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні
сияқтанған.
Хормен: Мың алғыс
сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс
отты мына жүректерден.
Мұғалім:
Алдарыңда
сан тарау жолдары тұр,
Бәрі
бірдей азамат болғалы тұр.
Біріншіге
келетін балаларға
Тапсыратын
уақыт келді білім кілтін.
Олай болса сыныбымыздың үздіктері
Нұрбол, Айдана, Темірлан болашақ
1
сынып оқушыларына білім кілтін табыс
етеді.
ІІ. Концерт:
Мұғалім:
- Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің балдырғандар өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса балдырғандардың өнерін тамашалайық!
«Отан – оттан да ыстық», «Отан – отбасынан басталар» дегендей, Алғашқы шырқалар ән Отаным, өз елім деп өмір сүретін, Отанын шексіз сүйетін барша қонақтарымызға арналады.
«Өз елім» әнімен алдарыңызда Мейіржан, Исламбек, Темірлан. Қарсалыңыздар
Өнерліге әсем ән мен сән керек,
Өнегені қанжығаға өңгерет.
«Қуыршақты» билегенде бишілер
Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп,
Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар
Ән. «Жаным қазақ»
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді - дей келе келесі шырқалар ән даярлық сыныпта алғаш біліммен сусындатып, тәрбие берген Фарида тәрбиешімізге арналады. Орындайтындар Темірлан, Мейіржан, Исламбек
Мың бұралса біз қарап тамсанайық,
Сіздерге жақсылықпен жар салайық.
Бишілерді сахнаға біз шақырып,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымызда оқитын, «Наз» би тобының бишілері «Буратино» биімен қарсы алаңыздыр
Дүниеге әкелген ол да сенің анашың
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың
Мәпелеген баласын, ол да сенің анашың!
Анамызға мың алғыс - дей келе келесі ән барша аналар мен әжелерімізге арналады. Ортамызда сыныбымыздың әншісі ЗЕРДЕНІ «Анаға» әнімен қарсы алыңыздар
Мектеп - деген білім кені , жыр кені,
Мектеп - деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп - деген тәрбиеші адамға.
Мектеп - деген даналардың мекені- Дей келе ортамызда Қарақат пен Диананың орындауында «Мектебім, аяулы мектебім» әнімен қарсы алайық
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең мақтанышың.
Білім алып, тер төгіп еңбек етем,
Өздеріңнің сеніміңді ақтау үшін! – дей келе болашағымыздан үміт күтер, Отанын қорғаушы ұлдарымыз «Тұраным» биімен орталарыңызда қарсы алыңыздар!
Риза болшы ұстаз қауым ардақты,
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.
Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,
Бастауышты орта буын жалғапты. Осы әнді барлық бастауыш сыныпта білім берген пән мұғалімдеріне арнаймыз. Нұрай, Назерке, Айдананың орындауында «Бал балалық шақ» әні. Қарсы алыңыздар
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жыр жалын
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға - Ендеше, келесі Ақботаның орындауындағы «Маленькая страна» әнін қабыл алыңыздар
Білімнен сыбағасын алып берген,
Жөн сілтеп ақылменен бағыт берген.
Сыныпта жетекшінің орны бөлек,
Өмірдің соқпағына салып берген дей келе ортамызда сынып жетекшісі Құралай Мырзабекқызы шәкірті Шұғыламен ортаңызда. Қарсы алайық
Ән: «Қош бол, Бастауыш мектеп!»
Соңы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген