400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаршылармен ойнаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға реттік санауды, «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйретуді жалғастыру. Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін түсіне білуге үйрету. Заттың санын цифрмен сәйкестендіруге үйрету. Заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Білім беру саласы: «Таным».

Бөлімі:Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы:Шаршылармен ойнаймыз

Мақсаты: Балаларға реттік санауды, «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйретуді жалғастыру. Заттардың кеңістікте орналасуына санның тәуелсіздігін түсіне білуге үйрету. Заттың санын цифрмен сәйкестендіруге үйрету. Заттардың сұлбасынан геометриялық фигураларды табуға үйрету.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,демонстрациялық көрнекіліктер,ойын,практика.

Қажетті көрнекі құралдар:көліктер суреті, цифрлар ,геометриялық фигуралардан құрастырылған көліктер.

Оқу іс-әрекетінің кезендері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Балалар бүгін қонаққа қуыршақ Жәйна келді.

-Сәлеметсіз бе балалар.Мен сендерге қызықты тапсырмалар әкелдім.Қолымда алтын сандық бар,ол сандық ғажайып тапсырмалар мен толы.

Қуыршақ Жәйна алтын сандықты ашып тапсырманы алып шығады.

-Балалар дөңгелене тұрамыз бір-бірімізге жылы лебіздерді білдіреміз.

Куанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Балалар қуыршақ Жәйнамен амандасады.















Балалар бір-біріне жылулық тілектерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

Қуыршақ Жәйна балаларға сандарды қайталатқызады.(1-5),екі тілде.Тақтада әр санға заттар ілініп тұрады:(Бір дегенде қуыршақ,екі дегенде дөңгелек,үш дегенде үшбұрыш,төрт дегенде төртбұрыш,бес деген де бес шар.



Билингвалды компонент:

Бір-один,екі-два,үш-три,төрт-четыре,бес-пять.

Көліктер-машиналар,автотұрақ-стоянка,дөңгелек-круг,үшбұрыш-треугольник.



1-тапсырма.

-Ал енді балалар дәптерді ашамыз,дәптердегі тапсырмаларды орындаймыз.

-Балалар,авто-тұраққа кіріп бара жатқан көліктерді бояндар.

Біріншісі қызыл түспен,екіншісі сарымен,үшіншісі жасылмен.

-Авто-тұраққа барлығы неше көлік кірді?

-Педагог авто-тұрақтан шыққан кезде соңғы көлік бірінші,ал бірінші көлік соңғы болатын айтады.

Қуыршақ Жәйна авто-тұрақтан шығып келе жатқан көліктерді бояуға тапсырма береді.

-Жасыл көлік авто-тұрақтан нешінші болып шықты?

-Ал қызыл ше?

-сары көлік нешінші болып шықты?



Сергіту сәті.

Оңға бір қадам,

Солға бір қадам

Айналып билейміз.

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам

Айналап билейміз.

2-тапсырма.

Қуыршақ Жәйна сұрақ қойып,тапсырма береді:

-Үшбұрышта неше дөңгелек бар?

-Дөңгелекте неше шаршы бар?

-үшбұрыштағы,дөңгелектегі фигуралар санына сәйкес келетін цифрды бастырып жазыңдар?





3-тапсырма.Постер –«Көліктің бөлшектерін жабыстыру».

Балаларға көліктердің суретін көрсетеді:

Балалар, суретші көліктің суретін салды.Бірақ басқа затқа алаңдаймын , кейбір бөліктерін салуды ұмытып кетіпті.Жоғарыда тұрған көлікті мұқият қарап шығып, төмендегі көлікке жетпей тұрған бөлшектерді жабыстырып шығайық.





Балалар санайды.











Сөздерді екі тілде қайталайды.





















Балалар көліктерді бояйды.



Авто-тұраққа үш машина кірді.













бірінші



екінші,үшінші.

Балалар жауаптарын береді.



Қимыл-қозғалыспен көрсетеді.















Бес дөңгелек.

Бес шаршы.

Әртүрлі орналысқанына қарамастан дөңгелекпен шаршының саны тең.







Балалар көліктерге жетпей тұрған жерлерін жабыстырып шығады.

Рефлексиялық-түзетушылық.

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Куыршақ Жәйна балаларға сабаққа белсенді қатысқан үшін мадақтайды.

Балалар өз жұмыстарын қуыршақ Жәйнаның қолындағы үлгімен салыстырады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі:5 цифрын; реттік санауды;санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығын; 

Игереді: «қанша?», «нешінші?» деген сұрақтарға дұрыс жауап беруді, таңыс заттарды геометриялық фигуралармен салыстыруды.

Меңгереді:санның заттардың кеңістікте орналасуына қатысы жоқтығы.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
444
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі