400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шартты форматтау. 7 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар өздері орындап келген «Жыл қайыру» кестесін сыныптастары алдында қорғайды. Тапсырма бойынша төмендегі сұрақтар қоюға болады: - Тапсырманы орындауда қандай кедергілер болды? - Тапсырманы орындауда қандай деректердің типін пайдаландыңдар? - Автоматты толтыру əдістерін тапсырманың қай бөліктеріне қолдану сəтті шықты деп ойлайсың? Электронды кестеде шартты форматтау əдістерін қалай қолдануға болады?
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Шартты форматтау

Мектеп: И. Таиров о/м

Күні: 28.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Мусаева М

7 «А» сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаты

7.2.2.4 электронды кестеде шартты форматтауды қолдану

Сабақтың мақсаты


Электронды кестеде шартты форматтау түрлерін біледі, қарапайым элементтерін қолданады. Кестеге шартты форматтау түрлерін қолданады.

Тілдік мақсаттар


Пəндік лексика жəне терминология:

Шартты форматтау, гистограмма, шкала

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау:

Набор значков (Белгішелер жиынтығы) батырмасы қалай жұмыс жасайды?

Жазу:

Шартты форматтау түрлерін жазу

Тірек білім, білік, дағдылар


Ұяшықтарды форматтауды, басқаруды, автоматты толтыруды біледі.

Жоспар

Кезеңдер

Уақыт минут

Жоспарланған іс-əрекет

Қолданыла -тын əдістерге ұсыныс

Қолданылатын ресурстар

Үй тапсырма -сын сұрау

7

Оқушылар өздері орындап келген «Жыл қайыру» кестесін сыныптастары алдында қорғайды. Тапсырма бойынша төмендегі сұрақтар қоюға болады:

  • Тапсырманы орындауда қандай кедергілер болды?

  • Тапсырманы орындауда қандай деректердің типін пайдаландыңдар?

  • Автоматты толтыру əдістерін тапсырманың қай бөліктеріне қолдану сəтті шықты деп ойлайсың?

Көпшілік алдында қорғау. Өзара жəне мұғалім кері байланыс ұсынылады

Компьютер

Мəселе

2

Электронды кестеде шартты форматтау əдістерін қалай қолдануға болады?

Сұрақжауап

Миға шабуыл

2

  • Күнделікті керекті əрі маңызды ақпараттарды əртүрлі дереккөздерден пайдалану үшін ерекшелеудің қандай түрлерін қолданасыңдар?

  • Кестедегі сандық мəндерді (ең

үлкенін, ең кішісін, ең көбін, ең азын) көз мөлшерімен қалай айыруға болады?

Жеке ойлану, топта,

ұжымда

пікіралмасу. Ортақ тұжырымға келу

А4,А3 қағаздар

Білу, түсіну

5

Білу кезеңі:

  1. Шартты форматтау дегеніміз не?

  2. Шартты форматтау құралдары қандай бөлімдерден тұрады?

  3. Шартты форматтау бөліміндегі қандай қызмет түрлері бар жəне олардың қызметтері қалай сипатталады?

Түсіну кезеңі:

Ұжымдық

оқу,

«Insert»əдісі

.



  1. «Белгіше жинақтары» (Набор значков) бөлімінде ұяшықтарға белгішелерді қою əдісін түсіндіріп беріңдер.

  2. Бірінші жəне соңғы мəндерді іріктеу ережесін түсіндіріп беріңіз.

  3. Шартты форматтаудың пайдаланушыға қандай пайдасы бар?



Қолдану

+талдау


15

Практикалық жұмыс:

1-тапсырма

«Ұяшықтарды ерекшелеу ережесі» бөліміндегі «Больше…» (Үлкен) батырмасының қолдануын зерттейміз.

2-тапсырма

«Бірінші жəне соңғы мəндерді іріктеу ережесі» батырмасының қолдануын зерттейміз

3-тапсырма

«Гистограмма» батырмасының жұмысымен танысамыз.

4-тапсырма

«Набор значков (Белгіше жинақтары батырмасы қызметін зерттеу.

Тапсырмаларды жеке орындау

Оқушы дəптері

Жинақ-

тау


5

Шартты форматтау əдісін қолдануға екі нақты мысал құрастырып, ұсыныңдар.

Шартты форматтау бөлімін пайдаланудың жетістіктерін атаңыз.


Топта пікіралмасу. Ортақ тұжырымға келу. Бағалау

А4,А3 қағаздары, маркер, стикерлер

Бағалау


1

Шартты форматтау бөлімін

пайдаланудың тиімділігін атаңдар

Жеке пікір айту

Рефлексия

2

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:

  • Менің бүгінгі сабақтағы жетістігім. Оның себептері.

  • Менің бүгінгі сабақтағы кемшілігім.

Оның себептері.

Диалогты ұйымдастыру немесе жазбаша

тарату арқылы

Оқушы дəптері

Үй тапсырмасы

1

Жеңіл атлеттер жарысы

Жүгіру мен ұзындыққа секіру жарысының қорытындысы кесте түрінде берілген (3.10-кесте). Жүгіру мен ұзындыққа секіру жарысының үздік нəтижесін анықтаңдар. Жүгіру бойынша

жеңімпаздың аты-жөнін қызыл түспен ерекшелеңдер. Ұзындыққа секіру жарысының жеңімпазының аты-жөнін көк түспен ерекшелеңдер.

Жеке орындауға арналған

Компьютерде файл түрінде

сақтау


Дифференциалды оқыту – Көбірек

қолдау көрсету үшін не істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды

дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Мұғалімнің тартылуы бойынша саралау: мұғалімнің оқушыға қажет болған жағдайда бсағыт беруі, қолдауы; оқушының дербестік дәрежесі.

Ресурстар бойынша саралау: мәтіннің күрделілік дәрежесі


Үдеріске оқушылардың белсенділікке тарту

Өзін-өзі бағалау

Толтырылған кестелер бойынша өзара бағалау

Сабақ барысындағы қалыптастырушы бағалау.


Көңіл аудару керек:

  1. Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.

  2. Білім алушылардың омыртқа жотасының қалыпта ұстауы және көз гигиенасы

3) сергіту сәті

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)


1:

2:


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға

және үйренуге қатысты)?


1:

2:



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
6533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі