Материалдар / Шартты және шартсыз рефлекс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шартты және шартсыз рефлекс

Материал туралы қысқаша түсінік
Рефлекс түрлері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Шілде 2024
177
2 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

Координация және реттелу

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7 «В»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.1.7.6 - мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Шартты және шартсыз рефлекстің белгілерін сипаттай отырып, ағзаның тіршілік етудегі рөлін жіктей алады.


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Психологиялық жағымды ахуал туғызу. «Жақсы тілек жан азығы» Оқушыларға өзара жақсы тілектер тілеуді топтастыру.

Топқа бөлу. 3 топқа – Рефлекстік мүшелер жүйесі бойынша суреттер бере отырып топқа бөлу.

1-топ: «Тамақ» тобы.

2-топ: «Тыныс» алу тобы.

3-топ «Қимыл» тобы


Өткен сабақты пысықтау. «Банкомат» әдісі.

  1. Рефлекс бұл .............

  2. Қарапайым рефлекстерді атаңдар.

  3. Күрделі рефлекстерді атаңдар

  4. Рефлекс доғасы дегеніміз не?

  5. Егерде рефлекс доғасына бір нейрон қатыспаса, онда рефлекс жүре ма?

Оқушылар ұстазымен амандасады,

бір-бірлеріне жақсы тілектер тілейді.

Оқушылар тірек сөздер арқылы топқа бөлінеді.


Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

ҚБ. Жарайсың! Тамаша! Керемет! және т.б. сөздермен

оқушыларды ынталандыру




Дескриптор:

  1. Рефлекстің анықтамасын айтады– 1 балл;

  2. Мысал келтіреді– 1 балл;

ДК экран,

Презентация, слайд №1, суреттер




2 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.


Суреттерге қарай отырып, суретте не бейнеленгенін анықтап, тақырыбын нақтылайды.

Сабақтың тақырыбына қарай отырып, тұжырымдайды.


Жарайсың!

Тамаша! Керемет! және т.б. сөздермен оқушыларды ынталандыру


Дк экран

презентация слайд №2,



Сабақтың ортасы

5 мин


Жаңа тақырыпты меңгерту.

Жаңа тақырып бойынша бейнежазба көрсетемін.

Таныстыру көмегімен қосымша түсініктеме береді. Рефлекс және оның түрлері

Рефлекс тітіркендіргішке тікелей және дереу жауап ретінде пайда болады. Сүтқоректілердің көп рефлексі туа пайда болған. Олар тұқымқуалаушылық арқылы беріледі және түрдің ерекшелігі болады. Рефлекске шайнау, жұту, тізе рефлексі сияқты әрекеттер жатады. Бұлшықеттің көптеген үйлесімді әрекетінің күрделі үлгісіне енген рефлекстер жануардың инстинктивті мінез-құлқының негізін құрайды.

Рефлекстің екі түрі бар: шартты және шартсыз рефлекс.

Шартсыз рефлекс – берілген тітіркендіргіш бойынша алынған жауап. Ол туа пайда болады. Шартсыз рефлекс: ара шағып алғаннан кейінгі ауырсыну сезімі, қатты шудың дауысына жалт бұрылу, қышқыл дәмге жауап ретінде сілекейдің бөлінуі, көзді жұму, тамақтың қорытылуы.

Шартты рефлекс жүре пайда болады, тұқым қуалау арқылы берілмейді. Шартты рефлекс белгілі бір тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады, тітіркендіргіш болмаған жағдайда жойылады. Шартты рефлекске кітап оқу, көлік жүргізу, тамақты көргенде немесе иісін сезгенде сілекейдің бөлінуі жатады. Бұл рефлекстер жойылуы мүмкін, бірақ оның орнына пайда болатын жаңа шартты рефлекс алдыңғы рефлекстің негізінде қалыптасады.

Оқушылар бейнежазбаны тамашалай отырып, тақырып бойынша негізгі терминдерді дәптерге жазады.

Жарайсың!

Тамаша! Керемет! және т.б. сөздермен оқушыларды ынталандыру


Оқулық

https://bilimustaz.kz/education/133/16992


7 мин

Жеке жұмыс. https://bilimustaz.kz/education/133/16992

Сілтеме бойынша өте отырып, Bilimustaz сайтында тапсырмаларды орындау.


Оқушылар Bilimustaz сайтындағы тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

7-9 тапсырма- 5 балл

5-6 тапсырма – 3 балл

1-4 тапсырма – 2 балл


ҚБ: Үш шапалақ

https://bilimustaz.kz/education/133/16992


15 мин

Топтық жұмыс: «Галерея әдісі».

Топтарға берілген тақырып бойынша тірек-сызба әзірлеуді тапсыру.

1-топ. Рефлекстерді жіктеу.

2-топ.Шартсыз рефлекс.

3-топ Шартты рефлекс.


Топтаса отырып әзірлейді, баяндамашылар «Әткеншек» әдісімен сызбалар қорғайды.

Дескриптор:

  1. Шартты және шартсыз рефлекстің белгілерін сипаттайды 1 балл;

  2. Ағзаның тіршілік етудегі рөлін жіктейді– 1 балл;

Дескрипторға сүйене отырып, топтар өзара бағалау жүргізеді.

Оқулық

Маркер

Ақ парақ



3 мин

Сергіту сәті. «Мен қызыл түсті зат көрсеткенде, қолдарыңды жылдам көтеріп түсіріңдер».

Түрлі заттарды көрсету және сонымен қатар қызыл түсті де заттарды көрсету. Ауызша берілген нұсқаудағы сөздер арасындағы байланыс, қоздырғыш пен әрекет арасындағы нақты байланысқа айналды.

Оқушылар шартты және шартсыз рефлекстерді ажыратады.

ҚБ: Отшашу

Әртүрлі заттар

4 мин

«Боулинг» әдісі. Төменде көрсетілген сұрақтардың бір дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Тітіркендіргіштер әсеріне қайтарылатын жауап

  1. Рефлекс

  2. Синтез

  3. Зат айналым

  1. Синапстар мен рефлекторлық доға негізінде жүйке жүйесі туралы білімді алғашқы қолданған орыс физиологы?

  1. Николай Северцов

  2. Кевин Ричардсон

  3. Иван Павлов

  1. Өмір бойы пайда болады және бір түр дараларында бірдей емес

  1. Рефлекс доғасы

  2. Шартсыз рефлекс

  3. Шартты рефлекс

  1. Тітіркенуді қабылдайтын мүшені ата?

  1. Эффектор

  2. Рецептор

  3. Афференттік нейрон

  1. Павловтың зерттеулерінде шартты тітіркендіргіштер не арқылы берілген?

  1. Бактерия

  2. Газ

  3. Қоңырау

Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.

Жарайсың!

Тамаша! Керемет! және т.б. сөздермен оқушыларды ынталандыру

Дескриптор:

  • Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді – 1 балл;



https://view.genial.ly/63f83ea55c5424001a1b6dce/interactive-content-bowling-quiz


Сабақтың соңы

4 мин



Рефлексия. «Адам мүшелері» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.



Бағалау: Ашық журнал арқылы оқушылардың білімін бағалау, кері байланыс беру

Оқушылар Не ұқтым? Не істедім? Не айттым? Не ұстадым? Не көрдім? деген сұрақтарға жауап береді.

«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!