жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Шартты опареторлары. if-then-else
Сынып: 9 сынып
Тақырып: Шартты операторлары.
Мақсаты:
Білімділік: Қайталау операторлары бойынша білімдерін жетілдіру, программада дұрыс
қолданылуын үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой-өрісін дамыту, компьютерлік сауаттылығын, сабаққа қызығушылығын, тапқырлығын, біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жылдамдылыққа, шыдамдылыққа, компьютерді өз мақсатында дұрыс қолдану мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас.
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Түсіндіру.
Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар: Компьютерлер. Оқулық. Жұмыс дәптері. Практикалық тапсырмалар.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (20 мин)
VI. Жаңа сабақты бекіту. (8 мин)
V. Қорытынды:
а) бағалау (3 мин)
ә) үйге тапсырма беру (2 мин)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
– Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар!
– Бүгін сабақты сіздерге мен беремін – Мұхамадиева Гүлмира Советоллақызы.
– Бүгін сабақта кім кезекші?
– Бүгін сабақта кім жоқ? (журнал бойынша түгендеймін)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-Алдыңғы сабақта сіздерге үйге не берілді? (жауап күтемін)
Тапсырма.
Өрнектің Паскаль тілінде бағдарламасын құру.
Тапсырма.
1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табу қажет.
Program summa;
Var i, S: integer;
Begin
S:=0;
For i:=1 to 100 do
S:=S+I;
Writeln (‘kosyndy=’,S:6);
End.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тармақталу процестері бар алгоритмдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмайда қалабереді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскальда екі шартты оператор бар, олар if және case.
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тармақталу алгоритмдері деп атаймыз. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if - егер , then – онда , else - әйтпесе.
IF шартты операторы. IF(егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады.
өрнек
1-оператор
2
-оператор
(
Шартты
оператордың синтаксистік диаграммасы.)
Диаграммадан көрінгендей бұл оператор мынадай түрлердің бірінде жазылады:
IF <шартты өрнек>
THEN <1-оператор>
ELSE <2-оператор>;
Немесе қысқартылған түрде:
IF <шарты өрнек>
THEN <1-оператор>;
(оқылуы: IF – иф, THEN – зен, ELSE – элс). Мұндағы 1- және 2- операторлардың өздері қарапайым немесе құрама оператор болуы мүмкін.
IF сөзінен соң жазылатын өрнек түрінде берілген шарт алдын ала есептеледі, оның нәтижесі логикалық (Boolean - бульдік) типте болады. Егер ол шарттың мәні TRUE (ақиқат) болса, онда THEN (онда) сөзінен кейін жазылған 1-оператор атқарылады, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор атқарылмайды. Екінші жағдайда, шарт мәні FALSE (жалған) болса, яғни терісболып шықса, онда ELSE сөзінен кейінгі 2- оператор атқарылып, 1-оператор атқарылмайды. IF операторлары бірінің ішінде бірі кіріп, қабаттасып та орындала береді. Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
= |
Тең |
< |
Кіші |
<= |
Кіші немесе тең |
> |
Үлкен |
>= |
Үлкен немесе тең |
<> |
Тең емес |
Оператор программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең кең тараған тәсілі болып табылады. Толық оператордың жазылу түрі:
{Егер шарт онда 1 оператор әйтпесе 2 оператор орындалады.}
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ELSE <2 оператор>;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Қысқа оператордың жазылу түрі:
IF <шартты өрнек> THEN <1 оператор> ;
Мысал:
program j;
var x,y:integer;
begin
read(x);
if x<3 then y:=x+2 else y:=5*x;
write('y=',y);
end.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту.
Практикалық жұмыс.
Сабағымызды бекіту үшін деңгейлік тапсырмаларды орындайық. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды А деңгейінен бастап шығару керектігін айтып кетемін.
А деңгей
Мына көрсеткен мысалыға ұқсас есептерді шығару.
В деңгей
Орташа есептерді шығару.
Кез-келген санның жұп не тақ екенін анықтайтын программа құрыңыз.
PROGRAM sandar;
VAR a: integer;
Begin
Write('a енгиз');
read(a);
if (a mod 2)=0 THEN write('жуп сан') else write('а так сан');
end.
С деңгей
Күрделі есептер
Бөлменің температурасы 50 градустан жоғары болса, “ыстық” сөзін, 25 градустан жоғары болса, “қалыпты” сөзін, ал 25 градустан төмен болса, “суық” сөзін экранға шығару керек.
program h;
var t:real;
begin
read(t);
if t>=50 then write(' ыстык ') else
if t>=25 then write(' калыпты ') else write('суык ');
writeln('t=',t);
end.
V. Қорытынды.
Бүгінгі сабақ түсінікті ме? Түсінікті болса, үйге тапсырма дәптерлеріңізге жазылғандарды оқу, ережелерді жаттау. Үйге: « Шартты опареторлары».75- 80 беттер. 78беттегі 4 мысалға ұқсас есеп шығару.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген