400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Шартты пішімдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Шартты пішімдеу терезесінің құрылымын білу. Басым көпшілігі: Шартты пішімдеуді уйрену және оны қолдану; Кейбір оқушылар: Мәліметтерді өңдеп , күрделі тапсырмаларды орындау
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Жобаны құру және оны ұсыну

Мектеп: Шымкент қ. №127 ЖОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есенбекова Д.

Сынып: 5 сынып

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Шартты пішімдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4-электронды кестеде шартты пішімдеуді қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Шартты пішімдеу терезесінің құрылымын білу.

Басым көпшілігі:

Шартты пішімдеуді уйрену және оны қолдану;

Кейбір оқушылар:

Мәліметтерді өңдеп , күрделі тапсырмаларды орындау.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.

Бағалау критерийі

  • Шартты пішімдеу терезесінің құрылымын қолдана алады;

  • Өз бетінше шартты пішімдей алады;

  • Күрделі тапсырмаларды орындай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар үшін:

Шартты пішімдеу кезінде қолдану (Стили, Условное форматирование, Гистограммы).

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

  • Шартты форматтау дегеніміз не?

  • Условное форматирование бөлімінде қандай іс-әрекеттер орындай аламыз?

  • Гистограммы бөлімінің қызметі қандай?


Құндылықтарға баулу

Оқушылардың танымдық деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.

Пәнаралық байланыс

Математика (формулалар қолданады), орыс тілі (орыс тіліндегі бөлімдер).

Алдыңғы білім


Мәліметтер пішімі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы



Шаттық шеңбері Досыңа тілек

2 мин.








Топқа бөлу

2 мин.





«Допты лақтыру» үй тапсырмасын тексеру

5 мин.








Ұйымдастыру кезеңі:

  1. оқушылармен сәлемдесу;

  2. сыныпта жағымды ахуал туғызу;

Психологиялық ахуал қалыптастыру:










Оқушыларды смайлик арқылы топқа бөлу

Улыбающееся лицо 1 Улыбающееся лицо 2 Улыбающееся лицо 3





«Допты лақтыру» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау:


  1. Ұяшықтарды біртекті мәліметтермен автоматты толтыру дегеніміз не?

  2. Қандай мәлімет түрлерімен ұяшықтарды автоматты толтыруға болады?

  3. Ұяшықтағы сандарды автоматты қосу жұмысы қалай орындалады?

  4. Ұяшықтарға формуланы автоматты қою дегеніміз не?

  5. Ұяшықтарды автоматты толтыру пайдаланушының жұмысында қандай артықшылық береді?
















«Қызыл», «Жасыл» және «көк» түсті смайликтер

Сабақтың ортасы



«Кім жылдам» топтық жұмыс.

8 мин.



























8 мин.






























«Мен таптым» сергіту сәті

2 мин.
















10 мин.




































Сабақты қорытындылау« Серпілген сауал » әдісі.

4 мин

Шартты пішімдеу қалай жүзеге асырылатыны туралы оқушыларға түсіндіріліп, тапсырмалар беріледі.


1-Тапсырма

«Сыныптың үлгерімі» жобасын жасаңдар

Өздерің оқитын сыныптағы оқушылардың 1-тоқсандағы пәндер бойынша білім сапасының пайызы берілген кесте жасаңдар. Үлгі ретінде

(54-суретке) қараңдар. Кестені шартты форматтау ережесі бойынша толтырып жоба ретінде ұсыныңдар.


54-сурет. Үлгі кесте


Орындаушыға арналған дескрипторлар:


  • Кестенің шекараларын қою;

  • Бағаналарды ережеге сай сандық мәліметтермен толтыру;

  • Ұяшықтарды пішімдеу.


2-Тапсырма

Excel бағдарламасын іске қосыңдар. Кестеден 5 бағанды

таңдап, оларды төмендегі ереже бойынша толтыр.

1-бағанда-50 мен 50 арасындағы сандар

2-бағанда-20 мен 80 арасындағы сандар

3-бағанда-60 пен 40 арасындағы сандар

4-бағанда-30 бен 70 арасындағы сандар

5-бағанда-40 пен 60 арасындағы сандар.



Шартты форматтауды қолданып ерекшелеңдер:



Қызыл түспен теріс сандарды

Жасыл түспен 0 мен 10 арасындағы сандарды

Көк түспен 30 бен 40 арасындағы сандарды

Сары түспен 50-80 арасындағы сандарды ерекшелеңдер.


Орындаушыға арналған дескрипторлар:

  • Кестенің шекараларын қою;

  • Бағаналарды ережеге сай сандық мәліметтермен толтыру;

  • Ең аз бес санды ерекшелеу.





3-тапсырма: Ең ұзын өзен

Сендерге әлем өзендерінің арасынан 15 өзен ұзындығы және су бассейнінің көлемі бойынша берілген. Осы мәліметтерді өңдеңдер.



№

Әлемдегі өзендердің аттары

Ұзындығы (км)

Су бассейнінің көлемі

(мың.шаршы км)

1

Волга

3531

1360

2

Рейн

1320

224

3

Одра

912

119

4

Янцзы

6300

1808

5

Амур

4444

1855

6

Евфрат

3065

673

7

Сырдария

3019

219

8

Әмудария

2540

309

9

Нил

6671

2870

10

Конго

4370

3820

11

Миссисипи

5971

3268

12

Колумбия

1953

669

13

Амазонка

6437

7180

14

Ла-Плата

4700

3100

15

Муррей

3750

1160


Орындаушыға арналған дескрипторлар:

• Кестенің шекараларын қою, мәліметтермен толтыру;

• Ең ұзын бес өзенді анықтау;

• Су бассейнінің көлемі бойынша ең үлкен бес өзенді анықтау;

• Ең қысқа бес өзенді анықтау;

• Су бассейнінің көлемі бойынша ең аз бес өзенді ерекшелеу.


Сабақты қорытындылау. «Серпілген сауал» әдісі:

Шартты форматтау бөліміндегі қандай қызмет түрлері бар және олардың қызметтері қалай сипатталады?

Оқушылар тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «, Айнаның пікіріне қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»







MS Excell бағдарламасы



























MS Excell бағдарламасы


«Бағдаршам» арқылы бағалау


























Жағымды әуен

















MS Excell бағдарламасы













«Смайликтер»

арқылы бағалау






















« Серпілген сауал » әдісі














Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Поезд» әдісі

2 мин

Кері байланыс: «Поезд» әдісімен оқушы өзінің қай деңгейде тұрғандығын талқылап,сабақты қорытындылайды.








«Поезд» парагы


Үйге тапсырма

7.3. бөлімін қайталау.


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Саралау

Қабілеті төмен оқушыларға «Кім жылдам?» әдісі арқылы топтық жұмыс беріліп, нақты көмек беріледі.

Топтық жұмыс кезінде рольдерге бөлу арқылы және топтағы басқа оқушылардың, мұғалімнің ықпалымен сабаққа қызығушылығы артады.

Орта деңгейдегі оқушыларға жеке және топтық жұмыс барысында шығармашылыққа жетелейтін тапсырмалар бере отырып,

қабілетін арттыруға әрекет жасаймын. Қабілетті оқушыларға ізденісті талап ететін 3-тапсырма қарастырылады.


  • Дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау.

  • «Бағдаршам» бағалау.







  • Оқушы білімдері «смайликтер» тәсілі арқылы бағаланады.







Денсаулық сақтау технологиялары.


Сабақта шаттық шеңбері, «Мен таптым » сергіту сәті


«Топтық» және компьютерде «Жеке» жұмыс түрлерін қолдану.


Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеру.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
6152
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі