жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ СУАРМАЛЫ СҰР ТОПЫРАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫНА МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ СУАРМАЛЫ СҰР ТОПЫРАҒЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫНА МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Мақалада Сарыағаш ауданының суармалы сұр топырағы жағдайында өсірілетін жүгері дақылының өнімділігіне минералды тыңайтқыштардың әр түрлі нормалары мен арақатынастарының әсері қарастырылады.Минералды тыңайтқыштарды қолднаудың әсерінен жүгерінің дақылының өнімділігі бастапқы бақылау күйінен жоғарылағаны байқалды.Зерттеу нәтижелері бойынша жүгерінің көк балауса өнімділігі бақылауда 348 ц/га болса, ал тыңайтқыштардан алынған қосымша көк балауса өнімділігі 62,0-232,4 ц/га аралығында ауытқыды.Көк балаусаның ең жоғары 550-580 ц\га шамасындағы өнімділіктерін минералдық тыңайтқыштардың N100P150 нормалары қамтамасыз етті.
Адамдар ғасырлар бойы өзінің күнделікті өмірінде қоршаған ортаны, табиғатты игеруде көп тәжірибелер жинақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырды. Қазіргі кездегі ауыл шаруашылығы өндірісінің оның ішінде егіншіліктің даму деңгейіне адам баласы 12 мың жыл бойы жан-жақты шұғылдану арқасында жетіп отыр. Ауыл шаруашылығында қолданатын әр түрлі тыңайтқыштарды үлкен жетістіктердің қатарына жатқызуға болады. Академик Д.Н. Прянишников топырақ қүнарлығын жақсарту табиғаттағы заттар айналымының тепе-теңдігін сақтап, қоршаған ортада олардың зиянды жақтарын болдырмау және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімдерін жоғарылату жөніндегі минералды тыңайтқыштардың қолданылуын жаңадан ашып, пайда болған «құрлыққа» теңеді.
Дақылдарды дұрыс кезектестіріп егу топырақ, су режимін тиімді пайдалануда үлкен әсер береді, яғни танаптардағы топырақтың ылғал қорын тиімді пайдалану үшін суды әртүрлі дәрежеде қажет ететін өсімдіктерді кезектестіріп егу — ауыспалы егістегі озық тәсіл. Минералдық тыңайтқыштарды қолдану дәрежесі артқан сайын топырақтағы ылғалды пайдаланудың қажеттілігі де үдей түседі. Бұл түсінікті, өйткені тыңайтқышқа байланысты өнім молаяды, бітік егіннің өсіп жетілуіне жүмсалатын су мөлшері артады.
Жүгері жан-жақты пайдаланылатын жоғары өнімді жемдік өсімдік ретінде ерекше құнды. Мал шаруашылығында мал азығына жүгері дәнін, сүрлемді, тұзды, жасыл массаны пайдаланады. Жүгері астығы жоғары калориялы жем болып табылады — 1 кг оның құрамында 1,34 азықтық бірлік бар, ал арпа астығында – 1,2. ол майларға, жеңіл көмірсуларға бай, құрамында кішкентай талшықтар бар. Сарғыш сорттардың дәндері азықтың сіңірілуін арттыратын каротинге бай. Жүгері астығын жануарлар жейді, ол құрама жемнің құнды компоненті болып табылады. Дегенмен, жүгері дәнінде басқа дәнді дақылдарға қарағанда белоктар, күлдік элементтер мен дәрумендер аз екенін ескеру керек.
Сонымен қатар, жүгері дәнінің протеині лизин және триптофен сияқты маңызды алмастырылмайтын амин қышқылдарымен кедей және азықтық қатынаста ең құнды ақуыз – зеинге бай. Бұл азықтық рациондарды құрастыру және құрама жем құрамын анықтау кезінде ескеру қажет.
Жиі жүгері дәнін собықтың ұнтақталған өзекшелерімен бірге қоректендіреді, бұл жануарлардың құнарлы азығын жақсы сіңіруіне ықпал етеді. Астық жинағаннан кейін қалған құрғақ жүгері сабақтары мен жапырақтары өзінің жемдік құндылығы бойынша сапасы орташа пішенге жақындайды.
Дәннің сүт-балауыз және балауыз пісіп-жетілуі жағдайында жиналған өсімдіктер жақсы сүрлемді және бірінші сыныпты сүрлемді береді.Осы кезеңде астықты жинау құрғақ заттың ең көп өнімін алуға, сүрлемдегі қоректік заттардың жақсы арақатынасы мен оның жоғары сапасын алуға мүмкіндік береді.
Жүгері оңай сіңетін көмірсуларға бай әдемі жасыл азықты береді және жануарлар жақсы жейді. Сүрлемнің жемдік қасиеттері ақуызға бай бұршақты өсімдіктермен, әсіресе соямен бірге жүгері өсіргенде айтарлықтай артады. Жүгері өсіру маңызды шаруашылық-ұйымдастырушылық мәні бар. Жоғары агротехникада жүгері жыртылған дақыл ретінде арамшөптен жақсы тазаланған егістікті өзіне қалдырады. Жеткілікті ылғалданған аймақтарда астыққа жинау кезінде ол жаздық дақылдарға жақсы ізашар болып табылады, ал жасыл азыққа өсіру кезінде – керемет желкенді дақылдардың және күздік дақылдардың ең үздік ізашарының бірі болып табылады. Жүгері дәнді дақылдардың жақсы ізашары болып табылады, себебі ол зиянкестер мен аурулармен ортақ емес.
Өсімдіктер тіршілігінде минералдық тыңайтқыштар мен басқа да жекелеген факторлар әсерін өз алдына оқшау етіп бөліп қарастыруға болмайды, олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты әрекет ететіні белгілі. Өсімдік тұрақты осы бір әсерлердің бүкіл комплексінің ықпалында болады. Вегетациялық ыдыстарда және егіс даласында жүргізілген нақтылы эксперименттер, сондай-ақ егіншіліктің көп жылғы практикасы мынаны көрсетті: өсімдіктер тіршілігінің факторлары тек бірлесіп әрекет еткенде ғана барынша әсерлі болады. Осы бір қағиданы басшылыкқа ала отырып, ауылшаруашылық мамандары өсімдік тіршілігінің кез-келген факторларына тікелей ғана емес, онымен тығыз байланысты басқа факторлар арқылы да жанама түрде ықпал етіп, тіпті ауа райы қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алады. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы куаңшылық жағдайында шығымдылықты едәуір арттыруға болады
Ауыл шаруашылығының қарқынды дамуында қажетті сапасы жоғары азықпен қамтамасыз етуде жүгерінің орыны ерекеше.Жүгері дақылынан жоғары және тұрақты өнім алу үшін өсімдіктің өсу кезеңдерінде су мен қоректік элементтер жеткілікті мөлшерде болуын қамтамасыз етеді.
Жүгері өнімінің артуы мен сапасының жоғарылауы егістіктерде жүгеріге тыңайтқыштардың қолайлы жүйесін жасау арқылы зерттеуге жол ашылатыны белгілі болған.
Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктерін және аймақтын топырақ-климат жағдайларын ескере отырып, сүрлемдік жүгерінің өнімділігін арттыру үшін қолданылатын тыңайтқыштардың тиімді нормасын зерттеу арқылы анықтайды. Жүгері жан-жақты пайдаланылатын жоғары өнімді жемдік өсімдік ретінде ерекше құнды. Мал шаруашылығында мал азығына жүгері дәнін, сүрлемді, тұзды, жасыл массаны пайдаланады. Жүгері астығы жоғары калориялы жем болып табылады — 1 кг оның құрамында 1,34 азықтық бірлік бар, ал арпа астығында – 1,2. ол майларға, жеңіл көмірсуларға бай, құрамында кішкентай талшықтар бар. Сарғыш сорттардың дәндері азықтың сіңірілуін арттыратын каротинге бай. Жүгері астығын жануарлар жейді, ол құрама жемнің құнды компоненті болып табылады. Дегенмен, жүгері дәнінде басқа дәнді дақылдарға қарағанда белоктар, күлдік элементтер мен дәрумендер аз екенін ескеру керек.
Зерттеу әдісі мен бағдарламасы.Зерттеу жұмысы Сарыағаш ауданындағы далалық аймақтарды жүргізілді.
Тәжірибенің негізгі мақсаты-суармалы сұр топырақ жағдайында жүгерінің көк балауса өнімділігіне минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі мөлшерлері мен арақатынастарының әсерін зерттеу.
Кесте-1. Тәжірибе схемасы.
|
№ |
Тәжірибе варианттары |
Қолданылатын тыңайтқыштар, кг/га |
|||
|
Негізгі тыңайту |
Себу алдында |
Үстеп қоректендіру |
|||
|
1 |
2 |
||||
|
1 |
Бақылау |
- |
- |
- |
- |
|
2 |
N0P100 |
100 |
- |
- |
- |
|
3 |
N50P100 |
100 |
20 |
30 |
- |
|
4 |
N100P0 |
- |
20 |
80 |
- |
|
5 |
N100P50 |
50 |
20 |
40 |
40 |
|
6 |
N100P100 |
100 |
20 |
40 |
40 |
|
7 |
N100P150 |
150 |
20 |
40 |
40 |
Фосфор тыңайтқыштарының барлық нормасы негізгі тыңайту кезінде жерді жыртар алдында, азот тыңайтқыштары үш кезенде, тұқым себер алдында жерді культивациялау кезінде және үстеп қоректендіруде қолданылады.Бірінші үстеп қоректендіру жүгерінің 5-6 жапырақ, ал екінші 10-12 шамамен жапырақ кезінде жүргізіледі.
Тәжірибеде азот тыңайтқыштарынан аммоний селитрасы (34,5%N) ал фосфордан қос суперфосфат (47% P2O5) пайдаланылады.
Тәжірибе мөлдігінің ауданы 100м2 (35,6х2,8м), қайталанымы төртеу.
Зерттеу обьектісі ретінде жүгерінің Казахстанская 43ТВ сорты алынды.
Зерттеу нәтижелері.Зерттеу жүргізу кезінде қолданылған минералдық тыңайтқыштардың әртүрлі нормалары мен арақатынастары суармалы сұр топырақтың қоректік режимін жақсартып, жүгерінің көк балауса өнімділігін айтарлықтай жоғарылатындығы анықталды.Суармалы сұр топырақтың жыртылатын (0-30см) қабатында, бақылау вариантында нитраттардың мөлшері 18,0 мг/кг, жылжымалы фосфор 19,2 мг/кг және алмаспалы калийдің мөлшері 330 мг/кг құраса, ал тыңайтқыш қолданылған варинаттарда олардың мөлшері сәйкесінше 20,6-34,2 мг/кг, 20,0-35,2 және 345-385 мг/кг жоғарылады.
Жүгері дақылының бақылау вариантындағы өнімділігі 348 ц/га болса, ал тек фосфор және азот тыңайтқыштарының жеке Р100 және N100 нормаларын қолданған варианттарда жүгерінің көк балауса өнімділігі 410,0 және 443,8 ц/га жоғарылап, небәрі 62,0 және 95,8 ц/га қосымша өнімдер алынады.Бұл азот тыңайтқыштарының фосфор тыңайтқыштарына қарағанда, өнім қалыптастыруда әсерінің зор екендігін байқайды.Минералды тыңайтқыштарды қосарландырып бірге қолданған варианттарда жүгерінің көк балауса өнімділігі 475,2-580,4 ц/га дейін күрт артады.
Бұл бағытта минералды тыңайтқыштарды өсімдіктер үшін пайдалануда әртүрлі қоректік макролементтердің (азот, фосфор, калий, т.б.), сонымен қатар микроэлементтердің (марганец, бор, мыс, мырыш, молибден, йод, кобальт және басқалар) маңыздылығы аса зор. Аталған элементтердің бірі топыракта кездеспейтін болса, өсімдік дұрыс дамып, өспейді. Себебі бұлар өсімдіктердің сабақтарын, жапырактарын, гулдерін, жемiстерін, туйнектерін түзу үшін өте қажет және маңызды болып табылады. Минералды тынайтқыштар пайдалану – бұл егіншілік жүйесінде қолданылатын қарқынды әдістердін бірі. Жыртылган жерлерде тынайтқыштар қолданып, әртүрлі дақыл егістіктерін косымша шығынсыз арттыруға болады.
Азот пен фосфор тыңайтқыштарының N50 P100 нормасын қолданған вариантта көк балауса өнімділігі 475,2 ц/га, ал азот пен фосфор мөлшерін тең қолданған жағдайда N100 P100 оның өнімділігі 549,3 ц/га жоғарылайды.Бұл жағдай тағы да азот тыңайтқыштарының өнімділігін жоғарылатудағы қызметін арттырады.
Кесте-2.Тыңайтқыштардың түрлеріне байланысты жүгерінің көк балауса өнімінің өзгеруі.
|
№ |
Тәжірибе варианттары
|
Көк балауса өнімі, ц/га |
Қосымша өнім, ц/га |
|
1 |
Бақылау |
348,0 |
- |
|
2 |
N0P100 |
410,0 |
62,0 |
|
3 |
N50P100 |
475,2 |
127.2 |
|
4 |
N100P0 |
443,8 |
95,8 |
|
5 |
N100P50 |
495,4 |
147,4 |
|
6 |
N100P100 |
549,3 |
201,3 |
|
7 |
N100P150 |
580,4р |
232,4 |
Тәжірибеде, суармалы сұр топырақ жағдайында сүрлемдік жүгеріден үш деңгейде өнім алуға болатындығы анықталды.Жүгерінің көк балаусасының 450-500; 500-550 және 550-580 ц/га деңгейдегі өнімділіктері, минералды тыңайтқыштардын дифференциалды нормаларын қолданғанда нәтиже байқалды.Жүгерінің 450-500 және 500-550 ц/га аралығындағы көк балауса өнімділіктері минералдық тыңайтқыштардың N50 P100 және N100 P100 нормаларын,ал жоғары 550-580 ц/га өнімділік денгейі минералдық тыңайтқыштардың N50 P100 және N100 P100 нормаларын қолданған варианттар қамтамасыз етілді.
Қорытынды.
Сонымен, Саырағаш ауданының суармалы сұр топырақтары жағдайында сүрлемдік жүгерінің 450-580 ц/га аралығындағы көк балауса өнімділігі минералық тыңайтқыштардың дифференциалды нормаларын қолданғанда қамтамасыз етіліп, сапалы өнім алуға болатынын анықтады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген