Материалдар / Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары. Төмендегі оқу мақсаттарын қамтиды: 1. Шаруашылық жүргізу (білім беру мекемелері) нысанындағы азаматтық қорғауды ұйымдастыру құрылымы және оның міндеттерін білу. 2. Әскери емес азаматтық қорғау құрылымдары, олардың мақсаты жəне жабдықталуын есепке ала отырып, азаматтық қорғаудың алдында тұрған міндеттерді орындауды үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2024
127
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы

Бөлім:

Өмір қауіпсіздігі және ақпараттық технологиялар негіздері

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Шаруашылық жүргізу (білім беру мекемелері) нысанындағы азаматтық қорғауды ұйымдастыру құрылымы және оның міндеттерін білу.

2. Әскери емес азаматтық қорғау құрылымдары, олардың мақсаты жəне жабдықталуын есепке ала отырып, азаматтық қорғаудың алдында тұрған міндеттерді орындауды үйрену.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Шаруашылық жүргізу (білім беру) нысандарын азаматтық қорғаудың ұйымдық құрылымына не кіретінін, жеке құрылымдардың міндеттерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Шаруашылық жүргізу (білім беру) нысандарында азаматтық қорғау құрылымының ұйымдастырылуы, оның атқаратын міндеттерін талқылай алады

Кейбір оқушылар:

АҚ штабы құрылымдарының түрлі оқыс оқиғалардағы алгоритмдерін әзірлей алады

Құндылықтарға баулу

Шешім қабылдай білу және жауапкершілікті сезіну

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру.


Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



5'

Саптық жаттығулар.

Жаттығуларды орындап болғасын орындарына отырғызамын.

Қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады. Кабинетке кіріп, орындарына отырады.



Ортасы

5'

Білу

1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не?

2. ҚР бойынша азаматтық қорғанысты кім басқарады?

3. Мектегі АҚ басшысы кім?

Азаматтық қорғау мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі саналады. Оның негізгі міндеті түрлі төтенше жағдайларда және қарсылас жаппай қырып-жою қаруларын қолданғанда тұрғындарды және ел аумағын қорғау болып табылады. Осы міндетті орындау үшін ҚР азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі құрылған.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық және салалық кіші жүйелерден тұрады.

Жауап беру арқылы диалогқа түседі



Қалыптастырушы бағалау


АӘТД электронды оқулығы

5'


Түсіну

Шаруашылық жүргізу нысанының басшысы осы нысандағы азаматтық қорғаудың бастығы болады. Ол өз басшылығындағы нысанда азаматтық қорғауды ұйымдастыруға, жағдайына және тұрақты дайындығына толық жауапты.

Шаруашылық жүргізу нысандарында азаматтық қорғау іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету үшін штаб, құралымдар және азаматтық қорғау қызметі құрылады.

Талқылайды, түсінуге тырысады.




Қалыптастырушы бағалау

АӘТД электронды оқулығы

10'


Қолдану

Оқу мекемесінде азаматтық қорғау құрылымдарының ұйымдастырылуы.

АӘТД оқулығын пайдалана отырып, оқу мекемесінде азаматтық қорғау құрылымдарының ұйымдастырылуымен танысады.

Қалыптастырушы бағалау


АӘТД оқулығы

5'


Талдау

Оқу мекемесінде азаматтық қорғау құрылымдарының міндеттерін талқылау.

Азаматтық қорғау құрылымдарының міндеттерін талқылайды.

Қалыптастырушы бағалау



5'


Жинақтау

Мектеп ғимаратында өрт болған жағдайда АҚ штабы құрылымдарының алгоритмдерін әзірлеуге тапсырма беремін.

АҚ штабы құрылымдарының алгоритмдерін әзірлейді

Қалыптастырушы бағалау


Аяқталуы

2'


Кері байланыс

«Өзін-өзі бағалау» тәсілі. Мұғалім оқушыларға сабақтың соңында парақшаларға өздерінің сабақтағы қызығушылығына және сабақ мазмұнын игеру деңгейіне қарай ұпай қоюды ұсынады. Сабақ мазмұнын игерудегі өзін-өзі бағалау:

- 3 ұпай – мен бәрін өте жақсы түсіндім, маған қызықты болды;

- 2 ұпай – маған бәрі түсінікті, бірақ маған материал толықтай қызықты емес;

- 1 ұпай – мен ештеңе (бәрін бірдей) түсінбедім, бірақ маған бәрі де қызықты болды;

- 0 ұпай – мен ештеңе түсінген жоқпын және сабақта жылығып кеттім.

Үйге тапсырма беру

§1

Оқушылар сабақ мазмұнын игерудегі өзін-өзі бағалайды.



     



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!