жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сарымсақтың пайдасы. / зерттеу жұмысы/
«Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназия» КММ
Ермек Бекнұр 1-сынып
«Сарымсақтың пайдасы»
1-секция: биология
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты: Исабекова Анар Толеубековна
Нұр-Сұлтан қаласы
2020-2021 жыл
Зерттеудің мақсаты: Сарымсақтың емдік қасиеті және пайдасы туралы түсінік беру.
Зерттеу
жұмысының әдістемесі:
деректер
жинау, зерттеу жүргізу ,сұхбат алу.
Зерттеу
жұмысының нәтижесінде:
Іздену нәтижесінде сарымсақтың
денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі
ауруларға емдік қасиеті бар екенін
білдім.
Зерттеу жұмысының жоспары:
І. Кіріспе
А) Сарымсақ туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім.
А) Сарымсақтың пайдасы. Менің тәжірибем.
Ә) Сарымсақтың құрамы. Пайдалы кеңестер.
IIІ. Қорытынды
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер
І. Кіріспе
А) Сарымсақ туралы түсінік.
Мен Көктал 2 кентінде, Міржақып Дулатұлы атындағы № 68 мектеп гимназиясының 1 «Ә» сыныбында оқимын. Сарымсақтың емдік қасиеті және пайдасы туралы зерттеп көргім келіп , оны анықтауға тырыстым, деректер жинақтадым. Сарымсақтың шыққан жері, отаны - Оңтүстік - шығыс, Азия елі екенін кітаптан оқыдым. Бұл өсімдіктің біздің елде бірнеше түрлері бар. Сарымсақ- пияз тұқымдасына жатады. Бүгінде әлемді коронавирус ауруы шарлап жүр. Ол туралы теледидарда, интернетте айтылып жатыр. Соған байланысты, мен кезекші сыныпта оқып жүрмін. Сабағым өте жақсы. Мектепке бетперде киіп келемін. Бетперде – кез келген вирустан сақтап, оны жұқтырмаудың жолы.
Вирус дегеніміз – қоршаған ортада кездесетін өте ұсақ тіршілік. Ол ауруды қоздырады. Бір адамнан екінші адамға жұғады. Вирустан сақтану үшін сарымсақты қолдануға кеңес беремін. Бұрыннан адамдар суық тигенде қолданған екен. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек. Біздің үйде, бақшада сарымсақ өспейді. Сатып аламыз. Бірақ басқа көкөністерді анам отырғызады, жаз бойы күтіп суарып,баптайды. Әкем тамақ жегенде, нанмен қосып бірге жейді. Сарымсақ тәбетті ашады, бас ауруын басады және көптеген ауруларға ем - дейді әкем. Сарымсақты мен де жеп көрдім. Шамадан тыс көп жеуге болмайды. Өйткені сарымсақ ащы. Дәмі ащы, иісі өткір екенін жегенде білдім. Сарымсақтың дәмі мен иісі жағымсыз болғанымен, өте пайдалы. Пайдасы мол, құрамында дәрумендер көп екенін білемін.
ІІ. Негізгі бөлім. А) Сарымсақтың пайдасы. Менің тәжірибем.
Сарымсақтың ( чеснок) пайдасы және емдік қасиеті және пайдасы жайлы, әкемнен және анамнан көп естігенмін. Сарымсақтың құрамында көптеген дәрумендер, вирусқа қарсы тұра алатын қасиеттері бар екен.
Анам
– Заурен
Зерттеуді мынандай түрде жүргіздім:
1) Үйдегі суық тиіп ауырған, 5 сыныпта оқитын апамды, емдеу мақсатында кәдімгі сарымсақтың бірнеше түйірін аршып, ұсақтадым. Оған бал араластырдым. Дәмін келтіру үшін лимон қостым.
Қоспаны дайындау барысым
Қоспа дайын болған соң,тамақ ішер алдында 20 минут бұрын, апама қоспаны шай қасықпен беріп көрдім. Күніне 3 рет қабылдап,нәтижесін 3-4 күнннен соң белгілі болды. Апам бұл қоспаны қабылдағаннан кейін жөтелі басылды.
Дайын қоспаны апама беріп көрдім.
Жеуге жағымсыз болғанымен қақырық түсіруге және суық тигенде пайдасы бар екенін көрдім.
Сарымсақты жегеннен кейін ауызда жағымсыз иіс пайда болады. Бірақ денсаулық үшін жегеннің ешқандай зияны жоқ екенін білдім.
2) Күз мезгілінде, анам неше түрлі салаттар дайындаған еді. Мен анама көмектестім. Бұл суретте мен бес жаста едім. Сарымсақты қосып, қызанақтан аджика салатын дайындадық.
Сонымен қатар, сарымсақ қосып кешкі асқа қызылша салатын дайындаған едік. Анам алдымен қызылшаны жақсылап жуып, кастрюлге су құйып, отқа қойып, пісіріп алды. Қызылша піскеннен кейін, оны суытып қойды. Суыған соң, оны теркадан өткіздім. Майонез мен ұсақталған сарымсақты , қызылшаға қостым. Міне салатта дайын болды. Бұл салатты жасауға маған анам көмектесті.
Қызылша
салатын дайындадым
Ә) Сарымсақтың құрамы.
Сарымсақтың құрамында B және C тобына жататын дәрумендер, магний, фосфор, йод, кальций, хлор, темір, марганец, мыс, көмірсулар, А, В1, С, РР және тағы да басқа микроэлементтер бар химиялық зат.
Осы құрамдағы дәрумендер короновирустық инфекцияны жояды. Адам содан вируспен ауырмайды. Сарымсақты қолдана отырып біздің отбасында вируспен ауырған адам болмады. Болмайды деп сенемін. Сарымсақ ертеден суық тиіп ауырған адамдар қолданған. Алайда, ерте кезде сарымсақтың ауруға қарсы қалай күресетіндігі белгісіз болған. Сарымсақтың сырын Израильдік Давид Мирельман есімді дәрігер ашты. Сарымсақ адам ағзасындағы зиянды майларды ерітеді, қан қысымын төмендетеді. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді. Сарымсақ балаларды инфекциядан қорғайды. Қыста,күзде балалардың иммунитеті төмендейді, тұмау қаупі артады. Осы кезеңде сарымсақты табиғи антибиотик ретінде қолдануға болады. Қазір короновирус кезеңі,сарымсақты жиі қолдануға кеңес беремін. Бірақ сарымсақтың дәмі,иісі ащы, көп балалар ұнатпауы мүмкін, шектен тыс көп қолдануға болмайды. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик бар, 20 дан аса түрлі зиянды бактерияларды құртады. Сарымсақ, адам үшін пайдалы болғанымен, жануарлар үшін улы.
Пайдалы
кеңестер:
•
Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты
ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып,
осы
кезеңде күніне бірнеше рет сарымсақ
буымен дем алу қажет.
•
Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан
аршып алып, сонымен тістің қызыл етін
сүреді.
Осылай, мен өзім қолданып көрдім,сіздерге де кеңес беремін. Нәтижесінде суықтап қалғанда тамақтың қызарғаны басылады. Ал тіс ауырғанда, сарымсақ ауырғанды басады. Өз тәжірибемде осы екеуін ғана қолдандым. Жоғарыда айтып кеттім, сарымсақтың шипалық қасиеті мол. Қазіргі таңда оның құрамы ғылыми тұрғыдан анықталып, адам ағзасы үшін пайдасы толық зерттеліп біткен.
IIІ. Қорытынды
Қорыта
келгенде, өзі кішкентай болғанымен
сарымсақтың емдік қасиеті және пайдасы
мол. Нақты
қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі
күні толық ашылды. Өз
тәжірибемде ашып айтуға тырыстым.
Сарымсақ
халықтық медицинада көптеген ауруға
шипасы бар. Сарымсақты салқын тиюден
болған аурулардың барлық түріне, тыныс
жолдары ауруына, басқа да ауруларға
қолданған екен.
Ал
егер бала сарымсақты ұнатпаса, жеуге
болмайды. Мен балабақшаға барып жүргенде
анам,сарымсақты киндердің ыдысына
салып,әр жерден тесіп, мойныма іліп
беретін. Яғни сарымсақтың иісі тұмаудан
қорғайды.
Иммунитетті
нығайтады, организмді қоршаған ортаның
зиянды әсерінен қорғайды. Ағзадағы
бактерияларды өлтіреді.
Тамақ
жасау кезінде астың дәмін келтіру үшін
қолданатынын білдім. Қоспаны дайындау
арқылы, ол табиғи антибиотик болып
табылатынын түсіндім. Іздену
нәтижесінде сарымсақтың денсаулыққа
пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға емдік
қасиеті бар екенін білдім.
ІҮ. Қолданылған әдебиеттер
www.egemen.kz Егемен Қазақстан газетінен алынды. 01.06.2018 жыл
https://aqmolanews.kz/kk Пайдалы кеңес: Аурудан сақтану мен емделу жолдары
https://kz.otyrar.kz/ Сарымсақтың 10 пайдасы және бірнеше зияны

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген