400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Шарықта шабыт шалқары" тақырыбындағы сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс ата-аналармен бірге өткізуге болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шарықта, шалқы шабыттың тұлпары 3.12.2019 жыл

БЕКІТЕМІН» Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға

арналған №4 облыстық мектеп-интернатының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: _______ С.Жүсіпова

«______» ___________ 2019ж


«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Қазақ әндері» жобасы аясында

8 «А»-сынып оқушылар арасында өткізілетін Шарықта, шалқы шабыттың тұлпары» атты нтеллектуалды сайыс сабағының

БАҒДАРЛАМАСЫ


ӨТКІЗІЛЕТІН ЖЕРІ: Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған

№4 облыстық мектеп-интернаты

ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: 3.12.2019 ж.

ҚАТЫСАТЫН: 8 «а» сынып оқушылары

ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:


І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ

  • Оқушылармен амандасу;

  • Сабақтың тақырыбын,мақсатын таныстыру;

  • Оқушыларға постер таратылады. Оқушылар өздерінің көңіл - күйлері туралы жазады.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Сайыстың кезеңдері:

І кезең: Қазақтың ақын жазушылары жөнінде сұрақ - жауап сайысы.

Шарты: қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тек 1 минут уақыт беріледі. Сұрақ ІІІ топқа да қойылады. Жауап беру үшін арнайы сары жұлдызшаны көтерген алғашқы топ жауап бере алады

ІІ кезең: «Қоршаған дүниені танып біл»

Шарты: Бұл бөлімде табиғатқа байланысты сұрақтар қойылады Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Бір сұрақ берілген жәндікке сипаттама берілуі тиіс және екінші сұрақта жануарлардың дыбысын салуы тиіс.

ІІІ кезең: «Жарнама» кезеңі

ІҮ кезең: Сөзтапқыш» (берілген сөзге бірнеше жаңа сөздер жасау )

Ү кезең: «Мені естіп тұрсың ба?» деп аталады.

Шарты: Топ басшы мен топ құрамасынан бір қатысушы қатысады. Топ басшыға топтың бір қатысушысы мимикамен көрсетеді. Топ басшысы берілген сөзді табуы тиіс.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

  1. Тәрбиеші сөзі













AutoShape 835

«ШАРЫҚТА, ШАЛҚЫ ШАБЫТТЫҢ ТҰЛПАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС САБАғы

AutoShape 837

Тәрбие сағатының мақсаты: Жеке тұлғаның білімін, өнерін, жан - жақты даму ерекшелігін көрсету. Ақыл ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Өмір талабына сай дамыған, ізденушілік қабілеті зор тұлға тәрбиелеу. Қазақ әндерінің тарихына шолу.
Тәрбие сағатының әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру, іздену, зерттеу, эвристикалық технологияны қолдану.

Тәрбие сағатының түрі: интеллектуалды сайыс
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызбалар, кесте.
Тәрбие сағатының жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру.

Т әрбиеші сөзі: Қош келдіңіздер, қымбатты сайыскерлер мен көрермендер! «Өнерлі өрге жүзер» демекші бүгін 8 «А»-сынып оқушыларының өнерін тамашалайсыздар. Өмірде әр адамның биікке шығар жолы, жұлдызды сәті болады. Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы атанған оқушы өзінің жұлдызды сәтінде өз ойын, арманын ортаға салады. Олай болса ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз. (сыныптан ІІІ топ шығады. Құрамында 4 оқушыдан құрылады). Сайысқа қатысушыларға әділ қазылық жасайтын әділ қазы алқасы таныстырылады.

  1. І топ: Тәуелсіздік

  2. ІІ топ: Көшбасшылар

  3. ІІІ топ: Дарындылар


Тәрбиеші сөзі: Енді сайысымыздың жүргізілу шартын біліп алайық. Интерактивті тақтадан нөмерленген суреттер көрсетіледі. Қойылған сұрақтың жауабын алдарыңыздағы кеспе арқылы көрсетесіздер.

Сұраққа топ құрамасындағы оқушы жауап бере алса, ол жұлдызша алып, алға жылжиды.
Сайысымыз бес бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзіндік ерекшелігі бар.
І кезең: Қазақтың ақын жазушылары жөнінде сұрақ - жауап сайысы.

Шарты: қойылған сұрақтарға жауап беру үшін тек 1 минут уақыт беріледі. Сұрақ ІІІ топқа да қойылады. Жауап беру үшін арнайы сары жұлдызшаны көтерген алғашқы топ жауап бере алады










Сұрақтар:
1. Балалар бұл жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп байқап қаралық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалалық па? – деп ізденуге, үйренуге оқуға шақырған өлең жолдарының авторы

Жауабы: (А. Байтұрсынов)
2. Қазақ жерінің суы, жайлауы туралы, оның тіршіліктің түйіні екені жөнінде «Туған ел» өлеңінің авторы

Жауабы: (С. Сейфуллин)
3. «Қалыпсың ұйықтап қарағым
Қалды - ау сенің сабағың
Жуын жүгір мектепке» - деген өлең жолдарының авторы кім?

Жауабы: (І. Жансүгіров)
4. Орыс жазушысы И. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа» өлеңін аударған, аудармашы ақын?

Жауабы: (А. Құнанбаев)
5. Жасынан оқу оқып, өнер қуған
Жан жетпес көңілі жүйрік кемеңгерге – деп жастарға үміт артқан аса көрнекті ақын кім? Жауабы: (М. Жұмабаев)
ІІ кезең: «Қоршаған дүниені танып біл».


Шарты: Бұл бөлімде табиғатқа байланысты сұрақтар қойылады Әр топқа екі сұрақтан беріледі. Бір сұрақ берілген жәндікке сипаттама берілуі тиіс және екінші сұрақтар жануарлардың дыбысын салуы тиіс.

І топ: Тәуелсіздік тобына:
1. Қаз суда жүзетін құс. Оның мойны ұзын, аяғы қысқа. Олар маңғазданып аяғын теңселе басады. Шөп, жапырақ, жемістермен қоректенеді. Оны сонау ерте кезден қолға үйреткен. Бұрынғы кезде олардың дағдыларына қарап ауа райын болжаған. Барлық шежірелер осы құстың қауырсынынан жасалған қаламмен жазылған. Мұндай қауырсын қаламмен кімдер жазған?

Жауабы: (Абай, Шоқан).
2. Үкі (дыбысын салу)

ІІ топ: Көшбасшылар тобына:
3. Қарға – қауырсын жүні тығыз және жып - жылтыр кішірек құс. Олар топ - тобымен жүреді. Қанша жыл өмір сүреді? (70 - 75 жыл).
4. Аққу (дыбысын салады)

ІІІ топ: Дарындылар тобына:
5. Бұл құс әр түрлі жерде тіршілік етеді. Қанаттары ұзын, айыр, жіңішке болып келеді. (Қарлығаш).
6. Бұлбұл (дыбысын салу)
ІІІ кезең: «Жарнама» кезеңі

Шарты: әр топқа екі-екіден қазақтың ұлттық аспаптарының суреті көрсетіледі. Сол аспаптың ерекшелігін ағылшын тілінде жарнамалау арқылы, көрермендерге сауда жүргізу керек. Қай топ көбірек жақсы сауда жасаса, сол топ жеңімпаз атанады.

І топ: Домбыра

Шертер

ІІ топ: Қылқобыз


ІІІ топ: Аса таяқ

Сыбызғы


ІҮ кезең

Сөзтапқыш» (берілген сөзге бірнеше жаңа сөздер жасау )

І топ: Домбыра

ІІ топ: Құрманғазы

ІІІ топ: Музыка
Ү кезең: «Мені естіп тұрсың ба?» деп аталады.

Шарты: Топ басшы мен топ құрамасынан бір қатысушы қатысады. Топ басшыға топтың бір қатысушысы мимикамен көрсетеді. Топ басшысы берілген сөзді табуы тиіс.

І топ: Тәуелсіздік тобына берілген сөздер: кесе, күйші, домбыра, тіл,кітап, стол, мұғалім, сабын, гүл, шайнек

ІІ топ: Көшбасышылар тобына берілген сөздер:

қағаз, балапан, дауыс, қобыз, теледидар, айна, ине, су, дәптер

ІІІ топ: Дарын тобына берілген сөздер:

сурет, ат, көзілдірік, сыйлық, кілем, жастық, бас, жіп, баян, бұлбұл
Қорытынды

Тәрбиеші сөзі: Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

«Шарықта, шалқы шабыттың тұлпары» сайысы аяқталды.

Кезекті әділ – қазылар алқасына береміз.

Барлық сайыстан сүрінбей өткен жеңімпаз топқа сыйлық тапсырылады, өзінің жұлдызды сәтінде өз ойын, арманын айтуға мүмкіндік алады.












«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының «Қазақ әндері» жобасы аясында

2019 жылдың 3 желтоқсан күні 8 «а» -сыныбында өткізілген «Шарықта, шалқы шабыттың тұлпары» атты интеллектуалды сайыс хаттамасы


Қатысуға тиісті: 23 оқушы

Қатысқаны: 23 оқушы



Күн тәртібінде:

  1. «Шарықта, шалқы шабыттың тұлпары» тақырыбындағы тәрбие сағатының әдістемелік қаралуы

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сынып кураторы Бекжанова Сәуле сөз алып, оқушыларды «Шарықта, шалқы шабыттың тұлпары» тақырыбындағы сабақтың мақсаты, сабақ барысымен таныстырып өтті. Мақсаты: жеке тұлғаның білімін, өнерін, жан - жақты даму ерекшелігін көрсету. Ақыл ой, адамгершілік тәрбиесіне баулу. Өмір талабына сай дамыған, ізденушілік қабілеті зор тұлға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатын да қолданылған әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру, іздену, зерттеу, эвристикалық технологияны қолдану. Тәрбие сағаты интелектуаллды сайыс түрінде болды.

І кезең: Қазақтың ақын жазушылары жөнінде сұрақ - жауап сайысы болды. Қойылған сұрақтарға жауп беру үшін тек 1 минут уақыт берілді. Сұрақ ІІІ топқа да қойылды. Жауап беру үшін арнайы сары жұлдызшаны көтерген алғашқы топ жауап берді. Белсенділік танытқан оқушылар: Нақыпбек Н, Әділүлы Д, Батуан К, Әбдіқалық Ә ІІ кезең: «Қоршаған дүниені танып біл». Бұл бөлімде табиғатқа байланысты сұрақтар қойылды. Әр топқа екі сұрақтан берілді. Бір сұрақ берілген жәндікке сипаттама берілуі тиіс болды және екінші сұрақта жануарлардың дыбысын салды.

ІІІ кезең: «Жарнама» кезеңідеп аталды. Әр топқа екі-екіден қазақтың ұлттық аспаптарының суреті көрсетілді. Сол аспаптың ерекшелігін ағылшын тілінде жарнамалау арқылы, көрермендерге сауда жүргізіп, көбірек жақсы сауда жасауға тырысты. Амангелді Мадияр орыс тілінде аса таяқ аспабын жақсы түсіндіріп, аспаптың оңай, әрі жеңіл орындалатынын айтып, осы аспапты алуға көрермендерді үгіттеді. Ғани Жанерке жетіген аспабының тарихын, қандай материалдан жасалғанын орыс тілінде жақсы түсіндіре алды.

ІҮ кезең Сөзтапқыш» (берілген сөзге бірнеше жаңа сөздер жасау ) Бұл сайыста «Көшбасшылар» үздік сөздер тапты.

Ү кезең: «Мені естіп тұрсың ба?» деп аталады. Шарты: Топ басшы мен топ құрамасынан бір қатысушы қатысты. Топ басшыға топтың бір қатысушысы мимикамен көрсетті. Топ басшысы берілген сөзді тапты. Жоғарғы дәрежені көрсеткен «Тәуелсіздік » тобы болды.

Барлық сайыстан сүрінбей өткен жеңімпаз топқа сыйлық тапсырылды, өзінің жұлдызды сәтінде өз ойын, арманын айтуға мүмкіндік алды. «Тәуелсіздік» тобы І орын, «Дарындылар» тобы ІІ орын ал, «Көшбасшылар» тобы ІІІ орынмен марапатталды.


Хатшы: Мәди Қарақат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі