жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сарысудың құпиясы"
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебі
Ғылыми жоба тақырыбы: «Сарысу құпиясы»
Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану
Секциясы: Биология
Орындаған: Сейлхан Ұлжан Аманкелдіқызы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы
Қарабұтақ орта мектебі
3-сынып оқушысы
Жетекшісі: Ижанова Нургуль Алпысбаевна
Қарабұтақ орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
2017 жыл
Қарабұтақ орта мектебінің
3-сынып оқушысы
Сейлхан Ұлжанның
«Сарысу құпиясы» атты
зерттеу жұмысына
Пікір
3-сынып оқушысы Сейлхан Ұлжанның «Сарысу құпиясы» тақырыбына жазған ғылыми жобасы өзіндік ізденіске толы, зерттеу объектісі қол жетімді, оқушы барынша ізденген.
Мазмұны
1.Аңдатпа (аннотация)
2.Кіріспе бөлім
Cүт- бағалы өнім.
3. Негізгі бөлім
4. Қорытынды бөлім
5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе бөлім
Сүт және қышқыл сүт
өнімдерінің түрлері. Сүт – адамзаттың ежелден келе
жатқан тағамы. Біздің ата – бабаларымыз малдың қадірін білген.
Халқымыз мал өсіруді, мал өнімдерін пайдалануды шебер
меңгерген.
Төрт түлік малдан әр түрлі сүт өндіріледі. Түйеден – шұбат, биеден
– қымыз, сиырдан – сүт, қойдан – қоймалтың, ешкіден – сүт. Тарихи
деректерге қарағанда адам әуелі етпен, содан кейін сүтпен
қоректенгенді үйренген секілді. Келе – келе біздің ата –
бабаларымыз сүтті рәсуа етпей сақтау жағын да ойластырған, сондай –
ақ құрамында майлы, ақуызы, дәрумендері жеткілікті сүт саууға
тырысқан . Осы жағдайға байланысты сүт тағамдары дүниеге келсе
керек.
Сүт – ең жұғымды тағамдардың бірі, өте бағалы өнім. Олай дейтініміз, адам ағзасына сүттің құрамдас бөлігінің 95-98 % сіңеді. Сүттің тағы бір қасиеті - түрлі азық-түлікпен керемет үндесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын көтереді. Неге дейсіз ғой? Өйткені сүт организмге түсетін қоректік заттардың көлемін арттырып қана қоймайды, сонымен бірге май, белок, углевод, минералды тұздар, тағы басқалармен бірлесе, үндесе отырып, әлгі қоректік заттардың организмге сіңімділігін жақсартады.Сүттің құрамында: сүт су, сүт қышқылы, белок, сүт қанты, минералды тұздар және майдан тұрады. Сүт құрамында он екі түрлі A, B, C, D дәрумендер, екі жүзден аса органикалық минералды қосылыстар бар. Сүттегі витаминдер адам мен малдың бір қалыпты өсіп жетілуін қамтамасыз етеді. Сүт және қышқыл сүт өнімдеріне мыналар жатады: сүт, қымыз, шұбат, құрт, айран және қаймақ. Сүт және қышқыл сүт өнімдері Қазақстанда жасына, тұрғылықты орнына және материалдық әл-ауқаттылығына қарамастан халықтың барлық санатына танымал. Қышқыл сүт өнімдерін жиі тұтыну денсаулықты нығайтып, өмірді ұзартады. Қышқыл сүт өнімдері дәл сүт сияқты жүрек‑қан тамырларының, сүйек және жүйке жүйесінің жұмысына қажетті ағзаның толыққанды ақуыз бен кальцийге деген сұранысын қамтамасыз етеді. Қышқыл сүт өнімдерінің басты артықшылығы олардың құрамындағы бифидобактериялардың ағзаны улайтын ауру тудыратын және әлсіз микроағзаларды өлтіретіндігінде. Адам үшін қажетті сүттің қасиеттерін барынша пайдалану үшін сүт өнімдерін өңдеуде жоғары сапаны қамтамасыз ету қажет.
Сарысу – сүтті өңдеу арқылы сүзбе мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның адам ағзасына пайдасы өте зор. Адамзат баласы сарысуды сол күйінде де, өнеркәсіп орындарында өңдеп шығаратын өнімдері күйінде де қолданады. Сондықтан құрамы мен қасиетін, санитарлық сапасын жақсартуға бүгінгі таңдағы халықтың талап-тілегіне сай келетіндей етіп көңіл аудару сүт өңдейтін орындардың төл міндеті. Тағы бір қасиеті – түрлі азық-түлікпен керемет үйлесіп, адам тағамының биологиялық құндылығын арттырып, ағзазадағы иммунитетті көтереді. Сарысу табиғи таза өнім. Тағамдық, емдік, ауыл шаруашылығында қолданысқа жарамдылығы мен құнды. Әр адам осындай шикі заты мол, жасалуы қарапайым, өзіндік құны төмен болғаны мен емдік ролі жоғары, сарысуды бағалап қажеттілігімізге жаратпасақ, табиғаттың адам баласы үшін тартқан сиын бағаламағаны болар еді. Алайда сарысудың бұл қасиеттерін халық барлығы да біле бермейді.
Сондықтанда осы тақырыпта көбірек іздеп, насихаттап, газет журналдарға жазу керек деп санаймын. Қолда бар табиғи таза өнімдеріміздің қасиетін біліп бағалай алсақ, денсаулығымызды сақтай алған болар едік.
Сарысуды тек қана тағамдық мақсатта емес, косметикалық мақсатта да қолданады.
Жобаның негізгі мақсаты: «Ізденген- жетер мұратқа» деген ата-бабаларымыздың дана сөзі бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, тереңіне бойлау- адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Сүттен жасалатын тағамдар көп , сары май, қаймақ сүтті ашытып – сусын, яғни қымыз, шұбат, қатық, айран, сүзбе,қайнатып – құрт, ірімшік, тағы басқа ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағамдар дайындаған. Бұл баға жетпес тағамдар талай ғасырлардан бері өз мәнін жойған жоқ. Алайда сүтті өңдеу арқылы сүзбе, құрт,айран мен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім- сарысуды қалай пайдаланып жүр? Сүт өнімдерінен бөлінетін қалдық сұйықтықтың ыдысты ағартқыш қасиетін көріп, бұл қалдық өнімнің тағы қандай пайдасы, емдік қасиеті және де тағы басқа ерекше құпияға толы сырларын білгім келді. Өзімізге әрі тиімді, әрі қол жетімді, сүт өнімінің қалдық деп санаған сарысудың пайдасы зор екендігі туралы зерттедім.
Ғылыми жобаның өзектілігі қазіргі нарық заманында аталмыш қол жетімді өнімді тиімді қолдану.
Жобаның міндеттері:
-Сарысудың құрамы мен
-Сарысуды жасау технологиясы
-Сарысудың күнделікті өмірде, тұрмыста қажет екенін ұғындыру.
-Сарысу- қол жетімді өнім екендігін білу.
-Сарысудың емдік қасиеті анықтап, табиғи ем ретінде қолдануға бейімдеу.
Зерттелетін зат: Сарысудың тұрмысқа және денсаулыққа қажетті құндылығын зерттеу.
Сүт сарысуы оның құрамы мен ерекшеліктері.
Сүт сарысуын өндірудің теориялық шығуы, өңделінетін шикізат мөлшерімен салыстырғанда 90% құрайды. Қазіргі кезде шығымын есептеп келгенде ірімшік сарысуының шығуы табиғи ірімшікте - 80%, сүзбе мен майлылығы төмен ірімшікте - 65%. Ірімшік сарысуын табиғи түрінде пайдаланудың негізгі бағыты мынандай: өңдеу концентрат ретінде қолдану, бағалы компоненттерін пайдалану, биологиялық өңдеу. Табиғи ірімшік сарысуын нан өнімдерін пісіруге қолданады. Нан толық ақуызбен қамтамасыз етіліп, оның биологиялық және дәмділік сапасы артады. Сарысу қосу арқылы ашытылған қамырдың да сапасы артып, нанның сақталу мерзімі ұзарады. Нанды көгеріп кетуден сақтайды. Сонымен қатар, сарысуды кондитер өнімдерін жасауда пайдаланады (вафли, печенье, пряник). Ірімшік сарысуын өңделмеген түрінде ауыл шаруашылығында, шошқа және ірі қара малдарға жем ретінде қолданады. Сарысуды жемге қосқанда жемнің биологияық бағалылығы артып, жануарларда ас жақсы қорытылады. Ірімшіктен алынатын сарысуды өнеркәсіпте сүт орнына жас бұзауларға, төлдерге майсыз сүт ретінде береді. Сарысуды сусын орнына пайдалану жөнінде бірнеше технологиялар ашылған, бірақ оларды пайдалану шектеулі.
Сарысудың химиялық құрамы . Сарысудың құрамындағы ақуыздар, сүт майы және лактоза өнеркәсіптік масштабта қолданылады. Сүтті май сарысудың құрамында 0,5% болады, оны сепаратордан өткізіп ірімшіктің кілегейін жасайды. Ірімшіктен алынатын кілегейдің басқа кілегейлерден айырмашылығы болмайды, тек 3-4% майсыздау болады, казеин болмайды. Бұл кілегейді ірімшіктің құрамын қалпына келтіру үшін қолданады. Сарысудан ақуызды бөліп алудың жаңа тәсілі мембранамен ажырату әдісі. Лактоза – барлық көмірсулар секілді организмдегі энергияның көтеріліп, биохимиялық процестердің дұрыс жүруіне көмек береді. Организмге түскен лактоза толық сіңіп кетеді. Оның тәттілігі сахарозадан 6 есе кем. Лактозаны қолдану ағзадағы холестериннің алмасуына жәрдем береді. Сары судың құрғақ затында басты компоненттері былай орналасады (%): лактоза – 70%; ақуызды заттар – 14,5%; май – 7,5%; минералды тұздар – 8%. Сүт сары суындағы көміртектің негізі лактоза болып саналады (сүтті қант). Бұл – дисахарид, екі қалдықтан тұратын (d-глюкоза және d-галактоза) және спецификалық өнім болып табылады. Лактозадан басқа сүт сары суында аз мөлшерде бос күйде глюкоза, галактоза, арабиноза, лактулоза және полисахарид амилоид болады. Сары суда болатын азотты заттар ақуызды және ақуызды емес органикалық қосылыстар түрінде кездеседі. Сүт сары суындағы ақуызды 90 % альбумин және глубулиннен тұрады. Казеин – сүттің негізгі ақуызы, ол α- , β-, γ- фракцияларынан құралады, - олар сүт өніміне толығымен өтпейді, бұл уақытта γ-фракциясы казеиннің жалпы мөлшерінің 3 – 5 % құрайды, ол толығымен сүт сары суына өтеді. Сарысудың ақуызындағы аминқышқылдары құрамы алмастырылмайтын аминқышқылдардан тұрады. Сүт сарысуында біраз мөлшерде органикалық қышқылдар бар (сүт, сірке, пропионды, құмырсқа, лимон қышқылы және т.б.). Лимон қышқылынан басқа органикалық қышқылдар сүтте және сүт сарысуында өсетін микроорганизмдер үшін жақсы қорек болады. Сүт сарысуындағы органикалық (0,1-0,4%) және бейорганикалық заттар (0,6-0,7%) қышқылдар калий, натрий, магний, кальций және т.б. кездеседі. Сонымен қатар (% ) : К2О – 30,3; Na2O – 3.2; CaO – 20.1; MgO – 2.4; P2O5 – 22.4; Cl – 14.0; SO3 – 2.6. Сүт сарысуында барлығы 30 дан астам түрлі макро және микроэлементтер бар, микроорганизмдерді өсіру үшін қоректік орта ретінде басқа субстраттарға қарағанда құрамында көбірек.
Сарысудың 100г –да кездесетін тағамдық зат. (калориялығы, ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер және минералды заттар ). Дәрумендер Витамин PР 0,1 мг Витамин B1 (тиамин) 0,03 мг Витамин B2 (рибофлавин) 0,1 мг Витамин B5 (пантотеновая) 0,3 мг Витамин B6 (пиридоксин) 0,1 мг Витамин B9 (фолиевая) 1 мкг Витамин B12 (кобаламины) 0,3 мкг Витамин C 0,5 мг Витамин E (ТЭ) 0,03 мг Витамин H (биотин) 2 мкг Витамин PP (Неоценовой эквивалент) 0,2328 мг Холин 14 мг Тағамдық құндылығы Калориясы -18,1 кКал Ақуыз мөлшері - 0,8 гр Май - 0,3 гр Көмірсулар - 3,5 гр
Сүт сарысуы халық медицинасында Сарысумен емдеу жолының қысқаша тарихы Сарысумен емдеу жолы грек елінде өте ерте заманда-ақ белгілі болған. Гиппократ тері, туберкулез , сары ауруларына қолдануды ұсынған. Бұл емдеу жолы әсіресе ХҮІІІ ғасырда жан-жақты кең дамыды. Дәргерлер оның құрамы мен емдік қасиеттеріне аса назар аударып зерттей бастады. Европа елдерінде сарысумен емдеуге арналған арнайы қала шеттеріне демалыс орындары ұйымдастырылды. ХІХ ғасырда Ресейде де бұл тәсілді қолданғаны туралы оқулықтарда жазылған. Кейінірек белсенді тыныштандырғыштық, иммунетті жоғарлаттың, несепқуғыш зат ретінде және әр түрлі тері ауруларына, несеп жолында тастардың пайда болуынан емдейтін, іш өту және дизентерий ауруларына емдік қасиеттерін анықтаған. Қазіргі заманғы ғалымдарының зерттеу жұмыстарының нәтижесінде басқада жаңа қасиеттері анықталды. Стресс және жүйке жүйесі бұзылған кезде психологиялық тұрғыдан көмектесіп, көңіл-күйін реттейді. Сонымен қатар көптеген жүрек қан тамырлары ауруларына, әр түрлі улану кездерінде ем екенін анықтады. Соғыс кезінде ауыр операциядан кейінгі аурулардың иммунитетін арттыру үшін тиімді әрі арзан тағам ретінде госпиталдарда қолданды.
Сүт сарысуы – біздің денсаулығымызбен сұлулығымыз үшін табиғатты берген ғажайып сыйы. Сүттің сарсуының барлық бөлімінің - 93,7%. судан құралады. Ал қалған - 6,3% сүтте кездесетін барлық дәрумендердің жиынтығы. Сүттің сарысуының құрғақ затының негізгі бөлігі - лактоза, сүт қанты. Лактоза - "үйлесімді" көмірсу, майдың бөлінуін төмендетеді. Сонымен қатар лактоза асқазан-ішек жолының қызметін реттейді. Сарысу ақуыздары – құрамы тұрақты, алмастырылмайтын аминқышқылына бай, толыққанды ақуыз. Калориясы төмен артық заттан арылтылған сүттің өнімдерінің бірі. Оның калориялығы сүттен үш есеге кем. Сарысу ақуыздары қан айналамымен бауырдағы ақуыз синтезіне қатысады. Сүт сарысуының құрамында дәрумендердің толық топтамасы еріген күйде кездеседі. В және С, Е дәрумендері , холин мен биотин қосылыстары кездеседі. В -- дәруменінің болуынан жүйке жүйесін тыныштандырушы сусын ретінде пайдаланылады. Ол адам көңіл күйіне жағымды әсер етеді. Көптеген ерітінді күйіндегі дәрумендерге бай. Тіпті казіргі көкеністер мен жеміс жидектердің құрамында кездеспейтін кейбір құндылығы жоғары дәрумендерді сарысудың құрамынан кездестіруге болады. Сарысу калий, кальций, магний, фосфор және де көптеген дәрумендерге бай, және өсу гормонына әсер етіп, жаңа жасушаның түзілуін қамтамасыз ететін ұсақ молекулалы ақуыздардың бар екені анықталды. Сарысу - бұл өте айырықша өнім. Өзінің қарапайымдылығына қарамай ол адам ағзасына пайдалы көптеген қасиеттерге ие.
Несеп жолында тас пайда болған ауыруларға күніне 1 стаканнан ішу керек Бронхите сүтсарысуы қақырық түсіруге көмектеседі. 100 мл-ден күніне 3-4 ішу немесе 1ас қасық пыреяның тамырының ұнтағын 2 стақан сарысумен қосып күніне ½ стаканнан 3-4 рет тамақтан бұрын ішу керек; Бас ауырған кезде күніне 1стақан ішуді. Көк тамырдың жарылуы (верикозе вен ) кезінде 1 ч. қасық жалбыз жапырағын 100 мл қайнатпаға қосып, 20 минуттай қойып, тұрамыз. Дәл сондай көлемде сарысуменараластырып, күніне 3-4 рет ас ішерден 30 минут бұрын ішу керек. Ішек жолдарын тазалауда 1 стакан сарысуға 2 ч.қ тұз қосып араластырып, таңертең аш қарында ішу керек. Гоморрое кезінде ашқарында 200-400 мл сарысуды ауырудың асқыну деңгейіне қарай ішу керек. Дене терісі жарылса (құрғаса) күніне 30-40 минуттық, жеңіл жылытылған ванна жасау. Бүйрек жұмысын жақсартып, бауырдағы ақуыз синтезіне қатысады; Созылмалы асқазан ауыруына ем. Ішек жұмысын реттеп диеталық тағам ретінде колданылады. Ағзадағы артық суды қалдық және таксондық зат ретінде сыртқа шығарады. Ревматизм, гипертонии кезінде көмектесіпқан қанайналымды жақсартып атеросклерозаның ұлғайуына жол бермейді. Ісік үрдістерін қысқартады (теріде,ішекте, асқазанның ойық жарасы гастрит) Жүктілік кезінде өте пайдалы. Имунитетті нығайту үшін таңертең күн сайын бір кесе сарысу ішу керек. Ол жеңіл іш қуатын (өткізетін) әсер етеді. Тағамнан улану. Екіншілік гипертония. Пиелонефрит, созылмалы гломерулонефрит. Мидағы қан айналымының бұзылуы. Қант диабеті.
ҚОРЫТЫНДЫ: Қорыта келгенде, сүт сарысуының теориялық шығуы, өңделінетін шикізат мөлшерімен салыстырғанда 90% құрайды. Қазіргі кезде шығымын есептеп келгенде ірімшік сарысуының шығуы табиғи ірімшікте 80%, сүзбе мен майлылығы төмен ірімшікте -65%. Сүт сарысуы – басқа ешқандай азық-түлік тең келмейтін аса бағалы әрі қол жетімді арзан, тағамдық өнім. Олай болатын реті де бар. Өйткені оның құрамында организмге қажетті, сүтте кездесетін дәрумендердің барлығы бар. Сондай-ақ амин қышқылдарының, макро және микроэлементтерінің, таптырмайтын көзі.
Сүт сарысуының құрамы. Сүт сарысуы шамамен 93,/%-ы судан тұрады, ал қалған 6,3%-да организмге қажетті барлық заттар толығымен кездеседі.
Сарысудың құрғақ заты негізінен лактозадан немесе сүт қантынан тұрады. Лактоза – артық майдың жиналуына жол бермейді, сондықтан «оңтайлы» көмірсу болып табылады. Ол асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге қатысады.
Сарысу ақуыздары – толыққанды ақуыз, алмастырылмайтын аминқышқылдары үйлесімді түрде кездесетіндіктен, биологиялық құндылығы өте жоғары болып саналады. Олар қантүзілу үрдісіне және бауырдағы ақуыз синтезіне қатысады.
Сүт сарысуының құрамында никотин қышқылы, холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.
Сарысудың қасиеті мен пайдасы. Сарысу – өте тамаша өнім, өзінің қарапайымдылығына қарамастан, көптеген қасиеттерге ие. Сүт сарысуы ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, газ түзілу және шіру үрдістерін баяулатады, сол себепті оны асқорыту жолдарының ауруларында емдік мақсатта пайдаланады. Сүт сарысуы суда еритін дәрумендердің қайнар көзі, жемістер мен көкөністер жоқ мезгілде дәрумен жетіспеушіліктің кейбір түрлерінен арылуда пайдасы зор. Сонымен қатар құрамында В тобы дәрумендері болғандықтан, тыныштандырады, ал ауыр жұмыс күнінен кейін ішсе жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Қарттар үшін де тағаммен емдеуде аса пайдалы. Егер тамақ алдында ішсеңіз, асқазандағы тұз қышқылын төмендетуге септігін тигізеді.
Сиыр сүтіне қарағанда, сарысу ақуызы ана сүтінің құрамына жақын келеді, сондықтан балалар тағамын дайындауда қолданылады. Сондай-ақ, артық салмағы бар адамдарға және қартаю үрдісін баяулататын антиоксидант ретінде күнделікті колдануға ұсыныс береміз.
Сіздерге төмендегідей пайдалы кеңестерді ұсынамыз:
1. Иммунитетіңізді нығайтып, әртүрлі ауруларға төтеп бергіңіз келсе, күнделікті таңертең бір кесе сарысу ішіп тұрғаныңыз абзал. Ол аздап іш жүргізеді, сондықтан маңызды шаруаларыңыз жоқ күндері қолданыңыз.
2. Теріңізді нәрлендіріп, балғындығын сақтап, ағартқыңыз келсе, бетіңізді үнемі лимон шырыны араласқан сарысумен сүртуге болады. Бұл тек майлы немесе қалыпты теріге арналған.
3. Шашыңыз мықты, әрі жылтыр болуы үшін сарысумен жуыңыз.
4. Бетіңіздегі сепкілден арылғыңыз келсе, 3 ас қасық ірімшік пен сүт сарысуын араластырып маска жасаңыз. Оны тазартылған бетке жұқалап жағып, 10 минуттан кейін жылы сумен немесе көк шаймен жуу қажет.
5. Беттегі безеулер не бөртпеден құтылғыңыз келсе, сарысуды 2 ай бойы күнделікті жарты лимон шырынын 0,5 л қайнатылған салқын сүтке араластырып ішуге болады.
6. Көңіл-күйіңізді көтергіңіз келсе, кешке 1 кұты сарысуды ішсеңіз болады. Себебі, оның құрамында қуаныш гормоны – серотонин бар.
Сүт сарысуының атқаратын қызметі:
• Бауыр жұмысын реттейді және бүйрек қызметін жақсартады;
• Семіздіктің алдын алу және емдеу кезінде өте пайдалы, ішектің жұмысын ынталандырып, артық майдың жиналуына кедергі жасайды;
• Ағзадан артық сұйықтықты, уыттарды және қоқыстарды шығаруға көмегін тигізеді;
• Қанайналым жүйесін жақсартады, атеросклероз, ревматизм және гипертониялық аурулардың алдын алады;
• Теріні тазартады;
• Жүкті әйелдер үшін таптырмайтын аса пайдалы өнім;
• Жүйке жүйесін тыныштандырады.
Ескерту: Қарсы көрсетімдері бар. Егерде сіздің сүт сарысуының құрамындағы кейбір заттарға сезімталдығыңыз жоғары болып, аллергия шақырса, қолданбаған абзал.
Сүт сарысуының құрамы. Сүт сарысуы шамамен 93,/%-ы судан тұрады, ал қалған 6,3%-да организмге қажетті барлық заттар толығымен кездеседі.
Сарысудың құрғақ заты негізінен лактозадан немесе сүт қантынан тұрады. Лактоза – артық майдың жиналуына жол бермейді, сондықтан «оңтайлы» көмірсу болып табылады. Ол асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге қатысады.
Сарысу ақуыздары – толыққанды ақуыз, алмастырылмайтын аминқышқылдары үйлесімді түрде кездесетіндіктен, биологиялық құндылығы өте жоғары болып саналады. Олар қантүзілу үрдісіне және бауырдағы ақуыз синтезіне қатысады.
Сүт сарысуының құрамында никотин қышқылы, холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.
Сарысудың қасиеті мен пайдасы. Сарысу – өте тамаша өнім, өзінің қарапайымдылығына қарамастан, көптеген қасиеттерге ие. Сүт сарысуы ішек микрофлорасын қалпына келтіріп, газ түзілу және шіру үрдістерін баяулатады, сол себепті оны асқорыту жолдарының ауруларында емдік мақсатта пайдаланады. Сүт сарысуы суда еритін дәрумендердің қайнар көзі, жемістер мен көкөністер жоқ мезгілде дәрумен жетіспеушіліктің кейбір түрлерінен арылуда пайдасы зор. Сонымен қатар құрамында В тобы дәрумендері болғандықтан, тыныштандырады, ал ауыр жұмыс күнінен кейін ішсе жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Қарттар үшін де тағаммен емдеуде аса пайдалы. Егер тамақ алдында ішсеңіз, асқазандағы тұз қышқылын төмендетуге септігін тигізеді.
1. Сүт сарысуының атқаратын қызметі:
2. • Бауыр жұмысын реттейді және бүйрек қызметін жақсартады;
3. • Семіздіктің алдын алу және емдеу кезінде өте пайдалы, ішектің жұмысын ынталандырып, артық майдың жиналуына кедергі жасайды;
4. • Ағзадан артық сұйықтықты, уыттарды және қоқыстарды шығаруға көмегін тигізеді;
5. • Қанайналым жүйесін жақсартады, атеросклероз, ревматизм және гипертониялық аурулардың алдын алады;
6. • Теріні тазартады;
7. • Жүкті әйелдер үшін таптырмайтын аса пайдалы өнім;
8. • Жүйке жүйесін тыныштандырады.
Сарысу ақуызының негізгі бөлігін сүт құрамында жұқа дисперсті жағдайда болатын β-лактоглобулин, α-лактоальбулин және иммуноглобулиндер құрайды. Сарысу ақуыздары мәйекті ферменттермен және қышқылдармен тұнбаға түспейді. Сүт ақуызы жоғары сіңімді болады (95…96%). 8 Казеин кальций тұзы (казеинат кальций) түрінде болады, фосфопротеин күрделі ақуызы сүтке ақ түс береді. Жаңа алынған сүтте коллоидты ерітінді пайда болады; қышқыл ортада сүт қышқылды казеин кальций молекулаларына ұсақталып, еркін казеин қышқылы түбіне тұнады да, сүт қышқылы қойыртпағына айналады. Казеин ұйытқы ферменттерінің (асқазанның шырышты қабатында темір түзеді) әсерінен сүзбе мен ірімшік жасауға қолданылатын қою қойыртпаққа айналады. Іркітке майлы сүттен казеин тұндырғаннан кейін іркіт ақуыздары және кейбір басқа құрамындағы заттар қалады. Құрамында ауыстырылмайтын амин қышқылы бар іркіт ақуыздары (лизин, триптофан, метионин, треонин) тағам үшін неғұрлым маңызды сүт ақуызының биологиялық бағалы бөлігі болып табылады. Олардың бастысы құрамында өсу және қорғау заттары - лактоальбулин және лактоглобулин бар. Сиыр сүтінде бұл ақуыздар ақуыздың жалпы санының 18% құрайды, ал ешкі сүтінде 2 есе көп. Сүтті 70°С аса қыздырғанда лактоальбулин және лактоглобулин бөлігін жоғалтады, олар ішуге жарамай түбіне тұнады. Сондықтан пастерлегенде температураны 70ºС асырмайды. Бұдан басқа іркіт ақуыздарының құрамына иммуноглобулин кіреді (ақуыздың жалпы санының 1,9-3,3%). Бұл антител ролін атқаратын, микробтарды және басқа клеткаларды жапсыру жолымен басқа белоктардан басым болатын жоғары молекулярлы белоктар. Сүт белоктарының құрамында басқа нәрсемен ауыстыруға келмейтін барлық қайталанбас амин қышқылдарының бәрі бар, және толыққанды болып табылады. Сүт құрамында белоктық заттардан басқа белоктық емес сипаттағы (мочевина, пептидтер, амин қышқылдары, креатин, аммиак және т.б) көптеген азоттық біріктірулер бар. Мал организмінде аралық және соңғы тағамдық азоттық зат алмасуын жүзеге асырады және қаннан сүтке беріледі. Қанға сүттік тамақтан азоттық заттардың артық түсуі мочевина құрамын жоғарылатады. Пептидтер мен амин қышқылдарын ұйыту (сүт қышқылды бактериялар) микроорганизмдердің азоттық тамақтануы үшін маңызды.
Ірімшіктен, құрттан, айраннан қалған сарысуды төгуге асықпаңыз. Сарысудың пайдасы көп. Бастың қайызғағын кетіруге, табан жарылса оны жазуға және бет әжімін кетіруге таптырмас шипалы су болып табылады. Өт жолдарын тазартады. Сондай-ақ, сарысудан шайға тәтті тіскебасар әзірлеуге болады. Сарысуға иленген қамыр өте иілгіш әрі дәмді келеді. Әсіресе бауырсақ қамыры. Сарысуға аздаған шекер және ірімшік, жұмыртқа мен ұн қосып қамыр иленген нан, ең дәмді нан болып шыға келеді. Мұны бал шелпек, не бал бауырсақ деуге болады. Дәмі расында да бал татиды. Ендеше, қонағыңыз-дың алдына қазақтың тәттілерін қойып, көпке насихаттай жүріңіз.
Ал құрттың сары суы бүйректегі тасты үгітіп, артық салмақтан арылтады, әрі ағзаға күш-қуат береді.
1952 просмотра 1. Жалпы ақпарат.
Сүт өнімдері нарығында ұсыныстардың көптігіне қарамастан, дұрыс ұйымдастырылған жаңа бизнес әрқашан өз орнын таба алады.
2.
Сүт – бұл сүтқоректілердің сүт бездерінен алынатын өнім. Адам тағамында қой, сиыр, ешкі сүттері пайдаланылады. Сүттің сапасы мен дәмі көбінесе оның майлылығымен анықталады: майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.
Құрт – бұл қарапайым тұздалып, кептірілген ірімшік. Сүтті ашыту керек, сосын ұзақ уақыт араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату керек. Сүзіп, тұздап, алақанмен пішінін келтіріп, таза ауада кептіру қажет. Бұл – ең қарапайым тәсіл.
Айран – бұл Қазақстанда кеңінен тараған қышқыл сүтті сусын. Айранды дайындау үшін бір литр сүтке жарты стақаннан 3/4 –іне дейін ашытқы құю керек. Ашытқы ретінде қатық, айран немесе қаймақты пайдалануға болады. Сүтті әбден қайнатып, бөлме температурасына дейін салқындату қажет, дайындалған ашытқыны қосып араластыру, сосын шыны ыдысқа немесе керамикалық ыдысқа құю керек, содан кейін әбден ұюы үшін бес‑алты сағатқа қою қажет.
Қаймақ зарарсыздандырылған кілегейден алынады, қышқыл сүт бактерияларының таза дақылдарынан ашытылып, дайын болуы үшін біраз уақытқа қойылады. Кілегей 18-20° С температурада 3 сағат бойы ашытылады, мұндайда қаймақтың қышқылдығы көтеріледі. Алынған қаймақ бір тәулікке 2-6° С температураға қойылады. Ақуыздың бөрту процесі мен май түйіршіктерінің қатуы нәтижесінде қаймақ таза консистенцияға ие болады, хош иісті заттар мен қышқылдықты бойына жинайды.
3. Ғимарат. Сүт, қышқыл сүт өнімдерін дайындау және сатумен айналысу үшін ғимарат қажет. Жұмыс істейтін орын қажетті жарық, микроклимат, шу деңгейімен қамтамасыз етілуі тиіс. Ауадағы зиянды заттар құрамы санитарлық және гигиеналық нормативтерде бекітілген мөлшерден асып кетпеуі керек.
4. Технология. Қышқыл сүт өнімдерін дайындаудағы басты технологиялық ерекшелік оған сүт қышқылы бактериялары немесе ашытқыларының дақылдарын (қолдан жасалған ашытқы немесе дайын ашытқы) енгізу жолымен ашыту болып табылады.
Қышқыл сүт өнемдерін дайындау технологиясы төмендегі тізбек бойынша жүзеге асады: сүтті қайнатады, содан кейін қажетті температураға дейін суытады (30-45° С) және көлеміне қарай 3-5% ашытқы салады. Сүтті қажетті ыдысқа құяды (стақанға, банкіге, шөлмекке және т.б.) және ұйығанға дейін термостатқа салады. Өнімді қатты ұйытып жібергеннен көрі ұю біршама іркілдек болып тұрған кезде ертерек термостаттан алу керек; одан кейін 10°С-ден жоғары емес температурада суытады және сондай жағдайда сақтайды. Ашыту аяқталғаннан кейін қышқыл сүт өнімін тоңазытқыш камерада 6±2° С-ден жоғары болмайтын температурада сақтау қажет, бұл уақыт аралығында өнім біркелкі консистенцияға келуі керек. Қышқыл сүт өнімдерін суытқаннан кейін белгілі бір уақытқа тоңазытқыш камераларда жетілуі үшін сақтайды.
Қажетті сақталуды қамтамасыз ету үшін атқарылуы тиіс негізгі шарттар мыналар болып табылады: белгілі бір температура және соған сәйкес ауаның ылғалдылығы, жарықтың және ауа алмасуының сәйкес болуы. Қышқыл сүт өнімдерін 80°С-ден жоғары болмайтын температурада сақтау қажет. Қышқыл сүт өнімдерін аса жоғары температурада сақтау олардың қышқылдығының артуына, іріткінің бөлінуіне, сапасының төмендеуіне және бұзылуына әкеп соқтырады. Қышқыл сүт өнімдерін міндетті түрде жабық ыдыста сақтау қажет. Біріншіден, бұл ұзақ уақыт сақтауға септігін тигізеді, екіншіден, жабық ыдыстағы өнім тоңазытқыштағы басқа да заттардың түрлі иістерін өзіне сіңірмейтін болады.
5. Сату. Қышқыл сүт өнімдерін жаңа дайындалған түрінде сатуға немесе оны өңдеуге беруге болады. Бұл үшін БАҚ арқылы хабарландыру беру, дүкендермен келісу және т.б. қажет.
Жаңа сабақты түсіндіру.

Сәрсенбаевтың айтуынша, ертеректе қазақ халқы сәулет ғимараттарын тұрғызу барысында цементке сүт сарысуын араластырып отырған.
«Кірпішті қою барысында сүт сарысуын қосып отырған. Бұл тәсіл ежелден қолданылады. Яғни цементпен суды емес, сүт сарысуын араластырады. Бұл тәсілді құрылыс нысаны кепкен соң, ол уытылып кетпес үшін пайдаланады. Бір қызығы, жақын маңда сүт зауыты болмағандықтан, жергілікті тұрғындар көмек ретінде күніне 200 литр сарысу әкеп беріп отырған. Халықтың арқасында мазар сапалы әрі жылдам тұрғызылды», – деп атап өтті Бақытжан Сәрсенбаев.
Танымал құрылысшы Абай Мұқанов мазардың сапасын жоғары бағалап, оны заманауи сәулет өнерінің үздік өрнегі ретінде атап өтті.
Айта кетейік, 15 қыркүйек күні Амангелді ауданы Тасты ауылына жақын маңда Кейкі батырдың мазары ашылды. Оны тұрғызуға 70 миллион теңге жұмсалған.
Аңдатпа Бұл мақалада сүт өндірісі қалдығы сүт сары суын тағамдық, дәрілік препараттар алу мақсатында шикізат ретінде қолдану мүмкіндігін зерттеу нәтижелері келтірілген. Осы ізденіс нәтижесінде жүргізілген эсперименттік талдау сүт өндірісінің қалдығы сүзбе, ірімшік сары суын лактулоза шырыны өндірісіне шикізат ретінде қолдануы мүмкіндігіне көз жеткізуге болатынын нақтылайды. Кілт сөздер: Сүт сарысуы, лактулоза, альбуминдер, алмастырылмайтын амин қышқылдар, бифидобактериялар, жаншылған тамшы, фуксинмен боялған препараттар. Кіріспе Қазіргі таңда дамыған елдерде дұрыс тамақтану тәртібі мемлекеттік деңгейде талқыланатын мәселе болып табылады. Себебі, дұрыс тамақтану организмнің дұрыс дамуына, аурудың алдын алуға және еңбекке қабілеттіліктің жоғарылауына әсер етеді. Яғни, ең бастысы дұрыс ішек микрофлорасын қалыптастыру және оны сол қалпында сақтау болып тұр. Осы мақсатта пробиотиктік, пребиотиктік және синбиотиктік препараттар өндіруге басты назар аударылуда. Осындай өнім қатарын құрайтын Лактулоза шырыны тағам өндірісінде, өндірістің түрлі салаларында, мысалы денсаулықты нығайту мақсатында экологиялық аумақта жұмыс жасайтын адамдар тағамында емдік препараттар ретінде кең қолданылады. Лактулоза өндірісінде шикізат ретінде сүт қантын қолдану тиімді, ұзақ сақталады, тұрақты құрамы бар, дегенмен, шикізат ретінде, бағасы қымбат. Сүт сарысуының құрамында табиғи күйде сақталатын аминқышқылдар, ақуыз өнімдер, пайдалы микроағзалар, қосымша психрофильді бактериялар Pseudomonas, Achromobacter және Flavobacter және жаңа өнім лактулозаның құрамына еніп, бифидобактериялардың көбеюіне әсер етеді. Лактулоза шіріту бактерияларының өсуін тежейді, сол арқылы қандағы аммиак мөлшері азайтуға мүмкіндік береді. Зерттеу әдістері Сондықтан да, сүт өндірісінің қалдықтарын өндіріске шикізат ретінде қолдану арқылы қалдықсыз технологияны құрастыруға болады. Сонымен қатар, изомеризация процессі ерітіндіде жүреді, сондықтан лактозаны еріту, ары қарай ылғалды құрғату, лактулоза шырынының өзіндік құнын көтереді. Осыған байланысты өндіріске басқа шикізат көздерін табу зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Осы ізденіс нәтижесінде жүргізілген эсперименттік талдау өндіріске шикізат ретінде сүт өндірісінің қалдығы- сүт сарысуын қолдану мүмкіндігін растайды. Сүт сарысуы ірімшік, сүзбе және сүтті ақуызды қосылыстар өндірісіндегі табиғи күйін сақтайтын қосымша 11 өнім болып табылады. Мұндағы сарысу мөлшері барлық сүт қосылыстарының 90%-ын кейде одан да жоғары мөлшерін құрайды. Оның 50%-ын құрғақ заттан, оның ішінде 70%-ы лактозадан тұрады. Сүт сарысуы арзан және кең қолданылатын шикізат түріне жатады. Дегенмен, сүзбенің сарысуында лактоза мөлшері сүт қышқылды ашу процесі арқасында біршама аз, бұл сарысудың қышқылдылығына алып келеді. Маннозалардың ішінде сарысудың құрамында глюкоза мен галактоза кездеседі. Сүзбенің сарысуында глюкоза мөлшері 0,7-1,6% құрайды, бұл сүзбе өндірісіндегі лактозаның гидролизімен байланысты. Сарысуда сонымен қатар аминосахар тобынан нейрамин қышқылы және оның туындылары (сиал қышқылы, кетопентоза) анықталған. Сүт сарысуында серологиялық активті олигосахаридтер кездеседі және аз мөлшерде арабиноза, лактулоза және амилоидтар. Кесте 1. Сүт сарысуындағы ақуызды азотты қосылыстар Шикізат Ақуызды азотты қосылыстар құрамы мг/100мл Негізгі өнімде сүт ақуыздарын қолдану, % Майсызданған сүт 467 100 Сүт сарысуы: Ірімшік Сүзбе Казеин 73 54 34 86,8 93,2 96,7 Сүт сарысуында орта есеппен 0,134 мг/100 мл азотты қосылыстар кездеседі, оның ішінде 65% ақуызды азотты қосылыстар, ал 35% ақуызды емес заттар сүт сарысуында барлық алмастырылмайтын аминқышқылдар кездеседі. Сарысудың түріне байланысты аминқышқылдардың құрамы келесі кестеде көрсетілген. Кесте 2. Сүт сарысуындағы аминқышқылдар құрамы Сарысу Аминқышқылдары мг/л бос ақуызды барлығы алмастырылмайтын барлығы алмастырылмайтын Ірімшік 202,7 55,0 7593 2976 сүзбе 465,3 470,0 6580 2743 Аминқышқылдардың ірімшіктегі және сүзбедегі мөлшері ұқсас. Дегенмен, сүзбе сарысуында ірімшік сарысуымен салыстырғанда аминқышқылдар 3,5 есе көп және алмастырылмайтын бос аминқышқылдар 7 есе көп (валин, фенилаланин, лейцин, изолейцин). Бұны сүзбе өндірісінде ақуыздар гидролизінің қарқынды өтуімен байланыстыруға болады. Бос аминқышқылдар бастапқы сүтпен салыстырғанда ірімшік сарысуында 4, ал сүзбе сарысуында 10 есе көп. Сүт сарысуында 0,1-0,5% май құрайды, бұл бастапқы шикізат пен негізгі өнім технологиясына негізделген. Сепарирленген сарысудағы май мөлшері 0,05-0,10% құрайды. Сарысудағы сүт майы диспергирленген (72,6% май шарларының диаметрі 2мкмден жоғары). Сүт сарысуы ерекше минералды спецификалық қасиетке ие. Оның құрамына сүтте болатын барлық тұздар мен микроэлементтер, сонымен бірге технологиялық өңдеу кезінде қосылатын қосылыстар кіреді. Сүт сарысуының негізгі және абсолютті құрамы келесідей: Калий 0,1-0,17 магний 0,008-0,020 Кальций 0,05-0,15 натрий 0,02-0,06 Фосфор 0,07-0,10 хлор 0,08-0,13 Сүттен сарысуға орта есеппен микро және ультра микроэлементтердің жартысы өтеді. Сарысудағы микроэлементтер: темір-408-846мкг/кг; мыс-76-17,0мкг/кг; марганец- 27,4мкг/кг; қорғасын-3,108мкг/кг; кобальт-0,085-1,0мкг/кг; йод-44,5 мкг/кг және басқалар 12 20. Органикалық қышқылдар ішінде сарысуда анықталған: сүт, лимон, нуклеин және ұшқыш май қышқылдары: сірке, құмырсқа, пропион, май. Сарысудың микрофлорасын бастапқы пастерирленген сүт микроағзалары мен бактериалды ашытқы микроағзалары құрайды. Кесте 3. Сүт сарысуындағы микроағзалар Микроағзалар тобы Түрі Micrococcus albus, candidus, cascoliticus, conglomeratus, epidermis, flavus, liquefaciens, freidenreichii, luteus, varians, viscosus Sarcina Lutea Microbacterium flavum, lacticum, liquefaciens, mesentericum Streptococcus bovis, durans, faecalis, faecium, glicerinaceus, inulinaceus, lactis, liquefaciens, thermophilus, zymogenes Bacillus butilicus, calidolactis, cereus, circulans, cereus var micoides, laterosporus, megatherium, mesentericus, polymixa, pumilis, patrificans, subtilis, thermoliquefaciens Clostridium botulinum, butricum, sporogenes Escherichia coli var communior, freundii, aerobacter Lactobacillus brevis, casei, thermophiles Сүт сарысу нысанынан жекеленген таза культураның морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін мыналар дайындалған: фуксинмен боялған фиксирленген препарат және «жаншылған тамшы». Препараттарды микроскопирлеу нәтижелері 1,2 суретте берілген. Сурет1. «1-ші сүзбе сарысуы» таза культурасының фиксирленген препараты Сурет 2. «2-ші ірімшік сарысуы» таза культурасының фиксирленген препараты Зерттеу нысаны – «1-ші сүзбе сарысуы» Үлкеюі 90 ×15 Фуксин бояуы Спорасыз орта көлемді таяқшалар Зерттеу нысаны – «3-ші культура» Үлкеюі 90 ×15 Бояу – фуксин Түрлі үйлесімділіктегі кокктар, бояу тегіс 13 Көптеген температураға тұрақты бактериялар, пастеризация процесіне шыдамды және жоғары тұрақтылыққа ие мезофильді бактериялар. Олар пастеризация температурасында дамымайды, бірақ культураның көптеген жасушалары жылумен өңдеу процесінің соңына дейін өз өміршеңдігін сақтап қалады. Температура тұрақталғанда микроағзалар өсуін жалғастырады. Микрофлорада көп кездесетін Streptococcus топтары: Str.thermophillus, bovis, zumogenes, faecalis, liquefaciens. Микробактериялар: Microbacterium lacticum- температураға тұрақты спора түзбейтін бактерия. Жазғы сүтте сәйкесінше термо тұрақты бактериялар қыстық сүтпен салыстырғанда көп. Сарысуда қосымша психрофильді бактериялар тобы болады, олар: Pseudomonas, Achromobacter және Flavobacter. Сарысудың ауқымды көлемін алатын микроағзалар сүт өндірісінде сарысудың сақтау мерзімі мен құрамының өзгерісіне әсер етеді. Жоғарыда айтылған микроағзалардан басқа сүт сарысуында сүт қышқылды, сірке қышқылды, ішек таяқшалары, ашытқылар мен түрлі спора түзуші микроағзалар кездеседі. Қорытынды Лактулоза басқа қанттармен салыстырғанда тісті шірітпейді, өйткені шіріткіш бактериялар оны сіңіре алмайды. Қарапайым қанттар сияқты лактулоза аш ішекте қорытылмайды, себебі фермент активттілігі жоқ, ол тіке тоқ ішекке барады. Тоқ ішекте лактулоза бифидобактериялардың көбеюіне әсер етеді. Бифидобактериялар шығаратын органикалық қышқылдар шіріту бактерияларын өлтіреді, сондықтан ағзада шіріту өнімдерінің саны азаяды. Лактулоза қолданған соң скатол, индол, крезол және фенолдар саны біршама аз болғаны байқалған. Бұл әсерді бірқатар аурулардың емі ретінде қолданады. Лактулоза іш қатудың алдын алады және емдеу кезінде кең қолданылады. Кейбір елдерде антрахинді препараттарды лактулоза шырынына алмастырған. Оның сальмонеллез, бүйрек жетіспеушілігі және тоқ ішек аденомасы сырқаттарына ем екендігі дәлелденген. Фармацевтика саласында лактулозаны созылмалы энцефалопатия және созылмалы іш қату кезінде қолданады. Ішекте шіріту бактерияларынан түзілетін аммиак бауырда залалсызданбай қан арқылы миға өтеді. Лактулоза шіріту бактерияларының өсуін тежейді, сол арқылы қандағы аммиак мөлшері азаяды. Соның салдарынан мочевина мен аминқышқылдардан түзілген аммиак активтілігінің төмендеуі жүреді және аммиактың ионданған аммоний формасына өтуі салдарынан оның қанға өтуі төмендейді.
Ұлттық тағамдарымыздың көбі сүттен
жасалынған. Апаларымыз бір тамшы сүтті жерге төкпей «ырыздық
кетеді.малдың желіні кетеді» деп қастерлеген.Сүт өнімінен
жасалынған әр тағамның өзінің құндылық орны бар. Соның ішіндегі
бүгінгі зерттеу жұмысы сиыр сүтінен алынатын қазақтың ұлттық тағамы
–іркіт жайлы. Сарысудың пайдасы
Ал іркіттен бөлініп алынған сарысудың да адам
пайдасына қосары мол . Мысалы.сіздің қандай да бір малыңыздың
ыстығы көтерілсе сарысуды шүберекке малып алып ауырған жануарды
орап тастаса ыстығы бірден түседі.Шашыңды сабынмен жумас бұрын
сарысуға батырып,одан соң 10 минуттай ұстай тұрған соң сусабынмен
жусаңыз, көлемін ұлғайтып және шаштың түбі бекіп.жылтырай түседі.Ал
3 мезгіл бетіңізді сарысумен шайсаңыз әжімденуден арылып , жасара
түсесіз.Және де құймаққа (блины) сүтке араластыра қоссаңыз
құймағыңызға ерекше дәм береді.Сондықтан сарысуды бетімен ысырап
қылдыруға болмайды.
.Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды,
оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан Іркіт
туралы не білітіндерін сұрағанда, біреуі де білмей шықты. Қазақ
тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға
іркіттің өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз
отбасымды да, құрбыларым да осыған көз
жеткізді.
ақуызға өте бай және адам денсаулығына өте пайдалы, таптырмас тағам ретінде ұсыну. Құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап кеттік.
Қазақ халқы ұлттық тағамға өте бай. Ертеде ата – бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аман ба?», — деп сұрайтын. Осы бір ауыз сөздің өзінен ақ қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ойлауға болады. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз, жүн, тері және олардан жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес. Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлттық тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт — химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі – ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар»- деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт. А - бұл дәрумен арқасында біз жарықты көреміз, түстерді ажыратамыз, түстерді ажыратамыз.
С - дәрумені жетіспесе қызыл иек қанағыш келеді, суық тию ауруларына иммунитеттің төмендеуі ,
В - ас қорыту нашарлайды, т.с.с. Сиырды сауып алған соң, сүтті жылы күйінде сүт машинасына құйып тартады. Сүттің қаймағы алынады да, қаймақтан бөлінген сүтті көк сүт деп атайды.
Оны ағаш бөшкеге құйып жинай береді. Көк сүт құйылған ағаш бөшке күн шуағы мол түсетін күнгей бетке қойылады. Бөшкенің бір бүйірін дөңгелете кесіп, тесік жасайды да, сол тесікті бекітіп тұратын ағаш тықпа жасайды. Тартылған көк сүтті ағаш бөшкеге құйып, аузын мықтап бекітеді. Ол кешке дейін күн көзіне пісіп, ақырып тұрады. Сары суы бөлініп, іркіті бетіне шығып быжиды.
Міне, сол кезде бөшкенің бүйіріндегі тесікті ашып, сары суын ағызады.
Анам екеуміз құртқа әуестігі жоқ кіші бауырларыма құртты қызықтыра жегізудің жаңа тәсілін ойлап таптық. Құртты жаяр алдында әр түрлі жаңғақтарды құрттың сыртына жабыстырдық, біраз жаңғақты үгітіп, жасалған жас құртты соған аунаттық. Тобарсыған құртты бауырларым қызыға жеді.
Бұл құрт достарыма, көршілеріме, сыныптастарыма ұнады. Құртқа жаңғақтарды қосқан себебім, әрі тартымды, әрі құрттың құнарлылығын арттыру болды. Жаңғақта ми қызметін жақсартатын дәрумендер бар.
Менің келешектегі мақсатым құрттың Технологиясын жетілдіріп, түрлі құрт түрлерін жасау және ұлттық брендке айналдыру, оның жасау технологиясын жоғалтпау. Өндірісін жолға қойып, бұл тағам түрін әр қазақтың күндік тағам рационына қосу. Сонда денсаулығы мықты, қазақтың батыр жігіттері мен әдемі қыздары бар ұлт боламыз.
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы өте зор. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, құрт туралы еш нәрсе білмейтіндер де бар болып шықты. Қазақ тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Дүниетану
оқулығы 1 сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008 ж.
2. Қазақтың ұлттық тағамдары Алматы 2000 ж
3. Қазақ энциклопедиясы Алматы 2002 ж
4. Ғаламтор
5. Қазақ халқының салт–дәстүрлері Алматы «Рауан» 1994
6. Қазақстан тарихы 7 – сынып, Алматы 2010 ж
7. Қазақстан тарихы 9 – сынып Атамұра 2009 ж
8. Дүниетану оқулығы 2 сыныпқа арналған «Алматыкітап» 2008
ж
9. Қазақ Энциклопедиясы 1 – том Алматы 2002 ж
10. Қазақ энциклопедиясы 3 – том Алматы 2002 ж
11. Дүниетану оқулығы Алматы «Атамұра» 2003 ж
12. Қазақтың мақал – мәтелдері ҚКӘБ. 1951 ж
13. Марғұлан Ә.Х. «Ежелгі жыр аңыздар» Алматы, «Жазушы», 1985 ж
14. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, «Ана тілі», 1991.
15. Кенжеахметұлы С. «Қазақтың дарқан дастарқаны», Алматыкітап 2007
ж.
16. Анфимова Н. А., Татарская Л. Л. «Аспазшылық», Просвещение
2002
П І К І Р
Аманжол Арман осы тақырыпта жаз бойы дайындалып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келді. Құрттың жасалу технологиясын өз көзімен көріп , қолымен істеп, туындаған сұрақтарына әдебиеттерден, ғаламтордан мәліметтер жинап, зерттеу жұмысына нәтиже жасай алды. Бұл ғылыми жобада құрттың жасалу технологиясын және түрлерін анықтап, адам денсаулығына маңыздылығы туралы айтылады. Жұмыс барысында Арман ізденгіштігінің арқасында құрттың жасалуы мен құрамына өзінің өзгерістерін енгізді. Болашақта осындай жобаларды қорғап, жүлделі орындарға жетеді деп сенемін.
Артрит, артроз, полиартрит, остеопороз, подагра, ревматизм секілді буын аурулары әсіресе көктемде көп мазалайды. Буындар ісіне бастайды. Оған айранның сары суы – іріткі дауа. Үлкендеу эмаль ыдысқа керегінше іріткі құйып, оны аздап қыздыру керек. Ауырған буынды 10 күндей осы жылы іріткіге салып отырасыз. Бастапқы кезде ол буындарды қақсатып, ауыртады. Сосын біртіндеп ауру басылып, ісік жойылады, дұрыс қолданған жағдайда аурудан айығып кету мүмкіндігі жоғары.
Келесі нөмірде құлақ аурулары, шыжың, цистит, простатит, қуықтың суықтауы, геморройға ем болатын тәсілдерге тоқталамыз.
Дайындаған – Р. САҒАТҚЫЗЫ.
-
-
Халық медицинасында көнеден келе жатқан ем түрлері жетерлік. Олардың денсаулықты түзеуде көмегі көп, әрі тиімді екені белгілі.
-
Бірақ, өкінішке орай, оны білетін адам аз. «Шапағат» халық және рухани емшілері мекемесінің мүшесі, 20 жылдан астам тәжірибесі бар фитотерапевт Мира Оспанова кейбір ауру түрлерін осындай ерекше тәсілдермен емдеп жүрген жан. «Ауырмаңыз!» газетінің оқырмандарымен ол өз тәжірибесіндегі бірнеше ем түрлерін бөліскен еді.
-
-
Ал шаштың ұштануынан құтыла аламай жүрсеңіз айранның сары суынан артық көмек жоқ. Жуар алдында шаштың ұшын сары суға шылап, аз уақыт ұстасаңыз жеткілікті. Лимонның сығындысы да көп көмек береді.
Міне, осы әдістерден соң, желкемнің түбінен кесілген шашым, 1,5 айда иығымнан түсіп, тіпі өруге жарап қалды.
-
-
Ал шаштың ұштануынан құтыла аламай жүрсеңіз айранның сары суынан артық көмек жоқ. Жуар алдында шаштың ұшын сары суға шылап, аз уақыт ұстасаңыз жеткілікті. Лимонның сығындысы да көп көмек береді.
Міне, осы әдістерден соң, желкемнің түбінен кесілген шашым, 1,5 айда иығымнан түсіп, тіпі өруге жарап қалды.
-
Ал шаштың ұштануынан құтыла аламай жүрсеңіз айранның сары суынан артық көмек жоқ. Жуар алдында шаштың ұшын сары суға шылап, аз уақыт ұстасаңыз жеткілікті. Лимонның сығындысы да көп көмек береді.
Міне, осы әдістерден соң, желкемнің түбінен
кесілген шашым, 1,5 айда иығымнан түсіп, тіпі өруге жарап
қалды. Сүт және сүт өнімдерін ішкіңіз келмесе,
одан жасалған заттарды пайдаланыңыз. Май, мусс, маска, бальзам
секілді заттарды дайындап алып, бетіңізге немесе шашыңызға жағып,
табиғи өнімдерді пайдаға асыра біліңіз. Қымбат косметика сатып
алғаннан, қол жетімді заттарды иігіліңізге жарата білігіңіз.
Теңдессіз құрам Терінің жағдайын ретке келтіретін қышқылдар сүттің
құрамында көптеп кездеседі. Әсіресе, гликоль қышқылы табиғи сүттің
және йогурттың құрамында көп. Осы қышқыл терідегі безеу, қара
нүктелер шығуының алдын алады. Өлі жасушаларды кетіріп, құрғақ
теріні ылғалдандырады, ұсақ әжімдерден қорғайды. Сүт құрамындағы
қышқыл – биохимиялық реакцияларға қатысатын ең маңызды компонент.
Сол себепті, сезімтал терінің зақымдануынан қорғау үшін
косметикаларға қосады. Протеиндер – сүт құрамындағы ең басты зат.
Ақуыз кешенінің теріде белсенді жұмыс жасауына негіз болатын
протеин теріні дымқылдандырып, белсенді етіп және қалпына
келтіреді. Протеиндер құрамындағы
аминқышқылдарымен қышқылдан ерекшелене алады. Өлі терінің
түсіп, жаңа жасушаның пайда болуына себепкер болады. Сарысу
Сүтті сарысудың 93,7% судан құралады. Ал қалған 6,3%
пайдалы заттардан тұрады. Сарысудың құрамына енетін ақуыз
аминқышқылдарының орнын басады. Сүт сарысуының құрамына В, С, А, Е
тобының дәрумендері және биотин, магний, кальций, пробиотикалық
бактериялар бар. Сүт сарысуы вирусқа және бактерияға қарсы құрамға
негізделген. Оның құрамына лактоферрин, лактопероксидаза және
лизоцим енеді. Лактоферин темірден құралған ақуыздан тұрады.
Лактопероксидаза – микробқа қарсы қызмет атқарады. Лизоцим – түрлі
бактерияның түзілуін қамтамасыз етеді. Сүт сарысуының құрамында
«өсім факторы» бар. Бұл дегеніміз – төмен молекулярлы ақуыздар. Ол
жаңа терінің қалыптасуына әсер етеді. Бетті сарысу сүртсе, бетті
тез тазалайды. Қайнаған сүтке лимон шырынын тамызып, отта біраз
ұстап, түсіреді. Араластырып, бетті қайнатылған қоспамен жуады
немесе сүртеді. 1 литр суға – 1 лимон. Шашқа қолдану кезінде табиғи
сарысумен жуады. Шашқа ешқандай зияны жоқ, керісінше бас терісін
ылғалдандырып, қайызғақтың алдын алады. Йогурт Йогурттың
құрамындағы аминқышқылы теріні ылғалдандырады. Сүт қышқылы
жасушаның жаңаруын қамтамасыз етеді. Табиғи йогуртта С және В
дәрумені бар. Табиғи йогуртты теріге жағу кезіндегі басты қағида –
құрғақ теріге майлы йогурт, ал майлы теріге майсыз йогурт жағу.
Ешкі сүті Ешкі сүтінің өзге сүт өнімдерінен айырмашылығы – оның
құрамында жез, селена, фосфор, антиоксидант және В, В2, А және С
дәрумендері бар. Ешкі сүті теріні жасартады және өң береді. Тері
ауруларынан сақтайды. Сонымен қатар, соңғы онжылдықта
косметологияда сүтті өсімдіктерден де алуға мүмкіндік туды. Соя,
бадам, кокос, тағы басқа өсімдіктерден алу кеңінен тарады. Соя сүті
– темір, Е дәруменіне бай, холестерин жоқ. Оған қоса, изофлавон
атты теріні құрғап кетуінен сақтайтын зат бар. Тері мен шашты
сергітіп, андрогендердің әсер етуін тоқтатады. Кокос сүті – А, С, В
дәрумені, кальий, натрий, калий, фосфор, темір, ақуыз, көмірсу,
май, органикалық қышқыл ба
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/krasota/39040/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме
міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты
сақтаңыз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген