Сабақтың
тақырыбы: Шаш сәндеу және әрлеуге
арналған құрал саймандар.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ.
Сабақтың
мақсаты: Білімгерлерге шаш сәндеу және
әрлеуге арналған құрал саймандармен таныстыру және шаш сәндеуді іс
жүзінде көрсетіп үйрету.
Дамытушылық
мақсаты: Білімгерлердің рухани
ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
мақсаты: Әсемділікке, әдептілікке,
инабаттылыққа тәрбиелеу.
Пән аралық
байланыс: Арнайы технология, химия,
физика, арнайы сурет.
Көрнекі
құралдар: Интерактивті тақта, фото
суреттер.
Қажетті құрал
–жабдықтар: Алжапқыш, кептіргіш, тарақ
түрлері, шпилька, невидимка түрлері, балауыз, шаш қатырғыш және
т.б.
I - Сабақтың барысы:
1.
Ұйымдастыру .
2. Үй тапсырмасын
сұрау.
3. Жаңа
сабақ.
4.
Ағымдық бөлім.
5.
Қорытынды.
II- Ұйымдастыру кезеңі
1.
Білімгерлермен сәлемдесу, түгендеу.
2. Білімгерлерді сабаққа
дайындау.
3.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
III-Үй тапсырмасын
тексеру:
1.Техникалық қауіпсіздік ережесін
сұрау.
2.
Бас жуудың мақсаты
мен технологиясы
3. Шаш бояуға қандай құралдар
мен жабдықтар керек?
4. Бояулар неше топқа
бөлінеді?
5. Шаш бояудың қандай түрлері
бар?
6. Бас жуудың неше түрі
бар?
7. Құрал жабдықтарды
залалсыздандыру.
8. Шаш бояғанда басты неше
бөлікке бөлеміз?
IV- Жаңа сабақ:
Шаш – адамның ажары ол
сұлулық пен құпия қасиетке
толы.
Шашты сәндеуде шашты әсемдеген кезде
сән қуып кетпей, бет әлпеті мен адам тұлғасының ерекшеліктерін
ескеру керек. Шашты сәндеу әсірісе бет әлпетінің әсемдігі мен
ерекшеліктерін айқын көрсетіп, кемістіктерін байқатпауы тиіс. Шашты
сәндеу сәндеушінің қандай ортада және қай кезде болатынына сәйкес
келіп, киіммен үлесім табуы, әйелдің жеке өзіне және ұстанған
стиліне орайлас болуы тиіс.
Шашты сәндеу- белгілі бір уақыт аралығында шашты
белгілі формаға келтіре отырып, ерекше бір әсемді етіп көрсету
болып табылады.
Сән - қоғам дамуының бір
белгісі болып саналады. Шаш сән үлгілері бірнеше болып бөлінеді;
кешкі сән үлгісі, күнделікті, классикалық, суық тәсілмен, қосалқы
заттар қосып шаш сәндеу, авнгард түрде және
т.б
Шаш үлгісін жасаудағы суық
түрі тарақтың, бигуди, қыстырғыштың көмегімен жасалады. Ал шашты
сәндеудің ыстық түрі электрлі үтіктің, электрлі қысқыштың көмегімен
жүзеге асады.
Шаш үлгісі -қосаларды,
құралдарды қолдана отырып, шашты белгілі бір формаға келтіру.
Шаштараздық жұмыста нақты бір образды қалыптастыруда ерекше
үлгідегі шаш түрлері қолданылады. Тіпті табиғи шаштарға қосымша
жасанды шаштар да пайдаланылады. Шашты сәндеуде әр түрлі шаш
қыстырғыштары, ленталар, моншақтар, әшекейлер
қолданылады.
Сонымен қатар шаш үлгісі бірнеше болып
бөлінеді;
Ұзын шашқа арналған, орташа шашқа арналған,
қысқы шашқа арналған.
Ұзын шашқа арналған шаш
үлгісі
Орташа шашқа арналған шаш
үлгісі
Қысқы шашқа арналған шаш
үлгісі
Кешкі шаш
үлгісі киетін көйлекке сай келуі
тиіс.
Шашты сәндеуге және әрлеуге
керекті заттар:
- басты жуған жағдайда
шампунь
- шаш кептіргіш (фен)
- тарақтардың түрлері
- электрлі қысқыш
- электр тісті ( гафре)
- электрлі шашты тіктегіш
- шаш қатырғыш
- мусс
- балауыз (гель)
- шашты түйреуіштер (шпилька)
- шашты безендіргіштер
Шашты сәндеу алдында
жүргізілетін жұмыстар:
- шаштың жуылмағанына 3-4 күн
болса, жуымыз керек.
- шашты жуғанына 1 күн болған
жағдайда шаш сәндеуге болады.
- келушілердің денсаулығына назар аударамыз, яғни
тері, аллергия аурулары.
- келушінің шашының қалың, жұқа немесе сирек
екендігін білу.
-құрал-саймандарды санитариялық
талапқа сай дезинфекциялау.
Шаш сәндеу жұмыстары
Шашты мұқият тарай отырып
шатасқанын реттеуіміз керек.
Жаулықтарды
қолдану.
Шашты аймақ бөліктерге
бөлу.
Аймақ атауларын атап,
көрсету.
Бас формасына және жарасуына
қарай бастың төбе бөлігін түптеу.
Шаш сәндеуді іс жүзінде
көрсету.
Шаш
қию. Жас көрсетуде көмектесетін
шаш үлгілеріне көп қатпарлы шаш қию, тұтам шаш үлгілері мен
басқыштап қиылған шаш үлгілерін жатқызуға
болады.
Шаштың
түстері. Ашық түстер жас көрсетететінін
бәріміз білеміз.Мәселен, жылы түстер бетті нәзік әрі албырт етіп
көрсетеді. Дегенмен,шаштың реңін дұрыс таңдай білу қажет. Шашты
боярдың алдында терінің реңі мен көздің түсіне қарап бояу түсін
таңдаған дұрыс.
Шаштың
ұзындығы. Қысқа шаш жастық пен
белсенділіктің белгісі болып саналады. Сондықтан жас ұлғайған сайын
шаштың ұзындығын азайтқан дұрыс. Дегенмен, тым қысқа шаш адамның
бет-әлпетіндегі жасына сай өзгерістерді айқындап
тұратынын
ұмытпаған дұрыс.
Шаштың
көлемдігі. Жатқызылған шаш жас қосып
көрсететіні белгілі. Сондықтан шаштың көлемді болуы дұрыс. Дегенмен
көлем жағынан артық кетпей табиғилығын сақтаған
жақсы.
Кекіл. Кекіл адам келбетін жасартып
көрсетуімен қатар маңдай мен көз айналасындағы әжімдерді жасыруға
көмектеседі. Дегенмен кекілдің де тым қалың болмағаны дұрыс,
өйткені бет-әлпетті толық қылып көрсетуі
мүмкін.
Айырық. Шаштың ортасынан жасалған тік
айрық жас қосып адамның образын қатаң қылып көрсетеді. Ал бастың
бір жағына қарай таралған шаш бұрымы көзді айқындай
түсіреді.
Күнделікті шаш
сәндеу. Күнделікті шаш үлгісі міндетті
түрді мына маңызды талаптарға сай болу керек: — қарапайымдылық; —
сенімділік; — ерекшелік пен сән; — түзеуге мүмкіндік. Күнделікті
шаш үлгісін бірнеше минутта-ақ жасай алуға болатындай, ол қарапайым
болуы тиіс. Оның үстіне ол барынша әдемі әрі күні бойы берік
ұсталып тұратындай болғаны дұрыс.
Күнделікті шашты жинап алған
жағдайда қасынан бірнеше бұрым шашты шығарып қойса болады.Ал жайып
жіберген жағдайда шашты аздап бұйралап қоюға
болады.
Кешке арналған шаш
сәндеу. Жұқа шашқа көлем беріп, әдемі
бұйралауға болады – ол үшін бұйралау, шашты жатқызу мен тараудың
барлық ережесін ұстану қажет. Қандай шаш үлгісін қалайтыныңызға
байланысты әртүрлі қысқаштарды, бигудилерді немесе фен мен домалақ
щетканы пайдалана аласыз.
Мамандардың
кеңесі
Кез
келген шаш үлгісі әдемі көрінуі үшін оларды таза және құрғақ шашқа
жасау керек. Сондықтан шашыңыз майланып тұрса, міндетті түрде
жуыңыз. Шаш үлгісін қатырып қою үшін лак пайдаланған дұрыс. Ол
шашты кірлетпейді және ұзақ қызмет етеді. Шаш үлгісін жасауға
жағылатын құрылғыларды абайлап пайдаланған жөн. Гельді көбіне
модельдеу үшін пайдаланса, муссты – шашқа көлем беру үшін
қолданады. Бірақ егер құрылғыны шамадан тыс жағып қойсаңыз, қалаған
нәтижеге қол жеткізе алмауыңыз мүмкін.
V- Сабақты бекіту
-
Біз қандай техникалық қауіпсіздік ережесін
сақтауымыз керек?
-
Шашты сәндеуге қолданатын
керекті заттарды ата.
-
Шаш безендіргіштердің қандай түрлері
бар?
-
Шашты сәндеу алдында қандай жұмыстарды
жүргіземіз?
-
Шаш үлгісінің түрлерін
ата.
VI-
Ағымдық
бөлім:
-
Білімгерлерге жұмыс орнын бөлу.
-
Әр
білімгерге жеке жұмыс тапсыру.
-
Білімгерлердің жұмысын
қадағалау.
-
Білімгерлерге жақсы жұмыстарын ерекшелеп
көрсету.
-
Техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауын
қадағалау.
V-
Қорытынды
сабақ:
-
Орындалған жұмысты тексеру.
-
Білімгерлердің жіберген қателігін
ескерту.
VI-
Білімгерлерді
бағалау.
Үйге тапсырма
беру:
Шаш сәндеу және әрлеуге
арналған құрал саймандар.
.