400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шашбау тағу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұмыт қалған салт - дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жастар санасына сіңіру. Бой жете бастаған қызға шашбау тағу рәсімінен көрініс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шашбау тағу

Жүргізуші автор: Шашбау – қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік әшекей бұйым. Қазақ халқы мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден қолданып келеді. Қыз он беске толғанда, шашбау тағады.

Үйде үлкен әже құрдасымен шай ішіп, жас келін шай құйып отырады.


Әженің кіші абысыны: - Амансыз ба, шешей, - деп иілім сәлем салады.

Абысын: - Амансыз ба, ене, сізге сәлем беруге және немереңіздің шашына тағылар шашбау рәсімін көргелі келдік.

Үлкен әже:- Келіңдер, дұрыс келіннің қолынан шай ішіңдер, немеремде он беске толыпты, бүгін жеңгелері бойжеткенін білдіріп, қайынсіңлілеріне шашбау тағады. Келін шай құй енелеріңе.

Әженің кіші абысыны:- Шешей - ау, қарап отырмай жастарға үлгі боларлық әңгімелер айта отырайық. Қазіргі жастар, ата – бабадан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрімізден бейхабар емес пе?

Әженің құрдасы: - Дұрыс айтасың, абысын. Сол ұмытылып бара жатқан салт – дәстүрімізді қайта жаңғыртатын мына біздер емес пе? Біздер кейінгі жастарға айтып жеткізбесек, ұмытылатыны сөзсіз.

Абысын: - Олай болса, сіз әлі күнге дейін шашбау тағасыз. Шашбауды не үшін тағу керек екенін айтсаңыз.

Үлкен әже:- Шашбау – әжемнің көзі іспеттес. Әлі күнге шашбау тағуымның басты себебі де сол. Шашбау - ұлтыма деген махаббатымның бірден-бір белгісі. Сонымен қатар, қазіргі жастарға осылай ерекше әсер қалдырып, олардың ұлттық әшекейге деген қызығушылығын оятқым келеді. Шашбаудың тағы бір құдіреті – ол көз тартарлық қолаң және ұзын шашты сұқ көзден сақтай біледі. Мысалы шашыңда әдемі көз тарталық шашбау тағылып тұрса, адамның көзі бірден шашқа емес, шашбауға түседі. Ертеде ата-әжелеріміз осы себептен де шашбауды қолданған болса керек. Әжем маған «шашбау қыз баласын сабырлылыққа үйрететін құрал» дейтін. Он бес жасқа толғанда жеңгесі екі үзбелі күміс шашбауды қос бұрымына тағады. Мұны – шолпы тағу дәстүрі дейді. Осы сәттен бастап бойжеткенін білген ару жүрісіне дейін мән бере бастайды. Өйткені құда түсушілер қыздың мінезін шолпысының сыңғырынан аңғарған. Егер шашбауы шектен тыс сыңғырласа, ол қыздың мінезді екенінің белгісі болған дейтін. Ал, жай ғана бабымен сыңғырласа, оның биязы, сабырлы қыз екендігін айғақтаған. Сондықтан да қыздар, шолпысының сыңғырын бәсеңдету үшін сыпайы ғана жүріп-тұрған. Міне, шашбаудың тағы бір құдыреті. Ата-бабамыз қандай ұлы халық болғанын аңғаруымызға болады.

Әженің құрдасы: - Ал, жеңгелері, қайынсіңлілеріңе шашбау тағыңдар.

Сандуғаш: - Еркем, енді сен бүгіннен бастап бойжеткеніңді сезін.

Марал: -Енді көптің көзі сенде болады.

Сандуғаш: - Өзіңді тек жақсы жағынан көрсете біл.

Айнұр: - Әжеңді, ел – жұртыңды ұятқа қалдырма.

Үлкен әже: - Бақытты бол, құлыным. Өзіңнің теңін кездесуді Алла нәсіп етсін.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
11.12.2024
324
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі