«Сәт сапар ,Жас түлек!»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сәт сапар ,Жас түлек!»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сәт сапар ,Жас түлек!»
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сәт сапар ,Жас түлек!»

Армысыздар, ұстаздар, қонақтар,ата-аналар,оқушылар!

«Сәт сапар,Жас түлек!» атты салтанатты жиынға жиналған қауым.

-Міне ,тағы бір оқу жылы аяқталып біздің мектебіміздің 10 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық жар салайық.

Биылғы 11-ші сынып түлектерін,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық.

Мектеп бітіруші түлектерді сынып жетекшісі

Амісейтова Динара Манасқызымен бірге құрметпен ортаға шақырамыз.

Қошеметтеп қарсы алыңыздар!

Көк тудың желбірегені

Жаныма қуат береді

Таласқа түссе жан мен ту

Жан емес маған керегі.

Көк тудың желбірегені

-Ту көтеру рәсімі 11 сынып оқушылары Мәдібек Марғұлан,Омарбек Қазбек 10 сынып оқушылары Ыбырайым Ержеткен,Серікұлы Нұрислам-ға тапсырылсын.



Мектеп түзеліңдер,тік тұрыңдар!

ҚР мемлекеттік туы көтерілсін!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалсын!

Шуағы,күн шуағы арай ма?

Ұстаз деген әулиелердей талайға

Басын иіп өткен жоқ па,біз түгіл





Әбу-Насыр,Әл-Фараби,Абай да- демекші құттықтау сөзі мектеп директоры міндетін атқарушы Тулегенова Сағира Мендиханқызына беріледі.

-Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол ,әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі ,оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп ,асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын-соңғы қоңырау салтанаты.

Кеше ғана тұлымдары желбіреп,жүректері лүпілдеп,мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,бойы өсіп,алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.Бұл күн-мектеп тарихында ,мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.Тағы бір оқу жылы аяқталып,біздің мектебіміздің 10 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Бүгін-алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.

Бүгін-атаң ақ жол тілеп,ақ бата берем деген күн.

Бүгін-әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.

Бүгін-әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн.

Бүгін-анаң ұлым ержетті деп шаттанған күн.

Бүгін-ұстазының жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн

Бүгін-арман қуып алысқа аттанған күн.

Бұл күн-мектеп тарихында,мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

Ендеше,сәт сапар, жас түлектер!

Арнап келер мерейтой ,мейрамдарда,

Мәртебең де биік қой мейрам барда.

Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,-дей отырып ,сөз кезегі қонақтарда.Бүгінгі салтанатты жиынға

Қатысып отырған қонақтарды құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі сіздерде.

Ерназар ауылдық округінің әкімі 1. Әбдіқұлов Мырзахан Жақсылықұлы

Аудандық мәдени тілдер дамыту орталығының басшысы: 2.Байдалиев Асқар мырза

Мектебіміздің зейнеткер ұстаздары:Дауталиева Айбарша, Кадирова Патима апкилерге береміз

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан ,ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,





ортаға шақырайық ата-ананы. «Ата-ана баланың бас ұстазы» дегендей ата-ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді.Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Үрістембекова Рабиға апайға беріледі.

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегіме нұрын құйған жылылық,

Көрген емесешқашан да суынып, -деп түлектердің алғашқы ұстазы Жаманқұлова Гүлнұр апкиге сөз беріледі.

Адақты ағайын!Мектеп ұстаздарын ,мектеп мақтаныштарын марапаттау үшін мектеп директоры міндетін атқарушы Тулегенова Сағира Мендиханқызына сөз беріледі.

Құрметті қонақтар!

Біз биыл мемлекетіміздің символы ,асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойы.

Қабыл боп ата-баба,ел тілегі,

Биіктен нұры шалқып Күн күледі.

Қан беріп халқымыздың тамырына,

Астана соғып тұрған нұр жүрегі!



Есілдің ақ тұмасы ағылады,

Тамшылар күміс сырға тағынады.

Кереге ,уығынан кие қонған,

Астана –елдің алтын Шаңырағы!

Астананың 20 жылдығы-ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға,Қазақстан халқының мерейлі мерекесі дей келе 1 сынып оқушыларын өлең жолдарымен ортаға шақырайық. (Астана т туралы тақпақ оқиды)

1-ші сынып оқушылары түлектерге тілек айтып,естелік сыйлықтарын табыстайды.



Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,

Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,





Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,

Санасы биік адал дос табыңдар!



Ия,сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздардың да бүгінгі соңғы қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ.Енді солардың шәкірттеріне деген соңғы ақыл-кеңесін,сәт сапарын тыңдайық.Сынп жетекшілер атынан құттықтау сөз Динара Манасқызына беріледі.

Мектебіміздің үздік оқушыларына шәкіртақы табыстау үшін аыл әкімі

Әбдіқұлов Мырзахан Жақсылықұлына сөз беріледі. Бұл шәкіртақы Спартак Сымайылұлы жанұясынан деп түсініңіздер.

Ұстаз!Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші.Сөз маржанын терген ақын-жазушы да ,көк күмбезіне самғаған ғарышкер де,тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас.Өз уақытын аялаған,ұстаздарға сазды сәлем жолданады.

Ән:Оразбай Аруна (4 сынып)

Би:3 «б» сынып оқушылары «Өзбек» биімен ортаға шығады.

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,

Ұстаз-ғалым,толастамас мәңгі сын.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.-деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

1.Ән. Әбдірәсіл Аружан

2.Қоштасу вальсі-түлектер

3. Ән Мәдібек Марғұлан

Қоңырау мектеп өміріндегі құлаққа жағымды шәкірт жүрегінде сақталатын ұмытылмас үн.Жүректері лүпіл қағып қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан осынау сәтте мектебімен қоштасып ,өмірдің екінші белесіне қадам басқалы тұрған сіздер,осыдан 11 жыл бұрын қоңырау үнімен мектептабалдырығын аттаған болсаңдар сол сыңғырлаған қоңырау үнімен болашаққа аттанбақшысыңдар.Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Оны алғаш қолыңа гүл алып,мектеп табалдырығын аттағанда естідің,45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда.Ал,бүгінгі қоңырау үні ерекше.Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау.Ол балалық шақтан мектеп белесіне асыратын қоңырау.Сәт сапар,саған жас түлек!





Ал,енді мектебіміздің 1981 –ші жылдың түлектерін қошеметпен ортаға шақырамыз.Сөз кезегі сіздерде. (Тілек айтып,құттықтап,мектепке және ұстаздарына деген сыйлықтарын табыстайды.)

Гүлдерге толып омырау,

Түлектер тойын тойлайды.

Қағылмақ соңғы қоңырау

Қаққызбай өмір қоймайды.



Бәрі –сын,араласың,өмір ауылың,

Бәрі-шын,қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,

Дауысын естігенде қоңыраудың.

Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін,

Қоңыраудың естиміз соңғы үнін.

Қоңырау соғылу 11 сынып оқушысы Қожатай Айханым мен 1 ші сынып оқушысы

Қайсарұлы Самитханға беріледі.

- Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата – аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар!

« Сәт сапар , жас түлек » атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!

- Мектептің табалдырығынан үлкен өмірге 10 түлек жолдама алды: 10 арман, 10 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек , ересектер қатары осынша адамға , осынша күшке толықты ! Қанаттарың талмасын жас түлектер!

-Осымен 2017-2018 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша

сау – саламатта болыңыздар!













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.02.2019
862
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі