Материалдар / "Сәт сапар, Жас түлек ! "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Сәт сапар, Жас түлек ! "

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді, Көңіл шіркін, тасып – толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау, Бойжетіпті бантикті қыз кешегі. Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнің, әр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата-ана, Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
1247
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"Сәт сапар, Жас түлек ! " (мектеп бітірушілер кеші)


Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Сәт сапар, Жас түлек !» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

Міне, көптен күткен салтанатты жиында келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, азамат болды.

2017-2018 оқу жылында 22 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр. Оның 6-ы оқу үздігі, 7-і оқу екпіндісі.Түлектеріміздің қайсысы болса да өзіндік орны қалыптасқан ерекше тұлғалар.Біреулері білімімен биік шыңға шықса, біреулері өнерімен, әнімен, жеткен жетістіктерімен таңғалдырды.Қыздарымыз аудандық, республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпазы болды. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!
 

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған, бәлкім, баршаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

Түлектер келсін кәне, ортамызға.

 Мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.


Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде 
Шырқалсын Қазақстан әнұраны.
(Ән ұран ойналады.)
Бүгінгі «Сәт сапар, Жас түлек » атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
1.--------------------------------------------------------- 
2.---------------------------------------------------------
3.---------------------------------------------------------
4.

Сонымен бірге ардагер ұстаздарымыз 
1.----------------------------------------------------------------------------------
2 ---------------------------------------------------------------------------------
3.----------------------------------------------------------------------------------
4.---------------------------------------------------------------------------------- 
5.----------------------------------------------------------------------------------

6.----------------------------------------------------------------------------------

қатысып отыр.
Қош келдіңіздер.

Мектебімнің қиынына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Жанибекова Фарида Қалмағанбетқызына беріледі. 

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз.

Ән: орындайтын


Ардақты асыл мекен мектебіме
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берійік,
Жақсы сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
құрметті қонақтарымыз –


-------------------------------------------------------------------------- беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі : ----------------------------------------------------- беріледі.


Ән: Әйел бақыты орындайтын


Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Жанибекова Фарида Қалмағанбетқызына тапсырылады.
(Салтанатты түрде аттестат тапсыру)

Хор: Бір үйдің баласындай

Әлі есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді есте мәңгі сақтадым.
Жүрегімде нұрын құйған жылылық,
Көрген емес ешқашанда суынып.

Мектеп бітіруші түлектеріміздің алғаш рет қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен, білім нәрімен сусындатқан алғашқы ұстаздары: Ерсайынова Ақжарқын апай мен Көшкінбаева Гүлнар Кенжеғұлқызына шексіз алғысымызды білдіріп, бас иеміз.

Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
5 сыныптан бері жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшілері : Тойшыбай Перизат Әшірбайқызына және Исахаев Мырзакамал Хайдарұлына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Ән


Ата-ана тәрбиелеп балапаның, 
Әлдилеп, аялаған алақаның, 
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар, 
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------беріледі.


Мектепке келгелі достармен,
Өтіпті талай жаз, талай қыс.
Сондағы сыныптас достармен,
Қалайша, қалайша тараймыз.
Қаз-қатар тізулі партамыз,
Тақтада ілулі картамыз.
Он бір жыл білімге үйреткен,
Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе
Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміз атынан сөз кезегі -------------------------------------------------------------------------------------------- беріледі.


Қиындықтар мойытпасын сендерді, 
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді 
Шығыңдар білім шыңына,

Батамыз осы сендерге

Болыңдар үздік тағыда,

Оқуда да еңбекте


Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын
-. деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз.


Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Сәт сапар, Жас түлек!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.

Келіп қатысқандарыңыз үшін, көп рахмет!!!!!!!!































« № 228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ













Сәт сапар, Жас түлек !



/ мектеп бітірушілер кеші /















2017-2018 оқу жыл



МІНЕЗДЕМЕ





Мәмбетжанұлы Думан 2001 жылғы қаңтар айының он алтыншы жұлдызында Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай ауылында дүниеге келді.

Мәмбетжанұлы Думан 2007 жылдың 1 қыркүйегінде «№228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ-де 1-сыныпқа қабылданды. Ол толық отбасында дүниеге келген. Думан отбасында алты баланың үшіншісі. Думан өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі орташа. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқанын орындайды. Мектепшілік сайыстарға белсене қатысады, бірнеше мадақтамалары бар, белсенді оқушы.

Думан болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі, ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Апталықтарда да белсене араласады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға жауапкершілікпен қарайды. Думанның мінезі ашық, қоршаған ортамен тез тіл табысады.Үлкенді сыйлай біледі, кішіге қамқор бола біледі. Думан сыныпта спорт секторы қызметін атқарды. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.Әзілге жақын, мектепте құрылған көңілді тапқырлар клубының белді мүшесі.

Думанның сабақ үлгерімі орташа. Ол физика, дене шынықтыру, бастауыш әскери дайындық пәндерін жақсы көреді. Думан бос уақытында волейбол ойнаумен айналысады, ән салғанды жақсы көреді.

Болашақта Думан еліміздің дамуына өз үлесін қосатын нағыз азамат болады деп мектеп ұжымы сенім білдіреді.



Мектеп директоры: Ф.Жанибекова

Сынып жетекшісі: П.Тойшыбай

Психолог: Е.Тойшыбаев



















































МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
Жүргізуші: Армысыздар!құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер!
( Музыка ойналады)
Жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы көшеде,
Көңіл шіркін, тасып – толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты – ау,
Бой жетіпті бантикті қыз кешегі.
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құттыболсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын 
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.
Мектептен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі салтанатты кешімізде,
Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.
(ҚР Мемлекеттік Гимні ойналады.)
Жүргізуші: Бүгінгі «Қош бол, ұстаз алтын ұя мектебім» атты мерекелік кешке келіп отырған қонақтармен таныстырып өтейік.
Мектебімнің ыстығына күйгені,
Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.
Сіздер үшін күйінгені, күлгені,
Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері. – дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысына беріледі.
Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық, қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, алдарыңызда «Тойбастар» биі. Қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Ардақты асыл мекен мектебіме,
Аяулы асыл жандар көп келеді.
Құрметпен қонақтарға сөз берейік,
Жақсыс сөз жанға ыстық нәр береді – деп құттықтау сөз кезегі
Құрметті қонағымыз -----(аудандық әкімшілік өкіліне)-беріледі
Жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі ардагер ұстаз-------------------- беріледі.
Ән: Мектеп бітірушілер әні
Жүргізуші: Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті қорлана
Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген – өмірге берген жолдама.
Дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойыалған біліміңнің белгісі ,Аттестат алу кезеңі келгендей.
Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директорына тапсырылады.
(Салтанатты түрде аттестат тапсыру)
Жүргізуші: Құттықтау үшін сөз ата-аналарға беріледі.
Ән: «Ұстазым» 
Жүргізуші: Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,Оқуларға түсіңіз.
Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері! «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.
СОҢЫ:











































Тасмола орта жалпы білім беретін мектебі бойынша 11 сынып оқушыларына орта мектепті бітіргендері туралы мемлекеттік құжат тапсыру салтанатының сценарийі

Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты Аттестат алу кешіне қош келдіңіздер.

Міне, көптен күткен салтанатты жыйнда келіп жетті. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарыңыз, бүгін де ойы толып, бойы өсіп, қолдарына аттестат алғалы және де алтын ұя мектебімен қоштасқалы тұр. Бүгінгі жиын, бүгінгі тілек, арнау мен аманатымыз тек жас түлектерге арналады.

Бүгінгі күн баршамыз үшін жүрек тебірентіп, көңіл толқытатын сәт. Олай дейтініміз Тасмола орта жалпы білім беретін мектебінің қабырғасында бақытты бал-балалық шақтарын өткізіп, ұлағатты ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиесін бойларына сіңіріп, білім нәрімен сусындап өскен ұл-қыздарымыз ер жетіп, қанаттары қатайып, жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұр.

Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,

Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.

Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,

Бой жетіпті бантиктегі қыз кешегі.

 

Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған, бәлкім, баршаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

Түлектер келсін кәне, ортамызға.

 

Мектеп бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

 

Азамат боп туған елін қорғайтын,

Дидардың бар талабы ұстаздары қолдайтын.

Біртоға жан өзі бір достарына сенімді,

Жолың болсын Дидаржан, қорға адал еліңді.

 

Арманы көп Інжудің,

Алға қойған мақсаты.

Өзі сүйер пәндерден,

Шығып жүр ғой жақсы аты.

 

Әрқашан да жадырайды жанарың,

Сәтті болсын Райхан әркез қадамың.

Қайда болсаң жолың болсын жас түлек,

Үмітін сен ақтарсың ата-анаңның.

 

Өнер сүйген, спорт сүйген түлексің,

Қарындасқа, ініге сен тірексің.

Табанды да тиянақты жігітті

Бисенгалиев Руслан деп сен білерсің.

 

Жанарынан от ұшқындап,

Жүреді ылғи дараланып

Ақнұр деген ертең нағыз,

Жақсы маман болады анық.

 

Ақыл, сана берген білім тереңін,

Алғысы көп мектебіне өреннің.

Медеттей түлегіміз бар, міне,

Жолың болсын саған айтар тілегім.

 

Көрінесің әліде бала сынды,

Бойыңа әдет, ізетің жарасымды

Гүлсара қыз сенімін ақта еліңнің,

Міне, үлкен өмірге жол ашылды.

 

Тарыдай боп келіп едің кеше ғана,

Талшыбықтай Алтынай өстің дара

11 жыл білім нәрімен сусынданып,

Мектепті бітірдің сен, өсті сана.

 

Кішкентай боп алдың қолға әліппені,

Дәптеріңе жаздың сен әріптерді.

Алғашқы сол сабақтың өзі дағы,

Мейірімге әлем сырын ашып берді.

 

11-сынып жетекшісі Китарова Ләйлә Толыбайқызы

 

Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны.

Мектептен басталады бәрі-бәрі

Бүгінгі салтанатты кешімізде

Шырқалсын Қазақстан Әнұраны.

 

(Гимн ойналады)

 

 

Мектебімнің қиынына күйгені,

Табыстарға мәз-мәйрам боп жүргені.

Сіздер үшін күйінгені, күлгені,

Сөздер айтар жастарымды бастайтындай ілгері, — дей келе алғашқы сөз кезегі мектебіміздің басшысы Айшуаков Ерлан Мәлікұлына беріледі.

 

Ескендір Хасанғалиевтің әні «Айналайын» орындайтын Тулешева Гүлжамила

 

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге.

Түлектерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі «Ақбұлақ» селолық округінің әкімі Уржанов Самиғолла Якупұлына беріледі.

 

Ән «Домбыра туралы баллада» орындайтын Онғаралиева Ботагөз.

 

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,

Тұрсыңдар міне болашақ күнге жол ашып.

Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,

Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.

 

11 жыл оқып, білімің түсті қорлана

Аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.

Аттестат деген – азаматтық куәсі,

Аттестат деген – өмірге берген жолдама, — дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі, 11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.

 

Шығыңдар білім шыңына,

Батамыз осы сендерге

Болыңдар үздік тағыда,

Оқуда да еңбекте – дей келе, Аттестат тапсыру салтанатты рәсімі мектеп директоры Айшуаков Ерлан Мәлікұлына тапсырылады.

 

(Салтанатты түрде куәлік тапсыру)

 

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем бимен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, — деп, Қайырғалиева Айгерім мен Қайыржанова Айымның орындауындағы «Балалық шаққа саяхат» әнін қабыл алыңыздар!

 

 

Әлі есімде әліппені ашқаным,

Есіміңді есте мәңгі сақтадым.

Жүрегінде нұрын құйған жылылық,

Көрген емес ешқашанда суынып.

Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстазы Нурсеитова Зайра Қабекенқызы.

 

Ендеше құттықтау сөз кезегі түлектеріміздің алғаш қолдарына қалам алғызып, әріптерін үйреткен алғашқы ұстазы Нурсеитова Зайра Қабекенқызына беріледі.

 

Сыныпты келдің басқарып,

Көрмедің ойлап бас қамын.

Шәкірттер жатыр ұшқалы,

Өмір дегенің қас-қағым.

Сыныптың жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген сынып жетекшісі Китарова Ләйлә Толыбайқызына беріледі.

 

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіртіңнің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін

Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы, — дей отырып, кезекті әсем әнге жолдаймыз.

 

Ән: «Әке-Ана» орындайтын Саинов Ғарышбек.

 

Ата-ана тәрбиелеп балапаның,

Әлдилеп, аялаған алақаның,

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,

Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналары атынан Сәлімгереева Ақнұрдыңата-анасы Сәлімгереева Айгүл Сағындыққызына беріледі.

 

Ән: «Перзент сыры» орындайтын Онғаралиева Ботагөз.

 

Мектепке келгелі достармен,

Өтіпті талай жаз, талай қыс.

Сондағы сыныптас достармен,

Қалайша, қалайша тараймыз.

Қаз-қатар тізулі партамыз,

Тақтада ілулі картамыз.

Он бір жыл білімге үйреткен,

Ұстазға мың алғыс айтамыз – дей келе, балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған шәкірттеріміздің атынан сөз кезегі Уәлиев Дидар Серікұлына беріледі.

 

Қайыржанова Айымның орындауындағы «Алға» әнін қабыл алыңыздар.

 

«Қоштасу вальсі»

 

Қиындықтар мойытпасын сендерді,

Батылдықпен асыңдар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар енді елді.

 

Қыран болып ұшыңыз,

Оқуларға түсіңіз.

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар іс.

 

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп.

Мерейлі боп күніңіз

Мектепке кеп тұрыңыз.

 

Сағынамыз күн сайын,

Кездесейік жыл сайын.

Сіздерге жалын жүрекпен

Айтамыз достық тілекпен.

 

Әрқашан сәтті жол болсын

Сапарларыңыз оң болсын, — деп мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз. Шақырулы қонақтар, ұстаздар және мектеп түлектері «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты салтанатты кешіміз осымен аяқталды.



































































































Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрығыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді
Өмір - ұстаз, ақылды, ақ шашы өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл, демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек.
Енді басқа жиын-той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа, оп-оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз, ол күн есіңде сақталар,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы.
Жаңа дастан күтеді жазуыңды,
Күтпейді тек сыныптың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар
Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі, дауыл да, дабыл да көп
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс шығар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп,

Уақыт та емтихан алар
Ол сын қорқыта алмас,
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер,билет ал, тәуекел деп -
Емтиханда, өмірде жолың болсын!

Ilknur 24.05.2015 пікір қосты

Пікір

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!

3 жауап

 Заманбек 23.05.2015 жауап берді

Жүректерді от боп шарпып жанады,
Қуаныш пен қимастықтың алауы.
Шәкірт үшін әр уақытта сақталар,
Жетекшінің езу тартқан жанары.

Сыныбымыз бірлікпенен ұйысқан,
Теріскейден жақсыға бет бұрысқан.
Жамал апай, өзіңіздің арқаңыз,
Көрсете білген әр уақытта нық ұстам.

Аманбибі апай, ардақтысыз бәрімізге,
Сіздей жанның орны бөлек біз үшін де.
Әрқашан боп тұрдыңыз шамшырақтай,
Жетекшілік жасаған осы жыл ішінде.

Жанарларды түйістірер сан арман,
Барлық үміт армандардан жаралған.
Санаға құйған білім менен тәрбие,
Сан қайталап кездеседі әлі алдан.

Сан тамырды мың иілтіп жаралған,
Туған тілім бойымызға таралған.
Сол құндылық тамшыдайын кезінен,
Замира апай, Асем апайдан нәр алған.

Тәрбиенің, тал бесіктің бұлағы,
Біздің мектеп — мейірімнің тұрағы.
Ботагөз бен Альбинадай апайлар,
Ұлтымыздың жанып тұрған шырағы.

Тазалық та, тәрбие де, тәртіп те,
Үшеуі де сақталады мектепте.
Біреуін егер сақтамасаң бір минут,
Қара тізімге ілігесің әп-сәтте.
Раушан менен Әйгерім апай алдында,
Тәрбиесіз, ерсі қылық көрсетпе.

Бірі әнші қалықтаған дауысты,
Бірі маман бағындырған табысты.
Гүлмира атты екі апайдың кезінде,
Кез келген іс өз орнын тауыпты.

Тарихымның үйретіп сан қырларын,
Жаттаумен оны атты талай таңдарым.
Гүлфайруз апай, Нағашбай ағай бар болса,
Еңсереміз жартастың биік сындарын.

Алгебраның көп қой бізге берері,
Математика деген өмір тілегі.
Жансая, Айжамал, Балтөре сынды ұстаздан,
Тәлім алды мектебімнің өрені.

Ғаламшардың сан мыңдаған қатпары,
Қандай ғажап бүгінгі күннің атқаны.
Феруза апай мен Тынығай апай үйреткен,
Біз боламыз еліміздің мақтаны.

Әр баланың мінезі де көп делік,
«Өзін-өзі тану» жүрер тер төгіп.
Психолог Тілекші апаймен сөйлессең,
Қала алмайсың ішіңде бір сыр бүгіп.

____ ағай, ер жігіттің нарысыз,
Қандай жақсы өзіңіздің барыңыз.
Отан қорғау қызметіне дайындар,
Ер жігіттің жанына жалау бағысыз.

Сейілтіп дене құрысы мен тұрысын,
Дене пәні үйретеді дұрысын.
Мира ағай мен Айнұр апай жетелеп,
Жеткізе берер ұрпақтың адал жеңісін.

Жол ашып алға, қиялымды ұштаған,
______ апай, сеніміңіз күш маған.
Жұлдыздай жарық үлгі тұтқан өмірде,
Ұстазымсыз шыңына таудың бастаған.

Алда талай бағындырам белесті,
Қайрат ьтасып, айдарымнан жел есті.
Маған берген жауһар, асыл ойыңыз,
Ешқашан да тартпақ емес көмескі.

Артта қалсын мейлі өткен жыл ескі,
Сол күндерім қатілікті түгесті.
Маған артқан жалғыз сенім бар болса,
Бағындырам әлі талай белесті.

Жүрегімнің жанып бүгін шырағы,
Орнғандай сенімнің шын тұрағы.
Дәл бүгінгі қуаныштың, жеңістің,
_____апай, сіз болдыңыз жыр әні.

Көңлім тасып, қуандым мен бүгінде,
Бәйге алдым шалқып-тасқан күнімде.
Осы жеңіс сіздің ғана арқаңыз,
Жадыраңыз отбасы мен өмірде.

0 0

Пікір қосу

 Заманбек 23.05.2015 жауап берді

Құрметті 20__ түлектері!
Барасыздар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады ұстаздардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіздер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.

Бүгіннен басталады жаңа белес,
Қайғы менен қуаныш та тұр ғой дөңес.
Бітіргелі отырған әрбір түлек,
Ешбір асыл тұяғынан төмен емес.

Түлегім, қане, шабыттаншы, мұңайма,
Қабілетіңді көрсет мынау маңайға.
Сен биіксің, бағындырар белесті,
Жігерлі бол, үлгісің сен талайға.

0 0

Пікір қосу

 Заманбек 23.05.2015 жауап берді

********

Мектепті, балам, бітірдің,   
Самғатты қиял ғарышқа.   
Қанаты арман құсының   
Апарсын сені алысқа.   

Кешегі шәкірт бала едің,   
Қарайсың бүгін жігіт боп.   
Шарлаған арман әлемін,   
Шыңдарға шыңнан биіктеп.   

Отаның сипап маңдайдан,   
Аямас сенен жақсысын.   
Ізде, тап, қиыр-шалғайдан   
Еліңе қажет бақ құсын.   

Асқарға қолың соз балам,   
Бәйгеге түс те, бақ сына.   
Намысқа тиер озбаған,   
Қол соғар жұртың жақсыға.   

Ғылым қу, елге ет еңбек,   
Маман бол қажет білікті   
Өресі биік екен деп,   
Мақтайды жампоз жігітті.   

Білімді басқа жастадың,   
Ғылымды іздеп үңіліп.   
Өмірге сапар бастадың,   
Алдыңда күліп тұр үміт.   

Өмірден енді дәріс ал,   
Білім мен ойды қоса ұштап,   
Самғауға, балам, барын сал,   
Қанатың болсын аттестат.   

Түсініп жөн мен жобаны,   
Ер жеткен жансың жетелі.   
Шыңдарда ғана болады,   
Қыранның салған мекені. 

***********

Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын, биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітіруіңе тілектеспін. Таңдаған мамандығыңның мықты маманы, кәсіпқойы бол! Мектеп өмірі артта қалды, алдыңда күтіп тұрған жаңа өмірдің баспалдақтарынан сүрінбей өте беруіңді тілейміз!   

**************  

Болса да өзге жүрек,   
Адамға адам – тірек.   
Сыныптастар мынау,   
Сіздерге айтар тілек:   

Дана сүйер ел бол,   
Ар ойлаған бай бол.   
Ең бастысы, АДАМ   
Атымызға сай бол!   

************  

************   

Ұстаздың алғыс тілегі.   

Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –   
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бүл күні!   
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,   
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!   

Ата-дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,   
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!   
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,   
Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.   

Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,   
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!   
Тойға ұлассын тойларың – ту қадаңдар биікке,   
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.   

Оралыңдар отыздың ортасына толғанда,   
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың – арманға.   
Ел – жұртың бар тілектес, жығылма өмір егесте,   
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға! 

**********

Алтын ұя мектептің тұлпарлары ,дүлдүлі   
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні!   
Бірің-хакім,ал бірің болыңыздар ғұлама   
Мың дауыспен сайраған о,өмірдің бұлбұлы.   

Кластағы көмекшім,қолқанатым   
Қай істе де қорықпай қолға алатын.   
Класымның үздігі,белсендісі   
Шәкірттерім айтқалы тұр арман әнін.   

Класымда көп менін дарындылар   
Спорт қуған,өнер сүйген жолын бұлар.   
Ауданда да,облыста да үздік шыққан   
Жігіттерім шетінен чемпиондар.   

Шеттерінен өнерлі қыздарым бар,   
Би де билеп,шырқатып ән де салар.   
Класыммен әрқашан мақтанамын,   
Шәкірттерім өмірлік есте қалар.   

Жолың болсын, ардақты түлектерім,   
Дүрсілдеп соғып та тұр кіп - кішкентай жүректерің   
Тәлімді тәрбиемен біліп жиып   
Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім.   

Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді ,   
Ұстазыңды,балалық шақ көктеміңді.   
Орындап мақсат-міндет,арманыңды   
Жасай бер,туған елге еңбегіңді. 













сценарийі

 

11 сынып оқушыларымен қоштасу кеші

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Дюсенова, 10 сынып жетекшілері: Б.Қ.Шарипова, іА.Қ.Сарсекова   №26 жалпы орта білім беретін мектеп

Мақсаты:  Мектеп түлектерінің арасындағы достық пен ынтымақтықты дәріптеу. Оқушылардың бір-бріне құрмет көрсетуін  дамыту.

Көрнекілігі: ақ мата, лента, гүл, музыка.

Барысы:

1 - саты:  Лабиринттен өту

2 - саты:  Скакалкамен секіру

3 - саты:  Шеңберді айналу

4 - саты:  Отырып-тұру

5 - саты:  Мектеппен  қоштасу әнін орындау

Шоудың басталуы

1 – жүргізуші: Қайырлы кеш, ұстаздар  және мектеп бітіруші түліктер!
                         Кезде келді б
үгін міне, жыр атқарар,
                         Сы
ңғырлаған қоңыраудың үндері,
                         М
әңгілікке есте қалар гүл шақтар.

2- жүргізуші: Қимас сезім жүректерде алаулап,
                       Т
үлектермен қоштасардай атырап,
                       Б
үгінгі күн есте қалар шақ екен,
                       Алтын
ұям түлектерін ұшырмақ.

1 – жүргізуші: Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн,
                         Алып
ұшқан түйініндей хаттардың,
                         Т
үлектерге қимас сезім сыйлаған,
                         Ку
әсіндей балалық бақ шақтардың.

2- жүргізуші: Бүгін – жүрек дүрсілінің өз өміріне бағынбай тулар  күні,
                       Б
үгін - өмірдің алғаш соқпағының сынар күні.
                       Б
үгін – түлектердің мектеп биігінен шарықтап шығар күні
                       Б
үгін – мектеп ақ жолынан қадам басып,
                       Жа
ңа өмірдің ақ жолын бастар күні.

Ортаға  бір-бір үйдің түлектерін ду қол соғып қарсы алайық!

1- жүргізуші:
Аяулы т
үлектер! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек барма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл  бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті...
Мектепті
ң алаңсыз  күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн – сол шаққа нүкте қояр мезеттер. Олай болса, түлектер! Баршаңыз да бүгінгі шоу кешімізге қош келдіңіздер!  (Музыка ойнап тұрады)

2 – жүргізуші:
Құрметті біздің №26 мектептің шоумен жұлдыздары сіздерді мектеп бітіру  кешімен құттықтаймыз. Біздің шоуға қош  келдіңіздер, 13-і түлектер!

Ән: Мектебім 

1-жүргізуші: (топқа аттарын атап отырып, ішке шақыру)
Кіле
ң «5» - тік озаттар
Биікке
ұшар қанат бар
Қанаттарың талмасын,
Шы
ңына білім самғарсың.
Жанель, Жанбота, Сауле, Арда
қ, Зухра, Ақтотыны шақырамыз

2-жүргізуші:
С
ұлтанға лайық көркі бар
Сымбатты бізде жігіт бар.
Болаша
қта елімнің,
Иесі осы
ұғып ал.
Даулет, Ернар, Данияр,
Қанат, Арман

1-жүргізуші:
А
қындарым келіңіз,
Жыр маржанын т
өгіңіз.
Шабыт келсе б
әріміз,
Шетімізден серіміз
Әділ, Қанатбек

2-жүргізуші:
Қош келдіңіз әншілер
Келіп т
ұрмыз ән сүйер
Шыр
қап әнге салыңыз
Біз болайы
қ жанкүйер
Олжас, Мадина, Балжан


1-жүргізуші:
Оралып
қайта келген соң
«Оралман»
- деп ат қойдық
Кетпейді деп сенген со
ң
«Оралман» атты жеп
қойдық
Жансая, Ж
ұпар

2-жүргізуші:
О
қушылар келді жаңадан,
Қол соғып қарсы аламыз
Ту
ғандай бір анадан
Бауырлас болып барамыз
Сыныпты
ң жаңа қазақтары Жаннұр мен Дамир

1-жүргізуші
Айдай с
ұлу арулар,
Жібектей нәзік жаны бар.
А
ққудайын таранып
Айдын к
өлден табылар.
Қарлыға, Айдана, Ақерке, Айгерім, Гульназ, Тоғжан, Айнур

2- жүргізуші:
Спортшылар та
ғы бар,
Нелер ж
үйрік табылар.
Ел намысын
қорғайтын,
Ма
ңдайының бағы бар.
Самат, Са
ғынай, Ғалым, Индира, Дархан, Мадина

1-жүргізуші:
Білімні
ң биік аңсарын,
Қадірін түсін достарым.
Мінезімен к
өрікті ғой өздері,
Үндемей тұрып, сұлатады өзгені.
Бізді
қашан атайды деп тыпыршып,
Ниет
қылып тыныштықпен төзгені

1- жүргізуші
6-саты: «С
өзді тап» ойыны (хормен айту)
1.Ба/
қыт, 2. Шат/тық, 3. Ақ/жол,  4. Ө/мір, 5. Дос/тар, 6. Ұс/таз, 7. Құт/ты, 8. Бол/сын, 9. Ең/бек.

7-саты
Әзілкештер және бар,
К
үлкіге әбден қандырар.
Езу тартпай
қоймайсың,
Қалжыңына тоймайсың
(мектеп туралы анекдот)

8- саты «Ақ жол»
(баспалда
ққа іздер жапсырып тілек айта отырып, кабинетке кіру)

Ән: (кабинетте қарсы алу)

9-саты: Ұстазға тілек
Жадыра
ған жаздай жаны бар,
Жа
қсылықтың шырағы боп жағылар,
Қадірлі ұстаз гүлмен берге жолдаған
Ш
әкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.

11 А,  11 Ә сынып оқушыларының тілегі

10-саты: Слайд көрсету
Әзіл жұлдіз жорамал
Әр оқушыға жеке жеке                      Манарбек пен Азиза (жүргізуші)

1- жүргізуші
 Кешіміз
өтіп жатыр салтанатты
Т
өгілген күн нұрының шапағаты
Халайы
қ қаттырақ қол соғыңдаршы
Әншілер ортамызға келіп қапты!

Ән шашу: Олжас, Мадина, Әділ

11- саты: Би кеші /вальс/
Разминка
әр түрлі би жарысы

Биге кезек береміз, 
Бишілер мы
ң бұралсын,
Д
өңгеленіп билегенде
Кімдер
үнсіз тұра алсын?

Слайд. Жұлдыз жорамал

Болашаққа үміт арттырар сенім ұялатар қадірлі шақтың ажырамас бөлігіндей. Түлектер бір сәт балаларыңыздың жұлдызына назар салып қараңызшы

12-саты Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр
әрбір таңың
Бас
қарып организатор боп осы ұтымда
Баршаны аяла
ған алақаның!         Алмагүл Мадыханқызына сөз беру

13- саты  Сізден қалар қол таңба:  (қолтаңба қалдыру)

1-жүргізуші: Аттанарда ұрпағың бақ жолына,
Т
үссін деп тура жүрер нақ жолына.
Арнайы а
қ матадан жол төседік
Ырым
ғып түлектердің ақ жолына

2- жүргізуші: 
Ж
ұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады түлектер!
Өйткені болашағың бүгіннен басталады. Сіздер дәл осы сәттен бастап өмірімізге жаңа бақыт жолдама алып отырсыздар. Ендеше жұлдыздарыңыздың жануы, сәуле шашуы өз қолдарыңызда. Тылсым өмірдің сындарлы сәттері ертеңгі күнге сенімдеріңізді бекітсін. Ұстаздарыңыз мектебіңіз саған тілекші.

Жолдарыңыз болсы,  жолдарыңыз болсы, түлектер!!!!!!!!!







Shape1

















Аты жөні:Әшірбәй Диана

Сыныбы:5

Тақырыбы:Шаш гигиенасы

Пәні:Көркем еңбек



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!