жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сәт сапар, жас түлектер!
Бейнеу ауданының әкімдігінің «Бейнеу лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ТАҚЫРЫБЫ:
Астананың 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі-Астана»
2017-2018 оқу жылы
«Бекітемін»
«Бейнеу лицейі» КММ директоры:
____________ Г.Азанова
«____» _____________2018ж.
«Ел жүрегі- Астана»
атты соңғы қоңырау салтанатына арналған сценарий
Өткізілетін уақыты:25.05.2018ж сағат: 9.00
Жүргізушілер: Қазақ тілінде: Тағабердин Ә, Әжібаева Г
Орыс тілінде: Л.Маметқұлова
Ағылшын тілінде: А.Аманиязова
Жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің айналайын халқым менің!
Өлшеулі ар намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар аяулы ұстаздарым
Сенері сендерсіздер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің әкелер мен аналарым!
Жүргізуші: В это майское утро,
Этой теплой весной
Все как прежде как будто,
Все идет чередой.
Знаем мы, что сегодня
Вам не нужно урок.
Мы собрались на праздник!
На последний звонок!
Жүргізуші: Happy to let know
You make me glow
I fell so good, its true
So glad that I have you
You love me so
Now all is bright
Жүргізуші: Школьные годы чудесные
С дружбою, с книгою, с песнею
Как они быстро летят,
Их не воротишь назад.
Разве они пролетят без следа,
Нет, не забудет никто, никогда! Школьные годы
В течении 11-ти лет выпускники, в знак уважение, стоя встречали педагогов, входящих в класс. Давайте же сегодня стоя встретим тех, кто уходить из школы в большой мир.
Лицей! Внимание! Приветсвуем аплодисментами выпускников и их классных руководителей. Встречайте!
Жүргізуші: School years wonderful
With friendship with a book,with a song.
How they fast fly,
They will not return back.
Did they without f trace,
No, We will not forget anybody never. School years.
During the graduates, in a sign of respect, standing met teachers, members of the class. Lets meet today standing who leaves from school in the big world.
Beineu Lyceum! Attention! Welcome to the applause of graduates and their teachers Meet!
Жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр - деп алтын ұя Бейнеу лицейінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған 17- бітіруші түлектерді және сынып жетекшілерін құрметпен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: You help us fulfill ourpotential
We are thankful for all that you’ve done.
We admire you rich day, and We just want to say,
As a teachers you are number one!
11 а class with teacher of the highest category Tazhengalieva Toigan Kanatovna
Жүргізуші: Царит торжественное волненье...
Звучит обычное вступленье
Для тех кто ждал, считая дни..
Внимание выпускники 11 «б» класса!
11 «б» класс, классный руководитель учитель русского языка Изтлеуова Бибигул Базарбаевна
( Музыка ойналады. Бітіруші түлектерді өлең жолдарымен жекелей шақырылып, өз орындарына тұрады).
Жүргізуші: 10 жыл бойы нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз,
10 күндей боп 10 жыл өтті кездестік,
Мектебіне арналады бұл лебіз,-. Ортада осыдан 10 жыл бұрын, яғни 2008 жылы мектептен түлеп ұшқан шәкірттер тұр. Қошеметтеп, қол соғайық.
1-Жүргізуші: Құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен Астананың 20 жылдығына арналған соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз!
Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр: Бұл жыл- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланған жыл. Бұл жыл- Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жаухары – Астана қаласының 20 жыл толуымен ерекшеленеді..
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болған тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
2- жүргізуші: Құрметті оқушылар, жиынға қатысушылар назар аударыңыздар! 2017-2018 оқу жылының соңғы қоңырау, яғни «Ел жүрегі -Астана» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймын. (ҚР гимні орындалады)
1-Жүргізуші: Бүгін- алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.
2-Жүргізуші:Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
1-Жүргізуші: Бүгін- атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
2-Жүргізуші: Бүгін- әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
1-Жүргізуші: Бүгін- әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
2-Жүргізуші:Бүгін –анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
1-Жүргізуші: Бүгін- ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
2-Жүргізуші:Бүгін- арман қуып алысқа аттанған күн.
1-Жүргізуші Бүгін – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. ( Пауза. Музыка ойналады)
«Астана» әні орындайтындар 7 «б» сынып оқушылары Аслан, Жұлдызай, Салтанат
1-Жүргізуші: Арнап келер мерей той мейрамдарда
Мәртебең де биік қой мейрам барда
Бүгінгі салтанатты жиында тілек айтсын
Құрметпенен берейін қонақтарға-деп отырып, сөз кезегі қонақтарда.
Жүргізуші: Бейнеу ауданы әкімі Абилов Бейнеубек Көңілімқосұлын құрметпен құттықтау сөз кезегіне беремін.
Жүргізуші: Кезекті құттықтау сөз аудандық білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлы
Жүргізуші: Бейнеу лицейі директоры Азанова Гүлраушан Бақытқызына беріледі.
Жүргізуші: Бейнеу лицейі ата-аналар комитеті жанынан құрылған «Қамқоршылық кеңесі» қоры төрағасы Акенов Нұрлан
2-Жүргізуші: Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыздың атынан Бегадилова Нұржамал Сарсеновна
Жүргізуші: Жас ұрпақты баулап білім нәріне,
Жол сілтеген болашаққа әріге
Дархан жанды жанашыры ұрпақтың
Бұл алғысым біріңе емес бәріңе- 11 сынып түлектерінің аяулы ұстаздарына деген жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Құттықтау сөз бітіруші түлек «алтын белгіге» үміткер Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің 2-орын иегері Жұмажанова Гүлдерайға беріледі
Ән «Школа» орындайтындар бітіруші түлектер Аида, Айнабат, Гүлдерай
1-Жүргізуші: Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша Білім кілтін аманат етіп тапсыру салтанатты рәсімін бастауға рұқсат етіңіздер.
Білім кілтін тапсырушы: 11 -сыныптың үздік оқушысы, «Алтын белгіге» үміткер, республикалық пәндік олимпиаданың «қола» медаль иегері Кемалов Нұрбекке беріледі. Ассисенттері: оқу озаттары, «Алтын белгіге» үміткерлер Жолбаянова Назерке, Сағызбаева Сымбат
2-Жүргізуші: Білім кілтін қабылдаушы: 10 «б» сынып оқушысы оқу үздігі, облыстық «Абай, Мағжан оқулары» байқауының жеңімпазы Аягөзов Ғалымжанға беріледі. Ассисенттері «Парламент» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді жастары Жекенов Бақытжан және Арман Бағыт
(Бітіруші түлектер білім кілтін 10 -сынып оқушыларына тапсыру рәсімін орындайды.)
Білім кілтін тапсырушы сөзі
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10- сыныптар!
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай-шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат !
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу-ізбасарым саған аманат!
Сәттіліктің тұмары -Білім кілті аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау- бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау-саламат!
10-сынып сөзі: Біз 10 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі Білім кілтін қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, елімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға лицейдің мәртебесін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз.
1-Жүргізуші:
-ортаға
осыдан 10 жыл бүрын, ұядан түлеп ұшқан
қарлығаштарымызды қошеметпен шақырамыз.
(10-жылдық
иелері алаңға шақырылады.
2–жүргізуші: «Мектеппен қоштасу вальсі». Орындайтындар бітіруші түлектер.
«Жас түлекке арнау» оқитын Тағабердин Әлібек
Жүргізуші-1: Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
Бұрыңғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрыңғыдай соғылмас қоңыраулар
Жүргізуші-2: Экзамены, отдых, работа-
Мелькают своей чередой
И мы уходящему году
Печально помашем рукой.
Стремимся мы к счастью и верим:
Прощание- встречи залог.
У школы сегодня премьера-
Наш школьный последний звонок
Жүргізуші-3: Exams, Holidys,work
Climpses of his succession,
And we are the outgoing year
Sadly we’ve your hand
We aspire to happiness and believe
Farewell-meeting bail.
The school last call.- Last ring tone graduater
Қоңырау соғылады
Хор: Мектебіме
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Мәңгілік елдің негізін қалаушы жас түлектерге ақ жол тілей отырып, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Благодарим наших гостей, всех участников торжественной церемоний. До новых встреч, друзья!
Жүргізуші: Thanks for our guests,all the participants of ceremony. We wish success! See you soon. Good Bye!
11 жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Ағалар мен апалар,
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз.
Бекзат пен Ерсұлтандай ағаларым , мен сіздей,
Спортшы боламын.
Барлық сайысқа қатысып,
Облыстан орын аламын.
Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,
Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.
Білемін мен, Меруерт апа өмірде,
Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.
Аида апа, мен сізді сыйлаймын,
Өзіңізді қоштасуға қимаймын.
Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,
Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.
Абылайхан аға, өзі қандай сымбатты,
Ұлы ғой анасының қымбатты.
Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,
Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты.
Ерболат аға,
Инженер болуды армандайсыз,
Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.
Мектеп берген білімнің арқасында,
Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.
Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,
Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.
Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,
Тек биіктен Индира апа көрініңіз.
Тәртіпті де, тіл алғыш,
Рзагүл ападай боламын.
Сабақтан себепсіз қалмаймын,
Салт – дәстүрді де сақтаймын.
Өзімнен кішкентайларға,
Мейіріммен қараймын.
Лаура апа мен сіздей,
Әдепті қыз боламын.
Өзі қандай ұқыпты қарашы,
Жақсының ол сүйкімді қызбаласы.
Барлық іске тиянақты қарайды,
Мақтан етем мен Беназирдей апамды.
Ерсұлтан ағама
Әділ болар болашақта ол, сірә,
Бір зауыттың бастығы да болсын ба?
Қашан көрсең күлімдейді әрқашан,
Бір күлмесе, көңілі оның толсын ба?
Дарынға
Сұңғақ бойлы ойы терең, бұл адам,
Асықпай жүріп қызықтардан құр қалған.
Тыныш жүріп, бұзықтығы бар, сірә,
Ұзын шашпен қыздарға көп ұнаған
Рахат ағаға
Сабаққа да кейде ғана келетін,
Сыныбына шаттық нұрын төгетін.
Сабақ беріп шаршағанда, ұстаздың,
Айтқанына сонда ғана көнетін
Жолбаянова Назерке – тіл маманы,
Қатысады жарысқа ол сан - саналы.
Астанаға жол тартып жүлде алғанда,
Ұстаздары мәз болып қарсы алады.
Камшат апамда тіл маманы,
Аудармашы болу оның аңсағаны.
Би билеп, тамақ жасау өнеріне,
Талантына барлығы тамсанады.
Әрқашан да таудай биік талабы,
Биология оның таңдау сабағы.
Гүлдерай - ерекше қыз,
Тігу, тоқу – қабілеті болады
Аружан апа дарынды қыз,
Батырсыз отыра алмас өзі жалғыз.
Дәрігер болу сенің ізгі арманың,
Биіктерге қыран құстай самғағын.
Батыр ағаға
Ақ арманың орындалсын көңілдегі,
Ұстаз болу – қалауың өмірдегі.
Ұтаздық еткен жалықпас – деген сөз бар,
Тәрбиелейсің ертеңгі жас өрендерді.
Сымбатқа
Болашаққа сенімменен қарайды,
Ядролық физиканы ол қалайды.
Бойыңдағы білімің мен дарының,
Өжеттігің таң қалдырар талайды.
Толқын апаға
Дәрігерлікті алдына мақсат еткен,
Сәттілік тілейміз біз шын ниетпен.
Ақ халатты абзал жан атанарсың,
Жаңа өмірге қадам бас ақ ниетпен.
Ерназарға
Бар таланты бір бойына сыймайды,
Ұстаздарын ешқашан қимайды
Мектептегі ең көңілді Ерназар,
Барша жұртқа әзіл - қалжың сыйлайды
Нұрбекке.
Бұл мектептің мақтанышы түлегі,
Жақсылыққа толы әрқашан жүрегі.
Бағындырар белестер бар әлі алда,
Тек сәттілік – ұстаздардың тілегі.
Ләззатқа
Ұлағатты ұстаздың сен қызысың,
Бітіруші түлектердің бірісің.
Ақ жол тілеймін саған сәт - сапар,
Әлі алда өзің шығар биік шың!
Мәтжанға
Аласа ғана бойы бар,
Теңіздей терең ойы бар.
Ертеңгі күні еліне,
Ғалым боп мүмкін танылар.
Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,
Гимназияның қыздарына жарқылдаған.
Қанат қағып барасыз Мирас аға,
Мақсатыңа жете біл армандаған.
Өзі қандай ұқыпты қарашы,
11 «б» ның сүйкімді сұлуы.
Барлық іске тиянақты қарайды,
Мақтан етем мен Айнабаттай апамды.
Тек алға - өмірдегі ұраны,
Ақ жарқын боп, күлімсіреп тұрады.
Жұлдыздың мамандығы қалауы,
Әлі талай заңғар шыңға шығады

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген