«Сәт сапар саған, Жас
түлек!» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның
сценариі
Өтетін күні: 25 мамыр 2018 жыл
Өтетін уақыты: сағат 10. 00
Өтетін орны: мәдениет
үйі
Музыка (Фанфар) орындалады
Жүргізушілер шығады:
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен
оқушылар!
2-жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен
қонақтар!
1-жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
2-жүргізуші: 11 жыл бойы тәрбие мен білім
нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын
алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір
заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттерімен қоштасу мерекесі
– соңғы қоңырау мерекесіне
Бірге: қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға
толы тұста өткелі тұр:
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің
«Болашаққа бағдар:Рухани
жаңғыру» атты бағдарламасы жарияланған жыл.
Бұл жыл - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік рәміздеріне 25
жыл
Бұл жыл – Қазақстан Республикасының
«ЭКСПО-2017»көрмесін ұйымдастырып, барша әлемге танылған
жыл.
Бұл жыл –Қазақстан Республикасы
Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың
жаңа мүмкіндіктері»атты жолдауы жарияланған
жыл.
Бұл жыл –Облыс әкімі Сапарбаев Бердібек
Мәшбекұлының «Бақытты бала » жобасы жарияланған
жыл.
Бұл
жыл-Қазақстан Республикасының
Елордасы Астананың бой көтергеніне – 20жыл толуымен
ерекшеленеді.
1-жүргізуші:: Міне, тағы бір оқу жылы
аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында
балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
II - жүргізуші:
Бәрі де баласындай бір ананың,
Өз елі қазағының ұғады әнін.
Қызы ибалы, көрікті, шықсын кәне,
Он бірінші сыныбы Құралай апайдың.
1-жүргізуші:
Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің 11 сынып
жетекшісі: Досмағамбетова Құралай
Сейітқалиқызының есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға
шақырамыз. (музыка әуені)11 класс
жетекшісі-Досмағамбетова Құралай
Сейітқалиқызы
II - жүргізуші
Нұрлы үмітін арқалаған
арқаға,
Жан сәулесін тарататын
баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді
көрсетіп,
Түлектерді шақырайық
ортаға.
11 сыныпты бітіруші
түлектер:1. Абдіқалық Аяжан
Бақыткерейқызы
2.Абдулина Дария
Талғатқызы
3.Алмуханова Маржан
Әлібиқызы
4.Орынбасарова Гүлфайруз
Нұрқасқызы
1-жүргізуші: 2017-2018 оқу жылының аяқталу
құрметіне арналған «Сәт сапар саған,Жас түлек!» атты салтанатты
жиынымызды
Бірге: ашық деп
жариялаймыз!
2-жүргізуші:
Мектеп түзел, тік
тұр!
Назар аударыңыздар,
салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
енгізілсін!
Ту ұстаушылар: Әбдіқалық
Нұрбақыт,Сенбай Нұрдәулет,Усина Гүлжахар.
1-жүргізуші: Қазақстан
Республикасының Гимні орындалсын.
Мектеп еркін
тұр!
2-жүргізуші:Қазекем қонақ десе
көсіледі,
Мұндайда жай түйіні
шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ
деген,
Өзімен ала келер несібені.-
демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс
болыңыздар:
1.
2.
3.Ауыл әкімі: Ташенов Қайрат
Қажығалиұлы
4.Ауыл ақсақалы:Азербаев Әріп
ата
1-жүргізуші: Бүгінгі жиында ардагер
ұстаздарымыз да ортамызда отыр:
1.Байсейітов Бақытберген
Айтмағамбетұлы
2.Кубжанова Лидия
Мажитқызы
3.
2-жүргізуші::
Ажырамай мектептен бір елі
сіз,
Жақсылыққа жаралған
жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен
өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын
тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы сөз
кезегі мектеп директоры Жолдыбаева Гүлсайран Молдабайқызына
беріледі.
1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегін
бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына
береміз:
1.
2.
3
4.
Ән:
2-жүргізуші:
Абзал жандар биік тұлға
байсалды
Құшақ жайып төл мерекең қарсы
алды
Түлектерге жарқын тілек
білдіріп
Құттықтайды бүлдіршіндер
баршаңды-деп құттықтау кезегі 1-ші сынып бүлдіршіндеріне
беріледі.
1-жүргізуші:: Бүгінгі күн – алтын ұя
мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең қымбат,
ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік
сәт!
2 - жүргізуші:
Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау
мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру салтанатты рәсімін бастауға
рұқсат етіңіздер.
Аманат ту тапсыру:11 класс бітіруші
түлектер:------------------------------------------------------------тапсырылады
2– жүргізуші:
Аманат ту қабылдаушы: 10 - сынып
оқушысы------------------------------------------тарсырылады.
Аманат ту тапсырушының сөзі:
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10 - сыныптар!
Мейірімнен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай - шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат!
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп, үздік оқу - ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте - Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына, биікке самғау - бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау - саламат!
Аманат ту қабылдаушының
сөзі:
Біз 10 сынып оқушылары: Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай
отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің
барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге,
дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы
азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді
қосамыз деп сеніммен ант береміз! ( Аманат туын қабылдаған оқушылар
орындарына барып тұрады)
2 – жүргізуші:
Алдарыңнан арман жолы
ашылады
Түлектерге бақыт гүлі
шашылады
Қимастықпен 11-дің білім
кілтін
Ізін басар сыныпқа
тапсырады-дей келе келесі Білім кілтін тапсыру рәсіміне кезек
берелік.
1-жүргізуші:
Білім кілтін тапсыру рәсімі 11
сыныпты бітіруші түлек Абдіхалық Аяжанға
тапсырылады.
2-жүргізуші:Білім кілтін қабылдап алу
рәсімі 1 сынып оқушысы Мұханбетжан Ұлбикеге
тапсырылады.
1-жүргізуші:
I - жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді.,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді,
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар елді енді.
2-жүргізуші:
Мектеп маңы толыпты
жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі
осында.
Өмірге қанат қақты жас
өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында
– деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман
сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір
жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сіздерге
береміз.
(11 сыныптың мерекелік
бағдарламасы) (20мин)
1.Балалық
шақ
2.Вальс
3.Ұстазым
4. «Ұстаздарға арнау
»Жүргізуші:
Мектебіміздің мақтанышына
айналған ,Аудандық «Ақберен» байқауының 2 орын иегері, Абай
-Шәкәрім байқауларының гран-при иегері, Облыстық Абай-Шәкәрім
оқуларының 3 орын иегері мектеп бітіруші : Әлмухан Маржанның
«Ұстаздарға арнау»атты шығармашылығын қабыл
алыңыздар.
5.Дария
6. «Қош бол ,
мектебім»
2-жүргізуші:
Уақыттың ақ желкені бір кеме
бұл,
Қуантып жүрген жолға нұр төге
біл1-жүргізуші:
Мектеп маңы толыпты
жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі
осында.
Өмірге қанат қақты жас
өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында
– деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман
сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір
жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сіздерге
береміз.
(11 сыныптың мерекелік
бағдарламасы) (20мин)
--------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------
Алтын ұя мектеппен қоштасқан
соң
Алдыңнан тосып тұрар-үлкен
өмір
1 - жүргізуші:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Иә, сендер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл ұстаздарың да
бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен өздеріңмен қоштаспақ. Енді солардың
шәкірттеріне деген соңғы ақыл - кеңесін, сәт сапарын тыңдайық.
Сынып жетекшісі Досмағамбетова Құралай
Сейітқалиқызына сөз беріледі.
2 –
жүргізуші:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы. «Ата - ана баланың бас ұстазы»
дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген
қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата -
аналарымыз атынан -------------------------беріледі.
1-жүргізуші:
Қоңырау үні .Бұл үн білім
кемесі-мектеп қабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына
таныс,жүрегіне жақын.Алғашқы қоңырау -балалық арманыңды
жетелеп,білім алып,мақсатыңды айқындауға шақырса,соңғы қоңырау
үні-кәмелетке толып,оң-солын танып,қанаттанған бозбала мен
бойжеткенді арман биіктеріне ұшырып,ең үлкен өмір мектебіне шығарып
салады.Соңғы қоңырау -осындай қимас қоштасу әуені сәтімен
ыстық.
2-жүргізуші:
Соңғы қоңырау соғу рәсімі -1
сынып оқушысы Сейітжапар Сағыныш пен 11 сыныпты бітіруші Әлмұханова
Маржанға тапсырылады.
1 - жүргізуші:
-
Гүлдерге толып омырау
Түлектер тойын тойлайды.
Қағылмақ соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
2–
жүргізуші.
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігенде қоңыраудың
Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін
Қоңыраудың естиміз соңғы үнін
1 - жүргізуші
:Түлектердің бақыт гүлі ашылсын,
Ақылына әлем халқы бас ұрсын.
Деген асыл ниетпенен, ағайын,
Ақ жолына той шашуы шашылсын! ( Шашу шашылады)
2 – жүргізуші:
Құрметті мектеп оқушылары! Республика туы астында
қатар тізеп, тік тұрыңдар! ҚР мемлекеттік Туы
шығарылсын!
(Ту
шығарылады)
1-Жүргізуші: Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден
асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен
қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек
сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете
беріңдер.
2 - жүргізуші:
Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Ата -
аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар!
Мектебіміздегі «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты
жиынын жабық деп жариялаймыз!
1 - жүргізуші:
Аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар жазғы демалысты
жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау
саламатта болыңыздар. Сәт сапар, сіздерге, Жас
түлектер!