жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Шаттанайық Жаңа жыл!»
«Шаттанайық Жаңа жыл!»
Балалар көңілді музыка әуенімен залға жүгіріп келіп тұрып би-билейді. Түрлі қимылдармен қолдарындағы шамдармен билеп тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар,халайық?
Бармысыздар, халайық?
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық! – «Көбелек» ересек тобының Жаңа жыл мерекесіне хош келдіңіздер!!!
|
Ертегі әлемі, Қандай өзі әдемі! Жасыл шырша жанында Барлық бала жиналды. Кәне балақай, байқашы Мән беріп қарашы, Достарыңның барлығы Үлгердіме, санашы? |
Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз. Өлең де әзір, ән де әзір, Ойын да әзір, бәрі әзір. Кел, жаңа жыл біздерге, Кел, жаңа жыл, жаңа жыл! |
|
Келді тағы жаңа жыл, Қуантумен біздерді. Құтты болсын қуаныш! Құттықтаймыз сіздерді! |
Аспан жерге төгеді Ақ күмісін уыстап. Жаңа жылда келеді Бізге қарай жылыстап. Көрсін біздей балғынды Шырқатайық ән - жырды, Шырқатайық өлеңді! |
Ән: «Жаңа жыл шыршасы»
І.Шыршамыз сәнді де, иісі әсем!
Сәнденген алқасы қандай көркем.
Қ-сы:
Бүгінгі шыршамыз мерекелік,
Баршамыз ән салып, кел билейік.2рет.
ІІ.Жаңадан тақпақ алдық біз жаттап,
Жаңа жыл келді, жаңа жыл аппақ.
ІІІ.Жаңа жыл сәнді, жаңа жыл мәнді,
Шырқаймыз шаттана бірге әнді.
(әннен кейін балалар орындарына отырады. Көңілді музыка орындалады.)
Жүргізуші: Балалар, бізге бір қонақ кележатырған сияқты.
(Музыка әуенімен Ақшақар келеді.)
Ақшақар: Сүйсіндірер маңайды,
Ақшақармын арайлы.
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сауле тарайды.
Сәлем бердім көпшілік!
Тілеймін мен баршаңызға
Зор денсаулық, мол бақыт! – О, қандай керемет әсем шырша. Шамдары жалт-жұлт етіп тұрғаны көңіліңе қуаныш сыйлайды.
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын, жарқын ән салып
Жалғасады әнге жыр!- Олай болса, тобымыздың әнші қызымыз Жансұлудың орындауында «Әдемі шырша» әнін қабыл алыңыздар.
Жеке ән: «Әдемі шырша»
Ақшақар: Балалар, рахмет, әндерің өте керемет! Енді сендермен бір көңілді ойын ойнайын. Мен сендерге көп сұрақтар қоямын. Жақсы көретін, ұнататын сұрақтар айтсам сендер көңілденіп қолсоғып шапалақтайсыңдар. Ал, ұнатпайтын, жақтырмайтын сұрақтар қойған кезде қол соғып шапалақтамайсыңдар. Келістік пе? Олай болса, мұқият тыңдаңдар!
-Сендер балмұздақ жегенді жақсы көресіңдер ме? (шапалақтайды)
-Сендер Аяз атаны жақсы көресіңдер ме? (шапалақтайды)
-Ал, Ақшақарда ше? (шапалақтайды)
-Сендер далада жатқан мұзы жейсіңдер ме? (шапалақтамайды)
-Ал кәмпит. Шоколад жегенді ше? (шапалақтайды)
-Олай болса, бұрышқа тұрғанда ұнатасыңдар ма? (шапалақтамайды)
-Ал, Аяз атадан сыйлық алғанда ше? (шапалақтайды)
Ақшақар: Тамаша жарайсыңдар балалар! (балаларды мадақтайды)
Жүргізуші: Ақшақар, Аяз атамыздың келетін уақыты болдып қалған сияқты, неге кешігіп жатыр екен?
Ақшақар: Ия келетін уақыты болып қалды. Бірақ ол ешқашан балалардың мерекесінен кешіккен емес. Аяз Ата - ау, ау! Аяз Ата - ау,ау! Балалар, Аяз Ата балабақшаны таппай адасып жүрген болар, кәне бәріміз біріге шақырайықшы!!!
Бәрі: Аяз Ата!!! Аяз Ата!!! Аяз ата!!!
(Музыка әуенімен Мыстан апа Аяз атаның киімін киіп алған, сыпырғышымен ұшып келеді.)
Мыстан апа: Сәлем, Сәлем ! балғын балаларым! Міне Аяз аталарың келді! Сендерге сыйлықтар әкелді! ХА-ХА-ХА!
Жүргізуші: Сіз кімсіз өзі?
Мыстан апа: Мен, Аяз апаларың Мыстангүлмін! Жылда Жаңа жыл мерекесін тойлайсыңдар, бірақ мені шақырмайсыңдар. Сол үшін мен сендердің жаңа жыл мерекелеріңді бол – дыр – май - мын! Бәрін сиқырлап тастаймын! Сендер Аяз Аталарыңды күтіп отырсыңдарғой? (Күледі) Ха, ха, ха! Келмейді енді сендере Аяз Аталарың. Қандай жаңа жыл болады Аяз Атасыз? Ха, ха, ха!!!
Жүргізуші: Ой, қойыңызшы Мыстангүл әпке. Сіз сиқыршы емессіз. Нағыз сиқыршы Аяз атаның өзі. Сіз сиқыршыға үқсамайсыз.
Мыстан апа: Мен, мен, мен!!!(Ашуланып) Ал, қалаған армандарыңды айтыңдар, орындаймын.
Жүргізуші: Мысалы: (ойланып) Қазір осы жерге испан қыздары келіп, билеп берсін.
Мыстан апа: Жарайды, маған ол түкте емес.
Чорики-морики,
Абылар-мабылар!
Ортаға билеуге «______________» қыздары келіңдер!!!
Би: «__________________»
Мыстан апа: Қалай енді? Маған сенбей қойып едіңдер.
Жүргізуші: Сонда Аяз Атаны қалай сиқырлауға болады? Қазір Аяз ата қайда?
Мыстан апа: Қазір Аяз аталарың ыстық жер «Чунга-чанга» деген аралында қыдырып жүр. Жаңа жылды тойлап. Ал, сендер Аяз Аталарыңды күтіп отырыңдар. Ха, ха, ха! (Шығып кетеді)
Ақшақар: Балалар, сендер Мыстан апаға сенбеңдер. Аяз Атамыз кәзір келеді. Адасып жол таппай жүрген болар.
(Осы кезде Аяз ата келеді үстінде футболка, бүтында шортик, басында панама шапка, көзілдірік, ақ сақалы мен мұрты бар, қолында чемодан және ұшаққа алған билеті бар, банан жеп келеді. Бәрі таң қалып қарайды.)
Жүргізуші: Аяз Ата, сізге не болған?
Ақшақар: Сиқырлы таяғыңыз қайда? Шапаныңыз қайда? Жалаң аяқсыз ғой. Жаурап қалған жоқсыз ба?
Жүргізуші: Жаңа жыл мерекесі емес пе?
Аяз Ата: Жаңа жыл? Ол не? Мен білмеймін. Маған міне «Чунга-чанга» аралына дем алуға біреу билет берді. «Чунга-чанга» ! – қандай тамаша десеңші! Ыстық күн, ыстық су, жеміс-жидектер!(армандап) Қараңдаршы қалай билеп, көңіл көқтереді бұл жердің адамдары.
Би: «Чунга-чанга»
(биден кейін сағаттың қоңырау соққан дыбысы естіледі. Сол кезде Аяз ата есін жиіп шошып кетеді.)
Аяз Ата: Ой, мынау Жаңа жылдың сағатының даусы ғой . Мен бұл жерде не істеп жүрмін. Армандап кетіппін. (сағатына қарады). Екі сағат уақытым қалды, кешігіп қалармын әлі. Қош кеттім мен.
(Жүгіріп шығып кетеді.)
Жүргізуші: Не болды, Аяз Атамыз кетіп қалды ғой?
(Мыстан апа келеді.)
Мыстан апа: Қалайсыңдар, естеріңді жидыңдар ма? (риза) Айттымғой сендерге, бәрі менің қолымда, мені мерекелеріңе шақырмай, ренжітіп қойдыңдар.
Ақшақар: Мыстан апа, енді сендік сіздің сиқырлығыңыз да күшті екен, бірақ бізге өз Аяз Атамызды қайтарып беріңізші.
Мыстан апа: Ойланайын. (ойланады) Жарайды, қайтарам Аяз Атаны, бірақ менің көңілімді жақсылап көтересіңдер.
Жүргізуші: Мыстан апа сенің көңіліңді қалай көтереміз?
Мыстан апа: Қазір менім ару Мыстандаарым подружкаларымның биін билеп берсін
Би: «Мыстандар биі»
Мыстан апа: Енді менің көңілімді көтеретін бір ән орындайсыңдар.
Ән: "Кел, кел жаңа жыл".
І
Жаңа жылда сол распа,
Үлкейеміз мен бір жасқа.
Үлкейеді ағам менің,
Үлкейеді қарындаста.
Қ-сы:
Кел, кел жаңа жыл,
Шырқа, шырқа бала жыр. 2рет.
ІІ
Жасыл шырша жарық шамдар,
Көп жұлдыздар жанып самғар.
Биге, биге басыңдар кеп,
Ән салудан жалықпаңдар.
Қ-сы:
ІІІ
Болсын мейлі сағат қанша,
Біз жатпаймыз ел жатқанша.
Ал үлкендер ән салады,
Би билейді таң атқанша.
Қ-сы:
Мыстан апа: Енді менімен барлық балалар билейді. Ал, музыка тоқтаған кезде бір орында тұрып қатып қалуы керек. Бірақ бәріде маған ұқсап билеуі керек.
Ойын-би: «Бір орында тұрып қатып қалу»
(осы кезде әдемі музыка әуені орындалады. Аяз ата келеді. Үстінде шапаны, бөрігі, қолында сыйлық пен таяғы және билеті бар. Осы кезде Мыстан апа шыршаның артына барып тығылып қалады.)
Аяз Ата: Сәлеметсіңдер ме, балаларым? Сәлеметсіздер ме, қонақтар?
Мен түсінбедім, көзімді ашсам - ұшақта отырмын. Қолымда «Чунга-чанга» аралына билет бар. Неге екенін түсінбедім. Ол жақ ыстық емес пе? Еріп кететін едім ғой.
Ақшақар: Аяз Ата, сіз бе? Қандай қуаныштымыз өзіңізді көруге.
Жүргізуші: Ия, Аяз ата сізді сиқырлап тастады ғой!
Аяз Ата: Кі----м? Мен---і! Сиқырлап тастаған? (Балалар мыстан апаны көрсетеді)
Аяз ата: Қане ол, Мыстан? (мыстан апа ортаға келеді.)
Мыстан апа: Аяз ата кешірші мені, енді мен олай жасамаймын, өтінемін!!!!
(Аяз ата өзі таяғымын Мыстан апаны сиқырлайды. «Ұрайынба, бұрайынба, бумс, тумс бах!» Осы кезде Мыстан ортада айналад да қапты алып қашып ұшып кетеді)
Аяз Ата: Ал енді қайтадан амандасайық.
Аяулы ата-аналарға, ардақты ұл - қыздарға,
Бүлдіршін балаларға сәлем деймін!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Келіп міне ортаға,
Сәлем берем баршаңа!
Кәне қарап тұрмайық,
Қызық думан бастайық.
Ән айтайық, би билейік,
Жаңа жылды тойлайық.
Ән: "Сәлеметсіз бе, Аяз Ата?"
І
Таяғы бар қолында,
Қар борайды соңында.
Қандай сыйлық бар екен
Арқалаған қабында?
Қызза түсін кешіміз,
Қаптың аузын шешеміз.
Қаптың аузын көрген де,
Шығып кетт-ау, есіміз.
Қ-сы: Аяз ата, Аяз ата
Кел, билейік қуана.
Аяз Ата, Аяз Ата
Кел, билейік шаттана! 2 рет.
ІІ
Қаптың аузы ашылды
Ойыншықтар шашылды.
Аяз ата би билеп,
Әнімізге қосылды.
Сақалының ұзын-ай,
Саудыраған мұзын-ай.
Жарқыраған оттары,
Жаңа жылдың қызық-ай.
Аяз ата: О, Ақшақар қызым мен жаңа ыстық аралға барамын деп еріп баражатқан сияқтымын. Мені құтқаракөр!
Жүргізуші: Әрине Аяз ата біздің балалар ұлпақарларымен сізді құтқарып алады.
Қыс келді,қыс мұз-қарлы,
Қыраулы да ызғарлы.
Қыс келді,қыс боранды,
Қырат көрпе оранды.- Балалардың орындауында «Ұлпақарлар» биін қабыл алыңыздар!
Би: «Ұлпақарлар»
Аяз ата:- Қандай керемет, мен сондай салқындап қалдым! Рахмет балаларым!
Ақшақар: Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жаңа жылда жаңа жыр!
Жасыл шырша жанында
Ойнап барлық бала жүр!- деп Аяз ата енді балалармен ойын ойнаңыз!
Ән-ойын: "Аяз ата және балалар".
(балалар ойын соңында Аяз атаны мазақтайды, Аяз ата балаларға сендерді мұз етіп қатырамын дейді. Балалар қашады)
Жүргізуші: Аяз Ата, отырыңыз, дем алыңыз, балалардың сізге дайындаған тақпақтарын тыңдап тамашалаңыз.
Тақпақтар:__________________________________________
Жүргізуші: Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ән салайық, жаңа бір.- Балалардың орындауында «Жаңа жыл келді,
алақай!» әнін қабыл алыңыздар!
Ән: «Жаңа жыл келді,
алақай!» І Келді міне жаңа
жыл
Шаттық сыйлап әр үйге.
Жаңа бақыт, жаңа нұр 2рет
Үлкен, кіші, сәбиге.
ІІ
Жаңа жауған ақ ұлпа,
Қар жамылды даламыз.
Балаларды сағынған 2рет
Келді, Аяз Атамыз.
ІІІ
Айдай Ару Ақшақар,
Көмекшісі сол екен.
Аяз Ата ақсақал 2рет
Сыйлықтары мол екен.
ІV
Қандай сұлу шыршамыз,
Ортамызда тұр жайнап.
Жаңа жылда баршамыз, 2рет
Шаттанайық, кел ойнап.
Аяз Ата: Рахмет балалар, сендер болмасаңдар қалай болар едім? Риза болдым сендерге. Енді сыйлық бергім келіп тұр. Ақшақар қызым, әкел менің қабымды, балаларға сыйлықтарын таратып берейік.
Ақшақар: Аяз Ата, қабыңыз бұл жерде көрінбейді ғой!
(балалар Мыстан апа өзімен бірге ала кетті дейді.) Аяз Ата: Қап, бәлем! Жарайды, менде сиқырлығымды көрсетейін. Сыйлықтарды қайтарып аламыз. Маған үлкен қорап әкеліңдер.
(Қорапқа мишура салады, шыршаның ойыншығын салады, ақ қар салады. Араластырады. Қақпағын жабады. Балалар көзін жұмып 3 тілді 10-ға дейн санайды. Қораптан сыйлықтар шығарады.Балалар сыйлықтарға рахмет айтады үш тілде)
Аяз Ата: Мен енді тынышпын,
Көңілім жайланды.
Күтіп тұр бізді де
Көп бала ойдағы.
Келеміз тағы да бұйырса,
Келесі жылы кездескенше -
Сау болыңдар!!!
Кейіпкерлер қоштасып, шығып кетеді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Денсаулықтарың мықты болсын! Аспандарыңыз ашық болсын! Жұлдыздарың жарық болсын! Қош, сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген