Материалдар / Шаттық шеңбері

Шаттық шеңбері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешісі
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Шаттық шеңбер.

Армысың, алтын күн! Армысың, асыл жер! Армысың,көк аспан! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым.



Білер қазақ баласы, «Сәлем» сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.





Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, Тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнеки бәріміз, Сәлем дейік үлкенге, Сәлеметсіздерме,апайлар!





Қайырлы таң, Аспан – ата! Қайырлы таң, Жер –ана! Қайырлы таң,достарым! Сендерді көрсем қуанамын!



Арайлап бүгін атты күн, Шашып бізге шапағын. Тілейміз сізге ақ таңның, Қуанышын,шаттығын. Қайырлы таң, қайырлы таң! Қуанышты күн бүгін!



Армысың, бақ дәулетті жерім менің! Армысың, асқар тауым көлім менің! Армысың,ардақты ата,асыл әже! Армысың қамқор әке,қамқор ана!



Қош келдіңіз,бүгін бізге бәріңіз, Қошкелдіңіз,көңіл-күйге сеніңіз. Қош келдіңіз шыққан күнге жарқырап, Бақытты сәтті бізбен бірге бөліңіз.

Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн келді, Күліп шықты күн бүгін. Қайырлы таң,қайырлы күн! Қайырменді қонақтар!





Күніміз жарқын болсын, Аспанымыз ашық болсын! Күніміз сәтті болсын, Деніміз сау болсын!

Кел балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! Кел балалар,күлейік! Күлкімен түлейік! Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік!



Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз. Айналаға бар адамға, Тек мейрім сыйлаймыз.



Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң қонақтар!



Балдырған баламыз, Досты көп табамыз. Қашанда, қайда да! Достар бір-біріне, Сенімді боламыз. Екі деген екі дос, Бірін-бірі қимайтын. Артық кемді етпей сөз, Бірін –бірі сыйлайтын.



Аспан түрді түндігін, Жерге сәуле жайылды. Неткен ашық күн бүгін, Қайырлы таң ,қайырлы таң!

Жарқыраған күнде ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз. Күніміз ашық блсын! Түніміз тыныш болсын! Ауамызтаза болсын! Суымыз мөлдір болсын!



Барлығымыз табиғатты сүйеміз, Үлкендердің сөзін ойға түйеміз! Денсаулықты әрқашанда сақтаймыз, Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!



Сүйейік,табиғатты аялайық! Біз де онан жақсылықты аямайық! Анадай табиғаттың аясында, Жадырап жас балаша дем алайық!



Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен,ақ пейілмен, «Қайырлы таң!»,-дейміін мен. Күндіз де елді елеймін, «Қайырлы күн!»,-тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!»-деп кіремін.



Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз. Біздің топта ұл-қыздар, Тату тәтті ойнаймыз.

Отан деген-атамекен, Отан деген-туған жер. Отан-ана,Отан-үлкен, Қазақстан-туған –ел!



Біз балдырған тең басқан, Дос құшағын тең елге ашқан. Тілегіміз тыныштық, Ашық болсын көк аспан! Мықты болсын іргеміз! Бәрімізде біргеміз!



Әлемдеге тыныштықболсын! Деніміз сау болсын! Күніміз жарық болсын! Анамыз қасымызда болсын! Туымыз биік болсын! Арайлап таң атсын! Алтын сәуле таратсын! Жарқырайды күніміз, Жайнай түсті даламыз. Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн қонақтар!



Жылуың ешқашан таусылмасын! Күндей жарық,көңілді күн кешейік. Денсаулығымыз мықты болсын! Бәріміз тату дос боп бөлісейік.





Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Мейлі қайда жұмсаса, Барлығына барамыз.



Қуанамын менде , Қуанасын сенде. Қуанайық достарым , Арайлап атқан күнге.



Үлкенге де сіз,кішігеде сіз, Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. Үлкендерден үйреніп, Боламыз біз жақсы адам, Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.



Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер болайық Қарлығашқа ұқсайық, Қане қанат жайайық, Ұшып-ұшып алайық, Орнымызды табайық



Қол алысып,кәне біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге, Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу!











І кіші «Бүлдіршін» тобы үшін дене шынықтыру оқу қызметінің күнтізбелік жоспары



Р/с

Мазмұны

Сағат

саны

Күні


1


Педагогтің артынан жүру.

Жұптасып жүру.



2

Шеңбер бойымен қол ұстасып жүру.



3

Қарқынды өзгерте отырып жүру.

Бағытты өзгерте отырып жүру.



4

Жүруден жүруге ауысу.



5

Бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен жіпке дейін)

Кедергілерден аттап жүру.



6

Ұзындығы 2,5-3 м, ені 20-25 см тақтай бойымен жүру.



7

Жіптен немесе таяқшалардан аттап өту.



8

Бірқалыпты жүгіру.

Шашырап берілген бағытта жүгіру.



9

Әр түрлі қарқынмен жүгіру. Заттардың арасымен шеңбер бойынша жүгіру.



10

Аяқтың ұшымен жүгіру. Белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі 20 м-ге дейін жүгіру.



11

Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру. Бағытты өзгертіп жүгіру.



12

30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру. Жүруден жүгіруге және керсінше ауысу.



13

Бір орында тұрып екі аяқтап секіру.



14

Алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен секіру.



15

Еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы тақтан арқаннан секіру);



16

Кедергілі жазықтың бетімен еңбектеу. Гимнастикалық тақтайдың үстімен еңбектеу. Жол бойымен еңбектеу.



17

Әр түрлі заттардың, доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу.



18

Допты екі қолмен 1-1,5 м арақашықтықтағы көлденең нысанаға кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан лақтыру.



19

Заттардың астымен 0,5 – 1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату.



20

Доптарды бір-біріне домалату. Ені 20-25 см, ұзындығы 2 – 2,5 м жиектері шектелген тура жолақпен жүру. Гимнастикалық орындықтың үстімен жүру.



21

Заттарға шығу (гимнастикалық торындыққа, т.б.) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу.



22

Биіктігі 10-15 см заттардан аттау. Шеңберден шеңберге аттау.



23

Төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергілерден (ленталардан, текшелерден және т.б) аттау.



24

Бір орында баяу айналу.

Бірқалыпты жүру.



25

Жан-жаққа және берілген бағытқа, шеңбер бойынша қолдарының әртүрлі қалыптарымен жүру. Аяқтың ұшымен жүру. Шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүру. Жұптасып жүру.



26

Белгі бойынша тоқтап жүру. Ирелеңдеген жіп бойымен жүру.



27

Еденнен 15-20 см көтерілген арқаннан, бөренеден, текшеден, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру.



28

Ауданы 50х50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу.



29

Бір және екі қолымен допты еденге ұру.



30

Ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген тақтайдың үстімен жүру. Шеңбер жсай отырып допты бір-біріне домалату.



31

Тәрбиеші берген допты қағып алу. Допты алысқа лақтыру.



32

Нысанаға дейін төрттағандап еңбектеу.




33

Кедергілер арасымен допты домалату.








































ЖИ арқылы жасау
15 Қаңтар 2019
5600
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі