Шаттық шеңбері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шаттық шеңбері

Материал туралы қысқаша түсінік
Шаттық шеңбері
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 мектеп лицей













Шаттық шеңбері





Дайындаған: МАД тәрбиешісі Рейм К.К.















Шалқар қаласы

2016-2017 оқу жылы


ҰОІӘ тақырыбы: Шаттық шеңбері.
Мақсаты: Бақыт ұғымының шексіздігін ұғындыру. 
Бақытты бағалауға тәрбиелеу. «Бақыт», «қуаныш», 
«сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд
ҰОІӘ барысы:

Шаттық шеңбері

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!


І. Ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Үнсіз сыйлық сыйлау» ойыны арқылы жүргізіледі. 
Шарты: қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақтағы көршілеріңізге сыйлық сыйлайсыздар. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасалу керек. Барлық қатысушы сыйлықтарын сыйлап болғаннан соң, көршісі не сыйлағанын айтып, жақсы тілектер білдіреді.
ІІ. Топқа бөліну. Қиындылардан суреттер құрастыру арқылы 3-топқа бөлінеді.
ІІІ. Ой қозғау. Бақыт деген не? Әр топтан бір-бір оқушыдан өз пікірін білдіреді.
«Мен бақытты баламын» өлең оқу.

ІV. Мұғалім түсіндірмесі. Бақыт — адамның өмір қызығы мен қуанышына, рахатына қанағаттану дәрежесін танытатын этикалық ұғым. Бақыттың негізінде адамның өмірі мағыналы және нәтижелі болған кездегі өз болмысына деген ризашылық сезімінің қалыптасуы жатыр. Сонымен бақыт дегеніміз – біздің балалық шағымыз, өмір сүріп жатқан ортамыз, отбасымыз. Балалық шақта асыр салып ойнаймыз. Мектепке барамыз. Мектепте ең қызықты күндеріміз өтеді. Өйткені қалам ұстап, оқуды, жазуды, достықты, сыйластықты үйренеміз. 

V. «Бақыт деген не?» сахналық көрініс. Әкесі мен қызы 
Айтшы,білсең егер де,
Әке,бақыт деген не?
Бақыт деген,шырағым,
Мына әсем тұрағың,
Ну ормандар,
Гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт – дәні далаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?!
Бақыт деген,сөзім шын –
Айналайын өзіңсің!
VI. Ойын. - Балалар, бүгін біздің ауылымыздың маңынан «Бақыт керуені» өтіп барады екен. Олар бақыт іздеп ұзақ сапардан келе жатса керек. Біз сабақтан «бақыт» дегеніміз не екенін ұғындық қой. Біз оған көмектесейік. Бақытты адам күн сәулесіндей жан-жағына нұрын шашып тұрады. Сондықтан қалам алып, «Бақыт дегеніміз не?» деген сұраққа жауап болатындай бір-бір сөзді күн сәулелеріне жазып, бақыт керуеніне күннің жылы нұрын шашып, бағыт берейік.
VIІ. Сергіту сәті Бейнежазбадан «көңілді жаттығу» биін билейді.
VIIІ. 3-топқа тапсырмалар беріледі. Тақырыптар сырын ашу, мына жерде боялмаған суреттер салып тұр, осы суреттерді бояп бүгінгі тақырыппен байланыстырасыңдар. 
1.Табиғат аясында біз бақыттымыз! 
2.Жанұя жылы бақыт сыйлайды!
3. Тәуелсіз Отанымда бақыттымын! 
IX. Қорытынды. Сонымен бақыт дегеніміз - ой-арманның орындалуы, қуанышты сәттің көп болуы, біздің әсем тұрағымыз, деніміздің саулығы, бейбіт өміріміз, жанұяның татулығы, береке, бірлігі. Ең бастысы балалық шағымыз екен. Ән «Бақытты балалық шақ»
X. Рефлексия.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2018
1017
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі