400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Шаттыққа толы жүрекпен

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп_Мерзiм: № 1сабақ____

Тақырып: Шаттыққа толы жүрекпен

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Сейдалиева

Сынып 1


Сабақ мақсаты: Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік

құндылықтарын үйренуіне ықпал ету.


Міндеттері:

Білімділік: Балаларға «өзін-өзі тану» пәні туралы түсінік беру

Дамытушылық: Баланың өзіне деген сенімділігін арттыру;

Тәрбиелік:Өзін және бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


  1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

«Өзіңді тану-өмірді танудан басталады»деп жазып балалардың өзін-өзі тану пәнін үйренуге қызығушылықтарын арттыру мақсатында халық даналығының мәнін түсіндіру.



Әңгiмелесу (сұхбат). Балаларға өзін-өзі тану сабақтарында өздерімен бірге болатын

Данышпан ата,Алпамыс,Ақбота,Махаббат атты көмекшілермен таныстырылады.Олардың өздеріне арнаған түрлі сұрақтары,тапсырмалары,жұмбақтары,тіпті сыйлықтары болатынын айтамын.Балаларды «өзін-өзі тану» пәнімен таныстыру мақсатында «өзін-өзі тану» пәні тақырыбында әңгімелесуге шақыру. Балаларға «өзін-өзі тану»дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ қойылып,олардың жауаптары тыңдалған соң қорытынды жасалынады.




  1. Дәптермен жұмыс

Табиғат аясын өздеріне ұнайтын түспен бояу.



7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова



8.Үй тапсырмасы.

Дәптердегі суретті бояуды аяқтау.


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.


-Балалар,бүгінгі өзін-өзі тану сабағында кімдермен таныстық? (балалар өздері қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Е

лестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі