"Шаттыққа толы жүрекпен" тренинг

Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Шаттыққа толы жүрекпен" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг ата-аналармен
Материалдың қысқаша нұсқасы



ата-аналармен семинар тренинг

Тақырыбы: «Шаттыққа толы жүрекпен»

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің «Шаттыққа толы жүрекпен» тақырыбындағы семинар тренингке  қош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі –жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана бәріміз бірге балаларға отбасы жылулығын, балабақша жылулығын беруді аямаяйық. Сондықтан да бүгінгі жиналысымыз сіздер үшін.Бәріміз осылай кездесіп, демалып, ойнап, бір-бірімізбен жақынырақ танысып, жақындасамыз деген үміттемін.

Қатысушылырдың барлығын «Шаттық шеңберіне» шақырамын.  Жаттығу «Сиқырлы қобдиша» деп аталады.  Қобдишаны бір-бірлеріңіздің қолдарыңызға бересіздер, қобдишаны ашып ішіне қарайсыздар. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.
Талдау: - Жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?
-         Сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?
-         Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?
-         Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше сіздердің «сиқырлы қобдишадан» күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпияға толы тренингімді бастаймын.

1.«Танысу» тренингі: Ата-аналар өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен амандасады.
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады.
Бразиллияда бір-бірінің иығынан қағып амандасады.
Македонияда шынтақтарымен амандасады.
Никарагуада иықтарымен амандасады.
Қазіргі гректер «Аман бол» деген сөзбен амандасады.
Арабтар «Әлем сенімен» деп амандасады.
Австралияда үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, жамбасымен қағып амандасады.

«Суреттегі ой» жаттығуы
1 – тапсырма: Ақ қағазға салынған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан
Талдау: Ортасында қара нүктесі бар ақ кеңістік.  Бұл бала алғаш дүниеге келгенде ақ қағаздай, сол қағазға ата-анасымен біздердің салған бейнеміз қаншалықты дұрыс болса, сол нәтижесімен  салыстыруға болады. 
2 – тапсырма: Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақ
Талдау:     Біз сұқ саусағымызбен өзгені көретіп  тұрғанда өзге үш саусағымызбен       өзімізді көрсетекенімізді аңғара бермейміз. Ендеше біз әлдекімді кінәләғанда, өзіміздің кінәміз бар ма, жоқ па, осы жағына көңіл бөлуіміз қажет. Кінәні өзгеден емес, өзімізден                          іздейік.
3 – тапсырма:    Түнгі аспан, айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар,   ел  тегіс ұйқыда. Тек-қана бір үйдің жарығы сөнбеген. Осы көрініс жайлы не айтасыз?
Талдау:  Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар, ел  тегіс ұйқыда. Бірақ ояу бір кісі бар. Бұл – мұғалім. Ол қанша жыл ұстаз болғанмен, балабақшада да, үйде  де ол ана.

Дәстүрден тыс сурет салу

  1. 8. «Қоқыс жәшігі»  жаттығуы
    Біз бала кезімізде үлкейгенде өз ата-анамыздың қатесін қайталамаймын деп уәде бердік. Кім өзіне «Мен өз баламды бұлай тәрбиелемеймін» - деп  айтпады. Бәрімізде осындай ой болды. Ал енді бала өмірге келгенде, біздің берген уәдеміз, бала психологиясына арналған кітаптар, құрбыларымыздың берген кеңесі, үлкен апаларымыздың кеңесі бізге көп жағдайда көмектеспей қалады. Ал енді өз ата-анамызды еске түсіріп көрейікші.
    -         Ата-анаңыз қандай еді? Қатал болдыма?
    -         Үйдегі балалардың барлығына бірдей қарады ма?
    -         Сізді өзге балалармен салыстыратынба еді?
    Алдарыңыздағы парақты екіге бүктеңіздер. Бірінші бөлігіне «Өз ата-анаңыздың тәжірибесінен нені өзіңізге аласыз» соны жазыңыз. Екінші бөлігіне «баланы жақсы тәрбиелеуде не кедергі болады деп ойлайсыз» соны жазыңыз. Бірінші бөлікті өзіңізге қалдырып, екінші бөлікті умаждап қоқыс жәшігіне лақтырамыз.



  1. Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек

  2. отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін

  3. жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен

  4. келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.(әр

  5. топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).

  6. Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

  7. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

  8. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар.

  9. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар.

  10. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,»жапырақ тобы»- жапырақты саламыз.

  11. Осы ағаштың тамыры – ата - ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз.

  12. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз

  13. жемісін береді.

  14. Стикерге ата аналар балаларына тілек жазып, осы ағашқа жапсырады.

  15. Бүгінгі сіздермен бас қосуымыздың  басты мақсаты – ата-ана – балабақша-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді дана халқымыз. Ендеше бала тәрбиесінің ең үлкен мектебі-өз отбасы. Олай болса отбасының бала тәрбиелеудегі тиімді тәжірибелерімен алмасу

  16. арқылы сіз бен біз боп ой бөліссек.

«Тілек шамы»

(қорытындылау) «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата — ана мен балабақша арасындағы қарым — қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан — жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя — жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір — бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Енді мына алдарыңызда ақ қағазда ағаштың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі жиналыстан алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып ағашқа жапыстыруларыңызды сұраймын. Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

0. Қорытынды.  «Ду қол шапалақ» жаттығуы.
Ата-ана мен балабақшаның бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Себебі, білім тәрбие арқылы беріледі. Тәрбие жоқ жерде білім де жоқ. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Болашақ білімді, дарынды, адмгершілігі мол ұрпақ үшін бұл өте маңызды.    Қоштасар алдында бір алақанымызға күлкіні, екінші алақанымызға қуанышты алып, олар бізден ешқешен кетіп қалмасын деп бір біріне жақындадып  қаттытақ қол соғайық.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.12.2024
253
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі