«ЖББ
№17 орта мектебі» КММ-сі
«Шаттыққа
толы шақтар»
/
Жаттығу түрлері/
/11
сынып/
Педагог-психолог:
М.А.Несипова
Тақырыбы:
Шаттыққа
толы шақтар.
Тренинг
мақсаты: ҰБТ-ға
байланысты бойларына сенімділік ұялату,
стрестік қалыптан арылту, өздерін жақсы
түсінуге көмектесу. Бір-біріне деген
қарым-қатынасты нығайту.
Көрнекілік:
жұмсақ
ойыншық, аяқталмаған сөйлемдер, ақ
парақшалар (кедергілерді жазуға), қоқыс
жәшігі, түсті қағаздар, қайшы, скоч,
желім, плакатқа салынған ағаш суреті,
А4 форматты ақ қағаздар.
Тренинг
бағдарламасы:
Тренинг
ережесі.
«Игі
тілек» жаттығуы
«Сыр
сандық» жаттығуы
«Қош
бол кедергілер» жаттығуы
«Сиқырлы
орман» жаттығуы
«Қолтаңба»
жаттығуы
«Ән
саламыз» жаттығуы
Рефлексия
1)Тренинг
ережесі:
- Өзін еркін ұстау
-
Сөзді бөлмеу
-
Берілген тапсырманы орындау
-
Жаппай жұмыс жасау
-
Көңілді отыру
2)
«Игі тілек» жаттығуы
Бір-біріне
сәттілік тілеп, жазған тілектерін оқып
береді,
3)
«Сыр сандық» жаттығуы
Кішкентай
сандықшада жасырылған аяқталмаған
сөйлемі бар қағаздарды алып, өз ойларымен
аяқтайды.
Шынын
айтсам, келе жатқан тест жайлы ойласам,
....
Шынын
айтсам, тестке дайындалғанда мен, ....
Шынын
айтсам, үйге келгенде мен, ....
Шынын
айтсам, қобалжығанда мен, ....
Шынын
айтсам, ойларымды жинақтай алмаған
кезде мен, ....
Шынын
айтсам, алда келер тесттен ата-аналарымның
қобалжуларын ойласам мен, .... т.б.
4)
«Қош бол, кедергі» жаттығуы
Мақсаты:
бойларындағы қорқыныш сезімнен арылу.
Оқушылар
ақ парақтарға бойларындағы сенімсіздік
тудыратын сезімдерін жазып, қағазды
умаждап, «Қош бол, кедергі» - деп, қоқыс
жәшігіне салады. Оқушылардан не үшін
салғанын сұрау.
5)
«Сиқырлы орман» жаттығуы
Мақсаты:
Өзі
туралы ойын дамыту, сенімді сезіну үшін
тұлғаны психологиялық күйге келтіру.
1.
Жап-жасыл орман, тап-таза ауа. Тек қана
құстар ән салғанын ғана естіп тұрсыз.
Сіз орманда қыдырып жүрсіз. Сіз жалғыз
емессіз, кіммен қыдырып жүрсіз?
Жауап:Қазіргі
таңда өміріңізде маңызды орын алатын
адам.
2.
Орманда қыдырып жүріп бір жануарды
көрдіңіз. Ол қандай аң? Үлкен бе, кішкентай
ма?
Жауап:
Аң
сіздің проблемаңыз. Үлкен болса –көп,
кіші болса-аз.
3.
Сіздің аңға деген көзқарасыңыз. Одан
қорқасыз ба, сүйсіне қарайсыз ба? Жауап:
Проблемадан
қорқасыз немесе қорықпайсыз.
4.
Аңнан әрі қарай өттіңіз, алыстан бір
үйді көріп тұрсыз. Ол үлкен үй ме, әлде
шағын кішкентай үй ме? Жауап:
Үй
арманыңыз.
5.
Үй сырты шарбақпен қоршалған ба? Жауап:
Адамдармен
қарым-қатынасыңыз. Қоршалмаса –
қарым-қатынасыңыз жақсы, қоршалса –
қарым-қатынасыңыз шектеулі. Өз
қауіпсіздігіңізді де ойлайсыз.
6.
Үйге кірдіңіз, ас үйде үстел үстінде
тамақ бар ма, жоқ па? Жауап:
Тамақ
болса бақыттысыз, болмаса – қазіргі
таңда өзіңізге көңіліңіздің толмай
жүргені.
7.
Үйдің артқы есігі бар екен. Сыртқа
шықтыңыз. Қапталыңызда шөп үстінде бір
ыдыс жатыр. Ол қандай ыдыс, үлкен бе,
кішкентай ма? Оны пайдаланасыз ба? Жауап:
Үлкен
ыдыс – достарыңыз көп, кішкентай болса
- достарыңыз аз. Пайдалансаңыз –
өміріңіздегі жағдайларды достармен
үнемі бөлісіп отырасыз. Пайдаланбасаңыз
– өміріңіздегі жағдайларды өзіңіз
шешуге тырысасыз.
6)
«Қолтаңба» жаттығуы.
Түсті
қағаздардан оң қолдарының пішінін басып
қиып алып, өз-өзіне тілек, ниет, мақсат,
армандарын жазып, ағашқа жапсырады.
7)
«Ән саламыз» жаттығуы.
Оқушылармен
біріге мектеп, ұстаз туралы ән айту.
8)Рефлексия.
«Сыр
сандық» жаттығуы
«Сыр
сандық» /аяқталмаған сөйлемдер/