400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сау болып өсеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
кіші топқа арналған циклограмма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кіші жас «Ақбота» тобына арналған тәрбиелік – білім беру жүйесінің циклограммасы


Қаңтар айы, 3 апта


Тақырып: «Сау болып өсеміз» (20)


Мақсаты:

  • Балаларды апта бойы денсаулықтың пайдасы туралы білім беріп, денсаулық аптасына қатысуға белсендіру.

  • -балаларды достыққа, ұқыптылыққа, икемділікке тәрбиелеу.

  • -Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.


Күн тәртібі

Дүйсенбі,18

«Өсеміз және шынығамыз»

Сейсенбі,19

«Дұрыс тамақтанамыз»

Сәрсенбі,20

«Дене шынықтырумен, спортпен доспыз»

Бейсенбі,21

«Дәрігер бізге қажет емес»

Жұма,22

«Біз сонда қиындықсыз, денсаулыққа «Иә» дейміз

Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу


Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )


Таңертеңгі гимнастика (5 мин)

Шаттық шеңбер

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың

Тақырыпқа байланысты әңгімелесу: « Өсеміз және шынығамыз»

Балалармен денсаулық туралы әңгімелесу

Тақырыпқа байланысты әңгімелесу: "Жемістер мен көкөністер»

Дұрыс тамақтанудың негізгі бастапқы ұғымдарын қалыптастыру

Тақырыпқа байланысты әңгімелесу: "Спортпен доспыз"

Спорт туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру

Тақырыпқа байланысты әңгімелесу: "Дәрігер деген кім" дәрігерлердің адамдарға қандай көмек көрсететіндері туралы әңгімелесу

Тақырыпқа байланысты әңгімелесу: "Денсаулық зор байлық" балалардың апта бойы алған білімдерін қорытындылау

Жаттығулар кешені №10

Таңғы ас

- Балалардың датарханды жаю дәстүрімен таныстыруды жалғастыру;

- Дастархан басындағы мәдениетті сақтауға баулу.

Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

Д/о «Қуыршақты емдеу»

Мақсаты: Балаларды жарақатты дұрыс емдеуге үйрету.


Д/о «Кім шақырды?»

Мақсаты: құрдасына деген достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, бірге ойнауға деген қабілетін ояту.

Д/о «Біздің денсаулығымызға не керек?» Мақсаты: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Д/о «Дәмін сезе біл»

Мақсаты: Балаларды көкөніс пен жемістің дәмін айыра білуге жаттықтыру,сөйлеу қабілетін дамыту.

Д/о «Затты сипаттай отырып тап»

Мақсаты: балаларды затты атамастан сипаттауға үйрету; төзімділікке баулу.


Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтер

Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: "Тапсырма"

Дидактикалық ойыны.

"Жоғары - төмен" дидактикалық жаттығу

Мақсаты: балалардың тәрбиешінің сөзін түсіне білуін жетілдіру; балалардың заттармен өз бетінше әрекет жасауға және оларды атай білуге талпынысын көтермелеу; балаларға жоғары-төмен сөз мағынасын түсінуіне көмектесу, оларды анық айтуға үйрету.

Музыка

(педагог жоспары бойынша)

Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүгіреміз, секіреміз

Мақсаты: тәрбиешінің соңынан «топшалап» ғ қуыршақты жетіп ал тапсырмасын орындап, жүгіру. Екі аяқтың орнында секіру.


Сенсорика

Тақырыбы: «Заттарды топтастыру»

Мақсаты: Көлемі, түсі, пішіні бойынша біртекті заттарды топтастыруды бекіту


Жаратылыстану

Тақырыбы: «Айболитке бару»

Мақсаты: Балалардың жеке еңбек процестері туралы түсініктерін тереңдету, оларды жұмыс нәтижесін көруге үйрету, белгілі бір ретпен іс-әрекеттерді орындау арқылы қол жеткізілетіндігін түсіну және оған тиісті құралдар, материалдар қажет екенін түсіну.


Музыка

(педагог жоспары бойынша)


Дене шынықтыру

Тақырыбы: Жүгіреміз, секіреміз

Мақсаты: тәрбиешінің соңынан «топшалап» ғ қуыршақты жетіп ал тапсырмасын орындап, жүгіру. Екі аяқтың орнында секіру.


Сурет салу

Тақырыбы: Штанга

Мақсаты: балаларды сәбіз штампымен сурет салудың жаңа техникасымен таныстыру. Қолдың ұсақ моторикасын, қиялын, қағаз бетіне бағдар ала білуге дамыту.


Дене шынықтыру

Тақырыбы: Сау болып өсеміз (ойын)

Мақсаты: шектеулі алаңда топшалап жүру дағдыларын жетілдіру. Ойындардың ережелері мен шарттарын орындауға үйретуді жалғастыру.

Денсаулық аптасы бойынша іс-шаралар

Денсаулық аптасының ашылуы.

«Хрюша кірқожалақ емес» қуыршақ спектаклі

«Ең пайдалы және дәмді» суреттер сайысы

Қимыл ойындар мен музыкалық-ритмикалық ойындар

Дене шынықтырудан ҰОҚ ашық сабақ «Дәрігер Айболит және оның достары»

«Біз дені сау отбасымыз» стенгазет сайыс-байқауы

Денсаулық аптасының жабылуы.

«Спортшы тәрбиеші-дені сау балалар» тәрбиешілерге арналған іс-шара

Серуенге дайындық

Киіну: реттілік, серуенге шығу

Серуен:

1. Бақылау №10

2.Ересектің көмегімен қарапайым еңбек тапсырмаларын орындау (мысалы, гүлдерді суару) Мақсаты : қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету.

3.Қимылды ойындар «Допты шығыршыққа түсір», «Кім жылдам» (2-3рет қайталау); Мақсаты: Бір-біріне қақтығысып қалмай жүгіруге үйрету.

4.Дербес ойын әрекеті, серуенге алып шыққан материалдармен ойындар. Мақсаты: қызығушылықтары бойынша ойындарды таңдауды қамтамасыз ету және құрдастарымен қарым-қатынасты қалыптастыру.

Серуеннен оралу

Балалардың реттілікпен киімдерін шешіп, жинастыруы, қолдарын жуу .

Түскі ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

Ұйқы

Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай жасау.

Біртіндеп ұйқыдан ояту, шынықтыру шаралары

1.Төсекте жатып жасайтын жаттығулар ( 2-3 минут)

Төсекте жатқан орнында көрпені аяғымен серпіп тастап оңға, солға домалау. Отырған жерде көзімізді ашып – жұмып көзімізге жаттығулар жасау .

Бағдаршам .

Бағдаршамда үш көз бар .

Әр кез бағыт көрсетер .

Қызыл көзін ашқанда дәл орныңда тұра қал ,

қызыл көзін жұмып алып ,

Сары көзін ашқанда ,

Жүруге сен асықпа ,

Сары көзін жұмып алып

Жасыл көзін ашқанда

Алақтамай жолға бас

Көзді ашып – жұмғанша өтіп кетер көлікте

2. Еденге жалаңаяқ тұрып.

Қазақ үйін құрамыз .

Дөңгеленіп тұрамыз

(шеңбер болып тұрады)

Керегені құрамыз

(қолдарын бір – бірінің қолымен ұстасады )

Уықтар боп иіліп

(қолдармен биік көтереді)

Шаңыраққа киеліп

(қолдарын биік ұстап, саусақ ұштарын иеді)

Қазақ үйін құрамыз .

(Барлығы қайтадан қолдарын ұстасады)


Бесін ас

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс


«Денсаулық»

“Кім көп таспа жинайды? ”

Мақсаты:
Ептілікке, шапшаңдыққа, қызыға ойнауға баулу, ойынға деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру. Жылдам қимылдауға тәрбиелеу.


Жеке жұмыс: ____________________________________________________________

«Коммуникация»

«Суреттер сөйлейді»

Мақсаты: сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер құрастыру.


Жеке жұмыс: _______________________________________________________________







«Таным»

«Қораптарға сал»

Мақсаты: берілген қасиеттері бойынша екі түрлі заттан таңдай білуге үйрету.

Жеке жұмыс: __________________________________________________________________

«Шығармашылық»

«Түсі қандай?»

Мақсаты: қызыл,сары,жасыл,қызғылт сары түстерді ажырату және атауға үйрету.


Жеке жұмыс: __________________________________________________________________

«Әлеумет»

«Көңіл күй»

Мақсаты: балаларға әртүрлі көңіл күйді көрсетілген суреттер арқылы қайталап көрсету, көңілді, мұңды деген сөздерді қайталауға үйрету.

Жеке жұмыс: ____________________________________________________________

Серуенге дайындық

Киіну: серуенге шығу.

Серуен

Серуенге қызығушылық туғызу.

Балалардың үйге қайтуы


Ата-аналарды апта тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Ата-аналармен жеке әңгімелесу.

Ата-аналарға үй жұмысы:

- Апта тақпағын жаттау;

- «Ең дәмді және пайдалы» атты суреттер сайысына қатыстыру

- «Спорттық отбасы» отбасылық стенгазет көрмесіне қатыстыру

- «Дене шынықтырудан дәстүрлі емес құрал-жабдықтар» сайысына қатыстыру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 қаңтар
814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі