Тәрбиеші:Райханова
Г.Д.
Білім
беру саласы: «Таным»
Бөлімі:
«Жаратылыстану»»
Тақырыбы: «Жеміс бағына
саяхат»
Мақсаты: 1. Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп,
жемістер бақта өсетіндіктерін ұғындыру.
2.күз сыйы
және бақ деген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу арқылы қабілеттерін
дамытыу.
3.
табиғатқа деген мейірімділікті тәрбиелеу..
Қажетті
құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: көкөністердің үлгілері, себет, «жеміс
бағының» суреті,үйлестірмелі материалдар.
Сөздік
жұмыс: бақ.
Билингвальді компонент: бақ – сад, уражай – өнім,
жемістер – фрукты, алхоры - слива.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің
әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық –
қозғаушылық
Шаттық
шеңбері.
-Қайырлы
таң, қайырлы күн!
Саулық
тілеп бәріне,
Сәт келді
амандасатын!
1.Таңғажайып сәт.
-Балалар,
біз бүгін саяхатқа шығамыз, ал қайда баратынымызды мына себет
арқылы анықтаймыз. Тәрбиеші жемістер салған себетті көрсетеді
(алма, алмұрт, алхоры, апельсин, лимон)
Шаттық
шеңберге тұрады, амандасады.
-Қайырлы
таң!
-Қайырлы
күн!
Қуанады.
Ұйымдастырушылық
-
ізденістік
2.Білімді
өзектендіру:
Себеттегі
жемістерді бір – бірден алып шығады.
-Мынау не?
(алма, алмұрт, алхоры, лимон, апельсин).
-Ал
бұлардың бәрін біз бір сөзбен қалай
атаймыз.
-Жемістер
қайда өседі?
-Өте
жақсы! Біз сендермен жемістер бағына саяхатқа барамыз. Күз келді,
сондықтан да пісіп тұрған жемістерді жинап алатын кез
келді.
3.Билингвальды компонент: бақ – сад, уражай –
өнім, жемістер – фрукты, алхоры – слива.
Күзгі өнім
(уражай) күзде піскен барлық жемістер мен көкөністер, дәнді
дақылдар жатады.
Бақ (сад)
– жеміс ағаштары өсетін жер.
4.
Жемістер туралы жұмбақтар жасыру.
Допқа
ұқсайды өзі,
Қызғылт
сары түсі. (Апельсин)
Жемістерді
атайды.
-Алма
т.б
Бір –
бірінің жауаптарын толықтырады.
-Жемістер
– фрукты,
-Ағашта
өседі.
Жұмбақтарды шешеді.
Қайталайды.
Өнім –
уражай.
-Бақ –
сад.
Жемістердің аттарын
қайталайды.
Жұмбақтардың жауаптарын
айтады.
Терісі
қалың, дәмі қышқыл,
Түсі -
сары
Еті –
дәрі. (Лимон)
Көктемде
ақ гүлге оранады,
Күзде
қолға доп болып оралады. (Алма)
Ілініп
тұрған шарлар,
Күн
көзімен көгерер. (Алхоры)
Жұмбақтардың шешулері болған жемістердің
суреттерін көрсетеді.
5. Сергіту
сәті:
Аяқтың
ұшымен тұрамыз,
Алманы
жұлып аламыз.
Үйге қарай
жүгіріп,
Аналарға
сыйлаймыз.
6. алмаға
тән белгілерді анықтау.
-Міне, мен
сендерге алма жұлып әкелдім.
Пішіні
қандай?
-Сипағанда
қолға қалай сезіледі?
Алманы
бөліп балаларға таратып береді.
7.Үлестірмелі материалмен
жұмыс.
Тапсырманы
қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс
жүргізеді.
Алхоры –
слива.
Аяқ ұшына
тұрады.
Жүгіреді.
-Алма
дөңгелек доп сияқты.
-Алманыңң
сырты тегіс, өзі қатты.
-Дәмі
тәтті.
Тапсырманы
орындайды.
Рефлексиялық-
тұзетушілік
Қорытындылау.
Жемістерге
байланысты сұрақтар қояды, балалардың жауаптарын толықтырады,
қорытындылайды.
Тәрбиешімен бірігіп сабақты
қорытындылайды.