Саяхат адамға не береді
Сіз жаһанды аралаған және өз ауласынан әрі шықпаған адамдар арасындығы айырмашылықты байқадыңыз ба? Менің көргенім олардың болмысы мен өмірге деген көзқарастары жер мен көктей. Осыған байланысты «ел көріп рухани жаңғырыңыз» деген турлардың саны артқан да сияқты. Менің ойымша саяхат адамға: жаңа эмоция, ми қабілетінің дамуы мен тұлғалық жаңаруды қамтамасыз ете алады. Ендеше мен оны дәлелдеп өтейін.
Ең алдымен, саяхат адамға көптеген жаңа эмоция береді. Себебі біз жаңа заттарды, өзімізге таңсық мәдениеттерді, тілдерді, адамдарды, стильдерді, тағамдарды және тб көреміз. Бұлардың барлығы бізге ерекше сезім береді, осы арқылы ерекше эмоцияға бөленеміз. Мысалы қазір ғаламтордың заманында күнделікті шортс, рилс көру арқылы біз дофамин бақыт гармоныны үздіксіз аламыз. Бірақ құр отырып алған бұл гармоннан аса бір жақсы эмоцияға да бөлене алмаймыз. Ал саяхаттау арқылы алған дофамин гармоны шынымен бізді бахытқа бөлей алады. Ремарк Эрих Мария «Ең ғажап жер — ол адамның бақытты болған жері» деген. Яғни ел аралау арқылы алған эмоциялар бізді бақытты етеді деген ой түйдім.
Екіншіден, әлемді аралағандағы жаңа оқиғалар есімізде сақталып, ол қабілетімізді дамытады. Себебі демалыс кезіндегі әр ерекше сәттерді ойымызда сақтауымыз нейрондық байланыстарымызды жетілдіріп, ми жұмысын жақсартып жылы лебіз қалыптастырады. Денеміздің бас мүшесін brain storm-ға түсіріп оның жақсы жұмыс істеуін де жетілдіреді. Мысалы Шоқан Уәлиханов Қашқарияға деген құпия сапарындағы оқиғалары мен көрген-білгендерін қағаз бетіне түсіріп естелікерімен бөліседі. Онда жазғандары құпия сапардан болғандықтан тек ойында қалған ақпараттар арқылы ғана әлемді дүрліктірген туынды жазады. Оған өзге жерді аралай жүріп барлығын есте сақтауы даму берген. Ойымның түйіні - сяхаттау тек естеліктер ғана емес мидың жақсы жұмыс істеуінеде әсер береді.
Үшіншіден, жаһанды аралау тұлғалық дамуымызды қамтамасыз ете алады. Себебі әр елдің бір жақсы дағдысын бойымызға сіңіруіміз өмірге деген көзқарасымызға өзгеріс енгізеді, ой өрісімізді дамытады. Дина Төлепбергеннің айтуынша «Біз бір ғана рөлмен шектелмейміз, Біз өзімізді қайта-қайта жасаймыз, қайта жаңғыртамыз», ал бұл жаңару дегеніміз жаһандану. Оны бізге саяхаттан алған эмоцияларымыз, естеліктеріміз, ақпараттарымыз береді. Жаһанды аралау дегеніміз тұлғалық жаһандану дегенмен тең деген ой түйдім.
Төлен Әбдік «Біздер үшін ел аралаудың ең алдымен саяси мәні қымбат.»- деп айтқанының өзі ел аралаудың абзал екенін анық көрсетіп тұр. Біз тек саяхаттап қана қоймай әр түрлі халықтардың тарихымен, әлеуметтік жағдайымен, дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысамыз. Күні түні күйбең тіршілік қамы үшін деп жан беріп, жан алысып жүре бермей ел аралап, жер көріп рухани дамайық.
Төлеуханова Нұрдана №3 Күршім гимназиясы 11 сынып оқушысы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Саяхат адамға не береді
Саяхат адамға не береді
Саяхат адамға не береді
Сіз жаһанды аралаған және өз ауласынан әрі шықпаған адамдар арасындығы айырмашылықты байқадыңыз ба? Менің көргенім олардың болмысы мен өмірге деген көзқарастары жер мен көктей. Осыған байланысты «ел көріп рухани жаңғырыңыз» деген турлардың саны артқан да сияқты. Менің ойымша саяхат адамға: жаңа эмоция, ми қабілетінің дамуы мен тұлғалық жаңаруды қамтамасыз ете алады. Ендеше мен оны дәлелдеп өтейін.
Ең алдымен, саяхат адамға көптеген жаңа эмоция береді. Себебі біз жаңа заттарды, өзімізге таңсық мәдениеттерді, тілдерді, адамдарды, стильдерді, тағамдарды және тб көреміз. Бұлардың барлығы бізге ерекше сезім береді, осы арқылы ерекше эмоцияға бөленеміз. Мысалы қазір ғаламтордың заманында күнделікті шортс, рилс көру арқылы біз дофамин бақыт гармоныны үздіксіз аламыз. Бірақ құр отырып алған бұл гармоннан аса бір жақсы эмоцияға да бөлене алмаймыз. Ал саяхаттау арқылы алған дофамин гармоны шынымен бізді бахытқа бөлей алады. Ремарк Эрих Мария «Ең ғажап жер — ол адамның бақытты болған жері» деген. Яғни ел аралау арқылы алған эмоциялар бізді бақытты етеді деген ой түйдім.
Екіншіден, әлемді аралағандағы жаңа оқиғалар есімізде сақталып, ол қабілетімізді дамытады. Себебі демалыс кезіндегі әр ерекше сәттерді ойымызда сақтауымыз нейрондық байланыстарымызды жетілдіріп, ми жұмысын жақсартып жылы лебіз қалыптастырады. Денеміздің бас мүшесін brain storm-ға түсіріп оның жақсы жұмыс істеуін де жетілдіреді. Мысалы Шоқан Уәлиханов Қашқарияға деген құпия сапарындағы оқиғалары мен көрген-білгендерін қағаз бетіне түсіріп естелікерімен бөліседі. Онда жазғандары құпия сапардан болғандықтан тек ойында қалған ақпараттар арқылы ғана әлемді дүрліктірген туынды жазады. Оған өзге жерді аралай жүріп барлығын есте сақтауы даму берген. Ойымның түйіні - сяхаттау тек естеліктер ғана емес мидың жақсы жұмыс істеуінеде әсер береді.
Үшіншіден, жаһанды аралау тұлғалық дамуымызды қамтамасыз ете алады. Себебі әр елдің бір жақсы дағдысын бойымызға сіңіруіміз өмірге деген көзқарасымызға өзгеріс енгізеді, ой өрісімізді дамытады. Дина Төлепбергеннің айтуынша «Біз бір ғана рөлмен шектелмейміз, Біз өзімізді қайта-қайта жасаймыз, қайта жаңғыртамыз», ал бұл жаңару дегеніміз жаһандану. Оны бізге саяхаттан алған эмоцияларымыз, естеліктеріміз, ақпараттарымыз береді. Жаһанды аралау дегеніміз тұлғалық жаһандану дегенмен тең деген ой түйдім.
Төлен Әбдік «Біздер үшін ел аралаудың ең алдымен саяси мәні қымбат.»- деп айтқанының өзі ел аралаудың абзал екенін анық көрсетіп тұр. Біз тек саяхаттап қана қоймай әр түрлі халықтардың тарихымен, әлеуметтік жағдайымен, дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен танысамыз. Күні түні күйбең тіршілік қамы үшін деп жан беріп, жан алысып жүре бермей ел аралап, жер көріп рухани дамайық.
Төлеуханова Нұрдана №3 Күршім гимназиясы 11 сынып оқушысы
шағым қалдыра аласыз













