400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Саяхат сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жан жақты дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Бекітілді:

Күні

2.03.2026ж

Сабақтың түрі және қатысушы оқушылар:

Топтық

Сабақтың тақырыбы

«Саяхат сабақ»

Сабақтың мақсаттары

а) Түзете дамыту: Танымдық шығармашылқ қасиеттерін дамыту. Баланың қиындықтарды жеңу арқылы қиын дағдыларды игеру, сабаққа деген қызығушылығын дамыту. Әртүрлі түстердегі жеңіл ойыншықтарды пайдалану арқылы қараңғыда жарқырап, баланың есту, визуалды және тактильді жүйелерін ынталандыруға көмектесу. Баланың ойлауымен қатар дене мүшесінің қалыпты түрде дамуы бір уақытта жүзеге асады, сол арқылы баланың барлық сезім мүшелері әрекетке түсіп, дамиды. Үлкен тапсырмаларды бірнеше оңай орындалатын бөліктерге бөлу; Көрсетілетін көмектің уақтылығы, дәйектілігі және жеткілікті ұзақтығы баланың оқудағы, мінез-құлқындағы және қарым-қатынасындағы қиындықтарды біртіндеп жеңу үшін қажетті жағдайлар туғызу. Балаларда шапшаңдықты, ептілік дағдыларын, дұрыс тыныс алуын дамыту, тепе-теңдік ұстауын дамыту.


б) Тәрбиелік:шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже

- Проприоцептивті жүйені дамыту;

- Вестибулярлық (тепе-теңдік) жүйені тұрақтандыру;

- Тактильдік (жанасу) қабылдауды реттеу;

- Назар мен моторлық жоспарлауды жақсарту.

Сабақта қолданатын әдістер мен тәсілдер

Босаңсу жаттығулары, сергіту сәттері, жеке орындалатын тапсырмалар

Маман аралық байланыс

Олигофренопедагог, логопед-мұғалімі, тәрбиеші, әлеуметтік педагог, музыкалық жетекші, дене шынықтыру (бейімдеу) мұғалімі






Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Психологиялық дайындық.

Ресурстар

Босаңсу жаттығуы

Сабақтың басы

2 минут

Амандасу. Смайлик арқылы балалармен амандасу.

Сабақтың ортасы

30 минут

Жаңа сабақты түсіндіру.

Балаларға сабақтың тақырыбын айтып, қысқаша ақпарат беру.

1. Арттерапия. Кеңістігі шектелген суретті бояу.

Мақсаты: Ұсақ моториканы және көркемдік талғамды арттыру. Суретті бояу арқылы эмоциямен жұмыс істеп, ішкі тепе-теңдікті табуға көмектесу. Зейін, қабылдау үрдістерін дамыту.

Барысы: ламинатталған суреттің ішін сұйық бояумен толтырып бояу.

2. Ойын «Кім жылдам».

Мақсаты: танымдық үрдістерін: қабылдау, зейін, ойлау дамыту.

Барысы: берілген сурет арқылы жолды тауып сурет бойынша жүріп өту.

3. Ойын «Жылдам стақандар».

Мақсаты: зейінді, логиканы және қимыл жылдамдығын дамытуға арналған.

Барысы: ойыншылар карточкада көрсетілген түстердің ретіне қарай өз стақандарын жылдам тізіп шығуы керек. Түстер тігінен (мұнара сияқты) немесе көлденеңінен орналасуы мүмкін. Әр ойыншыда 5 түрлі түсті стақан болады. Суреттері бар карточкалар жиынтығы беріледі. Ең бірінші болып стақандарды дұрыс тізген ойыншы осы қоңырауды басады. Реакция жылдамдығы. Кім бірінші қоңырауды басса, сол жеңіске жетеді.

4. «Ғажайып сәт».

Мақсаты: қабылдау, зейін үрдістерін дамыту.

Барысы: мақта дискасын түрлі-түсті фломастармен бояп, су құйылған құтыға салып, бояудың еру реакциясын бақылау.

5. «Аққала жасау» ойыны.

Мақсаты: шапшаңдықты, ептілік дағдыларын дамыту.

Керекті – құрал жабдықтар: обруч, шар, орындық. Екі бала жерде жатқан обручтан секіре отырып, орындықта тұрған шардан аққала құрастырады. Қай бала жұмысын тез аяқтаса сол бала жеңген болып есептеледі.

6. «Тыныс алу» ойыны.

Мақсаты: дұрыс тыныс алуын дамыту.

Керекті – құрал жабдықтар: шар, стакан, түтікше.

Стакандағы шарды түтікше арқылы үрлеу.

7. «Епті болсаң жүріп көр» ойыны.

Мақсаты: тепе –теңдік ұстауын дамыту.

Керек – құрал жабдықтар: кедергілер,гимнастикалық таяқшалар.

Балалар екі қолына гимнастикалық таяқшаны ұстап түрлі кедергілерден тепе – теңдік сақтап жүріп өту керек.

Дидактикалық материалдар


Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді смайликтер арқылы бағалау. Балаларға сайқымазақ тәтті сыйлықтар сыйлау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.05.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі