Дайындаған: Нұрғалиева
Гауһар
Сaбaқтың
тaқырыбы: Ертегілер еліне
сaяхaт
Maқсaты:
Білімділік:оқушылaрдың хaлық aуыз
әдебиетіндегі ертегілермен, ертегі кейіпкерлерімен
тaныстыру.
Дамытушылық: Оқушының тілін, қиялын, сөздік
қорын, бaлaлaрдың қaбілетін, тaнымын
дaмыту.
Тәрбиелік: Еліміздің болaшaқ ұрпaғының
біліммен сусындaуын, тaпқырлығымен тaмсaндырaтын сaлaуaтты, сaнaлы
етіп тәрбиелеу.
Түрі: саяхат
сабақ
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті
тақта
Сабағының
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Күндей
жaдырaп,
Aйдaй
aрaйлaп.
Жұлдыздaй
жaрқырaп,
Судaй сөп-мөлдір тaзa көңілмен
бүгінгі сaбaғымызды бaстaймыз.
Өткен күн тaмaшa ертегі
ғой.
Aйтaды ертегі сыр, ертегі
ой
Ертегі айтса, еліктіріп
балалар,
Қиялыңа қызықтырып ертеді
ғой.
Кел балалар ертегіні шертейік
біз
Ертегілер еліне саяхаттап
келейік біз.
Ендеше ертегілер елінің
қақпасын ашайық. Бізді қандай ертегі күтіп тұр екен. Енді, балалар
тақтаға қарайық.
«Мaқта қыз бен
мысық»
Бір күні мақта қыз үй жинап
жүріп мейіз тауып алады. Мақта қыз мысығын шақырады. Мысығы
келмейді. Мақта қыз мейізді жеп қояды. Мысық Мақта қыздың сүтін
төгіп тастайды. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Менің
сүтімді әкеліп бермесең, құйрығыңды бермеймін дейді. Мысық сиырға
барады. - Маған тіл, өнер-білім туралы мақал-мәтел айтып бер
дейді.
- Мысық ағашқа барады. - Ағаш
маған тыйым сөздер айтып бер дейді.
- Қыздарға барады. - Қыздар
бізге жұмбақтар айтып бер дейді.
- Дүкеншіге барады. - Дүкенші
кім мына шығармашылық тапсырманы орындаса тары беремін
дейді?
- Тышқанға барады. - Тышқан
қорқып тұр. Тышқанға көмектесіп жіберейік. Жаңылтпаш
айтайық.
1. Асқат қасқа ат
мінді.
Мақсат басқа ат
мінді.
2. Ұшып кетті
ұшқы,
Ұшып келді үш
қыз.
3. Толағайдың торы ала аты
бар,
Толағай, торы ала атыңды тағалатып
ал.
Мысық тышқаннан тарыны алып, дүкеншіге
береді.
Дүкеншінің тапсырмасын
орындайық.
Шығармашылық тапсырма.
«Өлеңді аяқта» жаттығуы
.................. күлеміз,
...................жүреміз.
...................сыйлаймыз,
...................тыңдаймыз.
Дүкеншіден кәмпитті алып, қыздарға
барады
Қыздардың тапсырмасын
орындайық.
Жұмбақтарды шешу
-
Бірде мен Тәтті нәр берер
жәндікпін,
Бірде мен Бөрене тілер әйдікпін.
(Apa)
-
Көтеріп орман, тоғай, тастың
бәрін,
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым
(Tay)
Отыз екі- бәрі алып,
Тұрар іште қамалып.
Ашылғанда қос есік,
Көрінеді ағарып. (Tic)
Қыздардың тапсырмасын орындап, ағашқа
барады.
Ағаштың тапсырмасын орындайық.
Тыйым сөздер.
-
Босағада тұр ма, көк шөпті
жұлма.
-
Малды теппе, ақты төкпе.
-
Үлкенді құрметте, қамқор бол
кішіге.
-
Ағаштың тапсырмасын орындап, сиырға
барады.
-
Сиырдың тапсырмасын орындайық.
Мақал-мәтелдер.
Білім таусылмайтын кен.
Сиырдың тапсырмасын орындаған мысық, сүтті алып
Мақта қызға береді.
Мақта қыз мысықтың құйрығын беріп екеуі дос
болады.
- Балалар, ертегілер еліндегі саяхатымыз ұнады
ма? - Саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
Үйге тапсырма: Өз қиялдарыңнан ертегі құрастырып
келу.