Сценарий: «Қош келдің, Жаңа
жыл» (Балдаурен
тобы)
«Саяхатшы Дара»
мультфилмі
Тәрбиешінің
сөзі:
Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды
маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын
бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық
әкелсін
Бәрімізге мына жыл
арайлы!
Құтты болсын
ағайын!
Жаңа жылың тағы
да
Қол соғып қарсы
алайық
Шақырайық
ортаға
Ертеңгілік
басталсын
«Балдаурен»
тобында!
Балалардың
кіруі.
(Басталуы
бимен
басталады)
Мұзды өлке жұлдыз
шамдарымен
Тақпақтар.
Бала: Оспан
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Бала: Хақназар
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз.
Бала:: Баянсұлу
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса, жаусын Ақшақар!
Бала:: Абылай
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Бала: Аруна
Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Т: Келесі кезекті
сіздерге
“Саяхатшы
Дараны” тамашалауды
ұсынамыз.
Лед экраннан
мультик бастамасы косылады 45
секунд
Сахна 1: Жаңа жылға
дайындық
(Сахнада қар жауып тұр, шырша
әдемі шамдармен безендірілген. Дара мен Боти шыршаны айналып жүріп,
ойыншықтар іліп
жатыр.)
Дара:
–Боти, Жаңа жыл жақындап қалды!
Біз шыршаны безендіріп жатырмыз, бірақ әлі бір нәрсе
жетіспейді.
Боти:
– Дұрыс айтасың, Дара! Аа,
Жұлдыз керек! Онсыз шырша сиқырлы
болмайды!
Дара:
– Шынымен, жұлдыз керек! Бірақ
біз оны қайдан
табамыз?
Боти:
– Мен білемін оны табу үшін
бізге карта керек, ендеше бәріміз карта деп
айтайық!
Карта деп,
Карта,Карта
(Кенеттен
Карта
шығады.)
Карта:
Мен
картамын, мен
картамын
Балалар: ол карта, ол
карта
Карта
:
мен
картамыыын!
Ойй, Дара мен боти жұлдызды таппай жатыр екен
ғой!
Ол
үшін үш жерден өту керек: Қарлы орман, Мұзды өзен, және Қыс
патшалығы. Ал жүріңдер, жолға
шығайық!
(Дара картаға қарап, сапарға
аттанады.)
Дара: міне бізге былай қарай аттаңуымыз
қажет. Ендеше
кеттік.
Let’s
go
Сахна 2: Қарлы орманнан
өту
Тәрбиеші:
(Дара мен Боти қарлы
орманға жетеді.
Далада
қалың Қар
жауып тұр, балалар қардан жол
таппай қиналып
тұр.)
Дара:
– Мына жер қандай қарлы екен! Қалай
өтеміз?
(Осы кезде сахнаға Қар ханшайымы
шығады.)
Қар
ханшайымы:
– Сәлем, балалар! Сендер жұлдызды іздеп жүрсіңдер
ме?
Боти:
– Иә,
біз
жұлдызды тауып, оны шыршаға ілгіміз
келеді!
Қар
ханшайымы:
– Онда мен сендерге көмектесейін. Менің сиқырлы
қарым арқылы жолды ашып беремін. Бірақ алдымен менімен бірге ән
айтыңдар!
Дара:
әрине,
айтамыз.
Ән1: «Аппақ, аппақ,
жапалақтап»
(Барлық балалар ормандағы
қарды сезініп, жеңіл әрі көңілді ән айтады. Қар ханшайымы сиқырлы
қол қимылдары арқылы жолды ашып
береді.)
Қар
ханшайымы:
– Міне, жол ашылды! Енді келесі жерге бара
беріңдер!
(Дара мен Боти алғыс айтып, сапарын
жалғастырады.)
Дара: Қош сау бол, Қар
ханшайымы
Боти: біз Қарлы орманнан өттік,
енді қайда
барамыз.
Тәрбиеші: Қарлы орман, Мұзды өзен,
және Қыс патшалығы, Дара қарлы орманнан өтті, енді қай жерге
барады.
(Мұзды
өзен)
Дара: дұрыс айтасыңдар мұзды
өзен, ендеше
кеттік.
Let’s
go
Сахна 3: Мұзды өзеннен
өту
Тәрбиеші: (Дара мен Боти екінші
кедергі мұзды өзенге де жетеді. Өзеннің үсті тайғақ, өте қауіпті
көрінеді.)
Дара:
– Мұнда өту өте қиын сияқты.
Қалай
өтеміз?
Боти:
– Мен білемін, ол үшін сөмке деп
айт.
Ой естілмейді тағы сөмке деп
айтамыз.
Сөмке:
мен сөмкемін мен сөмкемін. Менде сендерге керекті зат бар. Мінекей
менде кітап, ойыншық, және балалар дайындаған тақпақтар
бар.
Тәрбиеші:
Ал ата-аналар нені
таңдаймыз?
Кері
байланыс?
Тақпақтар
Бала: Тұмар
Жамылған ақ мамық, ұлпа
қар
Нұрланар кең байтақ Отаным
Бала жоқ сыйлықтан құр қалар
Сыйлығы көп, Аяз атаның.
Бала: Нұрасыл
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақтон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
Бала:. Аяулым
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жылтырап жатады.
Бала:: Медина
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті - ақ
Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.
Бала: Батырхан
Жаңа жыл
келді!
Қуантады
біздерді.
Тәрбиеші: Қайтсек екен Дара мен боти
әлі мұз үстінен өте алмай
жатыр.
(Дара мен боти мұз үстінде
сырғанап, өзеннен өту үшін бір ойын
ойнайық.)
Ойын
1: «Мұз үстінде сырғанау»
Баян,Аруна,
Кенже,Оспан
Ойын: Балалар мұз үстінде
сырғанап, белгіленген сызықтан өтеді. Ойын арқылы балалар
бір-біріне
көмектеседі.
Сахна 4: Қыс патшалығына
жету
Тәрбиеші: (Дара мен Боти 3ші кедергі
Қыс патшалығына жол тартады. Мұнда үлкен мұз сарайы тұр. Сарайдың
алдында
Алаяқ
жұлдызды ұстап
тұр.)
Алаяқ:
– Ха-ха! Мен жұлдызды алып
қойдым, енді сендерге Жаңа жыл
болмайды!
Дара:
– Алаяқ ұрлама, алаяқ ұрлама,
жұлдызды қайтар! Жаңа жыл баршаға қуаныш
әкеледі!
Алаяқ:
– Егер менімен ойын ойнасаңдар
ғана жұлдызды
қайтарамын!
Ойын: «Алаяқты
жеңу»
Ойын: Балалар алаяқпен «қарды
кім дәл лақтырып түсіреді» ойынын ойнайды. Егер балалар жеңсе,алаяқ
жұлдызды
қайтарады.
(Балалар жеңіп,Алаяқ жұлдызды
қайтарып
береді.)
Алаяқ:
– Жарайды, сендер жеңдіңдер!
Жұлдызды алыңдар, бірақ мен де сендермен бірге мерекені қарсы алғым
келеді.
Дара:
– Жақсы,Алаяқ! Біз барлығымыз
бірге Жаңа жылды
тойлаймыз!
Сахна 5: Аяз атаның
келуі
(Дара мен Боти жұлдызды
шыршаға іледі.)
Тәрбиеші: Болды бәрі дайын ендеше
ортаға Аяз атаны бәріміз бірге әндете отырып,
шақырайық.
Ән
2: «Аяз ата,
Ақшақар!»
(Барлығы шырша жанында ән
айтып, шыршаны айналып би
билейді.)
Т: Балалар естисіндерме, Аяз
ата келіп қалған сияқты. Ендеше ортаға
шақырайық.
Аяз ата, Аяз ата, Аяз
ата.
(сахнаға Аяз ата келеді.
Барлығы оны қуана қарсы
алады.)
Аяз
ата:
– Жарайсыңдар, балалар! Жаңадан
бері бақылап тұрмын, сендер ақылды әрі мейірімді екенсіңдер!
Сендерге дайындаған силығым бар, қанекей қандай өнер
көрсетесіңдер.
Тәрбиеші: біздің балалар дайындап
қойған билері бар.
Ал
балалар би
билейік.
Би
2:
«Жаңа
жыл биі»
(Балалар көңілді би билейді. Әрқайсысы Жаңа жылға
тілектер айтып, мерекені бірге қарсы
алады.)
Бәрі.
(осы сөзді
айтады)
Біз тілейміз жаңа жылдық
шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық
бақытты.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар!
2025 - інші жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Көріп
тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек
бақыт пен қуаныш
әкелсін!!!
Қош сау
болыңыздар!