400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Саяси хабар Өмірге иә деп айт

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 5 «В»

Сынып жетекші: Мейрамбаева С.С.

Тақырыбы: « Өмірге Ия деп айт »

Мақсаты:

«Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

- Өмір сырын түсіну, өмір сүру жолдары туралы ұғым беру:

- Өмірден өзіндік орынын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу:

- Өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Нақыл сөз:

Өмір дүние дегенің

Ағып жатқан су екен,

Жақсы-жаман көргенің

Ойлай берсең, у екен.


«Өмірге Ия деп айт! »

Жүр: Қазақ халық өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз,ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Ұлы ойшыл Шәкәрім Құдайберді атамыз:

Дүние қу,

Бір ағын су,

Түстік онда көп болып.

Күнде ағамыз,

Сандаламыз

Бейнетіміз көп болып.

Кейде тасқа,

Кейде ағашқа,

Соқтығамыз дөп келіп,-дейді.

Демек, өмірді өз ағысымыз бен өз арнамызды тура табуымыз үшін, өзімізді, өзгерлерді, қоршаған ортаны танып-біліп, рухани құндылықтарды терең меңгеріп, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытсақ, мақсат-мұратымызға қол жеткізе аламыз.


1. О й л а н а й ы қ п і к і р л е с е й і к.

Жүр:

  1. Өмір деген не? Қойлыбай данияр «Өмір деген»

  2. Өмір сүрудің мәні неде деп ойлайсындар?

  3. Өмір несімен қымбат? Неге өмірді қымбат дейміз?

  4. Адам өмірінің мәні уақыт өткен соң өзгеруі мүмкін бе? ол неге байланысты деп ойлайсың?

  5. « Өмірден өтпеңдер » дегенді қалай түсінесіз?

  6. Өз өміріңізді қалай өткізер едіңіз?

  7. Өмірде не қиын, не оңай? Далапруз Бақытжан « Үш өлшем »

  8. Өмір сүру үшін не қажет?

  9. Адам баласы не үшін өмір сүреді?

  10. Өмір мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?

Кадірбай Марғұлан « Өмір туралы»

Жүр: Шөмшібай Сариев « Өмір деген тұрмайды қап-қарадан »

орындайтын Шакизада Арсен.

С ұ р а қ ж а у а п

  1. Ақын « ақ » және « қара » деп нені мезеп отыр?

  2. Қай уақытта адам өмірі « аққа » толы болады?

  3. Адам өз бақытын табу үшін не істеуі керек?


2. Б е й н е т а с п а д а н о й қ о з ғ а у.

Жүр: -Балалар бине таспадан не түсіндік? Қандай ой түйдік? ( оқушылар өз ойларын айтып жеткізе білу).

3. Ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ ж ұ м ы с:

Жүр:

1-топ « Өмірге мен ғашықпын»

тақырыбында коллаж

2-топ « Менің өмірлік құндылықтарым»

( оқушылар құндылықтарды арнайы әзірленген алақан суретіне тізіп жазады)

3- топ « Өмірге деген құштарлық, махаббатым»

тақырыбыда өз шығармашылықтарын көрсету

4. Ж ү р е к т е н ж ү р е к к е

Жүр: Өміршендік ережелерін айтайық.


  1. Жігер деген -Мен

  2. Күш деген- Мен

  3. Махаббат деген-Мен

  4. Кешірім деген-Мен

  5. Құдірет деген-Мен

  6. Жасөспірім деген-Мен

  7. Жастық шақ деген-Мен

  8. Денсаулық деген-Мен

  9. Адалдық деген-Мен

  10. Жарқындылық деген-Мен

  11. Бар ғажайып деген-Мен

Хормен: Бәрі маған байланысты

Бәрі менің қолымда.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
986
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі