Материалдар / Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні дөңгелек үстел,
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні дөңгелек үстел,

Материал туралы қысқаша түсінік
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні дөңгелек үстел,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
164
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Қуғын сүргін құрбандары

Мақсаттары

Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралымағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Елбасының 1997 жылғы Жарлығымен 31 мамыр күні – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып жарияланған болатын. Осыған орай мектебімізде сынып сағаттыры 1-6 сыныптарда өтті. Сынып сағаты барысында оқушыларға толық ақпарат берілді. Сол құрбандардың арасында Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатов, Тұрар Рысқұлов сынды қазақ халқының бетке ұстар перзенттері, интелегенция өкілдері мен алаштың арыстары құрбан болды. Жалпы, 1930-1953 жылдар аралығында миллиондаған кеңес азаматтары репрессияға ұшырады. 1936-1938 жылдары Республика бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген. Сонымен қатар, біз бұл күні 1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тек Қазақстанды ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық миллиондаған жанның өмірін жалмады. Қазақ ұлтына жасалған геноцид екенін ашық мойындатқан жоқпыз. Саяси баға бермедік. Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу арқылы біз тарихты өскелең ұрпаққа дәріптейміз. Ұлтқа қызмет етіп, басын бәйгеге тіккен боздақтарды қастерлеп, олардың жүрген жолын болашаққа аманат етіп жеткізу – басты парызымыз. Тарихтан тәлім алып, жаңа заманға нық қадам басқан тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын, бірлігі бекем болсын! Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да запты кезең болды. Өткенге ой жіберіп, осы күнге жете алмай, армандап өткен асыл ағаларымызды еске алу, ұмытпау – әрбір ұрпақтың парызы. Ақиық ақын М.Мақатаев:

Біздер мына дәуірменен бірге өстік,

Қарап соның қабағына күн кештік.

Уақыттың үніменен тілдестік,

Уақыттың көшіменен бір көштік.

Біз жараттық мынау ғажап ғасырды,

Тарихы оның біздерменен ашылды,

Біздің мына қолтаңбамыз басулы,


Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескертуден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны блғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт – Ашаршылық жылдары деген атпен аталады. Бірақ сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да ұмытпаған жөн болар. Енді сіздер, 1930 жылдардағы нәубет, Голощекиннің саясаты туралы не айтар едіңіздер?

Оқушылар пікірлерін білдіреді

Презентация




Сабақтың ортасы


Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды. Бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да еңгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру халықты жаппай ашаршылыққа алып келді. Жер-жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және шаруалардың малын жөнсіз кәмпескелеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарда алапат тұратын жерінен күштеп көшіру орын алды. 1930-1932 жылдарда алапат аштық етек алды. 30 жылдардың басында қазақ халқы 4 млн. 800 мың болатын.

Соның 2 млн. 300 мыңы 3 жыл ішінде аштықтан қырылды. Геноцид саясатының салдарынан халық осындай қасіретке ұшырады. Тұтас ұлтты түбімен құртып жібере жаздаған. Бірақ халқымыз үнсіз көне бермеген. 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 72 көтеріліс болыпты. Созақ, адай, сабыралы атты көтерілістер осыған дәлел



Бүкіл КСРО көлемінде барлық ұлттардың зиялы атаулысы, ғалымдары мен ағартушылары, батырлары мен қолбасылары, дәулеттілері мен білімділері, діндарлары мен ақындары айдалды, атылды. Тіпті тұтас ұлттар атамекенінен жер аударылып, намыстары тапталды емес пе! Осының барлығы атышулы «58 статьямен» жүзеге асырылды. «Ақты қара, қараны ақ» дегізген жазалау саясаты, бірді емес, мыңды зарлатқан үштіктің шешімі «58 статья» еді. Осы әйгілі статья туралы әңгімемізді өрбітсек.



Жергілікті партия органдары мен НКВД басқармалары бұл шешімді өте бір өлермендікпен жанталаса орындап жатты. Тіпті көпшілік аймақтардан Сталин мен Халық комиссары Ежовтың атына «өлім лимитін» өсіріп белгілеп беру туралы өтініш-хаттар үздіксіз ағылды. Көзсіз конвейер дүрілдеп жұмыс істеп кетті – «ерекше үштік» ешқандай сотсыз тергеу-тексеріссіз кез-келген жанды ату жазасына кесіп немесе абақтыға жаба салатын болды.


Интербелсенді тақта/ компьютер




Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!