400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға сайыс түрінде сауат ашу іс-әрекетін ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Мубаракова Нұргүл

Тобы: «Шаттық » МАД топ

Біліктермен дағдылар:


Ұйымдастырылған іс- әрекет:


Сауат ашу.Математика.Қоршаған ортамен таныстыру


Тақырыбы:

«Интеллектуалды білімпаз»


Міндеті:

Балаларға ақпараттық технология туралы кеңінен түсіндіру.Әлеуметтік желілер туралы,пайдасы және зияны туралы түсінік қалыптастыру.Өз бетінше жұмыс жасауға және ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіріп, көрсету






Күтілетін нәтеже:


Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны туралы толық біледі.Өз бетінше қолданып жұмыс жасай алады.Сауат ашу, математика негіздері бойынша жұмыстар жасап,жаңа технологиямен ұштастыра алады









Әдіс -тәсілдер



Ашық сұрақтар, Бала үні, Топтастыру, Бақылау,АКТ

«Миға шабуыл»,

«Стоп әдісі»

«Фортуна шеңбері» әдісі

«Тик-ток» әдісі

«Жапалақ» әдісі



Ресурстар

Акт,Генератор.


Билингвизм

Ғаламтор-интернет




Жоспарланған уақыт


Жоспарланған іс-әрекет түрі



ҰОҚ барысы:

Кіріспе

















Негізгі бөлім


























Кіріспе

Сәлемдесу

Стоп әдісі

Миға шабуыл сұрақтар жүргізу

Қазір жылдың қай мезгілі?

қыс мезгілі.

Балалар, бүгін көңіл – күйлерің қалай?

Бүгінгі үйымдастырылған іс-әрекетке дайынбыз ба?

Балалар сендер бос уақыттарыңда телефон қолданасыңдар ма?

Қандай әлеуметтік желілер туралы білесіңдер?

Әлеуметтік желінің қандай пайдасы бар?

Зияны ше?

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыз:

Өнер - білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып - жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,-деп біздің қазіргі дамыған заманымызды сипаттап жазып кеткен екен.

Ендеше балалар біз бүгін орталықтарға бөлініп әлеуметтік желілер атаулары бойынша топтарға бөлініп жұмыс жасаймыз.Топқа бөліну үшін экранға назар аударайық.1-15 аралығында сандар бойынша бізді топқа бөліп береді.

1 орталық Tik Tok

2 орталық Whatsapp

3 орталық Instagram







1 орталық Тик-ток әдісі арқылы сауат ашу негіздері бойынша тапсырмалар орындау,достарымен бөлісу.Қимылдарын жасап билеп беру







2 орталық Планшетпен WhatsappWeb арқылы математика негіздері бойынша есептер шығару







3 орталық Көзілдірік әдісі арқылы сөздерді оқып шығу




Балалар сәлемдеседі







Балалар жауабы




























Балалар топқа бөлініп ойындарды орындайды.
































Қорытынды











Балаларды музыка үнімен ортаға жинап алу

Балалар орталықтардағы жұмыс сендерге ұнады ма?

Қандай жұмыс жасадық?

Әлеуметтік желіні осылай пайдалы өткізуге болады екен?

Бос уақыт өткізбей өз білімімізді шыңдау үшін жұмыс жасағанымыз дұрысыр-ақ

Мәди

Ғаламтор деген ғажап бар,
Бес құрлыққа тараған,
Күн-түн демей қажетке
Жаратады бар адам.

Айсезім

Адамдардың сан алуан
Көп болса да сұрағы
Миллиондаған жауабы
Лезде дайын тұрады

Айжан

Отырып-ақ үйіңде,
Шарлайсың сан әлемді.
Ғаламторға сенеді
Адамзаттың бәрі енді.

Б.Алинұр

Бірақ, досым мынаны ұқ,
Болмайды ол саған дос.
Күні бойы бас алмай,
Уақытыңды құртпа бос.

Құралай

Ғаламтордың зияны,
Пайдасымен қатар бар.
Сондықтан да ақылмен,
Тек пайдасын таңдап ал.

Ақсұлтан

Тыйса егер ата-анаң,
Ғаламторды кей кезде.
Ашуланып құр босқа
Ақылынан сен безбе.

Айзере

Ғаламтордан өзгерек,
Кітап досты ұмытпа.
Сан ойынға шырмалып,
Түсіп қалма құрыққа
.


Балалар бүгінгі іс-әрекетіміз аяқталды.Сау болыңдар.Балаларға QR көмегімен жасалған сыйымды тапсыру.Балалар туралы толық мәлімет жазылған




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16.03.2023
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі