Сауат ашу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
буынға буын жалғап сөз құрайды –Сендер М.Төрежановтың өлеңдерін, әңгімелерін білесіңдер. Ол кісінің әңгімесімен, өлеңдерімен танысқанбыз. Ал қазір мен сендерге осы кісінің «Кім ақылды?» әңгімесін оқып, мазмұнын түсіндіремін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы

Білім беру ұйымы С.Әшімбаев атындағы орта мектебі

Мектепалды О «а» сыныбы

Балалардың жасы 5 жас

Жоспардың құрылу кезеңі V1-апта 26 -30 қаңтар 2025-2026 оқу жылы

Адал азамат біртұтас тәрбие «Заң және тәртіп» « Апта дәйексөздері»- ««Тәртіпсіз ел болмайды»


Күн тәртібі

Дүйсенбі 26.01

Сейсенбі 27.01

Сәрсенбі 28.01


Бейсенбі 29.01

Жұма 30.01


Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату


Адалдық әліппесі

"Шыншыл жүрек"

Мақсаты: Баланың шын айтуына жағдай жасау.

Ойын барысы:

Балалар қолдарына жүрек ұстап отырады. Тәрбиеші сұрақ қояды, шын жауап берсе – жүректі кеудесіне қысады.

Мысалы:

Бүгін балабақшаға кешіктің бе?

Үй тапсырмасын орындадың ба?


Ата-аналармен немесе басқа заңды өкілдермен әңгімелесу, кеңес беру

Өнегелі 15 минут

Ата-анаға кеңес

"Күн сайын баламен өнегелі 15 минут"

Мақсаты: баламен тұрақты түрде сапалы, тәрбиелік мағынасы бар уақыт өткізу.

Уақыт бөліңіз – күнде 15 минут

Күнделікті жұмыстан шаршасаңыз да, 15 минутты тек балаға арнаңыз. Сол сәтте телефоныңызды қойып, бар зейін балада болсын.


Балалардың дербес іс- әрекеті (қимылдық,ұлттық,сюжетті рөлдік,үстел үсті-баспа және басқа ойындар,бейнелеу іс-әрекеті,кітаптарды қарау және басқалар )

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Атбақыл

Мақсаты: Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Шарты: Ойынға екі-екі бала қатысады да қалған балалар көтерушілер болады. Белгі соққан жерден біреуі қолындағы асығын не болмаса томпайын ( сиырдың асығын томпай д.а) алысқа иіріп тастайды.Екінші ойыншы қолындағы асығымен немесе томпайымен оны атады. Егерде ол тигізсе бірінші бала оны сақасы түскен жерге дейін арқалап барады. Егер тимесе бірінші бала атады, осылайша ойын жалғасады

«Ұлттық ойын-ұлт қазынасы»

Арқан тартыс

Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу, арқан тартыс ойыны арқылы балалардың қазақтың  салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Шарты: Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады .




Ертеңгілік жаттығу

Таңғы жаттығу кешені 10


Ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізуге дайындық

Менің Қазақстаным

ҚР гимні

Д/ойын:«Ғажайып қоржын»

Мақсаты: Балаларды заттарды қолдарымен, сипаптиісті қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

қажетті құралдар: Ғажайып қоржын. Балалар санына сәйкес, таныс ойыншықтар.



Д\ойын«Бұл қай кезде болады»

Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін жетілдіру, танымдылықтарын, ұстамдылықтарын дамыту.

Қажетті құралдар: Жыл мезгілдеріне байланысты 3-4 сурет




Д/ойын:« Өз жұбыңды тап»

Мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабілеттерін пысықтау.

Қажетті құралдар:

Цифрлар бала санына


Д/ойын:«Қателесіп қалма?».

Мақсаты: Жылдам ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың күннің әр түрлі мезгілінде не істейтін туралы біліктерін нығайту.

Қажетті құралдар:

текше


Кестеге сәйкес ҰІӘ


1 - ұйымдастырылған іс-әрекет


Сөйлеуді дамыту

Су торғайы

Міндеті: Өпитеттерді, салыстыруларды қолдану

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: әңгіменің тақырыбын және авторын біледі, мазмұнын түсініп сұраққа жауап береді;

Түсінеді: құстардың үй құстары мен жабайы құстар, жабайы құстардың жыл құстары, отырықшы құстары және жыртқыш құстары болып бөлінетінін.


Педагог балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі?

2.Әңгімеде не туралы?

3.Су торғайын кім сипаттап береді?

4.Су торғайы жемін қайдан табады?

5.Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңей

Педагог әңгіме мазмұнын 5– 6 балаға қайталап айтқызады.

Балалалар, құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді.

Әңгімедегі су торғай қандай құсқа жатады деп ойлайсындар?

Қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар және жыртқыш құстар болып бөлінеді.

Жыртқыш құстарға қандай құстар жатады? Педагог балаларға суретін көрсетеді

«Ш» дыбысын дұрыс естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:

1)Ша-ша-ша – шана.

Шу-шу-шу – шуда.

Шы-шы-шы – шыны.

Ше-ше-ше – шелек.

Ши-ши-ши – шие.

Шө-шө-шө – шөп

Сауат ашу негіздері

Ойнай отырып оқимыз

Міндеті: Сөздерді буынға бөлуге, дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгеруге жаттығулар жасату

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: жасырылған сөзді, сипаты арқылы табады, сөздің неше дыбыстан тұрғанын

анықтайды, берілген буынның жалғасын табады.

Түсінеді: қарама-қарсы сөздерді түсінеді.

Қолданады: буынға бөлуде сызбаны қолданады, дыбыстарды ажыратады


Дыбыстық жаттығу: “Ұйқасын тап” Педагог буынның аяғын айтады, балалар ұйқас сөзді тауып жалғастырып айтады. Ау-ау-ау, не деген биік тау. Гер-гер-гер, науқасты емдейтін . . . (дәрігер) Тік-тік-тік, қыста кидің . . .(етік) Қан-қан-қан, жайды әжем . . . (дастарқан) Яр-яр-яр, тұздағынымыз . . . (қияр) Тап-тап-тап, оқып отырмын . . .(кітап) Қы-қы-қы, жайылып жүр . . .(жылқы) Иыр-иыр-иыр, сүті қою . . .(сиыр) Не-не-не, қолыма кірді . . . (ине) Қа-қа-қа, бақылдайды . . . (бақа) Дидактикалық жаттығу: “Қарама-қарсы сөзін айт” Ал енді мен айтқан сөздің қарама-қарсы сөзін тауып айтыңдар. жіңішке – . . . (жуан) үлкен – . . . (кіші) ұзын – . . . (қысқа) пысық – . . . (жалқау) ашты – . . . (жапты) құрғақ – . . . (ылғал) қара – . . . (ақ) биік – . . . (аласа) жұмсақ – . . . (қатты) ыстық – . . . (суық) Дидактикалық жаттығу: “Жасырылған сөз” Шарты: бала бір сөздің атын тура атамай, оны сипаттайды. Балалар сол сөзді табады. Мысалы: “Ол күз мезгілінен кейін келеді”, “Ол келмесе, Аязата мен Ақшақар келмейді”. Жауабы: қыс.

Сауат ашу негіздері

Дыбыстық талдау

Міндеті: Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларын жетілдіру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: дауыссыз дыбыстан басталатын заттарды анықтайды, сөздерді буынға бөледі,

дыбыстық талдау жасайды.

Түсінеді: қатаң, ұяң, үнді дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын түсінеді.

Қолданады: дыбыстарды ажыратады, буынға бөледі.

Дидактикалық жаттығуы: «Буынға буын қос» (педагог балаларға суреттер көрсетеді). – Мен сендерге сурет көрсетіп бірінші буынын айтамын, сендер екінші буынын айтасыңдар. Мысалы: ( ал-ма, қар-быз, қа-уын, қа-лақай, қы-занақ, қор-жын, дәп-тер, қа-лам, қай-шы, жылқы, бал-та, көр-пе, сә-біз т.б.) Жұмыс дәптерімен жұмыс 1. Суреттен дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді ата. Сөйлем құра. Сызбасын сыз. – Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолын естеріңе түсіріңдер. Балалар педагогтің тапсырмалары бойынша жұмыс жасайды, сұрақтарға жауап береді. Дидактикалық жаттығу: «Дауыссыз дыбыстан басталатын сөз қос» – Балалар, мен сендерге заттың сипатын айтамын сендер сол сипатқа сай суреттен көрген дауыссыз дыбыстан басталатын затты айтыңдар. Мысалы: әдемі ...(көлік), заманауи ...(қала), биік ...(ғимарат), жасыл ... (желек), ұзын ...(көше), жедел ..(жәрдем), үш түсті ...(бағдаршам), жылдам ...(метро), аппақ ... (бұлт), үлкен ...(терезе) т.б. Жұмыс дәптерімен жұмыс 2. Дыбыстық талдау жаса. Көше, ағаш сөздеріне дыбыстық талдау жаса. Педагог тақтаға сөздердін сызбасын іледі. Көше сөзіне дыбыстық талдау. Көше сөзінде 2 буын, 4 дыбыс бар. Ағаш сөзіне дыбыстық талдау. Ағаш – 2 буын, 4 дыбыс. 3. Суреттерді ата. Сөздерді буынға бөл

Сауат ашу негіздері

Біз нені үйрендік?

Міндеті: Сөйлем құрай білулерін, сөйлем сызбасын сыза білулерін жетілдіру

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: сөздердін бірінші дыбысын анықтайды жəне талдау жасайды, сөздердегі

буын санын анықтайды.

Түсінеді: дауысты, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын, буынның жасалу жолын.

Қолданады: сөйлем сызбасын, дыбыстарды ажыратады.

Дидактикалық ойын: «Тиісті белгіні көтер» – Дауысты, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздерді араластырып айтамын, сендер тиісті қызыл, көк түсті жалаушаларды көтеріңдер. Мысалы: маймыл, ақ аю, ат, жолбарыс, түйе, бұзау, қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, керік, тышқан, ит, доңыз, мысық, тай, қой, құлын, тауық, ешкі, лақ, сиыр, бота, қозы, т.б. Дидактикалық ойын: «Сөздің бірінші дыбысын айт» (Педагог суреттерді көрсетеді). –Мен сендерге сурет көрсетем, сендер суретті атап, бірінші дыбысын анықтап айтасыңдар. Педагог балаларды екі командаға бөледі, бірінші бір командамен содан кейін екінші командамен ойнайды. Мысалы: өшіргіш(ө), әтеш(ә), апельсин (а), оқтау (о), ұя (ұ), ыдыс (ы), уық (у), әткеншек(ә), өрмекші(ө), ешк(е)і, элеватор(э), ірімшік(і), ине(и), үтік(ү), арыстан(а), оймақ(о), ұлу(ұ), етік(е), экскаватор(э), ілгіш(і), ит(и), үкі(ү) т.б. –Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар. Иә, дауысты дыбыстардан басталатын сөздер. Дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер? –Дыбысты айтқанда кедергіге ұшырамайды. Дауыссыз дыбыстарға сөздер: пима (п), фабрика (ф), кілт (к), киіз (к), қант (қ), тышқан (т), шымшық (ш), сақина (с), хат (х), циркуль (ц), щетка (щ), күре к(к), трактор (т), сағыз (с), тау (т), қайшы (қ), қамшы (қ), парта (п), шар (ш), сиыр (с), су (с), қап (қ )т.б –Балалар, сендер қандай дыбыстардан басталатын сөздер айттыңдар? – Иә, дауыссыз дыбыстардан басталатын сөздер. Өйткені ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығып тұр, тек салдырдан тұрады, созып айтылмайды

Көркем әдебиет

Автобуста

Міндеті: Әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға баулу. Әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейту. Үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға

Түсінеді:Әдептілік, мәдениеттілік туралы білімін кеңейді

Қолданды:Үлкендерді құрметтеуді

Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (Автобус) – Балалар, автобусқа мінгенде өзімізді қалай ұстаймыз? – Автобусқа кірген кезде орын таңдап жүру керек пе? – Көлік қозғалған кезде есігін қолмен итеруге бола ма? – Автобустың ішінде қатты сөйлеуге, жылауға бола ма? – Ал автобусқа қарт адам кіргенде не істеу керек? Педагог балаларға автобус, көліктердің суретін слайд арқылы көрсетеді. – Бүгін ақын Әбді Шынбатыровтың «Автобуста» әңгімесімен танысамыз (мазмұнын соңындағы қосымшадан қараңыз). Сөздік жұмысы: аялдама – автобус тоқтайтын орын кішіпейіл – ізетті, әдепті, үлкенді сыйлайтын Сұрақ-жауап: – Әңгімеде не жайында айтылған? Кім орын берді? Анасы баласына не деді? – Сен автобусқа мінгенде өзіңді қалай ұстайсың? Үлкендерге орын бересің бе? – Автобусты кім жүргізеді? – Автобус сөзіне сөйлем құра. Дидактикалық ойын: «Қай көлік қайда жүреді» (баланың зейінін дамыту) Шарты: бұлт, су, жол суреттеріне сәйкес көліктің түрлерін орналастырады.


«Үнемді тұтыну»- Мақсаты: Оқушылардың үнем туралы түсініктерін кеңейту, Ой - өрістерін, тілдік қорын дамыту, Үнемдей білуге ұқыптылыққа тәрбиелеу

     


Табиғи ресурстарға ұқыпты қарау — бұл біздің баламыздың болашағына деген қамқорлығымыздың белгісі. Балаларымызды үнемшіл болуға тәрбиелеп, оларды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйрету арқылы біз жарқын әрі тұрақты болашақ қалыптастыруға өз үлесімізді қосамыз.

Табиғат — біздің үйіміз! Үнемдеуді үйренейік, табиғатты қорғайық!



2 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Қоршаған ортамен таныстыру

Суық өлкедегі тіршілік

Міндеті: Балалардың суық аймақтағы тіршілік жайлы білімдерін қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Балалардың суық аймақтағы тіршілік жайлы білімдерін қалыптасады

Түсінеді: Жабайы аңдар және олардың қоршаған ортаға бейімделу ерекшеліктері туралы .

Қолданады:Қызығушылыққа, мейірімділікке, жауапкершілікке, топпен

жұмыс жасай білу

Бүгін біз ең қатал табиғи аймақпен танысамыз. Бұл – Арктикалық шөлдер аймағы. Көзімізді жұмып, айналамызда мұз бен қар бар екенін елестетейік. Біз Арктика шөлінде, қар мен мұз патшалығына барамыз. Музыка ойналады. Үнтаспадан дауыс шығады: «Ерте-ерте-ертеде, мұзды-таулы өлкеде, қатігез сұлу ханшайым құрыпты сауық-сайранын! Зеріккеннен баспаққа, темір торлы аспаққа, мұз өлкенің аңдарын ұстап алып қамапты!» Интербелсенді тақтадан аппақ «Қар ханшайымы» сарайы көрінісі шығады. Қабағы қатулы «Қар ханшайымы» тақта отырады. Торда қамаулы жануарлар, құстар тұрады. – Құрметті Қар ханшайымы! Сіз мына мұз сарайыңызда қатты зеріктіңіз. Сіздің көңіліңіз мұз болғандықтан, жүрегіңіз де мұзға айналып бара жатыр. Жақсылық іс жасасаңыз, зеріккеніңіз басылады, мұз сарайыңыздың сәні кіреді! – Маған қандай ақыл айтпақсың? – Мұз өлкенің тұрғындарын тордан босатсаңыз, көңіліңіз көтеріліп, мейірімді ханшайымға айналасыз! – Жақсы, бірақ менің тапсырмаларымда орындасаңдар ғана босатамын! Қар ханшайымының 1-тапсырмасы: Жұмбақ шешу Құбылыс бар керемет, Алаулайды көкжиек, Аспан жанып, нұр төгер! Алтын арай ілінген. От жалындай жанады, Көз тартады жарқырай, Мұз үстіне тамады. Не екен ол? Кім білген? Педагог балалармен ақылдасып, «Солтүстік шұғыласы» деген шешімге келеді. – 1-слайдты тамашалайық. Тек Солтүстікте және қыста ғана ең әдемі табиғат құбылыстарының бірі – Солтүстік шұғыласын көруге болады. Оның сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес! Ол – аспанда пайда болатын жарқыл. Солтүстік шұғыласы полярлық түнде жақсы көрінеді. – Полярлық түн деген не? – Полярлық түн 6 айға дейін созылады, Күн көзі мүлде шықпайды

Математика негіздері

10-ға дейін санау

Міндеті: Көрнекілік арқылы 10-ға дейін сандардың пайда болуымен таныстыру

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта

санауды;

түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы

санды алу тәсілін;

қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын.

Ойын жаттығуы. «Қай қорапта көбірек?» Балаларға әртүрлі өлшемде бірнеше қорап пен ойыншықтар беріледі. Олар заттарды қораптарға салып, қай қорапта көбірек ойыншықтар бар екенін анықтайды. Балалар санау негізінде, элементтердің (заттардың) бір-біріне қатынасымен де заттар санын салыстыру қабілетін дамытады. «Карточкалармен ойнау» ойын жаттығуы. Балаларға мөлшерді салыстыру үшін әртүрлі заттардың суреттері бар карточкалар ұсынылады. Олар әртүрлі карточкалардағы заттардың санын салыстырып, қай карточкада көп немесе аз заттар бар екенін анықтауы керек. Бұл ойын үшін №8, №9 парақтар қолданылады. Педагог магниттік тақтаға себеттер (3) және алма (2), табақтар (3) және алмұрт (3) суреттерін іліп қояды. – Себетке бір алма сал. Алманы әр себетке қос. – Не артық? Не кем? (Себеттерге қарағанда, алма – кем.) – Басқаша қалай айтуға болады? (Себеттер – алмадан артық). – Алмұртты әр табаққа қос. – Не көп, не аз? Қорытынды жаса. Балалар алмұрт пен табақтардың саны бірдей деген қорытынды шығарады. Содан кейін ол заттардың жиынтық топтарын салыстыруды ұсынады, олар үлкен қашықтыққа жылжытылады, содан кейін – үлкен және кішкентай заттарды санау ұсынылады. Мысалы: – Алманың қай қатары көбірек?

Математика негіздері

10-ға дейін санау

Міндеті: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға, әрбір келесі сан 1-ге артық, алдыңғы сан 1-ге кем екенін, қағаз бетінде бағдарлауға жаттықтыру

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: қарапайым мысалдар шығару, 1-ден 10-ға дейін тура және кері бағытта

санауды;

түсінеді: 1 санды қоса есептеу арқылы келесі санды және 1 санға азайту арқылы алдыңғы

санды алу тәсілін;

қолданады: 1-ден 10-ға дейін санау дағдысын.

Педагог балаларға вагон болуды ұсынады. Он бала бірінің артынан бірі тұрып, пойыздың қозғалысына еліктейді. Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі цифр салынған карточкалар беріледі. Педагог қалған балаларға вагондарды тура және кері тәртіпте 1-ден 10-ға дейін санауды ұсынады. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. №16 парақтағы вагондарды санауды тура және кері тәртіпте ұйымдастыру үшін қолдануға болады. Педагог паровозға 5 вагон қосып бекітеді. Паровозсыз тек вагондарды санауды сұрайды. Паровозды «қосалқы жолдарға» ысырып қояды. Тапсырма беріледі: вагон нөмірлерін тіркеу Вагондардың нөмірленуін кері тәртіпте өзгертеді және балалармен бірге оңнан солға қарай санау жүргізеді. Содан кейін вагондармен жағдаят ойнатылады. Педагог вагондардың бір-бірден туннельге кіретінін хабарлайды. Тақтаға немесе балалардың үстелдеріндегі карточкалардан жазылған сандық қатарға сәйкес педагог сандық қатарды құру ережесін көрсетеді. Әрбір келесі сан 1-ге артық, алдыңғы сан 1-ге кем. Балалар бақылайды, саусақты сандық сегменттің суреті бойынша жүргізе алады, санау мен есептеуді бір-бірлеп түсіндіреді. Сондай-ақ, үлестірмелі материалдан сандары бар карточкалар қатарын жасауға болады. Педагог 1-ден 10-ға дейінгі сандардың табиғи қатарын көрсетеді. Содан кейін педагог вагондардың туннельден бір-бірден шығатынын хабарлайды. – Біз оларды қалай есептейміз? Міне, 1-еу, ал одан кейін тағы 1-еуі шықты. Қанша вагон болды? (2)

Математика негіздері

Заттар тобын санау және салыстыру

Міндеті: -Көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9 сандарының пайда болуымен таныстыруды жалғастыру, топтарда заттардың тең және тең емес санын білуді бекіту

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: санайды, заттар тобын салыстырады, сөздерді айтады: «азырақ, көбірек, тең»;

түсінеді: өзара бірмәнді сәйкестікті анықтау арқылы заттардың топтарын салыстыру

тәсілін;

қолданады: санап, салыстыру білігін

«Қай қорапта көбірек?» ойын жаттығу. Балаларға әртүрлі өлшемдегі заттар салынған бірнеше қорап беріледі. Балалар қай қорапта көп зат бар екенін анықтауы керек. Заттарды қайтадан санағаннан кейін, цифрлары бар карточкаларды алады, оларды көрсетеді (жәшіктерге бекітіледі). Педагог бір қораптағы заттарды екі қорапқа (банкалар, табақтар) бөліп салуды сұрайды. Әр заттың қанша екенін есептеп, цифры бар сондай карточканы табады. – Қанша зат болды? Оны қандай бөліктерге бөлдік. Санайық: 4 – бұл 1 және 3. 4 затты тағы қалай бөлуге болады? (2 және 2). Алманың суреттерінің көмегімен – №2, №3 парақтар 3, 4, 5 сандарын құрайды. Санау материалымен жұмыс. Балалар көрнекілік арқылы 6, 7, 8, 9 сандардың пайда болуын көрсетеді. Педагог 4 бұршақ шығарады, содан кейін тағы 3 бұршақ қосады. – Қанша болды? Қайта санайды, 7 деп атайды. Педагог 7 санын тағы қалай шығаруға болатынын сұрайды. Балалар талдайды. 5 және 2 санының қосындысы 7, 6 және 1 санының қосындысы 7 болады деген қорытындыға келеді. Сол сияқты олар 8 және 9 сандарының пайда болуымен танысады

Қоршаған ортамен таныстыру

Біздің табиғаттағы достарымыз

Міндеті: Жануарларды топтары (аңдар, құстар, жәндіктер, қосмекенділер) және әр топқа тән ерекшеліктері туралы түсіндіру

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:Жануарларды топтары (аңдар, құстар, жәндіктер,

қосмекенділер) және әр топқа тән ерекшеліктері туралы

Түсінеді: Балалардың жануарлар туралы білімін кеңейту арқылы сөздік қорларын арттыру

Қолданады: Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу

Ойын сәті. – Біз бүгін саяхатқа шығамыз. Міне, көлігіміз де дайын. Ал мына перронда отырғандар нелер? (Үстелде жануарлар бейнеленген суреттер). Балаларға тапсырма беріледі: Бірінші вагонға жануарларды, екінші вагонға құстарды, үшіншісіне жәндіктерді, төртіншісіне қосмекенділерді орналастыр. Балалар санамақ бойынша 4 топқа бөлінеді. Әр топқа жолсерік сайланады. Балалар жануарлардың суреттерін өз вагондарына дұрыс орналастырулары тиіс. Әр вагонның жолсерігі вагонындағы жануардың атын атап тұрады. – Бірінші вагонда нелер отыр? Оларды басқалардан қандай белгісіне қарап ажыратамыз? – Бірінші вагонда жануарлар отыр. Олардың 4 аяғы бар, денесін түк жапқан, балаларын сүтпен асырайды. Екінші вагонда отырғандардың басты ерекше белгілерін ата. Екі аяғы, тұмсығы, қанаты, қауырсыны бар. Олар – құстар. Үшінші вагондағы жолаушылар туралы айтыңдар. – Үшінші вагонда жәндіктер орналасқан. Олардың 6 аяғы бар, денесі 3 бөліктен тұрады. – Төртінші вагонға нелер орналасқан? – Төртінші вагонға қосмекенділер орналасқан. – Оларды неге қосмекенділер деп атайды? – Олар құрлықта да, суда да өмір сүреді. Көмектеріңе рақмет! Жолаушылардың бәрі орналасып болды. Балалар өзара пойызды жүргізу үшін машинист керек екенін айтады. Үстел бетінде жануарлардың әртүрлі дене бөліктерінен өз қалауларынша жаңа бір бейне құрастырады. Оған ат қояды. Жолға шығуға белгі беріледі. Жолда көңілді болу үшін «Пойыз» әнін орындайды. «Кәне, кімнің бойы ұзын?» «Ұйқышылдар» аялдамасы: Бұл жерден қыстай ұйықтап, көктемде оянатын жануарлар шығады. – Бірінші вагоннан нелер шығады? – Бірінші вагоннан аю, кірпі шығады. – Екінші вагоннан нелер шығады? – Ешқайсысы шықпайды. – Үшінші вагоннан ше? – Бәрі шығады. – Төртінші вагоннан ше? – Бақа, жылан шығады. – Балалар, достарымызды шығарып салайық (балалар қолдарын бұлғап шығарып салады).


Үлкен үзіліс: «Күй күмбірі» « Ақсақ құлан» күйі

Мақсаты: Түрліше сипаттағы музыканы сүйсіне тыңдап, тани білуге ынтасын арттыру,


Қаңтар

Ақсақ құлан


3 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Қазақ тілі

Үйрек

Міндеті: Байланыстырып сөйлеу.
-Өз бетінше қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге, әңгімелесушінің сөзін мұқият тыңдауға, сұрақтарды дұрыс қоюға, оған қысқа және толық нақты жауап беруге баулу
.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:үйрек туралы білімі кеңейді

Түсінеді: пайдасын біліп, әңгімеледі;

Қолданады: тапсырманы орындады; салыстырды, бағалады.

Үйрек туралы әңгімелеу.

Үйрек, үй үйректері — қаз тәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құстар.

Үйректің түрлеріне ақ басты үйрек, өзен үйрегі, сүңгитін үйректер, мускустық үйректер,

Лабрадор үйректері, жалды үйректер, қара басты үйректер, каменушка үйректері, крестті

үйректер, қызғылт құлақты үйректер, тұрпандар, қызыл басты сүңгуір үйрек, доминикандық

ақбас үйрек, қатты құйрықты үйректер, Хартлауб үйректері, қызғылт басты үйректер, қола

қанатты үйректер, ақ арқалы ақбас үйректер, теңбіл үйректер және торыалақаз жатады.

Топпен суреттегі үйректің, қаздың тауықтан ерекшелігі туралы әңгімелейді...

Үйректің баласы-балапан.

Үйрек суда әдемі жүзеді. Ол балапандарын жүзуге үйретеді. Ақ үйрек, қара үйрек, қоңыр

үйрек, ала үйрек – су бетіне көрік береді. Үйректің мойны қысқа, аяқтары жарғақ, тұмсығы

жалпақ болып келеді. Үлестірмелі материалдағы көлшікке үйректің балапандарымен

ермексаздан мүсіндеп «жүздірейік».

Ол үшін балапанның дене құрылысын талдап алайық: денесі – сопақша, мойны – қысқа,

басы – дөңгелек, тұмсығы – жалпақ, көзі – мөлдір қара, қанаты, құйрығы, екі аяғы бар.

Ермексазбен үйректің балапанын жасатуға да болады.

Қазақ тілі

Көгершін

Міндеті:- -Шығарманы рөлдерге бөліп сомдауға, кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізуге баулу, шығарманы еркін талқылауға мүмкіндік беру.


Күтілетін нәтиже:

Жасайды Көгершінді білді;

Түсінеді:Көгершінді неге достықтың,мейірімділіктің, адалдықтың,

бейбітшіліктің құсы дегенді түсінді;

қолданады:«Ө», «І» дыбыстардың орнын тапты;

Суреттерге қарап әңгімеледі



Көгершін туралы әңгімелеу.

Кептерлер (лат: Columbae ) немесе көгершін — құстардың бір отряды. Қазақша дұрыс атауы -

көгершін, ал кептер дегені парсы тілінен кірген атау. Көгершін ірілігіне қарай: мәстек кептер

және тәжілі кептер болып екіге бөлінеді. Кептерлер отрядының 2 тұқымдасы бар, оның

біріншісі — дронттар; екіншісі — кептерліктер.

6. Ән тыңдау.

https://www.youtube.com/watch?v=nfWdI78RfZk

АҚ КӨГЕРШІН

Өлеңі: Н. Баймұхамедов Әні: А. Жұбанов

Мына жоғарғы жақта ненің суреттері бейнеленген?

Достық

Мейірімділік

Адалдық

- Осы аталған сөздердің мағынасын КӨГЕРШІН құсымен байланыстырып, өмірде ондай

адамдар бар ма? Сипаттау, әңгімелеу.

4.5. КӨГЕРШІН құсын көргенде жүрек махаббатты белгілейміз бе ме әлде қол ұстасып тұрған

достықты белгілейміз бе? Сәйкес суретті белгілеңіздер

.

Сөйлеуді дамыту

Қыс қызықтары

Міндеті: --Қойылған сұрақтарға қысқаша немесе толық жауап беруге баулу

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: шығармашылық әңгіме құрайды, қыс мезгілінің ойындарын бөледі;

Түсінеді: ертегі мазмұнын түсінеді, қардың қандай болатынын ;

Қолданады: сөздерге дыбыстық талдау жасайды.


-Балалар, осы қыс мезгілінің қызықтарын айта отырып әңгіме құрайық.

Даладағы аппақ қар күмістей жарқ-жұрқ етеді. Қардың аппақ тазалығы сондай, бетіне ештең тастағың келмейді. Енді сендер осы қыс қызықтары туралы әңгіме құраңдар.

Балалардың әңгімелерін тыңдайды.

Өте жақсы тағы да кім құрап береді.

Қыс мезгілінде сендер қармен көп ойнайтындарың ды әңгімелеріңнен байқадым.

Қар туралы «Қар қандай?» ертегісін оқып берейін.

«Қар қандай?»

Бірде құстар дауласады. Олар қардың, кәдімгі қардың қандай болатынын анықтайды.

Ұшып жүріп сұрақ қояды:

Қар қандай болушы еді?

Алтындай жарқырап тұрады, – дейді Таң.

Көгілдір түсті, – дейді мұнтаздай көгілдір Аспан.

Тастай суық, – деп жауап береді Үйрек, тұмсығын қанатының астына тыға түсіп.

Жып-жылы шығар, – деп жауап қатады Тауық.

Жеп-жеңіл! Сондай жеңіл! – деп шу ете қалады Жел.

Сондай ауыр! Кереметтей ауыр! – деп күрсінеді ағаш Бұтақтары.

Күмістей, әрине! – деп күлімсірейді аспандағы сұлу да сымбатты Ай.

Жер-көкті шарлаған құстар алуан түрлі жауаптар естиді, бірақ олар әртүрлі болып шығады.

Балалар қар қандай?– деген сұраққа әр қайсысы әртүрлі жауап берді, неге?

Көркем әдебиет

Мысық, түлкі және әтеш

Міндеті: - Таныс кейіпкердің бейнесін сомдауға ынталандыру. Байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру. Бауырмалдыққа, бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу

Күтілетін нəтиже:

Жасайды: ұжыммен сахналық қойылымға қатысады;

Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді;

Қолданады: сұрақтарға жауап береді.

Бұрап қойған сағаттай, Айғайлайды таң атпай. (Әтеш) Жолбарысқа ұқсайды, Тек тышқанды ұстайды. (Мысық) Өзі айлакер, өзі бір қу, Жүрген жері айғай да шу. (Түлкі) – Мысық, әтеш, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?

Бүгін біз «Мысық, әтеш және түлкі» деген орыс халық ертегісімен танысамыз. Ертегіні мәнерлеп, дауыс интонациясымен оқиды, мазмұнын түсіндіреді Сөздік жұмысы: шап беріп ұстау – бассалып, тез ұстап алу тәкаппар – менменсу, кеудесін көтеру Ертегінің мазмұны бойынша сұрақ-жауап: – Ертегі қалай аталады? Не туралы айтылған? Саған қай кейіпкер ұнады? – Орманда мысықпен бірге не өмір сүрді? – Мысық қайда кетеді? Түлкі әтешті қалай алдады? – Мысық әтешті қалай құтқарды? Түлкінің жасағаны дұрыс па? – Мысық, әтеш, түлкі кейіпкерлерін сипатта.

Шығармашылық бейнелеу әрекеті (сурет салу,мүсіндеу,жапсыру,құрастыру)

Атама арналған тымақ

Міндеті: - Балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру

- аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттармен (моншақ, дән және т.б.) безендіру

--Жапсырудың түрлі әдістері (симметриялы, сыңарлы симметриялы, сұлбалы) мен тәсілдерін (тура, қисық қию, ою, флористика элементтерін және т.б.) қолдану, түрлі материалдардан (қағаз, мата, табиғи материалдар) жапсыру

- Қағаздан құрастыру. Қағаз цилиндрлерден қазақ халқының ұлттық бас киімдерін

Топтық жұмыстар


Қауіпсіздік сабағы : «ҮЙДЕГІ ҚАУІПТІ ЗАТТАР»

Мақсаты: балаларды үйдегі қауіптізаттарды тануға үйрету және қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру.


Үйдегі қауіпті заттарды білудің маңыздылығы жайлы қысқаша әңгімежүргізу. Қауіпті заттармен әрекет ету ережелеріҮйдегі қауіпті заттар: Тәрбиеші үйдегі кейбір заттардың қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіреді. Қауіпті заттар: пышақ, дәрі-дәрмектер, тазалау құралдары, розеткалар, ыстық заттар (үтік, пеш), жиһаздың бұрыштары. 1- ереже. Пышақтарды немесе басқа өткірзаттарды ұстамаңыз. Түсіндіру: «Пышақтар өте өткір және жарақаттауы мүмкін. Әрқашан ересектерден көмек сұраңыз». 2- ереже. Ешқашан ересектердің рұқсатынсыз дәрі ішпеңіз. Түсіндіру: «Дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдамаған жағдайда қауіпті болуы мүмкін». 3- ереже. Ыстық заттардан аулақ болыңыз. Түсіндіру: «Ыстық заттар күйдіруі мүмкін. Пеш немесе үтіктен абай болыңыз». 4- ереже. Розеткалармен/ажыратқыштармен және электр құрылғыларымен ойнамаңыз. Түсіндіру: «Электр қуаты өте қауіпті. Электр розеткаларына ешқашан ештеңе қоспаңыз».

Пайдалы сілтеме: https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij


«Бола ма немесе болмайма?» ойыны Тәрбиеші әртүрлі әрекет берілген суреттерді көрсетеді (мысалы, «пышақты ұстау», «ойыншықтармен ойнау», «пешке жақын бару») және балалардан бұл әрекетті істеуге бола ма, жоқ болмай ма деп сұрайды. Балалар «болады» немесе «болмайды» депжауап беріп, себебін түсіндіреді. «Қауіпсіз затты тап» ойыны Тәрбиеші балаларға әртүрлі заттардың суреттері бар карточкаларды береді. Балалар ойнауға қауіпсіз заттарды (мысалы, доп, қуыршақ) тауып көрсетуі керек және олардың неге қауіпсіз екенін түсіндіруі керек.


4 - ұйымдастырылған іс-әрекет



Дене тәрбиесі

Көтеріңкі көңіл күй

Міндеті: - Отырып алға қарай еңкею, тізерлеп тұрып алға еңкею

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Отырып алға қарай еңкею

Түсінеді: тізерлеп тұрып алға еңкею

Қолданады:жаттығу жасайды


Шөл әлемі

«Қи қоңыз» ойын-жаттығуы. Еркін бағытта фитболдарды (доптарды) домалатуға жаттықтыру.

Фитболдарды зал бойымен домалатып жүреді. Доптарды қатты итермейді.

Батпақ әлемі

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Төбешіктен-төбешікке».

Ойыншылар еденге тақтайшаларды қойып, оның үстіне тұрады, сонан кейін екіншісін қояды. Осыдан кейін екінші тақтайшаға секіріп тұрады да, бірінші таяқшаны алып, оны алдыға тастайды. Осылайша залдың екінші шетіне дейін тақтайдан-тақтайға секіріп барады. «Теңіз шуы» үнтаспасын тыңдайды.

Музыка

Қыс келді

Міндеті: - Балалар музыкалық аспаптарында қарапайым, таныс әуендерді

жеке және шағын топпен орындауға үйрету

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ән айтады, әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындайды.

Түсінеді: айтылатын әннің мазмұнын, мәтінін түсінеді.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады

Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту:

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва х.ә.

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә.

(өңдеген Т. Попатенко)

Дене тәрбиесі

Көтеріңкі көңіл күй

Міндеті: - 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру (бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды).

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: 3-5 метр қашықтықта екі қолын жерге қойып, жүру

Түсінеді: бір бала екінші баланы аяғынан ұстайды

Қолданады:жасайды

«Кокостармен ойнаймыз»

Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.

Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады.





Дене тәрбиесі

Көтеріңкі көңіл күй

Міндеті: - Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: - Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар: екі бала жұптасып жасайды

Түсінеді: бірінші бала қолын желкесіне қойып, шалқасынан жатып, денесін көтереді

Қолданады: қолданады


«Кокостармен ойнаймыз»

Отырған күйде допты екі қолмен бастан асыра лақтыруға үйрету. Доп ұстаған қолды бастан асыра артқа жіберіп, доптың траекториясы алдыға, жоғары дұрыс ұшу үшін, бүгілген қолды түзу ұстап, допты лақтыру шеберліктерін (машықтарын) қалыптастыру.

Доптың артынан залдың сол немесе оң жағынан жүгіріп барып алып келіп, сапқа тұрады. Допты сол қолмен лақтырады

Музыка

Айнала ақша қар

Міндеті: -Балалар шығармашылығын дамыту, оларды белсенділікке, дербестікке баулу

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды.

Түсінеді: бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланысу.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады

Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев) Ән айту:

«Айнала ақша қар» (И. Мамақов) «Қыс келді» (Б. Жұмабекова)

Музыкалық-ырғақтық қимылдар:

«Көңілді балалар» литва х.ә.

(өңдеген Т. Ломова)

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев) Ойындар, хороводтар:

«Көлеңке» (К. Қуатбаев)

Музыкалық аспапта ойнау:

«Тамшылар» румын х.ә.

(өңдеген Т. Попатенко)











Серуенге дайындық

Киімдерді реттілікті сақтап дұрыс киінуге үйрету.

Серуен

Бақылау: Бұлтты бақылау.

Мақсаты: Қыста аспанды сұрғылт бұлт басады, бұлттың салдарынан қар жауады т.б. түсіндіру. Зәулімде тұрағы Тіреусіз тұрады.(Бұлт).

Еңбек: Көшедегі қар жинаушы машинала-

рдың жұмысын бақы

лау.Мақсаты: Қар тазалаушы машиналардың адам үшін пайдасының зор екендігін

айту.Еңбекті дәріптей білуге үйрету.

Жеке жұмыс:

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.Күніне талай жерге кетер кезіп, Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт

Мақсаты: Балаларға бұлт туралы түсінік қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілетін дамыту.

Қим.ойын: «Мені қуып жет».

Мақсаты: Шапшаңдыққа үйрету. Денені ширату арқылы денсаулықты нығайту.

Еркін ойындар

Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды


Бақылау: Мұзды бақылау.

Мақсаты: Мұзды көрсете отыра сипаттау. Қыс мезгілінде өзендер мен көлдердің бетін мұз басатындығы жөнінде түсінік беру.

Еңбек: Тайғанақ жерге құм себу.

Мақсаты: Балаларды бірлесіп жұмыс жасауға баулу. Өздеріне беріл

ген тапсырманы тия-

нақты орындауларын қадағалау.

Жеке жұмыс: Жаңа жыл туралы тақпақ жаттату.

Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда-жаңа нұр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Мақсаты: Еске сақтау қабілетін дамыту, сөздерді қатесіз дұрыс айтуға үйрету.

Ойын: «Тышқан мен мысық».

Мақсаты: Шапшандыққа, жылдам шешім қабылдауға үйрету

Еркін ойындар

. Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды

Бақылау:Ауа-райын бақылау.

Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ойын: «Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи»

Еркін ойындар.

Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды


Бақылау: Мұздақты бақылау.

Мақсаты: Мұздақтың пайда болу жолын түсіндіру, мұздақтан абай болып жүруге үйрету.

Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.

Мақсаты: Еңбекқорлыққа үйрету. Жалқаулықтан аулақ болуға шақыру.

Жеке жұмыс: Жұмбақ жатттату“

Отқа жанбас, Суға батпас” (мұз)

Мақсаты: Мұз туралы түсінік беру. Жұмбақ жаттату

арқылы сөздік қорын молату.

Есте сақтау қабілетін дамыту.

Қимылдық ойын: «Қазан».

Мақсаты: Бірлесіп ойнауға шақыру.

Балалардың көңілдерін көтеру.

Еркін ойындар

Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды

Бақылау: Күнді бақылау.

Мақсаты: Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.

Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты: Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:

Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты: Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

Еркін ойындар

Мақсаты: Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды


Серуеннен оралу

Балалардың киімін ретімен шешу өз-өздеріне қызмет ету

Балалармен жеке жұмыс


Қайратұлы Ермұхаммед Өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың қарапайым тәсілдерін біледі. Сөздік қоры жақсы дамыған

Берік Шахнұр Айдынұлы

Ана тіліндегі барлық дауысты дыбыстарды анық айта алуына; сөздегі дыбыстардың орнын анықтай алуына;

айтылуы және дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды анық айта алуына жаттықтыру

Кентай Аяжан Бауыржанқызы

Теңдік туралы түсінік қалыптастыру, әртүрлі заттардан тұратын топтардың санын анықтау, топтарды санау және салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс жалпылау

Раис Дастан Талғатұлы

Мүсіндеудің әртүрлі әдістерін қолдануды, мүсіндеген заттарымен түрлі ойындар ойнауды үйрету


Ахметжан Аяулым Нұржанқызы

Қайшымен түрлі геометриялық пішіндерді қия алуды; қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішіндерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қия алуды үйрету


Балалардың іс- әрекеті ( ойын,танымдық, коммуникативтік,шығармашылық,эксперименталдық,еңбек,қимыл,бейнелеу,дербес және басқалары)*

«Гүлдерді күтеміз»ойыны

Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.

Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.

Қаржылық сауаттылық

1. "Қалталы аю" ойыны

Мақсаты: Үнемдеуді үйрету.

Барысы: Аюдың қалтасына әр бала ақша (қағаздан) салады. Кім көп үнемдесе, сол жеңімпаз.

Ұғым: Ақшаны бірден жұмсамай, жинау жақсы.

Қаржылық сауаттылық

2. "Бюджет құрастыру" (қарапайым)

Мақсаты: Ақша бөліп үйрену.

Барысы: Балаларға 10 "теңге" беріледі. Тәрбиеші:

3 теңгеге – тамақ

2 теңгеге – ойыншық

5 теңгеге – киім

дегендей бюджет құрастыруды үйретеді.

Саусақ ойыны: Жүретін саусақтар.

Мақсаты:Саусақтарын жүргізе отырып,саусақты шынықтыру және заттарды атау үшін логикалық есін ұлғайту.

Керекті құралдар: Суреттері бар кітапшалар.

Шарты: Суреті бар кітапшаны алып,ішін ашып,ішінде балалар білетін деген суреттерді парақ бетінде саусақтарды жүргізе отырып (2 саусақпен),суретті нұсқап оның атын сұрайды.балалар жауап береді.Сол ереже бойынша қайталанады.




Экологиялық мәдениет

. "Орманды құтқар"

Мақсаты: Орманды қорғау, табиғатты аялауға баулу.

Барысы: Балалар «ағаш» болып тұрады. Біреуі «жел», біреуі «жаңбыр» рөлін ойнайды. Егер біреу "ағашты кесемін" десе, балалар «жоқ!» деп қарсы шығады.

Қорытынды: Ағаш – табиғат байлығы

Балалардың үйге қайтуы

Өнегелі 15 минут

Ата-анаға кеңес

Отбасылық дәстүр қалыптастырыңыз

Кешкі шайдан кейін 15 минут балаға арналатын арнайы уақыт екенін бала білсін. Бұл — отбасы мәдениетінің бастауы.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі