400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы







Тақырыбы:

П дыбысы мен әрпі.
























Сабақтың тақырыбы: Пп дыбысы мен әрпі.


Сабақтың мақсаты:

П дыбысы және П әрпінің баспа түрімен таныстыру. П дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, әрі дауысты, дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажырата білуге үйрету. П дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді үйрету мақсатында сөйлем құрастыра білуді үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту. П әрпінің баспа түрін жазуды үйрете отырып, қол жаттықтыру жұмысын жүргізу. Сабаққа қызығушылығын арттыру көзделді. Ой ұшқырлығын дамыту.


Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сұрақ-жауап, сөздік ойын.


Пайдаланылатын көрнекі-құралдар: кеспе әріптер, текшелер, сөздік ойын, ойыншықтар, суреттер, «Бәйтерек» суреті, санағыш таяқшалары.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру (амандасу).

  • Балалар, қазір бізде «Сауат ашу» сабағы.

  • Сендер маған мынандай сұрақтарға жауап бересіңдер ме?

  1. Біз қай Республикада тұрамыз?

  2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  3. Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атап береді?

  4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын білеміз бе? (хормен айтқызу).

  • Балалар, жақсы. Міне, осы Республикамыздың тәуелсіздігіне 15 жыл толып отыр. Сабағымыз «Тәуелсіздік күніне» арналады. (суретті ашу).

(Балалар білетін тақырыптарын айтады).

  • «Рәміз».

Рәміздерім – елдігімнің бергісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім - Әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.


«Елтаңбасы елімнің»

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілді,-

Ортада аспан әлемі.


Құт, береке – шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,-

Еркіндігім Елтаңбам.


Қазақстан байрағы.

Зеңгір аспан көңілді,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.


Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Тұрса күндей төгіп тұр,

Жылдарымыз жайдары.


Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанаты.

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты.


  • Жақсы.

  • Қазақстан – Менің Отаным. (Едіге).


  • Енді суретте нелерді көріп тұрмыз.

  • Қане, айтып жіберейік.

  • Енді бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «П дыбысы мен әрпі».

  • Балалар, мына тақтадағы суретке қарайықшы.

  • Мынау не? Піл.

  • Мынау не? Доп.

  • Мынау не? Қолғап.

  • Жақсы. Осы «Піл» деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр. «П» дыбысы.

  • «П» - деп бірнеше рет айту. (Мұнда тісіміз бен ерініміз бір-біріне тиіп тұр және айтқанда созылып айтылмайды. Сондықтан дауыссыз дыбыс болады.

  • Көк текшемен белгілейміз. Келесі «Доп», «Қолғап» деген сөздердің қай жерінде «П» кездеседі. (сөз аяғында). «Доп», «Қолғап», «Піл» сөздеріне дыбыстық талдау жасату және сөйлем құрайық. – деп балалармен жұмыс жүргіземін.

Кітаппен жұмыс. Д/н жұмыс.

Келесі «Кім тапқыр» ойынында екі қатарға бөлек тапсырма беру.


«Сандықсөз» табу.


1 – ҚАТАР.

1

2

3

4

1

2

2

1

1

2



А

Н

Т

П

Н

А

Н

А

Н

А




1

3

1

1

4

1



А

Т

А

А

П

А




2 – ҚАТАР.

Санағыш таяқшаларынан сөз жазады.


АНА АТА

АПА НАН


  • Жақсы. Енді «Кім жылдам» ойыны. Балаларға сөз таратып беремін. Кезекпен оқиды. Буынға бөлгізу. Ұ-лу, Е-мен, Бо-та, Ал-ма, Мы-сық, Ай-ран, Қас-қыр, Ы-дыс. (қол шапалақтау арқылы сөздерді буынға бөлдіру).

Сергіту сәті. «Он саусақ» (қимылдар келтіру).


Ән: «Астана».

  • Жақсы. Енді сөзжұмбақты шешейік. Осы Астана сөзіне дыбыстық тардау жасатамын.


А – дауысты.

С – дауыссыз.

Т – дауыссыз.

А – дауысты.

Н – дауыссыз.

А – дауыссыз.



  • Жұмбақ жасырып көрейін, сендер шешіп көріңдер.


Аузы бар, тілі жоқ,

Терісі бар, жүні жоқ.

Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды.

(балық).


Үй ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.

(тышқан).


Жасырылған суретті ашу. «Бәйтерек»

Па, пе, па-на, а-па. (бірге оқу).


  • Балалар, бүгін қандай «әріппен» таныстық.

«П» әрпімен.

П – қандай дыбыс екен.

Дауыссыз дыбыс.


Әнұранмен аяқтау.


Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау. Қызыл, жасыл жұлдызшалар тарату.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі