Сауат ашу-1 сынып Б дыбысы мен әрпі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу-1 сынып Б дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1-сынып мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Сауат ашу

Мектеп: Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатқа саяхат.

Мұғалімнің аты-жөні: Муналбаева А.К.

Күні:

Қатысқандар саны:

Сынып: 1 сынып

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Б дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу)қолдану

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру

Сабақ мақсаттары:

Білу, түсіну, қолдану.

Жаңа білімді меңгереді.

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері:

Б дыбысын тани алады, б дыбысы бар сөздер ойлай алады.

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы,сұраққа жауап беру арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік мақсаттар:

Балық-рыба-fish (фиш),б-п жұп дауыссыздар, клуб,штаб сөздері,

Құндылықтарды дарыту:

Оқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсетуін, түсіністігін, табиғаттағы жаратылыс туралы, бордың неден пайда болатынын, өсімдіктің қажеттілігін сезіне алады, жасыл желекті қорғай білу құндылықтарын дарыту

Пәнаралық байланыстар:

Өнер, дүниетану,жаратылыстану сабағы

АКТ қолдану дағдылары:

Аудиожазба, таныстырылым.

Бастапқы білім:

П дыбысы мен әрпі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Психологиялық ахуал

Ертеңгілік шеңбері Қол алысып, кәне,біз

Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру.

Достарыммен бір жүру! Қандай жақсы дос болу!

Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

-Сәттілік тілейміз!

-Всем удачи!

-Good luck!

Тапсырмаларды орындаған оқушыларға қар ұлпалары беріліп отырады.

Өткен сабақты қайталау

«Иә немесе Жоқ»

-Қазақ тілінде 42 әріп бар.

-Дыбыстар 4-ке бөлінеді.

-Әріпті көреміз, жазамыз.

-Дыбысты естиміз, айтамыз.

-Біз өткен сабақта я әрпімен таныстық.

-Пп дауысты дыбыс.

2.Өтілген п дыбысы бойынша 3 сөз беріліп, буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау, сөйлем ойлау.

«Қаламсап» әдісі арқылы әр топтан 1 оқушы шығып, суреттердің арасынан п әрпінен келетін суретті алып,

- буынға бөледі

-дыбыстық талдау жасайды

-сөйлем құрайды


ДИСКРИПТОР

-Дыбыс пен әріптерді ажырата білді

-Сөзді буынға бөледі,дыбыстық талдау жасайды,сөйлемді дұрыс құрай алды


















Суреттер карточкалар






ҚБ

Қар ұлпалары

Сабақтың ортасы

ТЫҢДАЛЫМ


















ОҚЫЛЫМ

Жаңа тақырыппен танысады.

АКТ қолдану

Б дыбысын айтқанда еріннің бір-біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болады. Б дыбысы сөз басында, ортасында кездеседі, (суреттер арқылы б дыбысының сөздің басында, ортасында кездесетінін, ал сөз соңында қазақ тіліндегі сөздерде көп кездеспейді. Клуб,штаб, сияқты сөздерде келеді. б дыбысы- дауыссыз дыбыс.

Өзіне шап –шақ, киген қалпағы аппақ,

Балалар тұр қаптап.

Бір өсімдік бар: бір көргенде сап –сары

Бір көргенде аппақ, үрлесең ұшып кетеді.

Бұл не?

(Бақбақ).

Бақбақ туралы ақпарат беру.

Бақбақ-астралық гүл тұқымдасы,көп жылдық өсімдік, 59 түрі бар,сәуір-мамыр айларында гүлдейді,дәрілік мақсатта қолданылады, мал азығы, тамаққа пайдаланылады.

  1. Сурет бойынша жұмыс, берілген сөздерді оқыту, мазмұнын түсіндіру

  2. Сөздік жұмыс. «көрік», «болат»

  3. «Бор неден жасалады» мәтінін тізбектеп оқыту, мағынасын ашу

  4. Ауызша, рөлге бөліп оқу, сұрақтарға жауап алу

ДИСКРИПТОР

-Б дыбысы туралы білді

-Б дыбысы кездесетін сөздерді тапты

-Бақбақ туралы білімін молайтты

-Мәтін мазмұнына түсінді
















Оқулықпен жұмыс



ҚБ

Қар ұлпалары

Сергіту сәті

Ойын «Балық аулау»

Қармақ, сөздер жазылған балықтар

ЖАЗЫЛЫМ


Қызықты тапсырмалар


АЙТЫЛЫМ

Дәптермен жұмыс

Б дыбысын үлгі бойынша жазып үйренеді.

Топтық жұмыс

3 топқа шығармашылық тапсырма.

1 «Сөз құра, тез құра»

Әріптерден бота, балық сөздерін құрау, дыбыстық талдау жасау.

2. «Сәйкестендір»

3. «Топтастыру»

ДИСКРИПТОР

-Б дыбысының жазылуын білді

-Тапсырмаларды орындауда белсенділігі артты


Жұптық жұмыс


Қар қиыршықтарында жазылған сөздерді оқу.

Оқулық,дәптер



Тапсырма жазылған парақтар





ҚБ


Сабақтың соңы


Кері байланыс

Мен не білдім?

Бүгін мен не үйрендім?

Мен үшін қандай тапсырма киын болды?

Оқушылар сұрақтар бойынша жауап береді, жауаптары арқылы сабақтың қалай, оны қалай меңгергенін көрсете алады, бір-бірін бағалай біледі, топтық жұмыс кезіндегі өздеріне баға берді.


Саралау – оқушы-ларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қабілеті жоғары оқушылар(А) айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс түсіне біледі, өз ойларын еркін айта білді

Бағалау – оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Бақылау:

Жетістік критерийлері мен дискрипторлар бойынша әр оқушының жаңа сабақты меңгеруін байқау.

«Қаламсап» әдісі бойынша бағалау.



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ұжым бойынша орындау кезінде төзімділікке, бір-бірін тыңдай білу ге тәрбиелеу

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекеттер арқылы оқушының сабақтағы көңіл-күйін көтеріп отыру

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсат-тары орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болдыма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Орындалды, себебі б дыбысын оқушы түгел танып, сөздер ойлап, өздері де ойларын ортаға салды


Б дыбысы мен әрпінің қалай жазылуын, қолданылуын үйренді.

Өте жақсы деңгейде өтті. Оқушыларымның сабақтағы белсенділіктерінен сабағымның нәтижелі болғанын білдім.

Тапсырмаларым сабақтың әр бөліміне сәйкес келді, бір-бірімен сабақтастық болды.



Уақытты тиімді пайдаланып, сабақ уақытында аяқталды.

Жоспарыма барлығын біліп отырған оқушыға жеке тапсырманы көбірек дайындауымды енгіземін.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетсеңіз(оқыту мен оқуға қатысты)

1. Жан-жаққа б дыбысы бар суреттерді іліп, оқушының назарын, бүгінгі сабақта не өтетінін өздеріне тапқызуым сәтті болды.

2. Топтық жұмыстағы тапсырмаларды оқушылардың бір-бірінен асыра орындауға деген ұмтылысы керемет болды.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?

1. Бор туралы тағы да көптеген деректер жинауым керек. (борды неге жейтін туралы)



Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1. Оқушыларға жеке тапсырмалар көп берілуі қажет деп шештім.

2. Оқушылардың сабақта не өтілетінін өздері анықтап алулары үнемі жүйеленіп отырылу керек екеніне көз жеткіздім.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2018
1263
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі