400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу 1-сынып Д д Дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 81-сабақ

Мектеп : Жаңашаруа қазақ орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жекенова Ақжарқын

Сынып: 1 “ә”

Қатысқандар: 20

Қатыспағандар:-

Тақырыбы:

Ата ақылы. Д д дыбысы мен әрпі

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және буын санын анықтау.

1.1.4.1. Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.3.11.1. Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Бағалау критерийлер:

Барлық оқушылар орындай алады:

Сөздің буыннан тұратынын түсінеді, сөздегі буын санын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннің мазмұнының тақырыбын иллюстрациялап болжай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Сөйлемді бас әріптен бастап жаза алады, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қоя алады.

Жетістік критерийлері

Сөздің буыннан тұратынын түсіне алады. Мәтіннің мазмұнының тақырыбын иллюстрациялауды болжайды.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Сын тұрғысынан ойлау, видеожазба.

Тілдік құзыреттілік

Әріп-буква-letter

Сабақ барысы: 35 минут

Алдыңғы оқу:



55-56 сабақ








Жоспар

Жоспарланан уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері


Тапсырмалар

Дескриптор-лар

Ресурстар

Басы

Айтылым
















Тыңдалым

Психологиялық тренинг.

Топ, топ, добым домалақ,
Топ, топ, добым домалақ,
Қайда кеттің домалап
Қайда кеттің домалап
Бір, екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.
Алты, жеті дегенде.
Жаттың шаршап еденде.
Сегіз, тоғыз дегенде,
Сайға сырғып жөнелдің.
Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.


- Д әрпінің жазылуын видеодан көрсету.
-
Өткен сабақты “Мен саған, сен маған” сұрақ –жауап әдісі бойынша қайталанады. (Доптың суреті көрсетіледі)

-Мынау не?

-Доп.

-Доп қандай?

-Доп домалақ.

-Доп сөзінде бірінші қандай дыбысты естіп тұрсың?

- Д д дыбысы.

- Д д әрпін қандай түсті ұяшыққа орналастырдық.

-Көк түсті.

-Дұрыс балалар, олай болса мына үш түсті доптарды (қызыл, сары, жасыл) ала отырып үш топқа бөлінеміз.




















Дыбыстарды ажырата алады.

Сергіту

сәті.
















Доптың суреті










Қызыл, сары, жасыл доптың суреті

Ортасы

Жазылым






Жазылым










Тыңдалым




1-топқа

1-тапсырма. “Ойлан, тап?” ойыны бойынша суреттердегі Д әрпі бар сөздерді тап. Оларға дыбыстық талдау жаса.

Постер қорғау.

Мадақтау.

2-топқа

2-тапсырма. Әріптер мен сандарды пайдаланып, сөз құрастыр.

Постер қорғау

Мадақтау.

3-топқа

3-тапсырма. Мұғалімнің көмегімен берілген суреттердегі заттардың алғашқы әріптерінен сөз құра. Қандай сөз шықты? Оны жаз.Постер қорғау.

Мадақтау.

Сергіту сәті. (Ұзын құлақ сұр қоян)

Дәптермен жұмыс.

Д д әрпінің бас әрпін және кіші әрпін жазу.


-Сөздерді есте сақтайды, айтады

Тыңдалым, оқулықпен жұмыс


Интерактивті тақта

Соңы






Бұл суреттердің ішінен сәйкес келмей тұрған суретті тап.

(домбыра, доп, дуадақ, дәптер)

-Дуадақ.(Мәлімет беру)

-Дұрыс , дуадақ дене тұрқы тауыққа ұқсас құс. Шөл, шөлейтті далада мекендейді. Ірілерінің салмағы 20кг дейін жетеді. Бұл-өте сақ құс.

-Сәйкес келмей тұрған суретті ажырата алады

Домбыра, доп, дуадақ, дәптердің суреттері

Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?







Д әрпі бар сөздер ойлап, оларға сөйлемдер құрап жазу.


Рефлексия







Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді доптар салынған суреттер арқылы бағалау.

Жасыл доп-барлығын түсіндім.

Сары доп-енді түсініп келемін.

Қызыл доп-түсінбедім.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі