жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сауат ашу 1 сынып Дидактикалық материалдар
Тапсырма
Жұмбақтарды мұқият тыңдаңыз.
А
яғы
бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не?
Шешуі: ( )
Ұ
шып-қонып
тынбайды,
Қанша ұрсаң да сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерде жатпайды.
Бұл не?
Шешуі: ( )
Ү
рлесең
жеп-жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң көк теңбіл,
Бұлтқа да жетеді.
Бұл не?
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Өлеңде не туралы айтылған? Суреттен белгілеп көрсетіңіз.
Добым, добым, домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Тентек болып кеттің деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
(
Ұ.
Есдәулетов)
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әсет пен Әлияның үйі қалада. Олардың ата-әжесі ауылда тұрады.Биыл жазғы демалыста олар ауылға барды. Бір күні әжесі Әсетті іздеп, таба алмады. Әжесі Әлиядан:
Қызым, Әсетті көрдің бе? - деп сұрады.
Әсет хайуанаттар бағында жүр. Енді ол кешке дейін сол жақтан шықпайды,- деді Әлия.
Балалар қайда келді?
-_________________________________________________________________________________________
Әжесі Әлиядан не сұрады?
Әлияның «хайуанаттар бағы» деп тұрғаны не деп ойлайсыз? Ойыңызбен бөлісіңіз.
Жұпта бір-біріңізге мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
________________________________________________________________________________________
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Тақырыбын оқыңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсыз?
Қамқорлық
Тапсырма
Б
ерілген
өлең шумақтарын мұқият тыңдаңыз. Өлеңдегі
сұрақтарға жауап беріңіз.
Кешіріңіз Не деу керек?
Рұқсат па?
рахмет
Сәлем
Апаң сенің базардан, Алма сатып әкелді. Ең үлкенін, жақсысын, Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Осы келген бетіңде, Допты қудың жарыстың, Көшенің сол шетінде,
Кезікті бір танысың. Ұмыттың сен не деуді?
Әжең сенің түскі асқа, Қант-кәмпит салды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа, Өз бетіңмен салдың қол. Не дегенің жөн еді?
Добын апар Назардың,
Деді ағаң бармадың. Тапжылмадың, сазардың, Аға тілін алмадың.
көмектесейін
Сен қай сөзді айтпадың?
Балалар жүр көшеде, Естіледі шу-айқай.
Сен де шықтың, көршіңді
Қағып кеттің байқамай. Мұндайда не деу керек?
Ү
Жарайды
Не дегенің жөн еді?
Диалогті мұқият тыңдаңыз.
Сенің атың кім?
Менің атым – Марғұлан.
Сен неше жастасың?
Мен алты жастамын.
Сен ше?
....
Жұптық жұмыс.
Диалогке сүйеніп, досыңызға сұрақ қойыңыз. Сұрақ арқылы
досыңыздың анасының аты кім екенін; ………………………………………………………………………..
отбасында неше адам бар екенін;…………………………………………………………………………………..
сүйікті ойыншығы қандай екенін;…………………………………………………………………………………..
қандай ойынды ұнататынын анықтаңыз. …………………………………………………………………………..
Сөйлесудің нәтижесі бойынша досыңызды сыныпқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында басқалардың назарын аудару үшін дауыс ырғағын, ым-ишараны қолданыңыз.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Айдар бірінші сыныпта оқиды. Оның Мойнақ деген күшігі бар. Ол күнде Айдарға ілесіп, мектепке барады. Айдар сабақтан шыққанша есіктің алдында күтіп отырады.
Бір күні Айдар Мойнаққа өзінің сөмкесін беріп қойды. Мойнақ сөмкені тістеп алып, Айдарға ілесіп келе жатқан. Кенет жолдың шетінде жатқан сүйекті байқап қалды. Ол сөмкені тастай салып, сүйекке жармасты. Айдар бұған таңдана қарады.
Мәтін кім/не не туралы?
________________________________________________________________________________________
Мәтіннің қай бөлігінде күлкіңіз келді?
_______________________________________________________________________________________
Мәтін сізге ұнады ма, ұнамады ма? Неліктен?
___________________________________________________________________________________________
Тапсырма
Сурет бойынша «Менің күн тәртібім» тақырыбына шағын әңгіме құрастырыңыз.
Тапсырма
Суреттегі заттарды атаңыз. Сөзде неше дыбыс бар? Сөздегі дауысты дыбыстарды қызыл түспен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояңыз және атаңыз.
Тапсырма
Берілген сөз жұптарын мұқият тыңдаңыз. Не байқадыңыз? Өзгерген дыбыстарды атаңыз. Сөздердің мағынасын түсіндіріңіз.
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР
АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ
ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ
Өзіңіз мысал келтіріп айтыңыз.
__________________________________________________________________________________
Тапсырма
Заттардың атауларын буынға бөліп айтыңыз. Сөзде неше буын бар? Сызбамен көрсетіңіз.
Тапсырма
Берілген сызбаларға мұқият қараңыз. Суреттерді пайдаланып, сызба бойынша сөз/сөйлем құрастырыңыз.
Тапсырма
Жұптық жұмыс. Суретке мұқият қараңыз.Сурет бойынша бір-біріңізге сұраққойыңыз және жауап беріңіз.
Тапсырма
Сөздерді оқыңыз және сәйкес суреттермен байланыстырып сызыңыз.
ша-на тау-лар та-ға нан қо-ша-қан пар-та
Тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Көп нүктенің орнына қай әріпті қоюға болады? Сол әріпті қоршап сызыңыз.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Берілген үлгіні жалғастыра отырып, мәтінге сурет немесе сызбаның көмегімен жоспар құрыңыз.
Оқушылар мектепке келді. Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Анар қаламын алды. Сапар сызғышын дайындады. Мұғалім келді. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесті. Сабақ басталды.
1
2
3
Мәтінге ат қойыңыз _________________________________________________________________
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Жақында біздің сыныпта суретшілер байқауы болды. Оған бәріміз қуана қатыстық. Маржан қуыршақтың суретін салды. Талғат тракторды бейнеледі. Саят көтергіш кранның, ал Аяулым гүлдердің суретін салыпты. Мен мектептің суретін салдым. Салған суреттерімізді сыныптың қабырғасына іліп қойдық.
Суретшілер байқауына кім қандай сурет салды? Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сөздер мен суреттерді байланыстырып сызыңыз.
Бос орынға әңгімелеуші баланың салған суретін салыңыз.
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Заттың атауына санын қосып айтыңыз. Төмендегі кестені толтырыңыз.
-
-
-
-
Қанша?
Не?
бір
...
...
қонжық
жеті
...
қуыршақ
алты
...
...
машина
...
көжек
-
-
-
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Шарларда жазылған сөздерді суреттермен сәйкестендіріп айтыңыз.
Суретке сүйене отырып, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазыңыз.
... оқушысың.
... дәптерім.
Тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Сөйлемді сызба түрінде жазыңыз.
Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Менің Қаламқас дейтін қарындасым бар. Ол төрт жаста. Мен оны өте жақсы көремін. Қаламқасты ойнатамын. Түрлі ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет салуды үйретіп жүрмін.
Қаламқас тақпақ айтуды ұнатады. Ол мені жақсы көреді.
Мәтінде қанша сөйлем бар?
Мәтінге сүйеніп, берілген сызба бойынша сөйлем құрастырып айтыңыз.
Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Ұзақ пен қарға
Ұзақ пен қарғаны ажырата аласыз ба? Ұзақтың денесі қарғадан кіші және түсі қап-қара. Тек мойнының тұсы сұр болып келеді. Ұзақ - жыл құсы.
Қарғаның бүкіл денесі сұр түсті. Ал басы, мойны және қанаттары қара түсті болып келеді. Қарға - отырықшы құс.
Мәтін не туралы?
Мәтін бойынша құстарды сипаттаңыз.
Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіндегі сипаттамаға сүйеніп, суреттің астына құстың атауын жазыңыз.
_______________________ ________________________
Тапсырма
Ертегіні тыңдай отырып, суреттердің ретін анықтаңыз. Нөмірлеп көрсетіңіз.
Екі әтеш
(Ертегі)
Ертеде бір шал мен кемпірдің екі әтеші болыпты. Бір күні кемпір оларға жем шашыпты. Әтештер жемді жей бастапты. Шұбар әтеш жемді қызғанып, сұр әтешті қайта-қайта шоқи беріпті. Ызаланған сұр әтеш те оны шоқып алыпты. Содан соң екеуі төбелесе кетіпті. Олар бір-бірімен таласып жатқанда, көрші үйдің балапандары келіп, жемнің бәрін жеп қойыпты.
Суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айтыңыз.
Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Тақырыбы бойынша әңгіме құрастырыңыз. Оқиға немен аяқталуы мүмкін?
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Бұл жағдаяттарда қандай сыпайы сөздерді қолдану керек?
Сурет бойынша жұпта диалог құрастырыңыз.
Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңдаңыз.
Кім қайда барады?
Атай, қайда барасыз?
Немереме базардан Қауын қарбыз әкелем.
Әжей, қайда барасыз?
Немереме қыздардан Сағыз сұрап әперем.
Ағай, қайда барасыз?
Балам жақсы көретін Қарап жүрмін күшік мен.
Апай, қайда барасыз?
Балам қыста киетін Іздеп жүрмін ішік мен.
Бала қайда барасың?
Алаңқайға барамын, Доп ойнауға жарадым!
(Е. Өтетілеуұлы)
Жұптық жұмыс.Өлеңнің мазмұнын диалог түрінде әңгімелеп беріңіздер.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Марат пен Нұрлан тоғайға барды. Олар бұта арасынан ұя тауып алды.
Ұяда балапандар бар екен. Олар балалардан қорқып шиқылдай бастады.
Бір кезде балапандардың енесі ұшып келді. Бірақ ұясына қонбай, балалардың үстінен айнала ұшып жүрді. Балалар ұяның қасынан кетіп қалды.
Мәтін не туралы? ………………………………………………………………………………………………..
Құс неліктен ұясына қонбады?..........................................................................................................................
Балалар ұяның қасынан неге кетіп қалды деп ойлайсыз?..............................................................................
Балалардың іс-әрекеті дұрыс па? Неліктен?....................................................................................................
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз. Жұпта әңгімелеңіз.
Тапсырма
Б
ерілген
сөздерді мұқият тыңдаңыз. Сөздегі әр
дыбыстың дауысты немесе дауыссыз екенін
айтыңыз және сәйкес белгіні көтеріңіз.
ТҮЛК ҚАРБЫЗ КІТАП
-
ДАУЫСТЫ
ДЫБЫС
- ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС
Тапсырма
Ө
леңді
мұқият тыңдаңыз. Жасырын сөздерді тауып
айтыңыз. Сөздердің мағынасын өзгертіп
тұрған дыбыстарды атаңыз.
Маған да, саған да, Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан. Бәріне де ең жақын Айтады, қане, кім атын?
Тапсырма
Заттардың атауын буынға бөліп айтыңыз. Буынды сызбамен көрсетіңіз.
Сөзде неше буын бар? Буынның санын цифрмен жазыңыз.
1-тапсырма
Берілген суреттерді атаңыз. Сызбаға сәйкес келетін суреттерді тауып, белгілеңіз. Сөзді сызба бойынша түсіндіріңіз.
2-тапсырма
С
уретке
мұқият қараңыз. Сурет бойынша сызбаға
сәйкес сөйлемдер құрастырыңыз және
оқыңыз.
Тапсырма
Сөздер мен суреттерді байланыстыра отырып, мәтінді дауыстап оқыңыз.
Атай
ә-кел-ді.
Тор-ғай-ды ал-ды-на
о-тыр-ғыз-ды. Оған
берді. жемді
жеді.
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Сәуленің әжесі бар. Әжесі Сәулеге шәлі тоқып берді. Шәлі жылы.
Ол әдемі және сәнді. Сәуле шәліні басына тартты. Ол қуанды.
Мәтінде не туралы айтылған?
А В С D
Шәліні кім тоқыды? А) анасы В) әпкесі С) әжесі D) тәтесі
Шәлі қандай? А) жылы В) үлкен С) ұзын D) кішкентай
Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсыз……………………………………………………………..
1-тапсырма
Сөздерді оқыңыз және суретпен сәйкестендіріңіз.
2-тапсырма
Берілген сөздерді оқыңыз. Сөздерді суретпен сәйкестендіріңіз. Суретке сүйеніп, берілген сөзге қарама-қарсы мағыналы сөз жазыңыз.
Тапсырма
Сурет бойынша жұпта бір-біріңізге сұрақ қойыңыз және жауап беріңіз.
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Менің інім бар. Ол әлі кішкентай. Інім балабақшаға барады. Інімнің ойыншықтары көп. Олар: машина, доп, текшелер, қонжық. Інім қонжығын жақсы көреді. Ол ойыншықтарын ұқыпты ұстайды.
Інімнің қандай ойыншықтары бар? Белгілеңіз.
Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) ертегі
В) әңгіме
С) өлең
мақал
Мәтіннің жанрын қандай белгілеріне сүйеніп анықтадыңыз. Түсіндіріңіз.
……………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Тапсырма
Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқыңыз және бояңыз.
Тапсырма
Сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтаңыз. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Әжем қонақтарға ________________ ұсынды.
______________ шай ішті.
Әкем ____________________________ тартады.
_____________________ маған айран құйып берді.
Тапсырма
Тірек сөздерді пайдаланып, досыңызға арналған құттықтау хат жазыңыз.
Тірек сөздер: құрметті,денсаулық,туған күніңмен,бақыт,құттықтаймын,тілеймін.
1-тапсырма
Суреттердің атауын жазыңыз.
……………………………………………………………………………………………………………………….
2-тапсырма
Жаңылтпаш өлеңдерді мұқият тыңдаңыз. Сөздерді жазыңыз.
………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………
Тапсырма
Суреттерге мұқият қараңыз. Тасымалдауға болмайтын сөздерді білдіретін суреттерді белгілеңіз.
Басқа сөздерді үлгі бойынша тасымалдап жазыңыз.
…………………………………………………………….
……………………………………………………………..
…………………………………………………………………..
…………………………………………………………………………
Тапсырма
Сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз. Бас әріппен жазылатын сөздерді теріп жазыңыз.
Сәуле Астанада тұрады. Қанат ағасымен бірге Медеу мұз айдынына барды. Асқардың Құлагер деген аты бар. Ақтөс - өте сүйкімді күшік.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Тапсырма
Сөздерді тиісті суретпен сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрап жазыңыз. Заттың таы мен сынып білдіретін сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз.
---------------------------------------------------------------------------------
- --------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------
1-тапсырма
Суреттің орнына тиісті сөз қойып, сөйлем құрастырып жазыңыз.
Менің
бар. Сенің
қайда? Бұл
Мәуленнің
.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
Мен жеті ... (жастамын, жастасың, жаста). Сен бірінші сыныпта ... (оқимын, оқисың, оқиды). Ол ауылда ... (тұрамын, тұрасың, тұрады).
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1-тапсырма
Сөйлемдерді анықтаңыз. Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазыңыз.
Менiң әжем бар мен әжемдi өте жақсы көремiн әжем қызық ертегi айтып береді.
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма
Суреттердің орнына сөздер қойып, сөйлем құрап жазыңыз. Сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойыңыз.
жеді Саған ұнай ма
көрінді
Алақай,
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма
Өлеңнен тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңыз.
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел!
(Е. Өтетілеуұлы)
Тасымалдауға болмайтын сөздер: ____________________________________________________________________
Атамекен сөзінің тасымалдану түрін көрсетіп жазыңыз.
___________________________________________
___________________________________________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген