400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу Ашық сабақ "Е дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: сауат ашу.

Күні:

Сынып: 1


Мектеп: «Қосағаш» жалпы орта мектебі

Мұғалім: Берданова Б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған әлем. Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың түрі

Ашық сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану ажырату, және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұны тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау.

1.3.8.1. Жазу жолын жоларалық кеңістікті , жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Әріпті таниды, ажыратады. Тақырыпқа байланысты керекті сөздер арқылы жай сөйлемдер құрастыруға дағдыландыру. Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазуы керек.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылауы тиіс.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білуі немесе қойылған сұраққа жауап беруі тиіс. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Тілдік құзыреттілік

Елік – сайгак - dear

Жетістік критерийлері

Е дыбысын мен әрпін ажырата алады , әріпті дыбыспен сәйкестендіре алады.

Ой ұшқырлығын иллюстрацисы бойынша болжай алады.

Дыбыс түрлерін ажыратады буынға бөледі.

Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжай алады.

Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады. Гигиеналық талаптарға сай жазады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

(3 мин)

Оқушыларды 4 топқа бөлу. Табиғат . Адам. Жануар Өсімдік. Ендеше балалар , біз келген қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Ізгі тілектер

Үлкенге де сіз , кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп, бас иеміз біз.


Топқа бөлінетін парақшалар.

Шаттық шеңбері

Алдыңғы білімге шолу.

2 мин

Біз қандай бөлімді аяқтадық. Балалар: «Менің отбасым және достарым» деп айтады. Отбасында кімдер тұрады. Балалар атап шығады. Олай болса барлығымыз Жұмабай Қайранбайдың «Менің отбасым» өлеңін айтып жіберейік.

Отбасы суреті

Миға шабуыл.

2 мин.

Ал енді балалар . Айналаға қарайықшы не көріп тұрсыңдар? Бізді не қоршап тұр балалар? Балалар табиғат деп айтады. Табиғатта қандай заттар бар? Жанды жансыз заттар бар.

Қазір қай мезгіл ? Қыс мезгілі.

Қыс мезгілі несімен ерекше? Қар жауады. т.б айтып өтеді.

Қыста не киеміз ? Етік. Жарайсыңдар балалар! Ендеше бүгінгі сабағымыз Е е дыбысы мен әрпі жайында болмақ.


Сабақтың ортасы

5 минут










3 минут






4 минут


№1(М.К; Ө; Қ) Суреттер арқылы Е дыбысы және әрпімен таныстырамын. Е-нің дауысты екенін , оның сөз басында , ортасында , аяғында келу үлгілерін көрсетіп таңбасын үйретемін. Елік сөзіне дыбыстық талдау жасатамын. Үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқызамын.






№2 Оқулық кейіпкерлері Әли мен Мерейдің сұхбатын оқып беріп, Мерей сұрағын ребусты шештіру арқылы тапқызамын. Оқушылардың ребусты дұыс шешуіне басшылық жасаймын. Әр суреттің алғашқы әріптерінен « немере» сөзі шығады.


№3 (М.К;Ө; Қ;) Дыбыстардың өзгеруінен және буындардың қосылуынан жаңа сөз пайда болтындығын аңғартамын. Оқулықтағы сөздерді топтарға бөліп оқытамын.

Ар ал мен не ер

ер ел емен сенім немере ерте










Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

Аяқталуы

2 минут


№4 (М.К: Ө; Қ;) Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжа. Суреттегі не? сұрағына жауап беретін күн , ай сөздерімен сөйлем құратымын.

Не ысыды? Күн ысыды.

Не туды. Ай туды.

.


Оқулық, суреттер

Дәптермен жұмыс.


6 минут

Балалар, орнымыздан тұрамыз . Оқушылар орындарынан тұрады. Дәптермен жұмыс жасамас бұрын өлеңімізді қайталап жіберейік.

Қолға қалам аламыз,

Ауаға сурет саламыз.

Дәптерге де жазуды

көркем етіп жазамыз.

Қолды жаттықтыру үшін Е дыбысын ауада жазып көрсету.

Енді дәптермен жұмыс жасаймыз. Оқушылардың Ее әрпімен ол кездесетін сөздерді қатесіз көркем жазуын қадағалау.

Жазу дәптері.

Сабақтың соңы

4 минут

Рефлексия

Сабақты барлығымыз түсінген болсақ өздерінің топтарыңның атауына сәйкес келетін е дыбысы кездесетін сөздерді ойлап табамыз.

Жарайсыңдар балалар! Ендеше сабақтың ұнаған бір сәтін жазып, алдарыңда тұрған білім ағашына іліңдер .


Стикерлер, білім ағашы.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Қолдау көрсету. Оқушыны мадақтау.


Тапсырма : Адасқан сөздерден мақал құра .


- ат қанаты Ер

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

3 минут

Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Оқушылардың әр қадамын сикерлер арқылы білім ағашына бағалау. Озып шыққан топты марапаттау.

Қалыптастырушы бағалау

Дескриптор: Білім алушы:


Е дыбысын мен әрпін ажырата алады , әріпті дыбыспен сәйкестендіре алады.

Ой ұшқырлығын иллюстрацисы бойынша болжай алады.

Дыбыс түрлерін ажыратады буынға бөледі.

Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжай алады.

Бас әріптермен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырады.

Гигиеналық талаптарға сай жазады.

Қорытынды бағамдау:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі:

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартатын еді?

1.

2.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі