жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сауат ашу" ашық ҰОҚ, ересектер тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімдері: Сауат ашу
Тақырыбы: «Жазу-оқу» еліне саяхат
Мақсаты: Балаларға түрлі ойындық тапсырмалар арқылы сауат ашу оқу қызметінде жыл бойы өткізілген әріптерді қайталату. Балалардың жыл бойғы алған білімдерін, сөйлем құрау, дыбыстық талдау; дене жаттығулары мен ойлау қабілеттерін ұштастырып, тапсырмаларды толық, дұрыс орындау дағдыларын шыңдау. Ересек тобының балаларын мектепке «сауат ашу» бөлімі бойынша тиянақты әзірлеу.
Міндеттері:
Білімділік: Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырмалық ойындар барысында есте сақтау, көру, қиялын, сезіну, қабылдау, жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Билингвалдық компонент: СәлеметсіздермеЗдравствуйтеGood morning; гүл цветокflower; машина машина, а car; қалам ручка, a pen; алма яблоко, apple; кітап книга a book.
Көрнекі құралдар: Қиынды әріптер, презентациялық слайдшоу, түрлі түсті фломастерлер, бірнеше ойыншық түрлері, спортық жаттығу кубиктары.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Сәлемдесу. Ұл - қыз сәлем
береміз -Тамаша, балалар! Балалар, таңертең ертемен біздің тереземізге мына бір шар ұшып кіріпті. Балалар қараңдаршы онда хат байланған екен. Олай болса мен хатты оқиын. Не жазылды екен? Хатта былай жазылған «Сәлеметсіңдер ме, құрметті балалар! Сендерге «Жазу-оқу» елінің ханшайымы хат жазып отыр. Біздің патшалық қиындыққа тап болды. Еліміздегі әріптер орындарын ауыстырып алыпты. Сөздердің де орны аусып кеткен. Сендерден өтінерім менің еліме келіп, осы әріптерді орналастыруға көмек көрсетсеңдер екен! Менің патшалығыма келу үшін сендер түрлі сауатты кедергілерден өтесіңдер! Жолдарың болсын!» |
|
Ұйымдастыру- іздестіру |
-Балалар, бұл патшалыққа көмек көрсету үшін әріптерді жақсы білуіміз керек. Және сауат ашу оқу қызметін жақсы оқуымыз керек. Біз көмектесе аламыз ба? Қалай ойлайсыңдар? -Олай болса біз алғашқы тапсырма орындамас бұрын сауат ашу оқу қызметінен білімімізді пысықтап алайық. Ол үшін, слайдтан көріп тұрған суреттеріңнің бірін таңдап ашасыңдар, мен сол суреттегі сұрақты оқып беремін. Сұрақтар:
Дыбыстар екіге бөлінеді.
9. Дыбысты біз не істейміз?
-Жарайсыңдар, балалар! Саяхат жасауға әзір екенбіз! Олай болса, бірінші тапсырмамызды орындауға жолға шығайық. Ол жолда біз «жылан жүріспен» жүреміз. №1 тапсырма: «Қай дыбыстан басталады?» ойыны: Балаларға арнайы суреттер, ойыншықтар беріледі. Олар сол заттың атын атап, қай әріптен басталғанын тауып, сөйлем құрауы қажет. (Гүл, машина, қалам, алма, кітап) -Балалар ал гүл сөзі орысша және ағылшын тілінде қалай болады? -Ал машина сөзін екі тілде айтып көрейікші? -Қалам сөзі орыс тілінде және ағылшын тілінде қалай айтылады? -Ал алма сөзін екі тілде айтып көрейікші? -Кітап сөзін екі тілде айтып көрейікші? Жарайсыңдар! Біз дұрыс жолда келе жатырмыз. Әлі ұзақ жол бар алдымызда. Әрі қарай жалғастыру үшін сергіп, демалып алайық: Сергіту сәті Әріптер болып жиылып. Орнымыздан тұрайық. Көкке қолды созайық. Денемізді оңға, солға бұрайық. Көрсетеміз шаршамай, Әріптерді кезекпен Мынау «ж», мынау «ф»,мынау «к», мынау «у», мынау «г»әріпі. Әріптерді біз білеміз көптеген Біз білмейтін әріптер бос кетпеген. -Жарайсыңдар! Денемізді сергітіп алдық, білім әлеміне саяхатты жалғастырамыз. Олай болса, келесі тапсырмамыз қандай екен?Оны білу үшін мына жақта жатқан кедергілі жолмен өтейік. Жолдағы жатқан іздердің үстін басып өтуіміз керек. Бұл «Бақай-өкше» жаттығуы. Алдымен бақаймен кейін өкшемен жүріп өтеміз. №2 тапсырма. «Сиқырлы текшелер» ойыны: -Бұл тапсырмада бізге дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар текшесі берілген. Екі текшеде сәйкес әріптер бар. Екі топ кезектесіп лақтырады. Қай әріп түседі, сол әріп кездесетін сөз айтуларың керек.(Ойын 2-3 рет ойналады) (а, ә, е, і, ы, о) (б, ғ, н, т, п, с) -Тамаша, балалар! Біз «Жазу-оқу» еліне жетіп қалдық. Соңғы тапсырма орындауға жолымызды жалғастырайық. Бұл тапсырманы орындау үшін тағыда кедергілер күтуде бізді. Бұл жолда бізді биік көпір күтіп тұр. Бұл көпірдің үстінен қолымызды екі жанымызға жазып, тіктеліп өтеміз. №3 тапсырма. «Сөздер құра» -Жарайсыңдар! Балалар, біздің тіліміз бүгін бізге үлкен көмек көрсетіп жатыр. Ол шаршап қалған болар. Оған көмек көрсетіп,тілімізге дыбыстық жаттығу жасап алайық. Мына жерде сондай таза шөп бар екен. Осы шөпке отырып, жаттығу жасап алайық. Мен сендерге бір әңгіме оқып беремін, ал сендер сол әңгіменің арасында маған демеу көрсетіп, ондағы естілетін дыбыстарды сендер айтып, маған көмек көрсету керексіңдер. К.Ерешовтың «Ала бұзау» әңгімесі оқылады. Ескендір күнде ала бұзауына сүт беріп жүріп,
көгорай шөпке жайып, қамқорлық жасап жүрді. Бір күні ала бұзау
тоғайда жүрген малға қосылып кетті. Ескендір бұзауын іздеп тоғайға
келді. Бір кезде қатты жел соқты. Жел соққанда қандай дыбыстар
шығады? Қалай
уілдейді?(у-у-у...) -Тоғайда жүру өте қиын
болды. Маса ызыңдап, мазасын алады. Маса қандай
дыбыс
шығарады?(з-з-з...) -Ескендір айналасына қарады. Шөп арасында
басын көтеріп, Ақтөске қарап айбат тұрып тұрған жыланды
байқады.
Жылан Ақтөске қарап ысылдап тұр екен. Жылан
қалай
ысылдайды?(с-с-с...) -Жақын жерде бұзаудың мөңіреген дауысы естілді. Ол қалай дыбыстайды?(мууу…) -Сөйтіп, Ескендір бұзауын тауып, үйіне қайтыпты. Балалар қараңдаршы біз «Жазу-оқу» патшалығына келген сияқтымыз. Бізді осы елдің ханшайымы күтіп алуы керек еді. Үшінші үстелдің жанында «Жазу-оқу» елінің ханшайымы тұрады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы «Жазу-оқу» елінің ханшайымымын! Маған көмекке келгендеріңе рахмет! Менің сендерге арналған тапсырмам бар еді. Ол тапсырма мына үстелде. Көріп тұрғандарыңдай, әріптер сөздегі орындарын жоғалтып алыпты. Маған осы әріптерден бірнеше сөздер құрап беріңдерші. -Жарайды, ханшайым! Біз сізге көмектесеміз! Бірақ алдымен балалар саусақ жаттығуын жасап алсын: Саусақ жаттығу Бір, екі, үш, төрт, бес, Апаймен сурет саламын , Міне басы, міне іші Аяқтары, қолдары, көздері Аузы, сақинадан жасалған Әдемі шашы да бар -Қане балалар үстелге тақалып, мына шатасқан әріптерден сөздер құрап көрейік. |
|
Рефлексивті түзетушілік |
Қорытынды. Ой, қандай ақылды балаларсыңдар! Рахмет сендерге! Сендердің көмектеріңмен сөздерді де таптым. Сізге де рахмет, Ханшайым! Бізді осылай қонаққа шақырғаныңызға рахмет! Балалар, біздің осы «Жазу-оқу»еліне саяхат жасағанымыздан естелік болсын, Ханшайымға сыйлық тастап кетейік. Ол сыйлықты мына қағазға әдемі тілек жазып, суреттер салып, тапсыруымызға болады. Олай болса, бірбірден қағаздың жанына келіп, тілектеріңнің суреттерін салып, төменгі жағына жазуларыңа болады. -Рахмет, балалар! Мен бұл сыйлықты өз еліме алып қайтамын! Сендерге де менің әзірлеген сыйлығым бар! Мына қораптың ішінде сендерге арналған медальдар бар! «Жазу-оқу» елінің ханшайымы балаларға сыйлығын табыстайды. -Рахмет, ханшайым. Біз енді өз тобымызға қайтайық! Қонақтармен де қоштасайық! |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген