15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сауат ашу Д д дыбысы мен әрпі
Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: Сауат ашу ҰМЖ бөлімі: 1. Тыңдалым және айтылым 2.Оқылым 3. Жазылым 1.4.Оқиғаны болжау 2.9. Дыбыс және әріпті тану және ажырату 3.11.Пунктуациялық нормаларды сақтау. Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым Сынып: 1 Күні:13.04.2018 |
Мектеп:ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебі Мұғалімнің аты -жөні:Какимов Мирас Сансызбайұлы Қатысқандар:15 Қатыспағандар саны:0 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Д д дыбысы мен әрпі |
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.4.1.Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 1.2.9.1.Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.3.11.1. Сөйлемді бас әріппен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою |
|
Сабақтың мақсаттары: |
1.Әріпті танып, ажыратып, буындап оқи алады. Мұғалімнің көмегімен суретке сүйеніп мәтіннің мазмұнын болжайды.. 2.Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп, түсініп оқи алады. 3. Пунктуациялық нормаларды сақтай отырып (бас әріппен бастап жазу, сөйлем соңына тыныс белгілерін қою ) сөйлем құрастыра алады, мәтінді өз нұсқасы бойынша аяқтай алады. |
|
Бағалау критерий |
Тақырыпқа немесе сюжетті суретке сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды. Әріптерді таниды және дыбыспен сәйкестендіріп оқиды. Сөйлем жазуда бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады. |
|
Тілдік мақсат |
Сызбаға сәйкес сөйлем құрады.
Доп-мяч-ball Дос-друг-friend сөз тіркестерімен танысады. Талқылау сұрақтары: -Д әріпі кездесетін қандай сөздерді білесіңдер? - Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Д дыбысын қай үйге кіргіземіз?
|
|
Құндылықтар: |
Ынтымақтастық.Құрмет. «Ойлан тап» ширатуы кезінде, үлестірмелі парақшалар арқылы топтарға бөлінген кезде, сергіту сәтінде, «Екі дос пен аю» мультфильмін қарап, сол бойынша топ болып жұмыс жасағанда оқушыларды ынтымақтастық атмосферасын құруға, келісе жұмыс істеуге, шешімді бірігіп қабылдауға, бір-бірін құрметтеуге, қамқор болуға, төзімділікке баулимын. Өмір бойы білім алу. сабақты бекіту тапсырмасы кезінде оқушылардың өзін-өзі жетілдіру дағдыларын қалыптастырамын. Еңбек пен шығармашылық.сабақты бекіту тапсырмасы кезінде оқушыларды шығармашылыққа, белсенділікке, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге ұмтылуға тәрбиелеймін.
|
|
Пәнаралық байланыс: |
Дене шынықтыру және музыка -сергіту сәті кезінде қимыл қозғалысқа түседі. Математика-буын санына бөлінген кезде. |
|
АКТ қолдану дағдылары: |
«Екі дос пен аю» мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=QQ6r-BdSsE0
|
|
Алдыңғы бөлім: |
1-тоқсанда алған білімдеріне сүйенеді. Оқушылар кейбір әңгімелерді, әр алуан мәтіннен ақпарат алуға болатынын біледі, сол сияқты тұтас сөздерді, жиі кездесетін сөздерді, үш буынды сөздерді буынға бөліп оқи алады. |
|
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс- әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут |
(Ұ). Ширату. «Ойлан тап» әдісі. Оқушылар шеңберде тұрады. Мұғалім ортада доп ұстап тұрады. -Балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыздар? (Доп) -Допты үш тілде айтып көрейікші. (Доп-мяч-ball) -Доп қандай әріптен басталады? (Д) -Д әріпі дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па? (Дауыссыз дыбыс) -Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? -Д дыбысын қай үйге кіргіземіз? Сабақтың мақсаты таныстырылады. -Ендеше, бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Д» әріпін тану және ажырату. -Қазір мына допты бір-бірімізге лақтыру арқылы «Д» әріпінен басталатын кез-келген өзімізге таныс сөздерді айтамыз.
Оқушыларға «Д» әріпінен басталатын сөздер жазылған парақшалар үлестіріледі. Сөздерді оқып, буын саны бойынша топқа бөлінулері сұралады.
1-топ. Бір буынды сөздер (доп, дос т.б.) 2-топ.Екі буынды сөздер (да-ла, дү-кен т.б.) 3-топ. Үш буынды сөздер (дас-тар-хан, до-ма-лақ т.б.)
(ҚБ)..- мұғалімнің қолпаштауы
Керемет!Өте жақсы! Жарайсыңдар!
|
|
||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут
5 минут
7 минут
1 минут
5 минут
2 минут
5 минут
5 минут
|
(Ж) Талдау әдісі оқулықпен жұмыс Cұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.
ҚБ. Жұлдызша арқылы ынталандыру. Жақсы жауап берген оқушыны жұлдызша арқылы ынталандырылады.
(Ұ), (Т). Саралау тапсырмасы. «Екі дос пен аю» мультфильмі -Бірінші топ мультфильмдегі кейіпкерлерді ата,оларды сипатта . -Екінші топ екі достың іс-әрекетін баяндайсыздар. -Үшінші топ осы мультфильмнен қандай ой түюге болатынын әңгімелейсіздер,егер сол кейіпкердің орныңда болсан не істер едің? -Балалар,мультфильмге назар аударыңыз. А) мультфильмдегі кейіпкерлерді ата,оларды сипатта . В) екі достың іс-әрекетін баяндайсыздар С) осы мультфильмнен қандай ой түюге болатынын әңгімелейсіздер,егер сол кейіпкердің орныңда болсан не істер едің?
(ҚБ) «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Екі жағымды пікір,бір ұсыныс айту.
Д әріпінің жазылуын түсіндіру, ауада жазу (қолмен,иықпен,баспен,тіземен жазу)
-Дәптерімізді ашамыз, Қолға қалам аламыз. Салақтықтан қашамыз Тап-таза етіп жазамыз.
(Ө). «Менің ғажайып дәптерім» тәсілі Дәптермен жұмыс Д әріпінің бас әріпін және кіші әріпін,дәптер,радио сөздерін жазады Дәптер,радио сөздеріне дыбыстық талдау жасайды. Дәптер,радио сөздеріне сөйлем құрастырады.
(ҚБ). Өзара бағалау «Шамшырақ әдісі»арқылы -Көршілеріңізбен дәптерлеріңізді ауыстырып, бір-біріңіздің жұмыстарыңызды тексеріңіздер.
(Ұ). Сергеті сәті
Ду,
ду, ду! Дүк - дүк!
(Т). «Кім шапшаң» әдісі «Адасқан буындар» ойыны Әр топқа буынға бөлінген сөздер беріледі. Әр топ сол шашылған буындардан сөздер құрастырыуы керек. 1-топ. –да, - ла, -Ду, -лат, -ау, -ла, -да 2-топ. –да, -ла, -да, -Да, -на, -дү, -кен 3-топ. –Да, -на, -да, -Ду, -лат, -та, -да, -уыл, -паз
(ҚБ). «Стикер арқылы»бағалау әдісі. Әр топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.Бір топ келесі топқа барып стикер жапсырып кету арқылы бағалайды.
(Ө). Сабақты бекіту.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Әріптерді таниды және ажыратады.
• Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.
Тапсырма
Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқыңыз және бояңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- берілген сөздерді оқиды;
- сөзді кестедегі әріптердің арасынан табады және бояйды.
(ҚБ). «Өзіңдік бағалау» «Шапалақ» әдісі арқылы
|
Оқулық 1-бөлім 55-бет.
«Екі дос пен аю» мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=QQ6r-BdSsE0
Жұмыс дәптері, 1-бөлім, №2 жұмыс дәптері, 26-бет
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Буындар жазылған парақшалар
Үлестірмелі парақшалар |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»
-Балалар, «жетістік баспалдағы» арқылы өз әрекеттеріңізді бағалайсыздар. |
«Табыс сатысы» әдісі, стикерлер |
||||||||||||||||||
Әр жеке оқушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында әр түрлі бағыттағы саралау тапсырмаларын қолдануды жлспарладым. 1.Тапсырма. Оқушыларға екі дос пен аю тапсырмасында А,В,С тапсырмаларындеңгейлеп беремін. 2.Қарқын.Кейбір оқушылар дәптермен жұмыс кезінде басқа оқушыға қарағанда С деңгейіндегі балалар тез орындайды.Басқаларға көмек қолын созуды ұсынамын. 3.Дереккөздер. Екі дос пен аю мультфильмде бейнежазба арқылы жұмыс істейді. 4.Қорытынды.Барлық оқушылар дәптермен жұмыс тапсырмасын орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады. 5.Диалог және қолдау көрсету. Ширату кезінде оқушыларды ойландыру үшін алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады. 6.Бағалау. Мұғалімнің қолпаштауы арқылы,көніл күйлері көтеріліп, оқушылар белсенді жұмыс атқара бастайды. Жіктеу.Буын санына байланысты оқушылар аралас гендерлік топтарға бөлінеді. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз .- «мұғалімнің қолпаштауы»
Керемет!Өте жақсы! Жарайсыңдар!
ҚБ. Жұлдызша арқылы ынталандыру. Жақсы жауап берген оқушыны жұлдызша арқылы ынталандырамын.
«Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Екі жағымды пікір,бір ұсыныс айту.
«Өзара бағалау» -Көршілеріңізбен дәптерлеріңізді ауыстырып, бір-біріңіздің жұмыстарыңызды тексеріңіздер.
«Стикер арқылы»бағалау әдісі. Әр топ бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.Бір топ келесі топқа барып стикер жапсырып кету арқылы бағалайды.
«Өзіңдік бағалау» «Шапалақ» әдісі арқылы
|
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәті орындау кезінде оқушылардың ара қашықтығын сақтауларын қадағалау. АКТ-ны уақытпен қолдану. |
||||||||||||||||||
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген