400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сауат ашу. "Жыл мезгілдері. К дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепалды даярлық сынып тәрбиешілеріне арналған. Жаңа технологиялар
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сауат ашу ҚМЖ «Жыл мезгілдері. К дыбысы мен әрпі »»


Пәні: Сауат ашу

Күні: 23.12.2019ж

Сынып: Мектепалды даярлық


Мектеп: Шүлбі орта мектеп-кешені

Мұғалім аты жөні: Иргизбаева Перизат Кадирбековна

Қатысқандар саны – 17

Қатыспағандар саны -1

Сабақ тақырыбы:

Жыл мезгілдері. К дыбысы мен әрпі


Бөлім

1.Тыңдалым және айтылым

Бөлімше

    1. Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

О.1.1.1. Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратып, дұрыс дыбыстау.

О.1.1.2. Сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріп шағын əңгіме құрастырады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

К дыбысы – дауыссыз дыбыс, к дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі к дыбысының орнын ажыратады.

К əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.


Көпшілігі: Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратып, дыбыстық талдау жасай алады. К дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы к дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына əріп элементін жазады.

Кейбіреуі: Суреттен к əрпі бар заттардың атауын атайды.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады.

К дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

К əрпін бейнелейді.

Бағалау критерийі

Білу, түсіну: Тілдің дыбыстарын естиді оларды сөздер ішінен бөліп айтады. Сөздегі дыбыстарды дауысты, дауыссыз екенін ажыратып, дұрыс дыбыстайды.

Қолдану: Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтайды.

Жазу бетін бағдарлайды, жазу жолында жоларалық кеңістікті ажыратады. Торкөз дәптерге кең сызықтар, әріп элементтерін жазады.

Құндылықтарға баулу

Балаларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Жауапкершілік, сыйластық. Бір-біріне көмектесу.

Тілдік мақсаты

Тыңдалым: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Оқылым: буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқи біледі, түсініп оқи алады.

Айтылым: К дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі зат атауларын атай алады. Балалар к дыбысын, әрпін таниды, оқиды, мысалдар келтіреді

Пәнаралық байланыс

Қоршаған орта, сурет,музыка

Алдыңғы білім

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды біледі,сөздерді буынға бөледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру


0-5 мин

  1. Сәлемдесу 3 тілде


Өткенді қайталау.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

-Балалар,қазір қандай мезгіл?

-Қыс

-Қыс екенін қайдан білдіңдер?

-Қар жауады,аяз, боран болады. Адамдар қалың киім киеді.

-Жыл мезгілдерін кім атап айтады?


Шағын топтарға топтасайық

1-топ: «Білгірлер»

2-топ: «Тапқырлар»

а).Топтасып отырады

б).Топ ережесін құрайық






Топ жұмысының барысында ешкім:

сөйлеушінің сөзін бөлмеу;

өзгеге сыйластықпен қарау;

басқаның айтқан пікіріне күлмеуі

кедергі келтірмеуі;

басқаны төмендетпеу;



Сабақтың ортасы

22мин















Жұмбақ:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Балалар,онда біздер жыл мезгіліндерінің «Көктем, күз» атауларын бастап тұрған К дыбысымен танысайық. К дыбысы дауыссыз,көк түспен белгілейміз.(әріп таңбасын көрсету)

-Балаларға интерактивті тақтадан К дыбысынан басталатын жаңа сөздермен таныстыру(видео арқылы)

1 тапсырма. Сөздермен жұмыс

Жеке жұмыс. «Ыстық картоп» әдісі.

-Балалар,К дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер? Атаңдар

-Күн,кілт,көз,көгершін,күз,көбелек. Буынға бөлейік.

ҚБ: «От шашу» арқылы бағалайды.

2 тапсырма.

Жұптық жұмыс.

Сұрақққа жауап болатын суретті сызықпен көрсет. Сөзге дыбыстық талдау жаса. Берілген сөздердегі К әрпінің орнын табу.

ҚБ: «Смайлик» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.

Сергіту сәті.

Балалар қимылмен қайталайды.

3-тапсырма. Топтастыру стратегиясы

К әрпінің жанына К әрпінен басталатын суреттерді топтастыру.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі


Дәптермен жұмыс.

К әрпінің баспа түрін жазады.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.













Сабақтың соңы


3минут


Кері байланыс: Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.




Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қалыптастырушы бағалау.

  1. От шашу

  2. Смайлик

  3. Бас бармақ

  4. Бағдаршам

  5. Шапалақтау

Сергіту сәтін жүргіземін.

Партаға дұрыс отыруын қадағалаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
1814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі