Күні:
Білім беру
саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу
негіздері
Тақырыбы: «Т»
дыбысы
Мақсаты: Дыбыстың айтылуына байланысты
ерекшелігін білу.
Міндеттері: Дыбыстарды салыстыру арқылы
ажырату. «Т» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айту. Грамматикалық
тұлғада анық сөйлеуге дағдыландыру
Әдіс-тәсілдер: Шаттық шеңбер, түсіндіру,
топқа бөлу, ойын.
Көрнекілік
құрал-жабдықтар: Кеспе суреттер, дидактикалық
ойын, дәптер
Билингвальды компонент:
«Т»
әрпі-Буква
«Т»
ҰОҚ
жоспары
1. Кіріспе
бөлімі
Шаттық
шеңбері
Балаларды шаттық шеңберіне
тұрып, бір- бірлерімен жылы лебіздерін
білдіреді.
-Балалар мен сіздерге бүгінгі
өтетін жаңа әріпке байланысты жұмбақ жасырғым кеп тұр.Шешеміз
бе?
Жұмбақ
жасыру
Өзі айлакер, өзі бір
қу,
Жүрген жері айғай да шу.
(Түлкі)
Киелі бір
жануар
Үстінде екі тауы
бар
(Түйе)
Шыр-шыр
етеді
Құлағыңнан
өтеді
Ұстай
алсаң,
Сөйлеп кетеді
(Телефон)
-Дұрыс-ақ.Осы
түлкі,түйе,телефон сөзінің басында қандай дыбыс естіліп
тұр?
Б:
-Т
2. Негізгі
бөлім
-Біз бүгін Т дыбысы және
әрпімен танысамыз.Ол әріп – дауыссыз. Оны біз қандай текшемен
белгілейміз?Ендеше алдарыңдағы шаршыларды алып түсін көрсете
қойыңдар.
Топқа
бөлу
- Балалар, менің қолымдағы
қалташадан кезек-кезек келіп іщіндегі қағазды алыңдар. Кімге қандай
сурет түсті, сол балалар топ болып
бірігеді
(Балалар кезекпен қалташадан
түйе, түлкі, телефон суреттері бар қағаздарды алады және сол
бойынша топқа бөлінеді)
Жазу
орталығы-
1 топ Жазбаша Т әрпін
салады.
2-топ Тал,Тас сөздерін жазады.
3-топ.Дыбыстық талдау
жасайды.
Ойын:
«Қателеспе»
Мақсаты: Балаларды есту арқылы «Т»
дыбысын қабылдауы мен тануын дамыту
Шарты: Балалар «Т» дыбысын естісе
шапалақтаулары керек (С, Ш, А, Г, Т, Н, К, Т, У, Ц, З, Л, Т, О, В,
Ч, Т, М, Ж, Д, Б, Т, Ю)
Дәптермен
жұмыс
Т және а дыбыстарын
қатыстырып, буын, сөз құратып оқыту. Хормен қайталау.
Т әрпінің баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға
даярлау.
Т әрпін ауада жазу.
Т әрпін бастырып жазу.
Дидактикалық
ойын: «Тышқан ініне жету үшін кімді
және нені кездестірді?»
Мақсаты: Балаларды дыбыстық талдау
жасауға үйрету
Шарты: Балалар суретке қарап
тышқанның кімді және нені кездестіргенін айтады. Сөздерге дыбыстық
талдау жасайды




Сергіту
сәті:
Торғай торғай
торғайсың
Таяу келіп
қонғайсың
Жем шашайын тойып
ал
Сонда аязға
тоңбайсың
Қорытынды:
Сұрақ –
жауап.
- Балалар, біз бүгін қандай
дыбыспен таныстық?
- Т дыбысы қандай дыбыс
екен?
- Қандай тапсырмалар
орындадық?
(Балалардың
жауаптары)