Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сауат ашу негіздері «Ғарыш білімпаздары» тақырыбында ҰОҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық топтарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Саркулова З.К

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: « Ғарыш білімпаздары»

Мақсаты:

Білімділік: - Балалармен ғарыш әлеміне саяхат жасау арқылы   дыбыстарды, әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді қайталата отырып, балалардың білімін тиянақтау.

Дамытушылық:Сөздерді буындарға дұрыс бөлуге, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтауға, сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсінуге, тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап беруге, сөз, сөйлем сызбасын оқуға, сұрақтарға толық сөйлеммен жауап беруге, Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ақыл-ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорын молайту,

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, мейірімділікке,қайырымдылыққа, ұжымда бірге еңбектенуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал жабдықтар: Зымыран макеті, ғарыш әлемінің суреті, Аудио, видеоролик, зымыранның дыбысы үнжазба,Жұлдыздар әлемінің суреттері,

С, А, У, А, Т, А, Ш, У әріптері,буындар жұлдыздарға жазылған, «Сәт, Са-пар!»сөзі жазылған пазлы, , «Сауат ашу » кітабы

Үлестірмелі материалдар: «Буындарды ажырату», Ойын: «Суреттердің көмегімен жасырын сөзді табу», «Кубизм» әдісі (Планеталармен), Ойын: «Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрау»

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, қонақтар келді. Амандасайық.

Тәрбиеші: Көңіл күйлерің қалай?(Балалардың жауаптары)

(Балалардан жыл мезгілін, ауа райын, көктем айларын, көктемдегі атаулы мереке 12 сәуір туралы қысқаша сұрақтар)

Балалар: 12 сәуір Ғарышкерлер күні

Тәрбиеші:Балалар, ал сендер ғарыш әлеміне барғыларың келеме? (Балалардың жауаптары)

(Слайд көрсетілім ғарыш әлемі,оның тұрғындары Білімпаздардың суреті,

Үнжазбадан хабарлама: Қымбатты балалар, біздер ғарыш әлеміндегі Білімге құштар Білімпаздармыз. Ғарыш әлеміндегі біздің ең қымбат, қадірлі кітабымызды Қарақшылыр ұрлап кетіпті.Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет!

Тәрбиеші:Қарақшылардан кітапты алу үшін, берілген тапсырмаларды орындауымыз қажет, әр тапсырма орындалғанда, Білімпаздар бір жұлдыздан жіберіп тұрады.Тапсырмалар түгел орындалғанда, қарақшылардың қандай кітапты ұрлағанын білетін боламыз!

Саяхатқа немен баратынымызды білу үшін, жұмбақты шешейік.

Жұмбақ:Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз (Шешуі: Зымыран)

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, балалар,сұрақтарға анық, жақсы жауап беру үшін, тілімізге жаттығу жасайық:


Артикуляциялық жаттығу (Бәрі бірге орындайды).

Ға-ға-ға, ғарышқа ұшқым келеді.

Зы-Зы-Зы, зымыранмен ұшамыз.

Жұ-Жұ-Жұ, Жұлдыздарға жетеміз

Ой-Ой-ой,Үйге қайтып келеміз

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, ендеше ғарыш кемесімен ұшуға дайынбыз. Балалар, ғарыш қарақшылары зымыранның паролін бүлдірген сияқты, қосылмай тұр? (Зымыранның дыбысы сөніп қалады) Ал мына жерде буындар жатыр екен, буындарды құрастырып көрейікші, қандай сөйлем шығар екен? (Балалар бірге Сәт, Сапар! сөйлемін құрастырады) фон аспан әлемі

Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, ал бізге ғарыш әлемінен бір жұлдыз да ұшып келді. (С әрпі) Біздің зымыран ұшуға әзір

Picture 2

(Зымыранның дыбысы, Суретімен)

Тәрбиеші: Біздің жолымызда 3 планета кездесті. Бірінші планетада бір буынды сөзден, 2-ші планетада 2буынды, 3-ші планетада 3 буыннан тұратын тұрғындар болған екен, олар қарақшылардан қашып кеткен, оларға үйлеріне оралуға көмектесейік.

Тапсырма «Буындарды ажырату»

(Балалар картинкадағы суреттерді атап, неше буыннан тұратынын ажыратып, орналастырады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, міне тапсырма орындалды. Білімпаздар екінші жұлдызды жіберді. (А әрпімен)

Тәрбиеші: Балалар, ғарыш әлемінде жаттығу жасап, демалып алайық.

Сергіту сәті: видеоролик «Космос әлемі»( Жұлдыз түседі У әрпі)

Тәрбиеші: Балалар, тапсырмаларды жақсы орындадық, енді Білімпаздарға кітапты қайтару үшін аспан әлемі туралы жұмбақтар шешуіміз қажет екен

Жұмбақ: Бір халық аспанда ұшқан аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Шешуі: Бұлт)

Бұлт сөзіне байланысты ребусты шешіп, сөзге дыбыстық талдау жасайды. Білімпаздар (А әрпі) жұлдызын жіберген, яғни тапсырма дұрыс орындалғаны.

( Метеориттер, қатты желдің дыбысы естіледі.)

Тәрбиеші: Балалар, тыңдаңыздар, қатты дүлей желдің дыбысы естілгендей, бұл қарақшылардың біздерге жіберген кедергілері болар. Егер тапсырма дұрыс орындалса,бізге қауіп жоқ деп ойлаймын.

Ойын: «Суреттердің көмегімен жасырын сөзді табу» (Т әрпі жұлдызы)


Тәрбиеші: Қатты желден, тосқауылдан өттік, қарақшылар осы планеталар туралы не білесіңдер деп тапсырма қалдырған

«Кубизм» әдісі.

(9 планета туралы: Меркурий, Марс, Сатурн, Уран, Шолпан, Нептун, Плутон, Жер, Юпитер)

Тәрбиеші: Міне тапсырманы орындадық, жұлдызды алдық (А әрпі) Жолдың жартысын жүріп өттік, Планеталарға қарап, көзімізде шаршаған болар Көздерімізді демалтайық.Көзге арналған жаттығу(Видеоролик «Жұлдыздар әлемі» (Жұлдыз түседі Ш әрпі)

Тәрбиеші: Қарақшылар тағы кедергі жасамақшы, жолымызда тағы да ең қиын, шешуші соңғы тапсырма бар, егер ойдағыдай орындасақ кітапты табамыз.

Ойын: «Буыннан сөз, сөзден сөйлем құрау»

Тәрбиеші: Аспаннан тағы жұлдыз түсті (У әрпі)

Білімпаздардың әлеміне де келіп жеттік,қарақшылардың қандай кітапты ұрлағанын білетін болдық!

Балалар: - Сауат ашу

Тәрбиеші: -Бұл өте қажет, маңызды кітап. Бізді әріп тануға, жазуға үйретеді. Білімпаздар әлеміне Сауат ашу және жазуға үйрететін кітабын табуға көмектестік. Енді үйімізге қайтуымызға болады.

(Бейнероликтен, ғарыштан, Білімпаздың дауысы естіледі: Балалар, рахмет сендерге,Енді біздерде оқуды, жазуды білетін боламыз!

Picture 3


Қарақшының дауысы: Балалар, бізді кешіріңіздер! Енді ешкімге зиян жасамайтын, сендер сияқты мейірімді боламыз!

Балалар: Ғарышқа ұштық,

Қайта айналып, жерге келіп қондық.

Қорытынды: Балаларды мадақтау, жұлдыздар беру.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2021
297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12